Лого

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болды

Ү.ж. 17 ақпанда Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Ортсайлауком Басшысы Нұрлан Әбдіров Сырдария ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен, сайланған әкімдермен және ауылдық округ тұрғындарымен кездесті.

Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесуде ОСК төрағасы Тереңөзек кенті әкімінің сайлау науқанының барысымен, әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету, сайлау учаскелерінің дайындығы, мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар үшін қажетті жағдайлар жасау мәселелерімен танысты. Сондай-ақ, ұлттық бақылаушылардың қызметін құқықтық реттеу мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша ол дауыс беру күні сайлау рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу қатаң түрде заңнама талаптарына сай жүзеге асырылуы тиіс екенін ерекше атап өтті.

Сырдария ауданының сайланған әкімдерімен және ауылдық округ тұрғындарымен кездесу барысында ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлау институтын енгізу мәселелері бойынша пікір алмасылды. Сондай-ақ, Ортсайлауком Төрағасы әкімдердің елді мекендерді дамыту және олардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары мен жоспарларымен танысты.

Сондай-ақ, осы күні ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов, электоралды оқытуды ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары Түсіп Рыспеков және Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Болат Накипов облыстағы сайлауды ұйымдастырушылар үшін оқыту семинарын өткізді.

Ү.ж. 18 ақпанда Ортсайлауком төрағасы Қызылорда облысының жастар ресурстық орталығында өңір жастарымен кездесті.

Кездесуді аша отырып, ол «Жастар – елдің болашақ зиялы қауымы және электораттың маңызды құрамдас бөлігі. Осыған байланысты біз үшін қазіргі таңда жастардың сайлау процесі мәселелерінің кең спектрі төңірегінде пікірлері мен ұсыныстары өте маңызды» - деп атап өтті.

Кездесуде жастар өкілдері сайлау процесіне цифрлық технологияларды енгізу, сайлау мәдениеті мен алдағы сайлауда жастардың белсенділігін арттыру бойынша бірқатар нақты ұсыныстарды алға тартты.

Қатысушылар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған осындай кездесулер жастардың сайлауға деген сенімін арттырудың пәрменді тетіктерінің біріне айналатынын және жастар осындай диалог орнатуды қолдайтынын атап өтті.

Дата публикации
21 февраля 2022
Дата обновления
21 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы