Лого

Меню

Страницы

Статья

Мәдениет және өнер саласында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің
2026 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Қызылорда облысы бойынша 412 мәдениет, өнер және архив мекемесі халыққа қызмет көрсетеді (оның ішінде 209 кітапхана, 172 мәдениет үйі мен клуб, 13 музей, қалалық мәдени-демалыс паркі, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, жастар театры, облыстық филармония, «Анаға тағзым» орталығы, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі).
Облыс мәдениет үйлері мен клубтарда «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасы аясында 2026 жылдың ІІІ тоқсанында 10 977 мәдени шара өткізіліп, оған 937 758 көрермен қамтылды. Оның ішінде жас таланттарды табу, шығармашылығын дамыту мақсатында 8 республикалық, 70 облыстық байқау-фестивальдер, айтыстар өткізілді.
Жобаның 7 бағыты бойынша: «ART уақыт» аясында 3748 іс-шара, «Кино TIME» жобасы бойынша 1742 кино көрсетілім, «Әлем BOOK» оқырмандар клубы аясында 1298 шара, «Жанұя шуағы» бағыты бойынша 923 шара, «Сұхбат TIME» аясында 937 сұхбат-кездесу, «Креативті ХАБ» бағыты бойынша 888 көрме, Еріктілер тобының қатысуымен 1441 акция ұйымдастырылды.
Қызылорда облыстық филармониясы осы жылдың 9 айында 176 шара (100 концерт, 76 балалар қойылымы,) өткізіп, оған 57 887 мыңнан көрермен тартылды. Филармония өнер ұжымдарының Астана, Қарағанды қалалары, Ақмола облысының Біржан сал ауданы және аймағымыздың Жалағаш, Шиелі, Сырдария аудандары мен елді мекендерде гастрольдік концерттері ұйымдастырылды.
Шілде айында филармонияның «Әдемі» балалар музыкалық театр студиясы қала аумағындағы бірқатар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, «Ұмай» балалар сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйінде, Сырдрия ауданының Тереңөзек кенті, Шаған, Шіркейлі, Қоғалыкөл, Аманкелді, С. Сейфуллин, А. Тоқмағамбетов, Ақжарма, Н. Ілиясов және Бесарық ауылдарында балаларға арналған қойылымдарын жас көрермендерге ұсынды. Бұл шаралар бүлдіршіндердің эстетикалық талғамын қалыптастыруға, шығармашылық қызығушылығын арттыруға және мәдени-рухани демалысын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталды.
Н. Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында 192 спектакль көрерменге ұсынылып, оған 76 457 көрермен қамтылды. Оның ішінде 64 драмалық, 128 балаларға арналған спепктакльдер мен қуыршақ тобының қойылымы.
Театр репертуарын толықтыру, көрермен сұранысына сай жаңарту мақсатында мақсатында есепті мерзімде 4 жаңа қойылым сахналанып (1-уі ересектерге арналған-А. Қазыбектің «Ұрылар» комедиясы, 2-уі балаларға арналған - М. Ахмановпен М. Томаевтың «Қошқар мен теке» балалар қойылымы, А.Мұратованың «Бағдаршам» қуыршақ қойылымы, Кен Кизидің «Көкектің ұясы» романының желісі бойынша сахналанған «Ку-ку» трагикомедиясы, премьерасы өтті.
27 наурыз – Халықаралқ театр күніне орай «Бекежанов show: Театр мейрамы» мерекелік шарасы және «Nartai Theatre Fest» алғашқы театрішілік фестивалі ұйымдастырылды.
Халыққа мәдени қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыру және театр өнерін шалғай елді мекендерге кеңінен насихаттау мақсатында Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарына және Түркістан қаласына театрдың гастрольдік сапарлары ұйымдастырылып, Ш. Айтматовтың «Жәмилә», А. Елгезектің «Болмаған балалық шақ» драмалары және көрермен назарына ұсынылды.
28-30 қыркүйек күндері Халықаралық қарттар күніне орай Арал, Қазалы аудандары мен «Нартай бүлдіршіндері» қуыршақ тобының Жалағаш ауданында гастрольдік сапары ұйымдастырылды.
Қыркүйек айында Н.Бекежанов театрының 72 маусымы Кен Кизидің «Көкектің ұясы» романының желісі бойынша сахналанған «Ку-ку» трагикомедиясының премьерасымен ашылды.
Өткізілген мәдени шаралар:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, I дәрежелі «Барыс», «Парасат» ордендерінің иегері Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған «Айналдым сенен, Атамекен» атты гала концерті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған «Саз әлемінің саңлағы», Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қаракөз Ақдәулетованың 70 жылдығына арналған «Сен едің, Сырдың бұлбұлы!» атты еске алу кештері өткізілді.
Аймағымыздағы жастар арасында көркем шығармашылықты дамыту, сөздік қорын, тіл байлығын қалыптастыру, жастарды үлкен сахнаға, концерт жүргізушілікке бейімдеу мақсатында «Маржан сөз, қоңыр үн» атты облыстық концерт жүргізушілер конкурсы, «KYZYLORDA mobfest» атты облыстық мобилографтар байқауы, халықаралық би күніне арналған «Таланттар топ жарған күн» атты облыстық заманауи би байқауы және балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамытуға арналған «Бозторғай» өнер байқауы, өткізіліп, өнерде жас таланттарға жол ашып келеді. «Бозторғай» байқауының жеңімпаздары Алматы қаласында өткен халықаралық «Бозторғай» фестиваліне қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
Сонымен қатар Өнер орталығында облыстық филармонияның Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі мен симфония оркестрінің қазақ және әлемдік кинематографияның үздік туындыларынан құралған саундтрек концерті, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің «Дала тынысы» атты концерті, халықаралық би күніне орай «Ai-Aru» заманауи би ансамблінің «Би – жанның сыры» атты концерті, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, прима қобызшы
Г. Берікқызының «Жүрегімнің үні» атты шығармашылық концерті өткізіліп, 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан – достықтың мекені» атты, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңіс күніне арналған «Айбыны асқақ, айбары мықты азат ел» атты мерекелік шаралар ұйымдастырылды.
Әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған «Әнге айналған сағыныш» атты «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблінің концерті өткізіліп, бағдарламада ансамбльдің сүйемелдеуімен Б. Шөкеновтің репертуарындағы танымал әндер орындалды.
Жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры Алмас Алматовтың 70 жас мерейтойына арналған «Жыр керуен», мәдениет қайраткері, әнші, термеші Бибіжар Маханбетқызының 70 жас мерейтойына орай «Қызыма» атты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақованың 60 жас мерейтойына арналған «Мықты әйел» атты шығармашылық концерттері ұйымдастырылды.
Даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған «Алты алаштың арысы – ер Жалаңтөс» атты республикалық ақындар айтысы өткізіліп, сөз сайысына еліміздің 8 өңірінен 12 айтыскер ақындар қатысты. Айтыстың қорытындысымен Бас жүлдені Жұлдызай Маратбек, І орынды Мұхтар Ниязов, ІІ орынды Хавдолла Бейісхан, ІІІ орынды Мақсат Ақанов пен Мейірбек Сұлтанхан жеңіп алды.
21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Әдебиет және өнер өкілдеріне облыс әкімінің «Тұран» сыйлығы табысталып, мәдениет және өнер қызметкерлері мемлекеттік және салалық наградалармен марапатталды.
Жыраулар үйінде беолгілі жырау К. Рүстембековтің 80 жылдығына арналған «Күміс көмей Көшеней» атты, Алтын Орда дәуірінен жеткен бірегей музыкалық мұра – «Ақсақ құлан» күйінің 800 жылдығына арналған «Абыз тұлға – Кетбұға» атты жыр кештері және Нартай жыр мектебінің өкілі, дәстүрлі орындаушы Тоғжан Өтенованың «Сырлы әуен – сырнайлы кеш» жыр концерті өтті.
Швейцария мемлекетінің Женева қаласында облыс өнер шеберлерінің қатысуымен концерт Наурыз мерекесіне арналған концерт өткізілді.
Сонымен қатар, мамыр айында Париж қаласында өткен Еуропа қазақтарының құрылтайында және Люксембургте Қызылорда облысының өнерпаздары арнайы концерт беріп, сырбойылық қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Ұлттық домбыра күніне орай шілде айында «Сыр толқыны» атты ІІІ республикалық күйшілер байқауы, Президент паркінде «Домбыра – халық мұрасы» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, онда Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, дәстүрлі әншілер, домбырашылар ансамблі өнер көрсетті.
Астана қаласындағы Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы Сыр елі өнер шеберлерінің «Сұлу Сырдан сазды сәлем» концерті, Қарағанды қаласында «Томирис» би ансамблінің 25 жылдығына арналған «Биге оранған Қызылорда», Шиелі ауданында «Сырдың сазды хоры» камералық хор ұжымы мен Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің әлемдік хиттер мен танымал кинофильмдердің саундтректерінен гастрольдік концерттері ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай қыркүйек айында Өнер орталығында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты Жетісу мен Қызылорда облыстары арасында республикалық командалық айтыс өткізіліп, айтысқа ақындармен бірге жыршы-термешілер, дәстүрлі әншілер мен күйшілер қатысты. Ақындар түре, сүре, қайым, қыз бен жігіт айтысы секілді жанрлар бойынша сынға түсіп, айтыс қорытындысымен Қызылорда облысының командасы келесі айналымға жолдама алды.
Сонымен қатар, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің «Егемен елдің күй керуені» атты маусымашар концерті ұйымдастырылды. Концертке белгілі дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Р. Мадреев арнайы шақырылып, оркестрге дирижерлық жасады. Музыкалық кеш барысында дирижердің арнайы өңдеуіндегі бірегей шығармалар орындалды.
Қыркүйек айында Өнер орталығында ақын, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Шаһизада Әбдікәрімовтың 70 жасқа толу мерейтойына арналған «Поэзия Гладиаторы» атты шығармашылық кеші өтті.
Облыстық филармонияда қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін шыңдау мақсатында «Жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолдану және оқыту: фото, видео генерациясы» тақырыбында арнайы семинар-тренинг өтті. Арнайы маманның қатысуымен үш күнге созылған оқу барысында филармония мамандары аталған бағыт бойынша теориялық білім алумен қатар, практикалық тапсырмаларды орындау арқылы жасанды интеллект құралдарымен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдерін меңгерді.
«Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша «Әділетті заң - әділетті қоғам» атты республикалық жыршы-термешілер байқауы өткізіліп, әділдік, заң үстемдігі, тәртіп, жауапкершілік сынды маңызды құндылықтар кеңінен насихатталды. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Ерлан Рысқали, 1 орынды Дидар Қамиев,
ІІ орынды Марат Сүгірбай, ІІІ орынды Бөкен Жігер және Ғабит Шырынбековтер иеленді.
Сондай-ақ, «Заң мен тәртіп» қағидатының қоғам өміріндегі маңызын дәріптеу, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын кеңінен насихаттау мақсатында Қызылорда қаласы Президент паркі мен мәдени демалыс саябағында облыстық филармония әртістері мен қала өнерпаздарының концерттері өткізілді.


Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің 2026 жылғы ІІ тоқсанда атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Қызылорда облысы бойынша 412 мәдениет, өнер және архив мекемесі халыққа қызмет көрсетеді (оның ішінде 209 кітапхана, 172 мәдениет үйі мен клуб, 13 музей, қалалық мәдени-демалыс паркі, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, жастар театры, облыстық филармония, «Анаға тағзым» орталығы, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі).
Облыс мәдениет үйлері мен клубтарда «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасы аясында 2026 жылғы ІІ тоқсанда  3827 мәдени шара өткізіліп, оған 293084 көрермен қамтылды. Оның ішінде облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен 8 мәдени шара өткізіліп, оған 5498  көрермен тартылды. 
Оның ішінде 7 бағыт бойынша: «Кино TIME» бағыты бойынша 312 көрсетілім, «ART уақыт» бойынша 1306 шара, «Әлем BOOK» оқырмандар клубында 404 шара, «Сұхбат TIME» бағыты бойынша 320 сұхбат, «Креативті ХАБ» бағыты бойынша 296 көрме, «Жанұя шуағы» бағыты бойынша 318 өткізіліп, Еріктілер тобының қатысуымен қайырымдылық 541 акциялар ұйымдастырылды. Оған 36088 ерікті қамтылды. 
Жас таланттарды табу мақсатында 32 байқау-фестиваль (3 республикалық,29 облыстық байқау) ұйымдастырылды.  
Қызылорда облыстық филармониясы ІІ тоқсанда 74 шара (43 концерт, 31 қойылым) өткіп, оған  20460  көрермен тартылды. Есепті мерзімде облыстық филармония өнер ұжымдарының  «Сыр елінен сазды сәлем» атты Шымкент қаласына, «Томирис» би ансамблінің Жалағаш ауданына, «Әдемі» балалар театр студясының Қызылорда қаласына қарасты елді мекендерде барлығы 11 гастрольдік сапарлары ұйымдастырылды.
Н. Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында 90 спектакль көрерменге ұсынылып, оған 28 557 көрермен қамтылды.  
Оның ішінде 31 драмалық, 59 балаларға арналған және қуыршақ тобының қойылымы. 
Театр репертуарын толықтыру, көрермен сұранысына сай жаңарту мақсатында мақсатында есепті мерзімде 3 жаңа қойылым сахналанып  (1-уі ересектерге арналған- 
А. Қазыбектің «Ұрылар» комедиясы, 2-уі балаларға арналған - М. Ахмановпен М. Томаевтың «Қошқар мен теке» балалар қойылымы, А.Мұратованың «Бағдаршам» қуыршақ қойылымы), премьерасы өтті.
«Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету мақсатында театр сахнасында А. Жапаровтың «Әйел тағдыры» драмасы ұсынылды.
Халыққа мәдени қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыру және театр өнерін шалғай елді мекендерге кеңінен насихаттау мақсатында Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарына және Түркістан қаласына театрдың гастрольдік сапарлары ұйымдастырылып, Ш. Айтматовтың «Жәмилә», А. Елгезектің «Болмаған балалық шақ» драмалары көрермен назарына ұсынылды.
Өткізілген мәдени шаралар:  Өнер орталығында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі мен  симфония оркестрінің қазақ және әлемдік кинематографияның үздік туындыларынан құралған саундтрек концерті, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің «Дала тынысы» атты концерті,  халықаралық би күніне орай «Ai-Aru» заманауи би ансамблінің «Би – жанның сыры» атты концерті, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, прима қобызшы Г. Берікқызының «Жүрегімнің үні» атты шығармашылық концерті өткізіліп, 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан – достықтың мекені» атты,   7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Айбыны асқақ, айбары мықты азат ел» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. 
Сонымен қатар, әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған «Әнге айналған сағыныш» атты «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблінің концерті өткізіліп,  бағдарламада ансамбльдің сүйемелдеуімен Б. Шөкеновтің репертуарындағы танымал әндер орындалды.  
Мәдениет қайраткері, әнші, термеші Бибіжар Маханбетқызының 70 жас мерейтойына орай «Қызыма» атты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақованың 60 жас мерейтойына арналған «Мықты әйел» атты шығармашылық  концерттері ұйымдастырылды.
«Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша «Әділетті заң - әділетті қоғам» атты  республикалық жыршы-термешілер байқауы өткізіліп, әділдік, заң үстемдігі, тәртіп, жауапкершілік сынды маңызды құндылықтар кеңінен насихатталды. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Ерлан Рысқали, 1 орынды Дидар Қамиев,  ІІ орынды Марат Сүгірбай, ІІІ орынды Бөкен Жігер және Ғабит Шырынбековтер иеленді. 
29 сәуір - Халықаралық би күніне орай, «Таланттар топ жарған күн» атты облыстық заманауи би байқауы сегізінші мәрте өткізілді. 300-ден астам үміткерлер қатысқан байқау жас дарындардың үлкен сахнада шығыуына мүмкіндік берді. 
Даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған «Алты алаштың арысы – ер Жалаңтөс» атты республикалық ақындар айтысы өткізіліп, сөз сайысына еліміздің 8 өңірінен 12 айтыскер ақындар қатысты. Айтыстың қорытындысымен Бас жүлдені Жұлдызай Маратбек, І орынды Мұхтар Ниязов, ІІ орында Хавдолла Бейісхан, ІІІ орынды Мақсат Ақанов пен Мейірбек Сұлтанхан жеңіп алды. 
Сәуір айының 28-29 күндері дәстүрлі ХХVІІІ облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылығының облыстық конкурсы өткізіліп, өнер додасына вокал, хореография, аспапта ойнау, халықтық орындау жанрлары  бойынша 300-ден аса  жас таланттар өнер көсретті. Конкурс жеңімпаздары Алматы қаласында өткен халықаралық «Бозторғай» фестиваліне қатысып, жүлделі орындарды иеленді 
21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Әдебиет және өнер өкілдеріне облыс әкімінің «Тұран» сыйлығы табысталып, мәдениет және өнер қызметкерлері мемлекеттік және салалық наградалармен марапатталды. 
Жыраулар үйінде жырау  К. Рүстембековтің 80 жылдығына арналған «Күміс көмей Көшеней» атты, Алтын Орда дәуірінен жеткен бірегей музыкалық мұра – «Ақсақ құлан» күйінің 800 жылдығына арналған «Абыз тұлға – Кетбұға» атты жыр кештері және Нартай жыр мектебінің өкілі, дәстүрлі орындаушы Тоғжан Өтенованың «Сырлы әуен – сырнайлы кеш» жыр концерті өтті. 
Швейцария мемлекетінің Женева қаласында облыс өнер шеберлерінің қатысуымен концерт Наурыз мерекесіне арналған концерт өткізілді.
Сонымен қатар, мамыр айында  Париж қаласында өткен Еуропа қазақтарының құрылтайында және Люксембургте  Қызылорда облысының өнерпаздары арнайы концерт беріп, сырбойылық қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Талсуат оңалту орталығында «Алақаны ананың-алақайы баланың» атты күніне орай мерекелік концерт және театр, филармонияда «Нартайдың бүлдіршіндері» қуыршақ тобының, «Әдемі» музыкалық театр-студиясының балаларға арналған қойылымдары ұйымдастырылды.  
26 маусым күні өткен облыстық филармонияның 53-ші маусымдық жабылу концерті қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Ш. Сариев пен ән өнерінің саңлағы, композитор К. Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналды. Концертте өнер ұжымы бір маусым бойы жинақтаған шығармашылық жетістіктерін көрерменге ұсынып, әншілер симфония оркестрінің сүймелдеуімен жанды дауыста орындады.  

Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің
2026 жылғы І тоқсанда атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Қызылорда облысы бойынша 413 мәдениет, өнер және архив мекемесі халыққа қызмет көрсетеді (оның ішінде 209 кітапхана, 172 мәдениет үйі мен клуб, 14 музей, қалалық мәдени-демалыс паркі, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, жастар театры, облыстық филармония, «Анаға тағзым» орталығы, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі).
Облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығы 2026 жылғы І тоқсанда барлығы 8 мәдени шара өткізіліп, оған 4310 көрермен қамтылды.
Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, I дәрежелі «Барыс», «Парасат» ордендерінің иегері Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған «Айналдым сенен, Атамекен» атты гала концерті өткізіліп, сазды кеш мәртебелі меймандарының құрметіне арналды.
Қара өлеңнен кесте тоқыған сирек дарын иесі – Шөмішбай Сариев поэзиясының әр шумағында ұлттық болмыс, елдік сана, адам жанының нәзік иірімдері жатыр. Бұл әндер жылдар өтсе де ескірмей, тыңдаған сайын жаңғырып, әр буынның жүрегінен орын тауып келеді.
Мерекелік шараны облыстық симфония оркестрі, бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсілім Әмзе және «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблінің сүйемелдеуімен кеш қонағы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова «Сәлем саған, туған ел», «Асыл ана» әндерімен ашып берді.
Аймағымыздағы жастар арасында көркем шығармашылықты дамыту, сөздік қорын, тіл байлығын қалыптастыру, жастарды үлкен сахнаға, концерт жүргізушілікке бейімдеу мақсатында «Маржан сөз, қоңыр үн» атты облыстық концерт жүргізушілер конкурсы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, жас таланттарға жол ашып келеді.
Сондай-ақ, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған «Саз әлемінің саңлағы» атты еске алу кеші өткізілді.
Кеште Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жұбаныш Жексенұлы, Мадина Садуақасова, Кеңес Дүйсекеев атындағы конкурстың жүлдегерлері мен облыс өнерпаздары өнер көрсетті.
Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы «KYZYLORDA mobfest» атты облыстық мобилографтар байқауын ұйымдастырды. Байқауға бойында ой ұшқырлығы мен байқампаздық қасиеттері бар Қызылорда қаласындағы арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттерімен қатар, аудан, ауыл жастар қатысты.
Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен әнші - ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қаракөз Ақдәулетованың 70 жылдығына арналған «Сен едің, Сырдың бұлбұлы!» атты еске алу кеші өткізілді.
8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана - әлемнің бесігі» мерекелік шара «Көктем – тіршілік бастауы» блогімен бастау алып, сахнада жетігеншілер тобы мен ерлер хоры «Бесік жырларынан топтама» орындаса, А.Ысқақовтың «Рахмет саған ана» әнін Қ.Ақдәулетова атындағы балалар студиясының өнерпаздары мен «Сыр сандуғаштары» балалар вокалды тобының орындауында ұсынылып көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Наурыз мейрамы қарсаңында Екпінді ауылдық клубында «Әжелер салған ән қандай» әжелер ансамбльдерінің облыстық фестивалі өткізілді.
Облыстық филармонияда 2026 жылғы І тоқсанда 38 концертке 13810 көрермен қамтылды. Қойылым саны - 2. Бұл шаралардың ішінде 4 гастрольдік сапар бар. Олар: Арал, Қазалы (2) аудандары және Абай ауылы.
Қаңтар айында Ұлттық құрылтай аясында ақын Ш. Сариевтің 80 жылдығына арналған «Айналдым сенен, Атамекен» атты гала концерт өтті. Сонымен қатар, симфония оркестрінің музыкалық кеші өткізіліп, оған скрипкашы И. Жидебай өнер көрсетті.
К. Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған «Саз әлемінің саңлағы» атты еске алу кешінде симфония оркестрі, А. Табынбаев, И. Баимбетова, Р. Үсенов және
«Ai-Aru» заманауи би ансамблі өнер көрсетті.
Наурыз айының алғашқы шарасы Алғыс айту күніне орай филармонияның эстрадалық орындаушылары ардагерлер үйі мен қарттар үйінде қайырымдылық концертпен басталды. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қ. Ақдәулетованың
70 жылдығына арналған «Сен едің, Сырдың бұлбұлы» атты еске алу кеші өтті. Өнер орталығында аймақ басшысының қатысуымен 8 наурыз- халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – әлемнің бесігі» атты мерекелік салтанатта филармонияның «Томирис» би ансамблі, О. Нұралиев, Н. Тілеулесова, Р. Үсенов, А. Табынбаев,
Б. Серік, А. Шадаев, З. Нысанбаев, «Тұран» триосы өнер көрсетті.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, жырау А. Алматовтың 70 жас мерейтойына арналған «Жыр керуен» атты шығармашылық кеш өтті. Наурызнама онкүндігінің алғашқы шарасы
14 наурыз – Көрісу күнінен бастау алды. Көрісу күніне орай «Арай Сити Молл» сауда орталығында «Көктеммен келген көрісу» атты мерекелік концерттік шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық салт-дәстүр күніне орай қазақтың тұрмыс-салт жырларының бірі – «Беташар» дәстүрін насихаттау мақсатында мәдени шара ұйымдастырылды. Өнер орталығында «Әз Наурыз» атты балаларға арналған мерекелік қойылым сахналанды. 19 наурызда ҚР жаңа Конституция күнін атап өту мақсатында салтанатты шара өтті.
Камералық хор ұжымының «Сырдың сазды хоры» атты концерті жоғары деңгейде өтті. Кештің басты мақсаты – Сыр өңірінің музыкалық мәдениетін насихаттап, көрерменге рухани әсер сыйлау болды.
Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрында 2026 жылғы қаңтар–наурыз айларында театрда жалпы 60 спектакль көрсетілді. Драмалық қойылым - 24, балалар қойылымы - 9, қуыршақ қойылымы - 27.
Театрда көрермендермен байланысты нығайту және өнерге деген қызығушылықты арттыру мақсатында ашық есік күндері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осындай маңызды шаралардың бірі аясында халықаралық және республикалық фестивальдерде жүлделі орындарға ие болған А.Островскийдің «Найзағай» қойылымы көрермен назарына ұсынылды.
Ашық есік күні аясында ұсынылған бұл қойылымды 600-ге жуық көрермен ақысыз негізде тамашалап, өнер сүйер қауым тарапынан жоғары бағаланды.
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету мақсатында театр сахнасында А. Жапаровтың «Әйел тағдыры» драмасы ұсынылды.
Аталған қойылым көрерменге құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау, қоғамдағы жауапкершілікті сезіну қажеттігін көркем түрде жеткізеді.
Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры мен Түркістан музыкалық-драма театры арасында өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында екіжақты меморандумға қол қойылды.
Меморандумның негізгі мақсаты - театрлар арасында шығармашылық әлеуетті дамыту, өзара тәжірибе алмасу арқылы бірлескен жобаларды жүзеге асыру және олардың сапасын арттыру болып табылады. Сонымен қатар, жаңа идеялар мен инновацияларды қолдау, шығармашылық бастамаларды дамыту үшін ортақ алаң қалыптастыру көзделген.
Сыр өңірінің мәдени өміріндегі айтулы оқиға - «Nartai Theatre Fest» алғашқы театрішілік фестивалі 2026 жылдың 16-20 наурыз аралығында өтті.
Бес күнге созылған бұл өнер мерекесінде көрермен назарына 9 үздік қойылым ұсынылды. Оның ішінде балаларға арналған 2 қойылым, сондай-ақ 5 түрлі жанрды қамтыған сахналық туындылар фестиваль мазмұнын байыта түсті.
Жалпы фестиваль аясында 4000-ға жуық көрермен қамтылып, театр мен көрермен арасындағы байланыс одан әрі нығая түсті.
Халықаралық театр күніне орай «Бекежанов show: Театр мейрамы» атты мерекелік кеш жоғары деңгейде өткізілді. Шара театр өнерінің маңызын дәріптеп, көрермендер мен өнер сүйер қауымға ерекше рухани әсер сыйлады. Кеш барысында театрдың бір жылдық еңбектері қорытындыланып, сахна өнеріне елеулі үлес қосып жүрген бірқатар өнер майталмандарына құрмет көрсетілді.
Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы
Ж. Сейілов және Қоғамдық даму басқармасының басшысы Р. Каюпов алғысхаттар табыстады.
Сонымен қатар, мерекелік кеш аясында театр жыл көлеміндегі қойылымдарын қорытындылап, үздіктер номинацияларымен марапатталды, соның ішінде:
- «Серік Шотықов» атындағы ауыспалы жүлде - театр өнеріне қосқан сүбелі үлесі мен шығармашылық ізденісі үшін;
- «Әлия Арысбай» атындағы ауыспалы жүлде - сахнадағы шынайылығы мен көркемдік биігі үшін.


Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің
2025 жылы атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Қызылорда облысы бойынша 413 мәдениет, өнер және архив мекемесі халыққа қызмет көрсетеді (оның ішінде 209 кітапхана, 172 мәдениет үйі мен клуб, 14 музей, қалалық мәдени-демалыс паркі, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, жастар театры, облыстық филармония, «Анаға тағзым» орталығы, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі).
2025 жылы 3 ауылдық клубтың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. (Қазалы ауданында Майдакөл (100 орындық), Шиелі ауданында Бестам (150 орындық), Жаңақорған ауданында Екпінді (100 орындық).
«Адал адам мәдени-тәрбие орталығы» жобасы аясында ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда 7 бағыт бойынша 2025 жылы 16348 шараға 1 456 083 көрермен қамтылды.
Балалар шығармашылығын дамыту, шығармашылық үйірмелердің санын арттыру мақсатында ақындық, шешендік өнер, қобыз, жыр-терме, қолөнер жанрларын қамтыған жаңадан 20 үйірме ашылды.
Облыс көлемінде 1 халықаралық, 8 республикалық, 2 аймақтық, 86 облыстық конкурс-байқау, жыр мүшәйралары мен ақындар айтыстары ұйымдастырылды.
Жыл көлемінде республиканың өзге өңірлері мен алыс-жақын шетелдерде өткен 33 халықаралық, 32 республикалық, 10 аймақтық конкурсқа өңірден барлығы 500-ге жуық өнерпаз, 25 шығармашылық ұжым қатысып, 72 бас жүлде мен 140 жүлделі орынды иеленді.
Облыстық филармонияда 125 концерт, 105 қойылым, 33 гастрольдік концерттерге 58 360 көрермен қамтылды.
Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрында жыл көлемінде барлығы – 214 спектакльде 64 200 көрермен қамтылды. Оның ішінде драмалық спектакль – 81, балалар мен қуыршақ спектакльдері - 133.
Театрда 8 жаңа қойылым сахналанды (А.Н.Островскийдің «Найзағай» драмасы мен Р.Э.Распенің «Мюнхгаузеннің әлемі» балаларға және ересектерге арналған буффонада ертегісі Ә.Тауасаровтың «Аюдың апаны» драмасы, Л.Табукашвилидің «Арманымның ақ құсы» мелодрамасы, А.Мұратова, Н.Баймаханның «Бір толқын» концерт-спектаклі, «Aiel» драмасы, «Әли баба және 40 қарақшы»,«Ғарыш құтқарушылары» балалар қойылымдары).
Театр ұжымы 2025 жылдың қазан айында Қостанай қаласында өткен «QITFEST» халықаралық театр фестивалінде Алтын жүлдені, Түркістан қаласында өткен Қазақстанның Халық әртісі Құрманбек Жандарбековтің 120 жылдығына арналған «Қазақтың Құрманбегі» І республикалық театрлар фестивалінде жүлделі І орынды және «Үздік актерлік ансамбль» номнациясын, Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында өткен халықаралық «ART-ORDО» театрлар фестивалінде жүлделі І орынды және «Үздік режиссер» номинациясын иеленді.
Өткізілген шаралар: 2025 жылдың ақпан айында Қызылорда облысы мен Алматы облысы ақындары арасындағы «Адал еңбек – ел ырысы» атты республикалық командалық айтысы өткізілді. Өнер бәйгесінде екі облыстың командасы айтыстың түре, сүре, қайым және қыз бен жігіт айтысы жыршылық, термешілік, дәстүрлі ән және күйшілік жанрлары бойынша сынға түсті.
«Наурызнама» онкүндік тұжырымдамасы аясында барлық мәдениет мекемелерінде 100-ден аса іс-шаралар ұйымдастырылып, «Көшпенділер әлемі» атты этно киімдер фестивалі, «Наурыз – береке бастауы» мерекелік шара, «Маржан сөз, қоңыр үн» атты облыстық концерт жүргізушілерінің облыстық конкурсы, Қызылорда қаласының Қазақ АКСР-ның алғашқы астанасы болғанына 100 жыл толуына орай «KYZYLORDA mobfest» облыстық мобилогрфтар байқауы, күйші-композитор Төлепберген Тоқжановтың 60 жасқа толуына арналған «Туымы бөлек тұлпар» атты облыстық күйшілер байқауы және Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің қатысуымен «Сыр ана» атты шығармашылық кеші өткізілді.
23-28 наурыз аралығында Финлияндия, Эстония, Испания елдерінде Қызылорда облысының Өнер күндері ұйымдастырылып, Сыр өнерпаздарының концерті өткізілді. Шығармашылық сапар Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылып, Еуропа елдерінде ұлттық өнер, салт-дәстүріміз дәріптелді.
2025 жылдың 24-30 сәуір аралығында Қызылорда қаласында Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдығына орай КСРО халық әртісі С.Майқанова атындағы «Сырдың Сәбирасы» атты І халықаралық театрлар фестивалі өткізілді.
Фестивальге барлығы 11 кәсіби театр ұжымы, оның ішінде шетелден 3 театр (Румыния, Грузия, Қырғызстан), елімізден 8 театр қатысты. Фестивальдің ашылу салтанатына Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов бастаған елімізге танымал театр корифейлері қатысты. Фестиваль қорытындысымен Бас жүлдені А.Островскийдің «Найзағай» қойлымымен Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры иеленді.
Балалар мен жасөспірімдердің музыкалық шығармашылығын дамыту, дарынды жас таланттарды тауып, оларға қолдау көрсету мақсатында 2025 жылдың 23-24 сәуір күндері ХХҮІІ облыстық «Бозторғай» конкурсы өткізілді. Конкурсқа облыс аудандары мен Қызылорда қаласынан іріктеу кезеңінен өткен 1000-ға жуық өнерпаз (320 жеке орындаушы, 13 ансамбль, 49 би тобы) қатысып, жеңімпаз атанған өнерлі балалар Алматы қаласында өткен халықаралық «Бозторғай» конкурсында өнер көрсетті.
Мамыр айында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай барлық мәдениет мекемелерінде аудандық, облыстық патриоттық әндер конкурсы, танымдық шаралар және Қызылорда қаласының Қазақ АКСР-ның астанасы болғанына 100 жыл толуына орай «Үш дәуірдің астанасы – Қызылорда» атты республикалық ақындар айтысы, 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылып, 20 әдебиет және өнер өкіліне «Тұран» сыйлығы және аудандардағы қобыз үйірмелеріне қобыз музыкалық аспабы берілді.
2 маусым күні Байқоңыр қаласының 70 жылдығына арналған елімізге белгілі эстрада әншілерінің қатысуымен концерт өткізілді.
Ұлттық домбыра күні мен Мырза Тоқтаболатұлының 175 жылдығына арналған «Сыр толқыны» ІІ Республикалық күйшілер конкурсы болды.
Шілде айында балалар үшін жазғы демалысты мазмұнды өткізу мақсатында «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы өз репертуарындағы қойылымдарын ұсынды.
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты мәдени іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды бағдарлама аясында өтті.
Республикаға танымал шығармашылық иелерінің өнерін сыр көрермендеріне таныстыру, насихаттау мақсатында маусым айында Өнер орталығында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ұлықбек Есдәулеттің «Сыр мен жыр», театр және кино актері Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың «Тағзым», күйші- композитор Балтабай Нұржановтың 80 жасқа толуына арналған «Сырлы саз салтанаты» атты шығармашылық кештері, күйші, Қазақстанның халық әртісі Секен Тұрысбековтың «Ақжауын», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забированың «Өмірге ғашықпын», Бағдат Сәмединованың «Мен даланың қызымын» атты шығармашылық концерттері өткізілді.
17–20 қыркүйек аралығында «Нартайдың бүлдіршіндері» қуыршақ тобы Қ.Бегмановтың «Ұр, тоқпақ» қойылымымен «Kostanay Puppet Life» халықаралық қуыршақ театрлары фестиваліне қатысып, «Ұлттық дәстүрді сақтағаны үшін» номинациясымен марапатталды. Аталған фестивальге Қытай, Ресей, Иран, Перу, Өзбекстан елдерінен және Қазақстанның Астана, Ақтау, Қызылорда, Жезқазған қалаларынан келген театр ұжымдары қатысты. Көрермендерге жол тартқан премьералар: «Аюдың апаны» драмасы (автор Ә. Тауасаров) және «Арманымның ақ құсы» мелодрамасы (автор Л. Табукашвили) жас көрерменге – махаббаттың тек әдемі сезім емес, үлкен жауапкершілік екенін түсіндіреді. Әзіл де бар, жылап қалатын тұстары да жетерлік, бірақ әрбір көрерменге ой салады. Бұл – жастар мен жұптар бірге келіп көруге тұрарлық, тәрбиелік мәні терең спектакль. «Бір толқын» концерт-спектаклі (авторлары А. Мұратова, Н. Баймахан) театрдың жас буынының шығармашылық серпіні мен сахнаға деген адалдығының көрінісі. Олар поэзия мен музыканы біріктіре отырып, көрерменге тек эстетикалық ләззат сыйлап қана қоймай, рухани тәрбие, ішкі тазалық, ұлттық құндылықтар туралы ой қозғайды. Жас әртістердің өнері арқылы көрермен өмірдің қарапайым әрі ең маңызды жақтарына назар аударады – отбасы, туған жер, сағыныш, шынайы сезім.
Семей қаласындағы Абай атындағы театрда «Сұлу Сырдан - ұлы Абай еліне» атты Қызылорда облысының өнер күндері өтті. Концерттік бағдарламада Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар, симфония оркестрі, «Сыр самалы» вокалды-аспапты, «Томирис» би ансамблі, хор ұжымы, сондай-ақ, концерттің классикалық бөлімінде қазақтың ән өнерін әлемдік сахналарда насихаттап жүрген солистер Самал Байсейтова, С.Тасбергенова, М.Мақұлбеков, М.Аманжолов, А.Табынбаев, Ж.Аманбай, М.Жантөре және Б.Серік классикалық туындылар шеруін жасаса, жампоз жырдың шеберлері Ш.Бимбетова, А.Ноғайбаева, М.Сүгірбай, дәстүрлі орындаушы, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің әртісі Б.Төлеубаев шежірелі өңірдің ән-жырынан алтай жұртына ұсынып, халықтық музыканы кең көлемде насихаттады. Мерекелік гала-концерттің эстрада бөлімінде Р.Үсенов, О.Нұралиев, А.Әбді, А.Махамбетжанова, А.Қожахметов, Ә.Шөжен, А.Төреғали, өнер көрсетіп, көрермен көзайымына айналды. Сонымен бірге, «Томирис» би ансамблі мен аралас хор ұжымына семейлік көрермен зор қошемет көрсетті. Қызылорда облысының өнер күндері «Сұлу Сырдан - шырайлы шығысқа» атауымен Өскемен қаласында жалғасын тапты.
2025 жылдың 8-10 қазан күндері Қызылорда қаласында түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты халықаралық фольклорлық өнер фестивалі және фестиваль аясында «Қорқыт мұрасы: Түркі әлеміне ортақ эпикалық құндылықтар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізілді.
Аталған шараға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен, Ресей Федерациясының Алтай, Тыва Республикаларынан және елімізден өнертанушы, фольклортанушы ғалымдар мен өнер ұжымдары, жеке орындаушылар қатысты.
Қазан айында Республика күніне және Қызылорда қаласының Қазақ АКСР-ның астанасы болғанына 100 жыл толуына орай, Швейцарияның Женева, Берн қалаларында Сыр өнерпаздарының концерті өтті.
Сонымен қатар, ақын, әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықованың шығармашылық кеші, Сыр шайыры Қарасақал Ерімбеттің 175 жылдығына арналған «Ұлағат жырым ұрпаққа» атты республикалық жыршылар байқауы, жырау Сәрсенбай Бөртебайұлының 125 жылдығына арналған «Сәрсенбай сазы» атты аймықтық жыршылар фестивалі, балалар мен жастардың «Айтыс олимпиадасы» облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылып, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай» операсы қойылды.
Облыстық филармонияның «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблінің «Қорқыт ата ізімен» атты, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің композитор Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Әлқисса» атты, «Томирис» би ансамблінің «Адамзат пен махаббат» атты және «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің концерттері өткізілді.
2025 жылы 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыстық филармонияның әншісі, мәдениет қайраткері Медеуова Үміткүл Еменқызы «Құрмет» орденімен, жырау, Сыр сүлейлерінің ізбасары Тәңірбергенов Айбек Жақсанұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен режиссер, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», мәдениет саласының ардагері Хұсейін Әмір-Темір ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, әнші Күлән Қалымбетова, әнші-композитор Индира Елубаева «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, режиссер Азиза Іздіқұлова «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ұстаз-хореграф Гүлбану Елубайқызы, симфония оркестрінің әртісі Махаббат Нұрбаева «Шапағат» медалімен наградталды.


Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің
2025 жылы 9 айында атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Қызылорда облысы бойынша 413 мәдениет, өнер және архив мекемесі халыққа қызмет көрсетеді (оның ішінде 209 кітапхана, 172 мәдениет үйі мен клуб, 14 музей, қалалық мәдени-демалыс паркі, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, жастар театры, облыстық филармония, «Анаға тағзым» орталығы, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі).
Қазіргі таңда 4 ауылдық клубтың (Арал ауданы, Аманөткел ауылынан 150 орындық ауылдық клубы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылдық округіндегі 100 орындық ауылдық клубы, Шиелі ауданы, Бестам ауылында 150 орындық клубы, Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылындағы 100 орындық ауылдық клубы) құрылысы жұмыстары жүргізілуде.
«Адал адам мәдени-тәрбие орталығы» жобасы аясында ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда 7 бағыт бойынша 2025 жылдың 9 айында 11050 шараға 886672 көрермен қамтылды.
Балалар шығармашылығын дамыту, шығармашылық үйірмелердің санын арттыру мақсатында ақындық, шешендік өнер, қобыз, жыр-терме, қолөнер жанрларын қамтыған жаңадан 20 үйірме ашылды.
Облыс көлемінде 4 республикалық айтыс, 1 аймақтық, 1 республикалық күйшілер байқауы, 39 облыстық конкурс-байқау ұйымдастырылды.
Облыстық филармонияда 102 концерт, 88 қойылым, 6 қайырымдылық шара, 24 гастрольдік концерттерге 40135 көрермен қамтылды.
Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрында есепті мерзімде барлығы – 123 спектакльде 36702 көрермен қамтылды. Оның ішінде драмалық спектакль – 53, балалар мен қуыршақ спектакльдері - 70.
Театрда 5 жаңа қойылым сахналанды (А.Н.Островскийдің «Найзағай» драмасы мен Р.Э.Распенің «Мюнхгаузеннің әлемі» балаларға және ересектерге арналған буффонада ертегісі Ә.Тауасаровтың «Аюдың апаны» драмасы, Л.Табукашвилидің «Арманымның ақ құсы» мелодрамасы, А.Мұратова, Н.Баймаханның «Бір толқын» концерт-спектаклі).
Өткізілген шаралар: 2025 жылдың ақпан айында Қызылорда облысы мен Алматы облысы ақындары арасындағы «Адал еңбек – ел ырысы» атты республикалық командалық айтысы өткізілді. Өнер бәйгесінде екі облыстың командасы айтыстың түре, сүре, қайым және қыз бен жігіт айтысы жыршылық, термешілік, дәстүрлі ән және күйшілік жанрлары бойынша сынға түсті.
«Наурызнама» онкүндік тұжырымдамасы аясында барлық мәдениет мекемелерінде 100-ден аса іс-шаралар ұйымдастырылып, «Көшпенділер әлемі» атты этно киімдер фестивалі, «Наурыз – береке бастауы» мерекелік шара, «Маржан сөз, қоңыр үн» атты облыстық концерт жүргізушілерінің облыстық конкурсы, Қызылорда қаласының Қазақ АКСР-ның алғашқы астанасы болғанына 100 жыл толуына орай «KYZYLORDA mobfest» облыстық мобилогрфтар байқауы, күйші-композитор Төлепберген Тоқжановтың 60 жасқа толуына арналған «Туымы бөлек тұлпар» атты облыстық күйшілер байқауы және Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің қатысуымен «Сыр ана» атты шығармашылық кеші өткізілді. 23-28 наурыз аралығында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Финлияндия, Эстония, Испания елдерінде Қызылорда облысының Өнер күндері ұйымдастырылып, Сыр өнерпаздарының концерті өткізілді. Шығармашылық сапар Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылып, Еуропа елдерінде ұлттық өнер, салт-дәстүріміз дәріптелді.
2025 жылдың 24-30 сәуір аралығында Қызылорда қаласында Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдығына орай КСРО халық әртісі С.Майқанова атындағы «Сырдың Сәбирасы» атты І халықаралық театрлар фестивалі өткізілді.
Фестивальге барлығы 11 кәсіби театр ұжымы, оның ішінде шетелден 3 театр (Румыния, Грузия, Қырғызстан), елімізден 8 театр қатысты. Фестивальдің ашылу салтанатына Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов бастаған елімізге танымал театр корифейлері қатысты. Фестиваль қорытындысымен Бас жүлдені А.Островскийдің «Найзағай» қойлымымен Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры иеленді.
Балалар мен жасөспірімдердің музыкалық шығармашылығын дамыту, дарынды жас таланттарды тауып, оларға қолдау көрсету мақсатында 2025 жылдың 23-24 сәуір күндері ХХҮІІ облыстық «Бозторғай» конкурсы өткізілді. Конкурсқа облыс аудандары мен Қызылорда қаласынан іріктеу кезеңінен өткен 1000-ға жуық өнерпаз (320 жеке орындаушы, 13 ансамбль, 49 би тобы) қатысып, жеңімпаз атанған өнерлі балалар Алматы қаласында өткен халықаралық «Бозторғай» конкурсында өнер көрсетті.
Мамыр айында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай барлық мәдениет мекемелерінде аудандық, облыстық патриоттық әндер конкурсы, танымдық шаралар және Қызылорда қаласының Қазақ АКСР-ның астанасы болғанына 100 жыл толуына орай «Үш дәуірдің астанасы – Қызылорда» атты республикалық ақындар айтысы, 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылып, 20 әдебиет және өнер өкіліне «Тұран» сыйлығы және аудандардағы қобыз үйірмелеріне қобыз музыкалық аспабы берілді.
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында 2 өнер иесі мемлекеттік наградамен марапатталды. Сыр сүлейлерінің ізбасары, жырау Айбек Тәңірбергенов елордада өткен Мемлекет басшысының қабылдауында болып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
2 маусым күні Байқоңыр қаласының 70 жылдығына арналған елімізге белгілі эстрада әншілерінің қатысуымен концерт өткізілді.
Ұлттық домбыра күні мен Мырза Тоқтаболатұлының 175 жылдығына арналған «Сыр толқыны» ІІ Республикалық күйшілер конкурсы болды.
Шілде айында балалар үшін жазғы демалысты мазмұнды өткізу мақсатында «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы өз репертуарындағы қойылымдарын ұсынды.
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты мәдени іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды бағдарлама аясында өтті.
Республикаға танымал шығармашылық иелерінің өнерін сыр көрермендеріне таныстыру, насихаттау мақсатында маусым айында Өнер орталығында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ұлықбек Есдәулеттің «Сыр мен жыр», театр және кино актері Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың «Тағзым», күйші- композитор Балтабай Нұржановтың 80 жасқа толуына арналған «Сырлы саз салтанаты» атты шығармашылық кештері, күйші, Қазақстанның халық әртісі Секен Тұрысбековтың «Ақжауын», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забированың «Өмірге ғашықпын», Бағдат Сәмединованың «Мен даланың қызымын» атты шығармашылық концерттері өткізілді.
17–20 қыркүйек аралығында «Нартайдың бүлдіршіндері» қуыршақ тобы Қ.Бегмановтың «Ұр, тоқпақ» қойылымымен «Kostanay Puppet Life» халықаралық қуыршақ театрлары фестиваліне қатысып, «Ұлттық дәстүрді сақтағаны үшін» номинациясымен марапатталды. Аталған фестивальге Қытай, Ресей, Иран, Перу, Өзбекстан елдерінен және Қазақстанның Астана, Ақтау, Қызылорда, Жезқазған қалаларынан келген театр ұжымдары қатысты. Көрермендерге жол тартқан премьералар: «Аюдың апаны» драмасы (автор Ә. Тауасаров) және «Арманымның ақ құсы» мелодрамасы (автор Л. Табукашвили) жас көрерменге – махаббаттың тек әдемі сезім емес, үлкен жауапкершілік екенін түсіндіреді. Әзіл де бар, жылап қалатын тұстары да жетерлік, бірақ әрбір көрерменге ой салады. Бұл – жастар мен жұптар бірге келіп көруге тұрарлық, тәрбиелік мәні терең спектакль. «Бір толқын» концерт-спектаклі (авторлары А. Мұратова, Н. Баймахан) театрдың жас буынының шығармашылық серпіні мен сахнаға деген адалдығының көрінісі. Олар поэзия мен музыканы біріктіре отырып, көрерменге тек эстетикалық ләззат сыйлап қана қоймай, рухани тәрбие, ішкі тазалық, ұлттық құндылықтар туралы ой қозғайды. Жас әртістердің өнері арқылы көрермен өмірдің қарапайым әрі ең маңызды жақтарына назар аударады – отбасы, туған жер, сағыныш, шынайы сезім.
Семей қаласындағы Абай атындағы театрда «Сұлу Сырдан - ұлы Абай еліне» атты Қызылорда облысының өнер күндері өтті. Концерттік бағдарламада Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар, симфония оркестрі, «Сыр самалы» вокалды-аспапты, «Томирис» би ансамблі, хор ұжымы, сондай-ақ, концерттің классикалық бөлімінде қазақтың ән өнерін әлемдік сахналарда насихаттап жүрген солистер Самал Байсейтова, С.Тасбергенова, М.Мақұлбеков, М.Аманжолов, А.Табынбаев, Ж.Аманбай, М.Жантөре және Б.Серік классикалық туындылар шеруін жасаса, жампоз жырдың шеберлері Ш.Бимбетова, А.Ноғайбаева, М.Сүгірбай, дәстүрлі орындаушы, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің әртісі Б.Төлеубаев шежірелі өңірдің ән-жырынан алтай жұртына ұсынып, халықтық музыканы кең көлемде насихаттады. Мерекелік гала-концерттің эстрада бөлімінде Р.Үсенов, О.Нұралиев, А.Әбді, А.Махамбетжанова, А.Қожахметов, Ә.Шөжен, А.Төреғали, өнер көрсетіп, көрермен көзайымына айналды. Сонымен бірге, «Томирис» би ансамблі мен аралас хор ұжымына семейлік көрермен зор қошемет көрсетті. Қызылорда облысының өнер күндері «Сұлу Сырдан - шырайлы шығысқа» атауымен Өскемен қаласында жалғасын тапты.
Есепті кезеңде республиканың өзге өңірлері мен алыс-жақын шетелдерде өткен 18 халықаралық, 20 республикалық, 10 аймақтық конкурсқа өңірден барлығы 150 өнерпаз, 25 шығармашылық ұжым қатысып, 55 бас жүлде мен 94 жүлделі орынды иеленді.


Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің
2025 жылы І жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Қызылорда облысы бойынша 413 мәдениет, өнер және архив мекемесі халыққа қызмет көрсетеді (оның ішінде 209 кітапхана, 172 мәдениет үйі мен клуб, 14 музей, 1 қалалық мәдени-демалыс паркі, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, Жастар театры, облыстық филармония, «Анаға тағзым» орталығы, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі).
Қазіргі таңда 4 ауылдық клубтың (Арал ауданы, Аманөткел ауылынан 150 орындық ауылдық клубы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылдық округіндегі 100 орындық ауылдық клубы, Шиелі ауданы, Бестам ауылында 150 орындық клубы, Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылындағы 100 орындық ауылдық клубы) құрылысы жұмыстары жүргізілуде.
«Адал адам мәдени-тәрбие орталығы» жобасы аясында ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда 7 бағыт бойынша 2025 жылдың І жартыжылдығында 7265 шараға 659 682 көрермен қамтылды.
Балалар шығармашылығын дамыту, шығармашылық үйірмелердің санын арттыру мақсатында ақындық, шешендік өнер, қобыз, жыр-терме, қолөнер жанрларын қамтыған жаңадан 20 үйірме ашылды.
Облыс көлемінде 4 республикалық айтыс, 1 аймақтық, 31 облыстық конкурс-байқау ұйымдастырылды.
Облыстық филармонияда 71 концерт, 38 қойылым, 5 қайырымдылық шара, 19 гастрольдік концерттерге 25 130 көрермен қамтылды
Н.Бекежанов Қызылорда облыстық атындағы қазақ музыкалық драма театрында есепті мерзімде барлығы – 117 спектакль көрерменге 22710 көреремен қамтылды. Оның ішінде драмалық спектакль – 49, балалар мен қуыршақ спектакльдері - 68.
Театрда 5 жаңа қойылым сахналанды (А.Н.Островскийдің «Найзағай» драмасы мен Р.Э.Распенің «Мюнхгаузеннің әлемі» балаларға және ересектерге арналған буффонада ертегісі Ә.Тауасаровтың «Аюдың апаны» драмасы, Л.Табукашвилидің «Арманымның ақ құсы» мелодрамасы, А.Мұратова, Н.Баймаханның «Бір толқын» концерт-спектаклі) Нартай Бекежанов
Өткізілген шаралар:
2025 жылдың ақпан айында Қызылорда облысы мен Алматы облысы ақындары арасындағы «Адал еңбек – ел ырысы» атты республикалық командалық айтысы өткізілді. Өнер бәйгесінде екі облыстың командасы айтыстың түре, сүре, қайым және қыз бен жігіт айтысы жыршылық, термешілік, дәстүрлі ән және күйшілік жанрлары бойынша сынға түсті.
«Наурызнама» онкүндігі Тұжырымдамасы аясында барлық мәдениет мекемелерінде 100-ден аса іс-шаралар ұйымдастырылып, «Көшпенділер әлемі» атты этно киімдер фестивалі, «Наурыз – береке бастауы» мерекелік шара, «Маржан сөз, қоңыр үн» атты облыстық концерт жүргізушілерінің облыстық конкурсы, Қызылорда қаласының Қазақ АКСР-ның алғашқы астанасы болғанына 100 жыл толуына орай «KYZYLORDA mobfest» облыстық мобилогрфтар байқауы, күйші-композитор Төлепберген Тоқжановтың 60 жасқа толуына арналған «Туымы бөлек тұлпар» атты облыстық күйшілер байқауы және Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің қатысуымен «Сыр ана» атты шығармашылық кеші өткізілді.23-28 наурыз аралығында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Финлияндия, Эстония, Испания елдерінде Қызылорда облысының Өнер күндері ұйымдастырылып, Сыр өнерпаздарының концерті өткізілді. Шығармашылық сапар Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылып, Еуропа елдерінде ұлттық өнер, салт-дәстүріміз дәріптелді.
2025 жылдың 24-30 сәуір аралығында Қызылорда қаласында Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдығына орай КСРО халық әртісі С.Майқанова атындағы «Сырдың Сәбирасы» атты І халықаралық театрлар фестивалі өткізілді.
Фестивальге барлығы 11 кәсіби театр ұжымы, оның ішінде шетелден 3 театр (Румыния, Грузия, Қырғызстан), елімізден 8 театр қатысты. Фестивальдің ашылу салтанатына Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов бастаған елімізге танымал театр корифейлері қатысты. Фестиваль қорытындысымен Бас жүлдені А.Островскийдің «Найзағай» қойлымымен Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры иеленді.
Балалар мен жасөспірімдердің музыкалық шығармашылығын дамыту, дарынды жас таланттарды тауып, оларға қолдау көрсету мақсатында 2025 жылдың 23-24 сәуір күндері ХХҮІІ облыстық «Бозторғай» конкурсы өткізілді. Конкурсқа облыс аудандары мен Қызылорда қаласынан іріктеу кезеңінен өткен 1000-ға жуық өнерпаз (320 жеке орындаушы, 13 ансамбль, 49 би тобы) қатысып, жеңімпаз атанған өнерлі балалар Алматы қаласында өткен халықаралық «Бозторғай» конкурсында өнер көрсетті.
Мамыр айында Ұлы Жеңістің 80 жылдығана орай барлық мәдениет мекемелерінде аудандық, облыстық патриоттық әндер конкурсы, танымдық шаралар және Қызылорда қаласының Қазақ АКСР-ның астанасы болғанына 100 жыл толуына орай «Үш дәуірдің астанасы – Қызылорда» атты республикалық ақындар айтысы, 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылып, 20 әдебиет және өнер өкіліне «Тұран сыйлығы және аудандардағы қобыз үйірмелеріне қобыз музыкалық аспабы берілді.
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында 2 өнер иесі мемлекеттік наградамен марапатталды. Сыр сүлейлерінің ізбасары, жырау Айбек Тәңірбергенов елордада өткен Мемлекет басшысының қабылдауында болып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
2 маусым күні Байқоңыр қаласының 70 жылдығына арналған елңімізге белгілі эстарда әншілерінің қатысуымен концерт өткізілді.
Республикаға танымал шығармашылық иелерін өнерін сыр көрермендеріне таныстыру, насихаттау мақсатында маусым айында Өнер орталығында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ұлықбек Есдәулеттің «Сыр мен жыр», театр және кино актері Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновтң «Тағзым», күйші- композитор Балтабай Нұржановтың 80 жасқа толуына арналған «Сырлы саз салтанаты» атты шығармашылық кештері, күйші, Қазақстанның халық әртісі Секен Тұрысбековтың «Ақжауын», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забированың «Өмірге ғашықпын», Бағдат Сәмединованың «Мен даланың қызымын» атты шығармашылық концерттері өткізілді.
Есепті кезеңде республиканың өзге өңірлері мен алыс-жақын шетелдерде өткен 16 халықаралық, 17 республикалық, 7 аймақтық конкурсқа өңірден барлығы 127 өнерпаз, 22 шығармашылық ұжым қатысып, 46 бас жүлде мен 84 жүлделі орынды иеленді.


Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің
2025 жылы I тоқсанында атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Қызылорда облысы бойынша 412 мәдениет, өнер және архив мекемесі халыққа қызмет көрсетеді (оның ішінде 209 кітапхана, 171 мәдениет үйі мен клуб, 14 музей, 1 қалалық мәдени-демалыс паркі, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, Жастар театры, облыстық филармония, «Анаға тағзым» орталығы, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі).
Қазіргі таңда 4 ауылдық клубтың (Арал ауданы, Аманөткел ауылынан 150 орындық ауылдық клубы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылдық округіндегі 100 орындық ауылдық клубы, Шиелі ауданы, Бестам ауылында 150 орындық клубы, Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылындағы 100 орындық ауылдық клубы) және Сол жағалаудан Тарихи-мәдени мұра орталығының құрылысы жұмыстары жүргізілуде.
«Адал адам мәдени-тәрбие орталығы» жобасы аясында ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда 7 бағыт бойынша 2025 жылдың І тоқсанында 3391 шараға 340176 көрермен қамтылды.
Оның ішінде 1 республикалық айтыс, 5 облыстық конкурс-байқау ұйымдастырылды.
2025 жылдың ақпан айында Қызылорда облысы мен Алматы облысы ақындары арасындағы «Адал еңбек – ел ырысы» атты республикалық командалық айтысы өткізілді. Өнер бәйгесінде екі облыстың командасы айтыстың түре, сүре, қайым және қыз бен жігіт айтысы жыршылық, термешілік, дәстүрлі ән және күйшілік жанрлары бойынша сынға түсіп, нәтижесінде Қызылорда облысының командасы жеңімпаз атанып, республикалық командалық айтыстың ақтық кезеңіне қатысуға жолдама алды.
«Наурызнама» онкүндігі Тұжырымдамасы аясында барлық мәдениет мекемелерінде 100-ден аса іс-шаралар ұйымдастырылып, «Көшпенділер әлемі» атты этно киімдер фестивалі, «Наурыз – береке бастауы» мерекелік шара, «Маржан сөз, қоңыр үн» атты облыстық концерт жүргізушілерінің облыстық конкурсы, Қызылорда қаласының Қазақ АКСР-ның алғашқы астанасы болғанына 100 жыл толуына орай «KYZYLORDA mobfest» облыстық мобилогрфтар байқауы, күйші-композитор Төлепберген Тоқжановтың 60 жасқа толуына арналған «Туымы бөлек тұлпар» атты облыстық күйшілер байқауы және Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің қатысуымен «Сыр ана» атты шығармашылық кеші өткізілді.
Балалар шығармашылығын дамыту, шығармашылық үйірмелердің санын арттыру мақсатында ақындық, шешендік өнер, қобыз, жыр-терме, қолөнер жанрларын қамтыған жаңадан 20 үйірме ашылды.
Есепті кезеңде республиканың өзге өңірлері мен алыс-жақын шетелдерде өткен 2 халықаралық, 6 республикалық, 4 аймақтық конкурсқа өңірден барлығы 35 өнерпаз, 2 би тобы қатысып, 33 жүлделі орындарды иеленді.
Н.Бекежанов Қызылорда облыстық атындағы қазақ музыкалық драма театрында есепті мерзімде барлығы – 56 спектакль көрерменге 14 235 көреремен қамтылды. Оның ішінде драмалық спектакль – 20, балалар спектакльдері – 7 және қуыршақ спектакльдері – 29.
Театрда 2 жаңа қойылым сахналанды (А.Н.Островскийдің «Найзағай» драмасы мен Р.Э.Распенің «Мюнхгаузеннің әлемі» балаларға және ересектерге арналған буффонада ертегісі).
Облыстық филармонияда 36 концерт, 7 қойылым, 4 қайырымдылық шара, 11 гастрольдік концерттерге 11 580 көрермен қамтылды
23-28 наурыз аралығында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Финлияндия, Эстония, Испания елдерінде Қызылорда облысының Өнер күндері ұйымдастырылып, Сыр өнерпаздарының концерті өткізілді.
Шығармашылық сапар Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылып, Еуропа елдерінде ұлттық өнер, салт-дәстүріміз дәріптелді.


2024 жылы IV тоқсанында атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Қызылорда облысы бойынша 412 мәдениет, өнер және архив мекемесі халыққа қызмет көрсетеді (оның ішінде 209 кітапхана, 171 мәдениет үйі мен клуб, 14 музей, 1 қалалық мәдени-демалыс паркі, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, Жастар театры, облыстық филармония, «Анаға тағзым» орталығы, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі) халыққа қызмет көрсетеді.
2024 жылы Қызылорда қаласында көпфункционалды 1000 орындық Өнер сарайының құрылыс және Қазалы ауданы Кәукей елді мекенінде 100 орындық клуб құрылысының жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
2024 жыл Руханият жылы аясында Қармақшы, Шиелі аудандарында Руханият орталықтары пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда 4 ауылдық клуб құрылысына 200,0 млн. теңге қаржы бөлініп құрылыс жұмыстары басталды (Арал ауданы, Аманөткел ауылынан 150 орындық ауылдық клуб, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылдық округіндегі 100 орындық ауылдық клуб, Шиелі ауданы, Бестам ауылында 150 орындық клуб, Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылындағы 100 орындық ауылдық клуб). Жалағаш ауданы және Таң, Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы ауылдық мәдениет үйінің ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Облыс мәдениет үйлері мен клубтарда 2024 жылдың 12 айында 15 888 мәдени шара өткізіліп, 1 412 915 көрермен қамтылған. Облыс көлемінде 19 республикалық 90 облыстық байқау-конкурстар, ақындар айтыстары ұйымдастырылды.
2024 жылдан бастап Мемлекет басшысының «Адал азамат» Тұжырымдамасы аясында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысындағы 171 мәдениет үйлері мен елдімекендердегі клубтар «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасы аясында 7 бағыт бойынша жұмыс жасап келеді.
Қазіргі таңда мәдениет үйлері мен клубтарда барлығы 1049 үйірме жұмыс жасайды, оған 12659 өнерпаз қамтылған. Оның ішінде жобаның «АРТ уақыт» клубы аясында қосымша 112 үйірме ашылып, 1495 балалар мен жасөспірімдер қамтылуда. Жоба нәтижесінде өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда мәдени шаралар саны 205,0 пайызға, көрермен саны 129,3 пайызға артты.
Балалар шығармашылығын дамыту мақсатында «Бозторғай», «Өнерге қанат қаққандар» атты облыстық байқаулар мен «Айтыс олимпиадасы» атты мектеп оқушылары арасында дәстүрлі облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылып, нәтижесінде үздік өнер көрсеткен талантты балалар халықаралық «Бозторғай» конкурсында жүлделі орындарды иеленді.
Наурыз айында «Сыр ана – өнер бесігі» атты Өнер орталығының ашылуына арналған концерт, 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Сыр елі-өнер ордасы» атты мерекелік шара және «Мәдениет – қоғам келбеті» атты мәдениет қызметкерлерінің форумы өткізілді. Мерекелік шарада 20 әдебиет және өнер өкілдеріне облыс әкімінің «Тұран» сыйлығы табысталып, форум аясында белгілі режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қ.Әжиева мен музыка өңдеуші, композитор С.Шәменовтің, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Алматовтың арнайы қатысуымен жыршы-термешілерге, клуб қызметкерлері мен режиссерларға, аудандардағы ансамбль жетекшілеріне шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. «Ұлы дала жаршысы» атты мәдени-үгіт бригадаларының, Мәдениет – жасампаз сана» атты жылжымалы мәдени демалыс – кешендердің, «Жас маман - 2024» атты клуб қызметкерлерінің облыстық байқаулары өткізілді.
Осы жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында Қызылорда облысының Өнер күндері ұйымдастырылып, республика сарайында «Сұлу сырдан - ару Алматыға» атты гала концерт, «Сыр өңірі –түркі мәдениетінің алтын бесігі» атты көрме, Құрманғазы оркестрінің концерттік залында «Жыр-қазына, күй күмбез» атты Тұрмағамбет атындағы халық аспаптары оркестрі мен жыршы-жыраулардың концерті ұйымдастырылды.
Жанқожа Нұрмұхамедұлының 250 жылдығына арналған дастан нұсқаларын жырлаушылардың «Ақ туы төбесіне төңкерілген» атты республикалық байқауы жыраулар үйінде өтті.
Халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған «Әлем таныған Әбдіжәміл!» атты еске алу кеші Өнер орталығында өткізілді. Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің өнегелі өмір жолын насихаттау мақсатында «Терме –тәрбие, жыр – рух» атты республикалық жыршылар байқауы «Достық» үйінде өтті.
Н.Бекежанов облыстық атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында 2024 жылдың есепті мерзімінде барлығы – 158 спектакль көрерменге ұсынылып, 23000 көрермен қамтылды.
Оның ішінде 55-і драмалық спектакль, 17-і балалар спектаклі, 86-ы қуыршақ тобының қойылымдары.
Театрдың репертуарын толықтыру мақсатында М.Омарованың «Шанель №5» деректі драмасы, Қ.Тілеуханның «Кешірші...» драмасы және Н.Баймаханның «Үйлену оңай», С.Жұбатыровтың «Идальго» трагикомедиясының прьемералары өтті.
Театр ұжымы сәуір айының 17-18 күндері Алматы қаласына гастрольдік сапармен барып, театр репертуарындағы үздік қойылымдар У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясын, А.Елгезектің «Болмаған балалық шақ», Қ.Тілеуханның «Кешірші...» драмалары мен А.Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» қуыршақ қойылымын алматылық көрермендерге ұсынды.
Сонымен қатар, «ТҮРКСОЙ» ұйымы арнайы шақыруымен мамыр айында Түркия елінің Анкара қаласындағы «Неджип Фазыл Кысакүрек» театрында Сұлтан Раевтың «Ақ Ләйлек» психологиялық драмасын түркиялық көрермендерге ұсынды.
2024 жылдың қыркүйек айында театр 70-ші маусымын Е.Төлеубайдың «Абай» трагедиясымен ашты.
Облыстық филармонияда жыл аясында көптеген шаралар мен жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда 166 шара өткізілді. Бұл іс-шараларға жалпы саны 48700 көрермен тартылды. Олардың ішінде 117 концерт, 49 қойылым, 6 қайырымдылық шара және 29 гастрольдік сапар.Сонымен қатар филармониядан екі жаңа өнер ұжымы ашылды. Олар: «Ai-Aru» заманауи би ансамблі және хор ұжымы. Бұл ұжымдар облыс мәдениетінің дамуына және өнер саласындағы жаңа бастамаларды қолдауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Аймақ басшысының қолдауымен филармонияда көптеген жұмыстар атқарылды. Қаламыздың сәулетіне сән берген 1000 орындық Өнер орталығы филармония ұжымына пайдалануға берілсе, 2021 жылы Е.Әуелбеков көшесінде салынып берілген қосымша қосалқы ғимарат облыстық филармония филиалы негізінде Жыраулар үйі болып ашылды.
20 штаттық бірлікпен «AI-ARU» заманауи би ансамблі және 30 штаттық бірлікпен хор ұжымы ашылды. Жалпы филармонияның штаттық бірлігі 36% өсті.
Мәдени шараларға тоқталар болсақ, қаңтар айының шарасы «Симфония сазы» атты концертімен басталды. Бағдарламада Сыр елінен шыққан композиторлардың шығармалары мен қазақ, әлем композиторларының танымал туындылары орындалды.
Мамыр айында Әйтеке би Байбекұлының 380 жылдығына орай Өзбекстан Республикасының Науаи облысында «Достық сазы» атты филармония өнер ұжымының концерті өтті. Көрнекті әнші, дарынды музыкант, ақын әрі сазгер Б.Шөкеновтің туған күніне орай «Мәңгі іздеймін» атты еске алу концерті ұйымдастырылды.
Филармония өнер ұжымдарының 51-ші маусымдық жабылу концерттері 19 маусым күні эстрада ұжымының «Әр дәуірдің өзінің әуені бар» атты концертімен басталды. Онан соң «Аяулы мекенім» атты Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің концерті, «Адамзат пен махаббат» атты «Томирис» би ансамблінің қойылым-концерті, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі мен «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблінің «Көңіл толқыны» атты біріккен концертімен аяқталды.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Қызылорда облысының «Сұлу Сырдан сазды сәлем» атты филармония өнер ұжымының концерті, Алматыдағы Республика сарайында Қызылорда облысының Алматы қаласындағы өнер күндері аясында Сыр өңірі өнер шеберлерінің «Сұлу Сырдан – ару Алматыға» атты гала-концертте филармония өнер ұжымы өнер көрсетті.
Симфония оркестрі Халықаралық музыка күніне орай «Шексіз музыка» атты концертін ұсынды. Концерттік бағдарламада Сонымен қатар осы күні қарттар үйінде «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты концерт ұйымдастырылды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор К.Ботабаевтың шығармашылығына арналған «Мәртебелі маэстро» атты концерт өтті. Музыкалық кеште Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен қазақстандық және шетелдік белгілі композиторлардың вокалдық, классикалық және аспаптық шығармалары мен композициялары орындалды.
Өнер орталығының сахнасында облыстық симфония оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері, әлем әртісі, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі А.Мұсақожаеваның шығармашылық кеші өтті.
Өнер орталығында «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің 15 жылдық мерейтойына арналған «Ақмешіттің ақ таңы» атты концерт өтті. Бағдарламада ансамбльдің негізін қалаушы, күйші, композитор А.Ысқақов, солистер мәдениет саласының үздігі Э.Қалхожаева, Б.Төлеубаев, Б.Қарғабаевтар ансамбльдің сүйемелдеуімен таңдаулы әндерін орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді. Сонымен қатар кеш барысында ансамбль мүшелері Д.Жаңабаев пен Г.Құлахметованың «Ақмешіт» кітабының тұсауы кесілді.Облыс әкімі Н.Нәлібаевтың қатысуымен «Руханият жылын» қорытындылауға және Жаңа 2025 жылды қарсы алуға арналған салтанатты шара өтті.
Филармония ұжымы үшін 2024 жыл жоғары жетістіктер мен марапаттарға толы болды. Қызметкерлері мен әртістер еліміздің мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін марапатталды. Сонымен қатар академиялық орындаушылар Ақылбек Табынбаев, Аружан Қойшығара, Назерке Омар біліктіліктерін арттыру мақсатында Италия мемлекетіндегі Озимо опера академиясының шеберлік дәрістеріне қатысып, әлемдік деңгейдегі сертификатқа ие болды.


Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің

2024 жылы ІІІ тоқсанында атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Қызылорда облысы бойынша 412 мәдениет, өнер және архив мекемесі халыққа қызмет көрсетеді (оның ішінде 209 кітапхана, 171 мәдениет үйі мен клуб, 14 музей, 1 қалалық мәдени-демалыс паркі, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, Жастар театры, облыстық филармония, «Анаға тағзым» орталығы, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі) халыққа қызмет көрсетеді.
2024 жылы Қызылорда қаласында көпфункционалды 1000 орындық Өнер сарайының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда 2023 жылдан өтпелі 1 ауылдық клубтың құрылысы (Қазалы ауданы Кәукей елді мекенінде 100 орындық клуб құрылысы) және 2024 жылы 4 ауылдық клуб құрылысына облыстық бюджеттен 200,0 млн. теңге қаржы бөлініп құрылыс жұмыстары басталды (Арал ауданы, Аманөткел ауылынан 150 орындық ауылдық клуб, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылдық округіндегі 100 орындық ауылдық клуб, Шиелі ауданы, Бестам ауылында 150 орындық клуб, Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылындағы 100 орындық ауылдық клуб ). Жалағаш ауданы және Таң, Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы ауылдық мәдениет үйінің ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Облыс мәдениет үйлері мен клубтарда 2024 жылдың 9 айында 12443 мәдени шара өткізіліп, 964807 көрермен қамтылған.
Облыс көлемінде 8 республикалық 53 облыстық байқау-конкурстар, ақындар айтыстары ұйымдастырылды. («Әділ сөздің алдаспаны» атты республикалық командалық айтысы, айтыскер ақын Замаддин Ибадуллаевтың 85 жылдығына орай «Замманның заңғары – Замаддин» атты ақындар айтысы, Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Толқын тербеткен тау тұлға!» атты және дәстүрлі «Көктем нұры» республикалық оқушылар айтысы, «Әжелер салған ән қандай...!» атты республикалық әжелер ансамбльдерінің байқауы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Р.Таймановтың 70 жас мерейтойына арналған І республикалық «Сыр Ана» әншілер конкурсы, Қазақстанның халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаев атындағы «Күлкі думан» әзіл-сықақ өнер ұжымдарының республикалық байқауы, «Сыр толқыны» атты республикалық күйшілер конкурсы,М.Ералиеваның 70 жылдығына арналған «Қазақтың Ақбаяны» республикалық атты әншілер конкурсы)
2024 жылдан бастап Мемлекет басшысының «Адал азамат» Тұжырымдамасы аясында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысындағы 171 мәдениет үйлері мен елдімекендердегі клубтар «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасы аясында 7 бағыт бойынша жұмыс жасап келеді.
Қазіргі таңда мәдениет үйлері мен клубтарда барлығы 1025 үйірме жұмыс жасайды, оған 12500 өнерпаз қамтылған. Оның ішінде жобаның «АРТ уақыт» клубы аясында қосымша 88 үйірме ашылып, 1170 балалар мен жасөспірімдер қамтылуда.
Жоба нәтижесінде өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда мәдени шаралар саны 60 пайызға, көрермен саны 64 пайызға артты.
Балалар шығармашылығын дамыту мақсатында «Бозторғай», «Өнерге қанат қаққандар» атты облыстық байқаулар мен «Айтыс олимпиадасы» атты мектеп оқушылары арасында дәстүрлі облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылып, нәтижесінде үздік өнер көрсеткен талантты балалар халықаралық «Бозторғай» конкурсында жүлделі орындарды иеленді.
Наурыз айында «Сыр ана – өнер бесігі» атты Өнер орталығының ашылуына арналған концерт, 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Сыр елі-өнер ордасы» атты мерекелік шара және «Мәдениет – қоғам келбеті» атты мәдениет қызметкерлерінің форумы өткізілді. Мерекелік шарада 20 әдебиет және өнер өкілдеріне облыс әкімінің «Тұран» сыйлығы табысталып, форум аясында белгілі режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қ.Әжиева мен музыка өңдеуші, композитор С.Шәменовтің, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Алматовтың арнайы қатысуымен жыршы-термешілерге, клуб қызметкерлері мен режиссерларға, аудандардағы ансамбль жетекшілеріне шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
«Ұлы дала жаршысы» атты мәдени-үгіт бригадаларының, «Мәдениет – жасампаз сана» атты жылжымалы мәдени демалыс – кешендердің, «Жас маман - 2024» атты клуб қызметкерлерінің облыстық байқаулары өткізілді.
Осы жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында Қызылорда облысының Өнер күндері ұйымдастырылып, республика сарайында «Сұлу сырдан - ару Алматыға» атты гала концерт, «Сыр өңірі –түркі мәдениетінің алтын бесігі» атты көрме, Құрманғазы оркестрінің концерттік залында «Жыр-қазына, күй күмбез» атты Тұрмағамбет атындағы халық аспаптары оркестрі мен жыршы-жыраулардың концерті ұйымдастырылды.
Н.Бекежанов облыстық атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында 2024 жылдың есепті мерзімінде барлығы – 158 спектакль көрерменге ұсынылып, 23000 көрермен қамтылды.
Оның ішінде 55-і драмалық спектакль, 17-і балалар спектаклі, 86-ы қуыршақ тобының қойылымдары.
Театрдың репертуарын толықтыру мақсатында М.Омарованың «Шанель №5» деректі драмасы, Қ.Тілеуханның «Кешірші...» драмасы және Н.Баймаханның «Үйлену оңай», С.Жұбатыровтың «Идальго» трагикомедиясының прьемералары өтті.
Театр ұжымы сәуір айының 17-18 күндері Алматы қаласына гастрольдік сапармен барып, театр репертуарындағы үздік қойылымдар У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясын, А.Елгезектің «Болмаған балалық шақ», Қ.Тілеуханның «Кешірші...» драмалары мен А.Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» қуыршақ қойылымын алматылық көрермендерге ұсынды.
Сонымен қатар, «ТҮРКСОЙ» ұйымы арнайы шақыруымен мамыр айында Түркия елінің Анкара қаласындағы «Неджип Фазыл Кысакүрек» театрында Сұлтан Раевтың «Ақ Ләйлек» психологиялық драмасын түркиялық көрермендерге ұсынды.
2024 жылдың қыркүйек айында театр 70-ші маусымын Е.Төлеубайдың «Абай» трагедиясымен ашты.
Облыстық филармонияда 2024 жылдың 9 айында 115 шара өткізіліп, оған 29100 көрермен қамтылды. Оның ішінде 81-і концерт, 34-і балалар қойылымы (қайырымдылық -3, гастроль -20).
«Руханият жылы» аясында 1000 орындық Өнер орталығы және Жыраулар үйі ашылды. Ашылу салтанатына елімізге белгілі өнер қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Өнер орталығында «Аяулы мекенім» атты Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің концерті, «Адамзат пен махаббат» атты «Томирис» би ансамблінің қойылым-концерті, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі мен «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблінің «Көңіл толқыны» атты біріккен концерті, «Әр дәуірдің өзінің әуені бар» атты эстарда орындаушыларының және халықаралық конкурстардың лауреаты, жас музыкант Балтабай Саиддиннің қатысуымен симфония оркестрінің концерті және әнші-композитор Б.Шөкеновті еске алуға арналған «Мәңгі іздеймін» атты «Сыр самалы» вокалды-сапапты ансамблінің концерті өткізілді.
Жыраулар үйінде «Жыр қазына» жобасы жүзеге асырылып, жоба аясында облыс аудандарындағы жыр мектептері мен өңіріміздегі жыршы-жыраулардың концерттері, жыр кештері өткізілді.
Қызылорда облысы және Науаи облысы арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында Әйтеке бидің 380 жылдығына орай Өзбекстан Республикасының Науаи облысында «Достық сазы» атты облыстық филармония өнер ұжымының концерті өтті. Концертте «Ақмешіт» фольклорлық, «Томирис» би ансамбльдері мен дәстүрлі орындаушылар өнер көрсетті.
1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Әдемі» музыкалық балалар театр студиясының «Айбардың хикаялары» атты қойылымы бүлдіршіндергі ұсынылды.
2024 жылдың қыркүйек айында Астана қаласында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Сұлу Сырдан сазды сәлем» атты Қызылорда облысы өнер шеберлерінің концерті ұйымдастырылып, концертке облыстық филармонияның өнер ұжымдары, жыршы-жыраулар қазақтың ұлттық өнері мен сырдың мақам- саздарын көшпенділер ойындарына арнайы келген шетелдік қонақтар мен елорда халқының назарына ұсынды.
Филармония өнер ұжымдары мен жеке орындаушылар Алматы қаласындағы Қызылорда облысының Өнер күндері аясында өткізілген концерттерде өнер көрсетті.


Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің

2024 жылы ІІ тоқсанында атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Қызылорда облысы бойынша 412 мәдениет, өнер және архив мекемесі халыққа қызмет көрсетеді (оның ішінде 209 кітапхана, 171 мәдениет үйі мен клуб, 14 музей, 1 қалалық мәдени-демалыс паркі, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, Жастар театры, облыстық филармония, «Анаға тағзым» орталығы, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі) халыққа қызмет көрсетеді.
2024 жылы Қызылорда қаласында көпфункционалды 1000 орындық Өнер сарайының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда 2023 жылдан өтпелі 1 ауылдық клубтың құрылысы (Қазалы ауданы Кәукей елді мекенінде 100 орындық клуб құрылысы) және 2024 жылы 4 ауылдық клуб құрылысына облыстық бюджеттен 200,0 млн. теңге қаржы бөлініп құрылыс жұмыстары басталды (Арал ауданы, Аманөткел ауылынан 150 орындық ауылдық клуб, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылдық округіндегі 100 орындық ауылдық клуб, Шиелі ауданы, Бестам ауылында 150 орындық клуб, Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылындағы 100 орындық ауылдық клуб ). Жалағаш ауданы және Таң ауылындағы ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеуге мемлекеттік сатып алу жүргізіліп жеңімпаз «Аман Құрылыс» ЖШС жеңімпаз болып танылды.
Облыс мәдениет үйлері мен клубтарда 2024 жылдың 6 айында 8306 мәдени шара өткізіліп, 671 340 көрермен қамтылған.
Облыс көлемінде 6 республикалық («Әділ сөздің алдаспаны» атты командалық айтысы, айтыскер ақын Замаддин Ибадуллаевтың 85 жылдығына орай «Замманның заңғары – Замаддин» атты ақындар айтысы, Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Толқын тербеткен тау тұлға!» атты дәстүрлі «Көктем нұры» республикалық оқушылар айтысы, «Әжелер салған ән қандай...!» атты республикалық әжелер ансамбльдерінің байқауы, ҚРеңбек сіңірген қайраткері Р.Таймановтың 70 жас мерей тойына арналған І республикалық «Сыр Ана» әншілер конкурсы, Қазақстанның халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаев атындағы «Күлкі думан» әзіл-сықақ өнер ұжымдарының республикалық байқауы), 28 облыстық байқау конкурстары ұйымдастырылды.
Жыл басынан балалар шығармашылығын насихаттау, оларға рухани тәрбие беру мақсатында ақындық, шешендік өнер, қобыз, жыр-терме, қолөнер жанрларын қамтыған жаңадан 78 балалар үйірмесі ашылды. Нәтижесінде, республикамыздың өзге өңірлері мен шет мемлекеттерде өткен 13 халықаралық, 24 республикалық конкурсқа Сыр елінен 118 өнерпаз, 18 би тобы қатысып, 34 Бас жүлде, 85 жүлделі орындарды иеленді.
Өнер орталығының ашылуы және 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сыр ана – өнер бесігі» мерекелік шара, Әйтеке бидің 380 жылдығына арналған «Әділ сөздің алдаспаны» атты Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы арасында республикалық командалық айтысы, 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мейрамына арналған шаралар өтті.
Аймағымыздағы жастар арасында көркем шығармашылықты дамыту, сөздік қорын, тіл байлығын қалыптастыру, жастарды үлкен сахнаға, концерт жүргізушілікке бейімдеу мақсатында «Маржан сөз, қоңыр үн» атты облыстық концерт жүргізушілер конкурсы дәстүрлі түрде ұйымдастырылды.
21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Мәдениет – қоғам келбеті» атты республикалық форумы 20-21 мамыр аралығында өтті.
Облыстық филармонияда 2024 жылдың ІІ тоқсанында 57 шара өткізілді. Оған 13545 көрермен қамтылды. Оның ішінде 39 концерт, 18 балалар қойылымы- (қайырымдылық -1, гастроль -10)
5 сәуірде «Руханият жылы» аясында облыстық филармония жанынан Жыраулар үйі ашылды. Шараға облыстық мәслихат төрағасы, «Amanat» партиясы облыстық филиалының жетекшісі Н.Байқадамов, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор А.Алматов, фольклортанушы ғалым, эпикалық жыршылық, орындаушылық үрдістің көрнекті өкілі, жыршы Б.Жүсіпов, дәстүрлі әнші, Сүйінбай, Жамбыл дәстүрін жалғастырушы А.Әбдуалиев, жыршы А.Көмеков тағы да басқа құрмет тұтатын қауым қатысты.
Жыраулар үйінің алқалы алаңында Сыр сүлейлерінің ізбасарлары, жыршы-жыраулар өнер көрсетіп, жырдан шашу шашты.Осы күні күйші композитор Қазанғап Тілепбергенұлының 170 жылдығына арналған «Саз зергері» атты Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің концерті өтті.
Қызылорда облысы және Науаи облысы арасындағы әріптестік байланысты күшейту және екі жакты ынтымақтастықты дамытуды кездейтін арнайы Жол картасы негізінде 16 мамыр күні Әйтеке би Байбекұлының 380 жылдығына орай Өзбекстан Республикасының Науаи облысында «Достық сазы» атты филармония өнер ұжымының концерті өтті. Концерттік бағдарламада «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, «Томирис» би ансамблі, С.Тасбергенова, А.Табынбаев және дәстүрлі орындаушылар өнер көрсетті.
21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған «Сыр елі- өнер ордасы» атты салтанатты шара өтті. Шараға облыс әкімі Н.Нәлібаев қатысып, Сыр елінің мәдениет қызметкерлері мен сала ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Жиында өнер иелеріне Қызылорда облысының «Құрмет грамотасы», «Тұран» сыйлығы, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің марапаттары табысталды. Іс-шара соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты. Концертте симфония оркестрі, «Томирис» би ансамблімен қатар, тағы да басқа филармония әртістері өнер көрсетті.
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кішкентай көрермендерге А.Іздіқұлованың «Айбардың хикаялары «Айбар мен Бауырсақ» қойылымы тарту етілді.
Өнер орталығында 12 маусым – Медицина қызметкерлерінің күнi мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты шарада облыс әкімі Н.Нәлібаев және ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Т. Сұлтанғазиев арнайы келіп қатысты. Шараның концерттік бағдарламасында симфония оркестрі және оркестрдің сүйемелдеуімен филармония жеке орындаушылары мен ҚР. еңбек сіңірген қайраткері Е.Әбдіхалықова өнер көрсетті.
Филармония өнер ұжымдарының 51-ші маусымдық жабылу концерттері 19 маусым күні эстрада ұжымының «Әр дәуірдің өзінің әуені бар» атты концертімен басталды. Онан соң «Аяулы мекенім» атты Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің концерті, «Адамзат пен махаббат» атты «Томирис» би ансамблінің қойылым-концерті, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі мен «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблінің «Көңіл толқыны» атты біріккен концертімен аяқталды.
Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры 2024 жылдың ІІ тоқсанында барлығы – 128, спектакль көрерменге ұсынылды, оның ішінде драмалық спектакль – 51, балалар спектакльдері – 10, қуыршақ спектакльдері – 67, спектакльдерге барлығы – 20 160 көрермен қамтылды.
Наурыз, сәуір айларында жаңа прьемералар М.Омарованың «Шанель №5» деректі драмасы, Қ.Тілеуханның «Кешірші...» драмасы және Н.Баймаханның «Үйлену оңай» драмасы көрермен назарына ұсынылды.
Театр ұжымы сәуір айының 17-18 күндері Алматы қаласына гастрольдік сапармен барып қайтты. У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясын, А.Елгезектің «Болмаған балалық шақ» драмасын, Қ.Тілеуханның «Кешірші...» драмасын және А.Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» қуыршақ қойылымын Алматы көрермендеріне ұсынды.
Сонымен қатар, «ТҮРКСОЙ» ұйымы мен Қызылорда облысының әкімідігінің қолдауымен 17 мамыр күні Анкараның Кечөрен ауданындағы "Неджип Фазыл Кысакүрек" театрында Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының репертуарындағы Сұлтан Раевтың “Ақ Ләйлек” психологиялық драмасы сахналанды. “ТҮРКСОЙ” ұйымының бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф өнер иелеріне алғысын білдіріп, қазақ тілін білмесе де театр тілін түсінгенін айтып, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.


Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің

2024 жылы І тоқсанында атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Қызылорда облысы бойынша 412 мәдениет, өнер және архив мекемесі халыққа қызмет көрсетеді (оның ішінде 209 кітапхана, 171 мәдениет үйі мен клуб, 14 музей, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, Жастар театры, Анаға тағзым орталығы, мәдени-демалыс паркі,облыстық филармония, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі).
2024 жылы Қызылорда қаласында көпфункционалды 1000 орындық «Өнер орталығы» пайдалануға берілді және 100 орындық Қазалы ауданы Кәукей ауылдық клубының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда 4 ауылдық клубтың құрылысының мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстары жүргізілуде (Арал ауданы, Аманөткел ауылынан 150 орындық ауылдық клуб, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылдық округіндегі 100 орындық ауылдық клуб, Шиелі ауданы, Бестам ауылында 150 орындық клуб, Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылындағы 100 орындық ауылдық клуб ).
2024 жылдың І тоқсанында облыс мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарының ұйымдастыруымен 2 509 мәдени шара өткізіліп, оған 300 026 көрермен қамтылды.
Облыс көлемінде 3 республикалық 2 облыстық байқау-фестиваль, ақындар айтысы ұйымдастырылды.
Өнер орталығының ашылуы және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сыр ана – өнер бесігі» мерекелік шара «Сыр елі жәрмеңкесі» көрінісімен бастау алып, жыршы-жыраулар, айтыскер ақындар, бишілер, домбырашылар, қобызшылар және театр әртістері, балалар және өнер иелері өнер көрсетіп, көрермендер ықыласына бөленді.
Әйтеке бидің 380 жылдығына арналған «Әділ сөздің алдаспаны» атты Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы арасында республикалық командалық айтысы өткізілді. Айтыстың мақсаты – айтыс ақындары мен ұлттық өнер өкілдерінің рухани-мәдени әлеуетін жақсарту, дамыту, шығармашылық байланысты жетілдіру. Сөз құдіреті арқылы өскелең ұрпақты шешен сөйлеуге, тапқырлыққа, білімділікке, ақындыққа, дәстүрлі өнерге тәрбиелеу.
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мейрамын Сыр өңірінің өнер өкілдері Өнер орталығының алдында қарсы алды. Ұлттық нақыштағы көрмелер қойылып, киіз үйлер тігіліп, мерекенің сәнін кіргізген «Тұсау кесер» рәсімі, ұмыт болып бара жатқан «Қамшы ұстатар» рәсімдері жасалып, атқа мінер боз балаға ақ бата беріп, қайыс қамшы ұстату көріністері көрсетілді.
Аймағымыздағы жастары арасында көркем шығармашылықты дамыту, сөздік қорын, тіл байлығын қалыптастыру, жастарды үлкен сахнаға, концерт жүргізушілікке бейімдеу мақсатында «Маржан сөз, қоңыр үн» атты облыстық концерт жүргізушілер конкурсы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, жас таланттарға жол ашып келеді.
Облыстық филармонияда 2024 жылдың І тоқсанында 23 шара өткізіліп, 5080 көрермен қамтылды. Оның ішінде 22 концерт, 1 балалар қойылымы.
2024 жылдың алғашқы шарасы облыстық симфония оркестрінің «Симфония сазы» атты концертімен басталды. Бағдарламада Сыр елінен шыққан композиторлардың шығармалары мен қазақ, әлем композиторларының танымал туындыларыорындалды.
Сыр сүлейлерінің көрнекті өкілі Оңғар Дырқайұлының 165 жылдығына арналған «Өнердің пірі – Дүр Оңғар» атты филармония дәстүрлі орындаушыларының концерті өтті.
Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына орай «Ән кемеңгері» атты дәстүрлі орындаушылардың лекция концерті, Жаңақорған ауданының Өзгент, Қожакент ауылдарында «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің концерттері өткізілді.
Симфония оркестрінің әртісі Шаншархан Ұлпан Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен «InClassica» Халықаралық музыка фестивалінен ІІ орын алды.
Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында 2024 жылдың І тоқсанында 52 спектакль көрерменге ұсынылып, оған барлығы – 11596 көрермен қамтылды (оның ішінде драмалық спектакль – 22, балалар спектакльдері – 6, қуыршақ спектакльдері – 31.)
Жаңа спектальдер М.Омарованың «Шанель №5» деректі драмасы және Қ.Тілеуханның «Кешірші...» драмасы сахналанып, премьералары өтті.
Сонымен қатар, есепті мерзімде театр репертуарындағы А.Ахметтің «Шырмауық» моноспектаклі, А.Володиннің «Кездесу мен қоштасу» психологиялық драмасы, У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясы, А.Елгезектің «Болмаған балалық шақ» драмасы, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» поэтикалық драмасы, Қ.Жүнісовтің «Love is...» комедиясы, М.Ф.Ахундзаденің «Кетпейсің, болды кетпейсің!», Қ. Мұхамеджановтың «Құдағи келіпті», С. Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» музыкалық комедиясы, Ә. Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» психологиялық драмасы және балаларға арналған И.Меччидің «Арыстан патша», Т.Уфимцеваның «Ұйқыдағы ару», Қ.Бегмановтың «Ер Төстік», Д.Урбанның «Барлық тышқандар ірімшікті жақсы көреді», А. Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» қойылымдары мен «Нартайдың бүлдіршіндері» қуыршақ тобының «Достық қымбат бәрінен», «Қозы мен лақ» қуыршақ спектакльдері көременге ұсынылды.
2024 жылдың қаңтар айында театрдың шығармашылық құрамының жас әртістері мен техникалық қызметкерлері Алматы қаласы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында білімін жетілдіріп, шеберлік дәрістерден өтті.


2023 жылы атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Қызылорда облысы бойынша 411 мәдениет, өнер және архив мекемесі халыққа қызмет көрсетеді (оның ішінде 209 кітапхана, 171 мәдениет үйі мен клуб, 14 музей, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры,Жастар театры, Анаға тағзым орталығы облыстық филармония, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі).
2023 жылы 4 мәдениет нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді (Қызылорда қаласы Қарауылтөбе, Жаңақорған ауданы, Жайылма, Өзгент ауылдарындағы 150 орындық клуб, Қызылорда қаласы Талсуат ауылындағы 150 орындық клуб). Қазіргі таңда 1 мәдениет нысанының және Қызылорда қаласында көп функционалды 1000 орындық өнер сарайының құрылысы жүргізілуде (Қазалы ауданы, Каукей ауылындағы 100 орындық клубтың,).
«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Жаңақорған ауданы Әбдіғаппар ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2023 жылдың қыркүйек айында «Анаға тағзым» орталығымен «Отбасы орталығы» ғимараттары пайдалануға берілді.
Өңірімізде классикалық өнерді дамыту, көрермендерге концерттерді кәсіби әрі жанды дауыста ұсыну мақсатында облыстық филармония жанынан симфония оркестрі құрылды.
Мүмкіндігі шектеулі өнерпаздарымыздың шығармашылығын шыңдауға арналған Инклюзивті театр жобасы жүзеге асырылып, С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде шілдеден бастап өз жұмысын бастады. Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында «Арман» инклюзивті театрында «Көршілер» атты алғашқы қойылымы сахналанып, премьерасы өтті
Қызылорда қаласында «Жастар театры» құрылды.
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыс әкімінің мәдениет және әдебиет өкілдеріне арналған 20 тұлғаға (500 мың теңгеден жүлде қоры табысталды) арнайы «Тұран» сыйлығытабысталып, облыс мәдениет ұйымдарындағы 8 өнер ұжымына 40 домбыра берілді.
Облыс мәдениет ұйымдарының 13 маманы шетелдерде біліктілігін арттырды.
Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының Алматы қаласына гастрольдік сапары ұйымдастырылды.
Астана қаласының 25 жылдығына орай Елордада Қызылорда облысының Өнер күндері ұйымдастырылды.
2023 жылы облыс мәдениет үйлері мен клубтарда 7733 мәдени шара өткізіліп, оған 109556 көрермен қамтылды. Оның ішінде шығармашылық пен өнер өкілдерінің жетістіктерін насихаттау, жас таланттардың өнерін дамыту мақсатында облыс бойынша жыл көлемінде 2 халықаралық, 14 республикалық, 1 аймақтық, 98 облыстық деңгейде байқау-фестивальдер мен республикалық ақындар айтыстары ұйымдастырылды.
Атап айтар болсақ, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев атындағы «Туған жер» І халықаралық әншілер конкурсы, ұлт руханиятының көрнекті өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Жыр арқауы – Жүргенов» атты республикалық жыр мүшәйрасы, Ұлттық домбыра күніне арналған «Күй мен күйші» атты республикалық күйші концертмейстерлердің республикалық байқауы, «Ұлт жүрегі – домбыра» атты домбырашылар шеруі және ақын Шөмішбай Сариевті еске алу шарасы, түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты халықаралық фольклорлық-өнер фестивалі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, ақын, жырау Жүсіп Қадірбергенұлының (Қаңлы Жүсіп) 150 жылдығына арналған «Қара өлеңнің шебері – Қаңлы Жүсіп» республикалық ақындар айтысы және ақындыққа бейімі бар балаларды айтыс өнеріне баулу, оларды тауып, шыңдау мақсатында өңірімізде тұңғыш рет «Айтыс олимпиадасы» атты облыстық балалар мен жасөспірімдер айтысы, Алматы қаласында Cыр бойы жас ақындарының поэзия кеші өткізіліп, «Қоңыр әңгіме» жобасы жүзеге асырылды.
Өңірімізде жыр-терме жанрын дәріптеу, дәстүрлі өнерге жастарды баулу мақсатында жыл көлемінде 5 облыстық, 2 республикалық-фестиваль, 2 жыр кеші ұйымдастырылды.
Олар, халық ақыны, әнші Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына арналған «Қазаққа аты мәшһүр Иманжүсіп» атты республикалық әнші-жыршылардың фестивалі және ақын, әнші, сазгер Шолпан Жанболатқызының шығармашылығын насихаттауға арналған «Сырдың Қараторғайы» атты сырнаймен ән салушы қыз-келіншектердің республикалық байқауы т.б.
Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын шыңдау мақсатында республикамыздың өзге өңірлері мен шет мемлекеттерде өткізілген 38 халықаралық, 37 республикалық конкурсқа Сыр елінен 249 өнерпаз қатысып, нәтижесінде 52 Бас жүлде, 147 жүлделі орындарды иеленіп қайтты
Облыстық филармонияда 2023 жылы 219 шара өткізілді. Оған 52 422 көрермен қамтылды. Оның ішінде 134 концерт, 85 қойылым- (қайырымдылық -11, гастроль -32).
Ақмола облыстық филармониясымен шығармашылық Меморандум жасалып, «Томирис» би ансамблі мен Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблінің «Би әлемі» атты біріккен концерті Қызылорда және Көкшетау қалаларында өткізілді.
Даңқты қолбасшы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған «Бабаға құрмет-тарихқа тағзым» атты танымдық концерт, Америка Құрама Штатынан алғашқы рет арнайы шақырылған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық байқаулардың лауреаты, пианист Т.Ержановтың камералық оркестрмен концерті, күйші-қобызшы, композитор Ы.Дүкенұлының 180 жылдығына арналған «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблінің «Шыңырау» атты концерті күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Күй құдірет – Құрманғазы» атты Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің концерті, дирижер «Құрмет» орденінің иегері, профессор К.Ботабаевтың шығармашылық кеші ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, жыл көлемінде «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің әртісі, бас домбырашы Дархан Жаңабаевтың «Жігер» жеке шығармашылық концерті, «VIVAT, Bayan!» атты халықаралық конкурстардың лауреаты, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің әртісі Айдар Мақсұтұлының концерті, республикалық конкурстардың лауреаты, сыбызғышы Заманбек Нысанбаевтың «Самғау атты жеке шығармашылық кеші, дәстүрлі орындаушы Марат Сүгірбайдың «Батыр баба» атты бабалар ерлігін жырлауға арналған концерті, Мақсат Мақұлбековтың «Біз сүйген әндер» атты концерті жәнежырау, ұстаз Жұмабек Аққұловтың 80 жасқа толуына орай «Ән мен жырдың абызы...» атты рухани кеш өткізілді.
Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында 2023 жылы 227 спектакль көрерменге ұсынылды, оның ішінде драмалық спектакль – 108, балалар қойылымдары –133. Барлық спектакльдерге – 50 386 көрермен қамтылды.
Аймақ басшысының қолдауымен араға 17 жыл салып маусым айында Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының Алматы қаласына гастрольдік сапары ұйымдастырылды. Шығармашылық сапар аясында театр репертуарындағы 4 үздік қойылым Алматылық көрермендерге ұсынылды.
Биылғы жылы Ш.Айтматовтың повесі желісінде «Жәмилә» драмасының, С.Раевтың «Ақ ләйлек» психологиялық драмасының, О.Нұрмахановтың «Көрұғлы» рухнамасының, Қ.Жүнісовтің «Love is...» комедиясының, А. Елгезектің «Болмаған балалық шақ» драмасының және И. Меччидің «Арыстан Патша» балалар қойылымының,А. Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» қуыршақ қойылымының премьералары өтті.
Театр жыл көлемінде балалар мен жасөспірімдерге арналған Л. Разумовскаяның «Ұбт кілті қойылымын, Р. Отарбаевтың «Нашақор жайлы новелла» спектаклін, А. Елгезектің «Болмаған балалық шақ» драмасын, А. Ақмоншақтың «Шырмауық» психодрамалық моноспектаклі жас көрермендерге ұсынылды.
Н.Бекежанов театры Түркістан қаласында 8-11 қараша аралығында өткен «Raymbek-I» республикалық фестиваліне С.Раевтың «Ақ Ләйлек» психологиялық драмасымен қатысып, театр артисі Жауһар Еркінқызы «Үздік әйел бейнесі» номинациясына иеленді.
Сондай-ақ, театр ұжымы желтоқсан айында Астана қаласының 25 жылдығына орай Елорддада өткен облыстың өнер күндері аясында Ш. Айтматовтың «Жәмилә» драмасы мен Р. Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» спектаклін астаналық көрермендерге ұсынды.


Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің 2023 жылдың ІІІ тоқсанында атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Қызылорда облысы бойынша 410 мәдениет, өнер және архив мекемесі халыққа қызмет көрсетеді (оның ішінде 209 кітапхана, 171 мәдениет үйі мен клуб, 14 музей, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, Анаға тағзым орталығы облыстық филармония, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі).
Мәдениет және спорт саласын дамыту, тұрғындардың қолжетімділігін арттыру мақсатында өңірімізде 2023 жылға өтпелі 5 ауылдық клубтың және Қызылорда қаласында көп функционалды 1000 орындық өнер сарайының құрылысжұмыстары жүргізілуде (Қазалы ауданы, Каукей ауылындағы 100 орындық клубтың, Жаңақорған ауданы, Жайылма, Өзгент, Қызылорда қаласы Қарауылтөбе, Талсуат ауылындағы 150 орындық клуб).
Қыркүйек айында Анаға тағзым орталығымен Неке сарайы ғимараттары пайдалануға берілді.
Облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығының негізгі қызметі - халықтың сұранысына сай мәдени шаралар ұйымдастыру, көркемөнерпаздар ұжымдарын қалыптастырып, оларды дамыту, таланттарды табу, балалар мен жасөспірімдерді өнерге баулу, облыс тұрғындарына мәдени-рухани қызмет көрсету.
Қазіргі таңда орталықта 4 халықтық ұжым, Қ.Ақдәулетова атындағы балалар студиясы, «Алдаспан» жас ақындар клубы және «Көңілді ноталар» балалар ән үйірмесі жұмыс жасайды.
Есепті мерзімде облыс мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарының ұйымдастыруымен 5693мәдени шара өткізіліп, оған 750041 көрермен қамтылған.
Облыс көлемінде жас таланттарды табу, өнер әлеміне жаңа есімдерді шығару мақсатында 2 халықаралық, 12 республикалық, 59 облыстық байқау-фестивальдер, мүшайра, ақындар айтыстары ұйымдастырылды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Кеңес Дүйсекеев атындағы І халықаралық «Туған жер» атты әншілер конкурсы, түркі тілдес елдердің«Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты Халықаралықмузыкалық-фольклорлық өнер фестивалі, қазақтың халық ақыны, әнші Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына орай «Қазаққа аты мәшһүр Иманжүсіп» атты әнші-жыршылардың республикалық фестивалі, Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай «Қош келдің әз-Наурыз»,«Көктем нұры» атты оқушылар арасында ақындар айтысы, мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Жыр арқауы – Жүргенов» атты жазба ақындар мүшәйрасы,«Мінекей Мейірманның ізбасарлары» атты әзіл-сықақ отауларының байқауы, ақын, сатирик, аудармашы, сыншы, журналист Ж.Әбдашевтің 75 жылдығына орай «Дала сенің ұлыңмын» атты мүшайрасы, күйші, музыкант Маханбет және Раманқұл Әуезовтердің атындағы дәстүрлі отбасылық ансамбльдердің «Қастерлеп жүрсін өнеріңді ұрпағың» атты республикалық байқауы,«Бабалар сөзі- даналық көзі» атты Омар Шораяқұлының 145 жылдығы аясында мінажат жырлар орындаушылардың республикалық фестиваліжәне Жалағаш ауданында мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жалаугері – Жүргенов» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы болып өтті.
Сондай-ақ, ақын, жырау Жүсіп Қадырбергенұлының (Қаңлы Жүсіп) 150 жылдығына арналған «Қара өлеңнің шебері» атты республикалық ақындар айтысы,облыс әкімінің жүлдесі үшін «Айтыс олимпиадасы» облыстық балалар айтысы және Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына және Ұлттық домбыра күніне арналған «Күй мен күйші» атты ұлт аспаптар оркестрі күйші-концертмейстерлерінің республикалық фестивалі өткізілді.
Сонымен қатар, бабалар дәстүрін жаңғырту мақсатында «Қоңыр әңгіме» жобасы аясында. жырау, фольклортанушы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Алмас Алматовтың қатысуымен рухани кеш өтті.
Мәдениет саласы үшін биылғы жылдың үлкен жаңалығы 21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлері қүніне орай облыс әкімі 20 мәдениет және өнер, әдебиет өкіліне «ТҰРАН» сыйлығын табыстап, 500 мың теңгеден қаржылай сыйақы тағайындап, әлеуметтік қолдау көрсетті.
Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын шыңдау мақсатында республикамыздың өзге өңірлері мен шет мемлекеттерде өткізілген 37 халықаралық, 30 республикалық конкурсқа Сыр елінен 167 өнерпаз қатысып, нәтижесінде 60 Бас жүлде, 88 жүлделі орындарды иеленді.
Соның ішінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қаракөз Ақдәулетова атындағы балалар студиясының, орталықтың «Көңілді ноталар» балалар ән үйірмесінің және облыстағы жас талантты өнерпаз балалар шет мемлекетте өткен 8 халықаралық конкурста жеңімпаз деп танылып, Сыр елінің атын әлемге танытты. Атап айтар болсақ, Баку қаласында өткен ХІІІ халықаралық «Мугам» балалардың өнер фестиваль-конкурсында Қармақшы ауданынан жас термеші Елемесов Мәди жыр-терме жанры бойынша қатысып, жүлделі ІІІ орынды, Германия мемлекетінің Гесеке қаласында өткен халықаралық «Colors of Voices» конкурсында Шиелі ауданының өнерпазы Әкімәлі Әли дипломант атанды.
Сондай-ақ, балалардың жазғы демалысында Грузия мемлекетінің Батуми қаласында Армения, Азербайжан, Болгария, Грузия мемлекеттері балаларының қатысуымен өткен ХХІІІ халықаралық «Золотой дельфин – искусство вокруг мира» конкурсында Қызылорда қаласынан вокал жанры бойынша 6 өнерпаз қатысып, нәтижесінде 2 өнерпаз Бас жүлде, қалған өнерпаздар І орын иегері атанды.
2023 жылдың 7-11 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында балалар шығармашылығына арналған «Біз – күн перзентіміз» атты халықаралық фестиваль-конкурсы өткізіліп, оған Армения, Азербайжан, Болгария, Грузия және Қазақстаннан балалар қатысып, түрлі жанрда өнер көрсетті.
Конкурснәтижесінде жас күйші Шыңғыс Алтайұлы конкурстың Бас жүлдесін жеңіп алса, қызылордалық Нұртілеу Ерасыл І орын, Жалағаш аудандық мәдениет үйінің «Алтын арай» би тобы ІІ орын, Қазалылық жас термешісі Мылтықбай Балауса ІІІ орын иеленді.
Облыстық филармонияда 160 шара өткізіліп, оған 38875 көрермен қамтылды. Оның ішінде концерт – 109, қойылым- 51, қайырымдылық шара -7, гастроль -23.
Ақмола облыстық филармониясымен шығармашылық Меморандум жасалып, «Томирис» би ансамблі мен Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблінің «Би әлемі» атты біріккен концерті Қызылорда және Көкшетау қалаларында өткізілді.
Даңқты қолбасшы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған «Бабаға құрмет-тарихқа тағзым» атты танымдық концерт, Америка Құрама Штатынан алғашқы рет арнайы шақырылған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық байқаулардың лауреаты, пианист Т.Ержановтың камералық оркестрмен концерті,күйші-қобызшы, композитор Ы.Дүкенұлының 180 жылдығына арналған «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблінің «Шыңырау» атты концерті ұйымдастырылды. Аталған концерт Тараз қаласының тұрғындарына ұсынылды.
Сондай-ақ, күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай «Күй құдірет – Құрманғазы» атты Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің концерті, дирижер «Құрмет» орденінің иегері, профессор К.Ботабаевтың шығармашылық кеші ұйымдастырылды.
Филармонияның елу жылдық тарихында алғаш рет жеке аспапта орындаушылардың концерті ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің әртісі, бас домбырашы Дархан Жаңабаевтың «Жігер» жеке шығармашылық концерті, «VIVAT, Bayan!» тақырыбымен халықаралық конкурстардың лауреаты, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің әртісі Айдар Мақсұтұлының концерті, республикалық конкурстардың лауреаты, сыбызғышы Заманбек Нысанбаевтың «Самғау» жеке шығармашылық кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Сонымен қатар, дәстүрлі орындаушы Марат Сүгірбайдың «Батыр баба» атты бабалар ерлігін жырлауға арналған концерті,Мақсат Мақұлбековтың «Біз сүйген әндер» атты концерті жәнежырау, ұстаз Жұмабек Аққұловтың 80 жас мерейлі мерекесіне арналған «Ән мен жырдың абызы...» атты рухани кешөтті.
27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай «Айбар мен Бауырсақ» балалар қойылымының премьерасы болды.
Астананың 25 жылдық мерейтойына орай «Еңсесі биік – Елорда» атты концерті және10 тамыз – Абай күніне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханамен біріккен «Абай әлемі» атты поэзиялық концерті өткізілді.
Қыркүйек айында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Туған тілде сыры терең жаным бар» атты лирикалық-поэзиялық концерт, мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «ТорғайПетролеум» АҚ-ға қарасты кен орнына гастрольдік сапар, облыстың 85 жылдық мерейтойы аясында аймақ басшысының тікелей қолдауымен тұңғыш рет ашылған симфония оркестрінің тұсаукесер кеші, Елорда төрінде ақын О.Шораяқұлының 145 жылдығына арналған «Сыр сүлейін сұрасаң...» атты дәстүрлі орындаушылардың жыр кеші,қала күніне арналған «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблінің «Әнім саған, туған ел!» атты LIVE концерті ұйымдастырылды.
Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры 2022 жылдың 9 айында төмендегідей жұмыстар атқарды. Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында 182 спектакль көрерменге ұсынылды, оның ішінде драмалық спектакль – 82, балалар қойылымдары –100. Барлық спектакльдерге – 35186 көрермен қамтылды.
Аймақ басшысының қолдауымен араға 17 жыл салып, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының Алматы қаласына гастрольдік сапары ұйымдастырылды.
Шығармашылық сапар аясында театр репертуарындағы 4 үздік қойылым алматылық көрермендерге ұсынылды.
Биылғы жылы Ш.Айтматовтың повесі желісінде «Жәмилә» драмасы, С.Раевтың «Ақ ләйлек» психологиялық драмасының және О.Нұрмахановтың «Көрұғлы» рухнамасының және бірқатар балалар қойылымдарының премьералары өтті.
Қыркүйек айында қойылған «Көрұғлы», «Ақ ләйлек», «Жәмилә» қойылымдарына қайрымдылық негізінде «Арман» инклюзивты театрынан көрермендеріміз келді. «Қорқыт ата» универститеті мен «Қазанғап» атындағы музыка колледжінің студенттері премьераны тамашалады. «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға арнап қыркүйек айында қуыршақ қойылымы қойылды. Қазан айында болатын 2 бірдей премьераға дайындық жұмыстары қызу жүруде. Қ.Жүнісовтың «Love is» және А.Елгезектің «Болмаған балалық шақ» пьесалары сахналанатын болады.


Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің 2023 жылдың ІІ тоқсанында атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Қызылорда облысы бойынша 409 мәдениет, өнер және архив мекемесі халыққа қызмет көрсетеді (оның ішінде 209 кітапхана, 171 мәдениет үйі мен клуб, 14 музей, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, облыстық филармония, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі).

Мәдениет және спорт саласын дамыту, тұрғындардың қолжетімділігін арттыру мақсатында өңірімізде 2023 жылға өтпелі 5 ауылдық клубтың және Қызылорда қаласында көп функционалды 1000 орындық өнер сарайының құрылысжұмыстары жүргізілуде (Қазалы ауданы, Каукей ауылындағы 100 орындық клубтың, Жаңақорған ауданы, Жайылма, Өзгент, Қызылорда қаласы Қарауылтөбе, Талсуат ауылындағы 150 орындық клуб).

Облыс мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарының ұйымдастыруымен 6 айда 3803мәдени шара өткізіліп, оған 497404 көрермен қамтылған.

Облыс көлемінде (1 халықаралық, 10 республикалық, 22 облыстық) байқау-фестивальдер,  мүшайра, ақындар айтыстары ұйымдастырылды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Кеңес Дүйсекеев атындағы І халықаралық «Туған жер» атты әншілер конкурсы, республикалық дәрежеде қазақтың халық ақыны, әнші Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына орай «Қазаққа аты мәшһүр Иманжүсіп» атты әнші-жыршылардың фестивалі, Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай «Қош келдің әз-Наурыз»,«Көктем  нұры» атты дәстүрлі оқушылар арасында ақындар айтысы, мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Жыр арқауы – Жүргенов» атты  жазба ақындар мүшәйрасы,«Мінекей Мейірманның ізбасарлары  атты әзіл-сықақ отауларының байқауы, ақын,  сатирик, аудармашы, сыншы, журналист Ж.Әбдашевтің 75 жылдығына орай «Дала сенің ұлыңмын» атты мүшайрасы, күйші, музыкант Маханбет және Раманқұл Әуезовтердің атындағы дәстүрлі отбасылық ансамбльдердің «Қастерлеп жүрсін өнеріңді ұрпағың» атты  республикалық байқаулары болып өтті.

Ақын жырау Жүсіп Қадырбергенұлының (Қаңлы Жүсіп) 150 жылдығына арналған «Қара өлеңнің шебері» атты республикалық ақындар айтысы,облыс әкімінің жүлдесі үшін «Айтыс олимпиадасы» облыстық балалар айтысы және Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына және Ұлттық домбыра күніне арналған «Күй мен күйші» атты ұлт аспаптар оркестрі күйші-концертмейстерлерінің республикалық фестивалі өткізілді.

Облыстық филармонияда116 концерт өткізіліп, оған 27150 көрермен қамтылды.Даңқты қолбасшы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған «Бабаға құрмет-тарихқа тағзым» атты танымдық концерт, Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблі мен Қызылорда облыстық филармониясы «Томирис» би ансамблнің бірлескен «Би әлемі» атты концерті және Америка Құрама Штатынан алғашқы рет арнайы шақырылған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық байқаулардың лауреаты, пианист Т.Ержановтың дирижерлік етуімен камералық оркестрдің концерті ұйымдастырылды.

Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында159спектакль көрерменге ұсынылды, оның ішінде драмалық спектакль – 78, балалар қойылымдары – 81. Барлық спектакльдерге – 32380 көрермен қамтылды.

Аймақ басшысының қолдауымен араға 17 жыл салып, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының Алматы қаласына гастрольдік сапары ұйымдастырылды. 

Шығармашылық сапар аясында театр репертуарындағы 4 үздік қойылым алматылық көрермендерге ұсынылды.

Биылғы жылы Ш.Айтматовтың повесі желісінде«Жәмилә» драмасы, С.Раевтың «Ақ ләйлек»психологиялық драмасының және О.Нұрмахановтың «Көрұғлы» рухнамасының және бірқатар балалар қойылымдарының премьералары өтті.

Балалар шығармашылығына арналған ХХV «Бозторғай»облыстық конкурсына аудандар мен Қызылорда қаласынан мыңнан аса өнерлі балалар қатысып, үздік өнер көрсеткен талантты өнерпаздар Алматы қаласында ұйымдастырылған халықаралық «Бозторғай» фестиваліне
95 жас өнерпаз қатысып, жүзден жүйрік атанып, бірнеше жанрлар бойынша жоғары нәтиже көрсетті.

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыс әкімінің мәдениет және әдебиет өкілдеріне арналған арнайы «Тұран» сыйлығы табысталып, облыс мәдениет ұйымдарындағы 8 өнер ұжымына 40 домбыра берілді


Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің 2023 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Қызылорда облысы бойынша 409 мәдениет, өнер және архив мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. (Оның ішінде 209 кітапхана, 171 мәдениет үйлері мен клубтар, 14 музей, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, облыстық филармония, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі).

Мәдениет және спорт саласын дамыту, тұрғындардың қолжетімділігін арттыру мақсатында өңірімізде 2023 жылға өтпелі 5 ауылдық клубтың және  Қызылорда қаласында көп функционалды  1000 орындық өнер сарайының құрылысы жұмыстары жүргізілуде.(Қазалы ауданы, Каукей ауылындағы 100 орындық клубтың, Жаңақорған ауданы, Жайылма, Өзгент, Қызылорда қаласы Қарауылтөбе, Талсуат ауылындағы 150 орындық клуб) 

 Аталған нысандар 2023 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда.

«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Жаңақорған ауданы Әбдіғаппар ауылдық  клубына  күрделі жөндеу  жұмыстарын жұргізуге мемлекттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Облыс мәдениет үйлері мен  клуб кәсіпорындарында 2023 жылдың  І тоқсанында 1621 мәдени шара өткізіліп, оған   218640 көрермен қамтылған.

Облыс көлемінде жас таланттарды табу мақсатында 2 республикалық,  6 облыстық  байқау-фестивальдер,  жыр мүшайралары ақындар айтысы ұйымдастырылды.

Атап айтар болсақ, Қазақтың халық ақыны, әнші Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына орай «Қазаққа аты мәшһүр Иманжүсіп» атты республикалық әнші-жыршылардың фестивалі, «Түркі әлемінің Темірбегі» атты облыстық ақындар айтысы, Сыр сүлейі, шайыр Омар Шораяқұлының 145 жылдығына арналған «Орамды  ойдың Омары» атты облыстық  жас жыршы-термешілер байқауы,  «Бұрымды ару - 2023» атты облыстық байқауы, «Ұлағатты әже» атты облыстық әжелер ансамбльдері арасындағы өнер фестивалі  өткізілді.

Сонымен қатар, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен қоғамдық «Дағдарыс» және «Белсенді ұзақ өмір» орталықтарында  «Жыр мұра» атты жыр кеші, Талсуат  ауылдық округіндегі оңалту орталығығында ем алушыларға  жас жыршы- термешілердің  мен  «Сыр сандуғаштары» балалар ән үйірмесінің өнерпаздарының  концерттері берілді. 

8 наурыз-Халықаралық  әйелдер күніне арналған «Ана. Мейірім. Махаббат» атты мерекелік салтанатты шара Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық драма театрында өткізілді.

Облыстық филармонияда есепті мерзімде 37 концерт өткізіліп, оған 9195 көрермен қамтылды.

Даңқты қолбасшы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған «Бабаға құрмет-тарихқа тағзым» атты танымдық концерт, Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблі мен  Қызылорда облыстық филармониясы  «Томирис» би ансамблнің бірлескен «Би әлемі» атты концерті және Америка Құрама Штатынан алғашқы рет арнайы шақырылған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық байқаулардың лауреаты, пианист Т.Ержановтың дирижерлік етуімен камералық оркестрдің, күйші-қобызшы, композитор Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына арналған «Қорқыт сазы»  қобызшылар ансамблінің «Шыңырау»  атты концерті, дирижер, Құрмет орденінің иегері Кеулімжай Ботабаевтың,  республикалық дирижерлар конкурсының лауреаты Руслан Балмасовтың «Ұлы дала сарыны» атты жеке шығармашылық кештері өткізілді.

Сондай-ақ, ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес ана тіліміздің мәртебесін арттыру мақсатында «Туған тілде сыры терең жаным бар» атты лирикалық-поэзиялық концерт ұйымдастырылды. 

Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында 2023 жылдың І тоқсанында 62 спектакль көрерменге ұсынылды, оның ішінде драмалық спектакль – 30, балалар қойылымдары – 32.  Барлық спектакльдерге – 5787 көрермен қамтылды, оның ішінде балалар қойылымдарына – 1750 жас көрермен қатысты.

Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына орай «Жәмилә» драмасының премьерасы, мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек  Жүргеновтің   125 жылдығына орай Р.Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» және «Мұстафа Шоқай», С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек», Л.Егембердиеваның «Көресіні көрмей», И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы», Д.Исабековтың «Құстар фестивалі», А.Ахметтің «Шыны керек...», А.Кашьяптың «Кім?», «Шырмауық» спектакльдері көрермен назарына ұсынылды.

Қасеновтың «Пай-пай жас жұбайлар-ай», С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек», Л.Егембердиеваның «Көресіні көрмей», И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы», Ш.Айтматовтың «Жәмилә», Д.Исабековтың «Құстар фестивалі», А.Ахметтің «Шыны керек...», А.Кашьяптың «Кім?», «Шырмауық» спектакльдері көрермен назарына ұсынылды.

27 наурыз-Халықаралық театр күніне арналған сахна әлемі атты  мерекелік шара ұйымдастырылып, бірқатар театр әртістеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.


Мәдениет саласы бойынша:

 Қызылорда облысы бойынша 409 мәдениет,өнер және архив мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. (Оның ішінде 209 кітапхана, 171 мәдениет үйлері мен клубтар, 14 музей, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, облыстық филармония, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі).

Мәдениет саласын  дамыту, тұрғындардың қолжетімділігін арттыру мақсатында өңірімізде 6 ауылдық  құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 1 клуб- Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылында  100 орындық клубтың құрылысы аяқталып, 18 желтоқсанда пайдалануға беріледі.Қалған 5 клубтың (Қазалы ауданы, Каукей ауылындағы 100 орындық клубтың, Жаңақорған ауданы, Жайылма, Өзгент, Қызылорда қаласы Қарауылтөбе, Талсуат ауылындағы 150 орындық клуб) құрылысы 2023 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2022 жылы Қызылорда қаласында көп функционалды  1000 орындық өнер сарайының құрылысы басталды.

Жыл көлемінде облыс бойынша халық шығармашылығын дамыту, жас таланттарды табу, өнерпаздарғақолдау, өнерін дамыту мақсатында 72 (14 республикалық, 2 аймақтық, 56 облыстық)байқау-фестиваль, мүшәйра мен ақындар айтысы ұйымдастырылды.

Туған жердің талантты тұлғаларын ұлықтау мақсатында КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың  100 жылдығына, әнші-композитор, Батырхан Шөкеновтің 60 жылдығына және композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Таймановтың, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Әлмырза Ноғайбаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында республикалық әншілер конкурстары мен дәстүрлі әншілер фестивалі өткізіліп, облыс орталығында Роза Бағланованың ескерткіші орнатылды.

Сыр сүлейлері Базар Оңдасұлының 180 жылдығына, Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 140 жылдығына арналған облыстық, республикалық жыршы-термешілердің байқау-фестивальдері, дәулескер күйші Әлшекей Бектібайұлының 175 жылдығына арналған аймақтық өнер фестивалі ұйымдастырылды.

Базар жыраудың 180 жылдығына орай блыстық филармонияның ұйымдастыруымен Өзбекстан Республикасында «Жыр керуені» танымдық-зерттеу экспедициясы ұйымдастырылды.

Өңірімізде би өнерін дамыту бағытында «Ақкербез» республикалық бишілер байқауы өткізілді.

Ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әбдіжәміл Нұрпейісовті еске алуға арналған «Ұлт әдебиетінің абызы» атты еске алу шарасы, ғылыми-тәжірибелік конференция ақын, драматург Иран-Ғайыптың  75 жылдығына арналған «Топырағыңды басқаным – тау асқаным» және ақын Дүйсенбек Аяшұлының 60 жасқа толу мерейтойына арналған «Өлең жырдың жүйрігі» атты шығармашылық кештері ұйымдастырылды.

Қазақстың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің  125 жылдық мерейтойына арналған «Сөздің кені, ойдың кемелі» атты республикалық ақындар айтысы, Сыр бойы жыршы-жырауларының «Жыр күмбез» атты жыр жәрмеңкесі өткізілді.

Жыл көлемінде облыстық филармония 200-ге жуық концерт,Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында 220 спектакльді  көрермен назарына ұсынылды.

2022 жылы Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында 8 жаңа спектакльдің премьерасы өтті.

Тетр ұжымы 2022 жылы  Ақтау қаласында өткен «Әбіш әлемі»  ІІ Халықаралық театрлар фестивалі мен Астана қаласында Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әзірбайжан Мәмбетовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «TEATPALL» II халықаралық театр фестиваліне қатысып, арнайы номинациямен марапатталды.

Балалар жылына орай «Өнер қуған өрендер» атты облыс көлеміндегі балалар үйірмелері өнерпаздарының концерті өткізіліп, облыстық филармонияның «Әдемі» балалар театр-студиясының және облыстық театрдың «Нартай бүлдіршіндері» тобының балаларға арналған жаңа қойылымдары сахналанды. Облыстық кітапханада «Еркетай» балалар алаңы ашылды.

Алыс-жақын шетелдерде қазақ өнерін насихаттау мақсатында облыстық филармонияның «Ақмешіт» фольклолық ансамблі Өзбекстан Республикасының Сурхандария облысында өткен халықаралық «Бойсунбахори» фестиваліне, Түркіменстан елінің астанасы Ашхабад қаласында өткен «Ұлттық ән мен музыка өнері әлем халықтарының мұрасында» атты халықаралық фестиваліне қатысып, өнер көрсетті.

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы бойынша республикамыздың өзге өңірлерінде және алыс-жақын шет елдерде өткен 21 халықаралық,  19  республикалық конкурсқа 164 өнерпаз қатысып, 23 Бас жүлде және 42 жүлделі орындарды иеленді.

«2022 жыл - Балалар жылы»аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада балаларға арналған «Еркетай» балалар алаңы ашылды.

Балаларды кітап оқуға қызықтыру, оқуды насихаттау мақсатында «Кітаппен бірге өсеміз», «Әжемнің ертегілері», «Ертегілер елінде»атты жобалары жүзеге асырылды. Бүлдіршіндер үшін «Алақай» қуыршақ театры мен «Ісмер» қолөнер үйірмесі ашылды.

Қазалы ауданында «Оқитын ұрпақ – ұлт болашағы» атты облыстық семинар өткізу, облыс кітапханашылары арасында «Жыл кітапханашысы – 2022» облыстық байқау, Х. Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп  «Дарынды ұрпақ - кемел келешек кепілі» атты аймақтық онлайн іс-тәжірибелік конференция өтті.

Жылдық жоспарға сәйкес өңірдегі мемлекет қорғауындағы ескерткіштердің жай-күйіне мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Арал ауданы - 17, Қазалы ауданы - 24, Қармақшы ауданы - 32, Жалағаш ауданы - 28, Сырдария ауданы - 23, Шиелі ауданы - 40, Жаңақорған ауданы - 42, Қызылорда қаласы - 71, барлығы - 277  ескерткіштің жай-күйі қаралды. Сондай-ақ, жаңадан 8 тарихи-мәдени мұра объектісі анықталды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның отырысы өтті. Комиссияның күн тәртібінде өңірдегі 12 ескерткішке (Жетіасар мәдениетінің ескерткіштері) республикалық мәртебе беру мәселесі қаралып, қолдау тапты.

Өзіндік ерекшелігі бар шығармашыл қызметкерлерді анықтау және қолдау, қызметкерлердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, музей мамандығының рөлін арттыру, қызметкерлердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау мақсатында музей қызметкерлері арасында «Үздік музей қызметкері - 2022» байқауы ұйымдастырылды.

Биылғы жылы облыс музейлерінің қорларын цифрлық форматқа көшіру жұмыстары қолға алынып, «АС-Музей» автоматтандырылған жүйесі орнатылды.

Қызылорда облысының архив ісі жүйесіне «Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының» архивтер және құжаттама бөлімі (штат саны – 2), Қызылорда облысының мемлекеттік архиві (бұдан әрі – ҚОМА) және оның қалалар мен аудандардағы ( 1 облыстық, 2 қалалық, 7 аудандық) 10 филиалдары кіреді.

Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің және оның қалалар мен аудандардағы филиалдарының штат саны 132 бірлікті құрайды, оның ішінде техникалық қызметкерлер (еден жуушылар, аула сыпырушылар, электриктер, сантехниктер, жүргізушілер, газ операторлары) – 34 (26 %).

«Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі бойынша 2022 жылы 44 қордың 22306106 сақтау бірлігінің 2189851 парағы аталған жүйенің деректер базасына енгізілді. 2023 жылға 16232 сақтау бірлігінің 1411019 парағын ақпараттық жүйеге енгізу жоспарланды.

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойыншажыл көлемінде архив ұйымдарына жеке және заңды тұлғалардан әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 13306 сұраулар түсіп, оның 7409-ы оң нәтижемен орындалды. Оның ішінде, 2523сұраныс «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы, «Электронды үкімет» порталы және «Е-Архив» ақпараттақ жүйесі арқылы -8995, баламалы түрде тікелей архив мекемелеріне 1785 сұраныс түсіп, мерзімінде орындалды.«Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің үлесі 67 % құрады.


Қызылорда облысының Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің 2022 жылдың ІІІ тоқсанында атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Облыстыңмәдениет және өнер мекемелері нысандарының мемлекеттік жүйесі 409 ұйым құрайды (Оның ішінде 209 кітапхана, 171 мәдениет үйлері мен клубтар, 14 музей, облыстық халық шығармашылығын дамытужәне мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, облыстық филармония, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі бар).

Сондай-ақ, өңірде 30 спорт саласы мекемелері (20 спорт мектебі, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, спорт мектеп-интернат-колледжі, олимпиадалық резерв даярлау орталығы, 4 спорт клубы, «Мұз айдыны» спорт кешені, «Ғани Мұратбаев атындағы стадион») тұрақты жұмыс жасап келеді.

Облыс бойынша мәдениет саласында 3 496, архив саласында 132 қызметкер жұмыс жасайды. Оның 1 761-і шығармашылық мамандар, 98-і архив мамандары. Ал, спорт саласында 1 870 қызметкер жұмыс жасаса, оның ішінде жаттықтырушы-оқытушылар саны 750.

Мәдениет және спорт салаларын дамыту, тұрғындардың қолжетімділігін арттыру мақсатында 17 мәдениет және спорт нысандарының(6 ауылдық клуб, 11 спорт кешені)құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Қызылорда қаласында заманауи 1000 орындық көпфункционалды өнер сарайының құрылысы басталды.

2022 жылдың 9 айында облыс мәдениет үйлері мен клубтарда 5963 мәдени шара, облыстық филармонияда 139 концерт, театрда  153 спектакль қойылып оған  54 054  көрермен қамтылды.

Сонымен қатар, облыс көлемінде жас таланттарды табу, олардың шығармашылығын шыңдау, өнеріне қолдау көрсету мақсатында  6 республикалық, 1 аймақтық, 42 облыстық байқау-фестиваль, жыр мүшәйралары, т.б. ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, облыс мәдениет үйлері мен клубтарда 926 көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс жасап, оған 11 149 өнерпаз қатысуда.

Туған жердің талантты тұлғаларын ұлықтау мақсатында КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың    100 жылдығына, әнші-композитор, Батырхан Шөкеновтің 60 жылдығына және композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Таймановтың шығармашылығын насихаттау мақсатында республикалық әншілер конкурстары өткізіліп,облыс орталығында Роза Бағланованың ескерткіші орнатылды.

Сыр сүлейі Базар Оңдасұлының 180 жылдығына, Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 140 жылдығына арналған жыршы-термешілер байқаулары, жыр кештері, дәулескер күйші Әлшекей Бектібайұлының 175 жылдығына арналған «Әлшекей әлемі» атты аймақтық өнер фестивалі, «Күй толқыны» атты күйшілер концерті ұйымдастырылды. 

Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әбдіжәміл Нұрпейісовті еске алуға арналған «Ұлт әдебиетінің абызы» атты еске алу шарасы, ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

Өңірде би өнерін дамыту бағытында «Ақкербез» республикалық бишілер байқауы өткізілді.

Балалар жылына орай «Өнер қуған өрендер» атты облыс көлеміндегі балалар үйірмелері өнерпаздарының концерті өткізіліп, облыстық филармонияның «Әдемі» балалар театр-студиясының және облыстық театрдың «Нартай бүлдіршіндері» тобының балаларға арналған жаңа қойылымдары сахналанды. Облыстық кітапханада «Еркетай» балалар алаңы ашылды.

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына-2022» фестивалінде 1 музей, 1 ауылдық кітапхана, 1 мәдениет үйі қызметкері «Үздік аудандық, қалалық маңызы бар музей», «Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана», «Үздік аудандық мәдениет үйі, мәдениет сарайының қызметкері» номинациялары бойынша жеңімпаз атанды.

Тарихи-мәдени мұра объектілерін ғылыми зерттеу, зерделеу, жаңғырту мақсатында ежелгі Бәбіш мола, ортағасырлық Жанкент, Сығанақ Қышқала қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.

«Кітапхана қорларын цифрландыру» бағдарламасы аясында  14 382 кітап (3 242 851 бет) цифрлық форматқа көшірілді.

             2022 жылғы 1 қаңтарға Ұлттық архив қорында 3571 қор, 777 505 сақтау бірлігі есепте тұр. Жыл сайын 15 мыңнан астам сақтау бірлігі мемлекеттік сақтауға қабылданады, оның ішінде 61% тұрақты сақталатын құжаттар, 39% жеке құрам құжаттары.

 «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ақпараттық ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында есепті мерзімде   16 416 сақтау бірлігі (1 656 306 парақ) цифрландырылды.

 «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесіне 68 қордың 22 356 сақтау бірлігінің 1 976 693 парағы деректер базасына енгізілді.


Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің 2022 жылдың ІІ тоқсанында атқарған жұмыстары туралы мәлімет

2022 жылдың 6 айында облыс мәдениет үйлері мен клубтарда   3 775 мәдени шара ұйымдастырылып, оған 544 935 көрермен қамтылды. Оның 835-і онлайн режимде өткізілді, қаралымы 112 393 көрерменді құрады.

Сонымен қатар, облыс көлемінде жас таланттарды табу, олардың шығармашылығын шыңдау, өнеріне қолдау көрсету мақсатында 6 республикалық, 1 аймақтық, 33 облыстық байқау-фестивальдер, мүшәйралар мен ақындар айтыстары ұйымдастырылды.

Халық қаhарманы Р.Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ақмандайлым» атты республикалық әншілер конкурсы ұйымдастырылып, Қызылорда қаласында еңселі ескерткіші ашылды.

Әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновтің 60 жылдығына орай әнші шығармашылығын насихаттау, қазақ эстрадасына жаңа есімдерді шығару мақсатында 2022 жылдың мамыр айында «Отан-Ана» атты республикалық әншілер конкурсы және «Батырдың ән мұрасы», «Ән-жүрек, ән-ғұмыр» атты еске алу кештері, жастардың қатысуымен концерттер және Халықаралық би күніне арналған                                       ІІ Республикалық «Ақкербез» би конкурс-фестивалі өткізілді.

Сырдария ауданында композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Таймановтың әндерін орындаушылардың «Қазақ қызы» атты республикалық әншілер конкурсы өтті.

Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әбдіжәміл Нұрпейісовті еске алуға арналған «Ұлт әдебиетінің абызы» атты еске алу шарасы, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі  Дүйсенбек Аяшұлының 60 жасқа толу мерейтойына арналған «Өлең-жырдың жүйрігі» атты шығармашылық кеші  ұйымдастырылды.

Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында есепті мерзімде 118 спектакль көрерменге ұсынылып, 32929 көрермен қамтылды. Оның ішінде 47-і драмалық спектакль, 71-і балалар арналған қойылымдар.

Есепті мерзімде «Екі қожаға бір қызметші» комедиясының және жастарға арналған 3 лабораториялық, 2 балаларға арналған қойылымдардың  премьерасы өтті. Театр ұжымының Шымкент, Ақтөбе қалаларына гастрольдік сапарлары ұйымдастырылды. Театр жанынан ашылған «Сыр әзілі» әзіл-сықақ отауы Ақтөбе қаласында өткен республикалық әзіл-сықақ театрларының фестивалінде жүлделі І орынды иеленді.

Облыстық филармонияда барлығы 70 концерт өткізіліп, оған                             16 200 көрермен қамтылды. Оның ішінде 5 қайырымдылық шара, 16 гастрольдік концерттер. Филармония өнер ұжымдарының Өзбекстанның Сухандария, Самарқанд, Навои қалаларында, Шымкент, Ақтөбе, Алматы қалаларында және облысымыздың Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария аудандарында гастрольдік концерттері ұйымдастырылды. 

26 маусым күні Орталық алаңда облыстық филармония өнер ұжымдары мен жеке орындаушылардың маусымдық жабылу концерті  өткізілді.


Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің 2021 жылғы атқарған жұмыстары туралы

Мәдениет және өнер саласы бойынша:

Қызылорда облысы бойынша 410 мәдениет және өнер мекемесі халыққа мәдени қызмет көрсетеді. (Оның ішінде 209 кітапхана, 171 мәдениет үйлері мен клубтар, 14 музей, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, облыстық филармония, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 1 мәдени демалыс саябағы, 11 архив мекемесі).

Елді мекендердегі мәдениет нысандарын жаңғырту мақсатында 2021 жылы «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі  Жол картасы аясында 4 мәдениет нысанының құрылысы жүргізіліп, 2 ескерткіш орнатылды.  

2021 жылы  жергілікті бюджеттен 16 800,0 мың теңге қаржы бөлініп, 12 мәдениет нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Облыстық бюджет есебінен «Балықшылар» музейіне қайта жаңғырту,  қайта экспозициялау жұмыстары жүргізілді.        

Мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 106678,7 мың теңге қаржы бөлініп, дыбыс күшейткіш аппаратуралар, музыкалық аспаптар, концерттік киімдер, компьютер, дыбыс жазу студиясы т.б. алынды.

2021 жылы облыс мәдениет үйлері мен клубтарда 8456 мәдени шара өткізіліп, оған 1077572 көрермен қамтылды. Оның 5453-і онлайн режимде, қаралымы 804889 көрермен.

Есепті мерзімде мәдениет үйлері мен клубтарда 9 республикалық, 4 аймақтық, 61 облыстық байқау-фестивальдер онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты халыққа  Жолдауында «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірудің маңыздылығы, жастарды шығармашылықтың және қолөнердің бастапқы негіздеріне баулу жайында атап өткен болатын.

Осыған байланысты балалар үйірмелерінің жұмысын дамытуға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары бекітіліп, 2021 жылы 62 балалар үйірмесі,  мемлекеттік шығармашылық тапсырыс негізінде 174 үйірме ашылып,  бүгінде  236  балалар мен жасөспірімдер үйірмелеріне барлығы 5410 өнерпаз қатысады. Мемлекеттік шығармашылық тапсырысқа облыстық бюджеттен 100,1 млн. теңге қаржы бөлініп, толық игерілді.

Облыс кітапханалары 53371  дана жаңа кітаптармен толықтырылды. Қазіргі таңда облыс кітапханаларының кітап қоры 4510937 дана, оның 2473226 - ы қазақ тіліндегі басылымдар. Сондай-ақ, 241482 оқырманға қызмет көрсетті.

«Кітапхана қорларын цифрлау» бағдарламасы аясында 13123 кітап 3014613 бет)  цифрлық форматқа көшірілді

Кітапханаларды жастардың тұрақты келіп тұратын заманауи білім орталықтарына айналдыру мақсатында 2021 жылы 8 кітапханадан коворкинг орталықтары ашылып, қазіргі уақытта облыс бойынша барлығы 73 кітапханада коворкинг орталықтары жұмыс жасайды.

Облыс музейлерінің қорында барлығы 150465 экспонат сақталуда. Есепті мерзім ішінде облыс музейлері бойынша 4594  экспонат жинақталды..

Облыс музейлерінде 8879 экскурсия, 890 лекция, 690 көрме ұйымдастырылып, оған 198789 келуші қамтылды. (Оның ішінде 1500 онлайн экскурсия, 532  онлайн лекция, 110 онлайн көрме)

Облыс музейлері бойынша «Sacral тур», «Құнды жәдігер», «Жас өлкетанушылар», «Тарихи тұлғалар», «Бұл үйде кім тұрған?», «Сіз білесіз бе?», «Музей эниклопедиясы», «Жәдігерді тауып көр», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Музей тур, «Музей радиосы» жобалары жүзеге асырылды.

Жоба аясында облыстың киелі нысандары мен тарихи орындары - Сығанақ, Жанкент қалашықтарына, Оқшы Ата, Төлегетай-Қылышты баба, Қосым қожа, Дәулет бақсы, Сартай батыр, Ақ ишан, Қарасақал Ерімбет, Марал баба, Қалқай ишан кесенелеріне 31 тарихи-танымдық экскурсия,
3 тарихи-танымдық эскпедиция 7 телеэкспедиция ұйымдастырылды.

Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында 2021 жылы 192 спектакль көрерменге ұсынылып, 43800 көрермен қамтылды. Оның ішінде 58 спектакль онлайн режимде көрсетілді, әлеуметтік желідегі қаралым саны – 16200.

 2 спектакльдің премьерасы  (А.Жапаров «Әйел тағдыры» драма, А.Володин «Кездесу мен қоштасу» психологиялық драма) болды.

Облыстық филармонияда барлығы 149 концерт өткізіліп, оған 55965 көрермен қамтылды. (оның 33 онлайн концерт, қаралымы 47302). Оның ішінде, 13 қайырымдылық шара, 8 гастрольдік сапарлар.

Есепті мерзім ішінде филармонияның Тұрамғамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, «Ақмешіт» фольклорлық, «Қорқыт сазы» қобызшылар және «Томирис» би ансамбльдері мен камералық оркестрдің, жеке орындаушылардың  «Саз керуен», «Ұлы дала аманаты», «Сарын», «Би бекзаттары», «Жібек жолы саздары», «Күй мұра», «Аманат», «Классикалық музыка жауһары», «Жыр аманат жастарға», «Дүйсекеев әуені», «Достық әуені»  атты концерттері өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау, қорғау, пайдалану мақсатында ежелгі Бәбіш мола және ортағасырлық Жанкент, Сығанақ қалашықтарына қазба жұмыстары жүргізілді.

АРХИВ

Өткізілген мәдени-көпшілік шаралар:

Ұлттық құндылықтарымыз бен қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің тәуелсіз жылдар аралығындағы жетістіктерін насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Айтысқа республикамызға белгілі 12 ақын қатысып, тәуелсіз еліміздің 30 жылда бағындырған белестерін жырға арқау етіп, жыр жүйріктері ұлттық өнерді ұлықтады. Айтыстың бас жүлдесін қазалылық жас ақын Қару Нұрзат иеленді.

Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Сыр сүлейі Кете Жүсіп Ешниязұлының 150 жылдығына арналған «Жырлансын, Тәуелсіздік жыр бұлағы» атты республикалық жыршы-жыраулар байқауы  ұйымдастырылып, даңқты өнер иесінің мол мұрасын бүгінге ұрпаққа аманаттау мақсатында  өткен жыр додасына республикаға белгілі жыраулар мен жас жыршыларымыз да қатысып,  байқаудың Бас жүлдесін аралдық жырау Айбек Тәңірбергенов иеленді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ақын, әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықованың әндерін орындаушылардың   «Жасай бер, Қазақ елі!» атты республикалық конкурсы  және Сыр сүлейі  Көшеней Рүстембекұлының 75 жылдығына арналған «Жүрегі жауһар жампозым» атты жыр фестивалі, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейін Әмір-Темірдің және ақын, халықаралық «Алаш әдеби сыйлығының иегері Қатира Жәленованың шығармашылық кештері өткізілді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасын жүзеге асыру мақсатында  халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – Сыр бойындағы аңыз әңгімелер, шежіре, батырлар жыры, қисса-дастандардың ел аузындағы нұсқаларын жинақтап, «Сыр өңірінің фольклорлық антологиясы» атты үш томдық жинағын шығару  жоспарланып, биылғы жылы  антологияның І томы «Жанқожа батыр» деген атпен жарыққа шығып, кітаптың тұсаукесері өткізілді.

Алдағы міндеттер:

Халық қаhарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ақмандайлым» атты республикалық әншілер конкурсы (сәуір айы);

Тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код тақтайшаларын орнату (20 ескерткіш),(мамыр-қазан айы);

 Әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкенов атындағы «Отан Ана» атты республикалық жас орындаушылар байқауы мен гала концерті (мамыр);

Ежелгі және ортағасырлық Бәбіш-мола. Жанкент. Сығанақ қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу;

Дәулескер күйші Әлшекей Бектібайұлының 175 жылдығына арналған «Дәуірлер бейнесі домбыра үнінде» атты республикалық күйшілер байқауы;


Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің 2021 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары
туралы мәлімет

Облыс бойынша 410 мәдениет және өнер мекемелері, оның ішінде 171 мәдениет үйлері мен клубтары, 209 кітапхана,14 музей, 11 архив, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, 1 қалалық демалыс паркі жұмыс жасайды.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы бойынша 2021 жылы 6 мәдениет нысанының құрылысы жүргізілуде.
2021 жылдың 9 айында 12 мәдениет нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облыс мәдениет үйлері мен клубтарда 2021 жылдың 9 айында 6381 мәдени шара өткізіліп, оған 752862 көрермен қамтылды. Оның ішінде 4559 онлайн режимде, қаралымы 610414 көрермен.
Есепті мерзім ішінде мәдениет үйлері мен клубтарда 5 республикалық, 4 аймақтық, 61 облыстық байқау-фестивальдер ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірудің маңыздылығы, жастарды шығармашылықтың және қолөнердің бастапқы негіздеріне баулу жайында атап өткен болатын.
Осыған байланысты балалар үйірмелерінің жұмысын дамытуға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары бекітіліп, биылғы жылдың 9 айында 62 балалар үйірмесі ашылып, бүгінде облыс мәдениет ұйымдарында барлығы 600-ге жуық балалар мен жасөспірімдер үйірмесіне 6953 өнерпаз қатысады.
Қазіргі таңда мәдениет ұйымдарында барлығы 11 051 өнерпазды қамтитын 910 көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс жасайды.
Облыс кітапханалары 9 айда 10671 дана жаңа кітаптармен толықтырылды. Қазіргі таңда облыс кітапханаларының кітап қоры 4488722 дана, оның 2 445542 -і қазақ тіліндегі басылымдар. Сондай-ақ, 189897 оқырманға қызмет көрсетіп, келушілер саны 1 391654, кітап берілімі 3193934 дананы құрады.
«Кітапхана қорларын цифрлау» бағдарламасы аясында 12537 кітап цифрлық форматқа көшірілді
Кітапханаларды жастардың тұрақты келіп тұратын заманауи білім орталықтарына айналдыру мақсатында 4 ауылдық кітапханада (Төңкеріс, Алмалы, Тартоғай, Төменарық ауылдық кітапханалар) коворкинг орталықтары ашылып, қазіргі таңда облыс бойынша барлығы 70 коворкинг орталықтары жұмыс жасайды.
Облыс музейлерінің қорында барлығы 149689 экспонат сақталуда. Есепті мерзім ішінде облыс музейлері бойынша 3820 экспонат жинақталып, оның ішінде облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры 1759 экспонатпен толықтырылды.
Облыс музейлерінде 6757 экскурсия, 664 лекция, 492 көрме ұйымдастырылып, оған 162706 келуші қамтылды. (Оның ішінде 932 онлайн экскурсия, 432 онлайн лекция, 97 онлайн көрме, қаралымы 101967 құрады.)
Облыстық бюджет есебінен «Балықшылар» музейіне қайта жаңғырту, қайта экспозициялау жұмыстары жүргізілді.
Өңіріміздегі киелі нысандар мен тарихи орындар - Сығанақ, Жанкент қалашықтарына, Оқшы Ата, Төлегетай-Қылышты баба, Қосым қожа, Дәулет бақсы, Сартай батыр, Ақ ишан, Қарасақал Ерімбет, Марал баба, Қалқай ишан кесенелеріне 31 тарихи-танымдық экскурсия, 3 тарихи-танымдық эскпедиция, 7 телеэкспедиция ұйымдастырылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау, қорғау, пайдалану мақсатында ежелгі Бәбіш мола және ортағасырлық Жанкент, Сығанақ қалашықтарына қазба жұмыстары жүргізілді.
Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында үстіміздегі жылдың 9 айында 164 спектакль көрерменге ұсынылып, 16 400 көрермен қамтылды. Оның ішінде 45 спектакль онлайн режимде көрсетіліп, әлеуметтік желідегі қаралым саны – 12030.
Облыстық филармонияда барлығы 97 концерт өткізіліп, оған 52088 көрермен қамтылды. (оның 33 онлайн концерт, қаралымы 47302). Оның ішінде 7 қайырымдылық шара, 5 гастрольдік сапарлар.
Облыс архив мекемелеріне 7 621 сақтау бірлігіндегі құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылданды.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесіне 38 қор, 8 084 сақтау бірлігінің 601 327 парағы ақпараттық жүйеге енгізілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Құжаттар сөйлейді» жобасы бойынша VK, Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріне архив қоры құжаттары негізінде 28 мәлімет енгізіліп, оның қаралымы 4 737 құрады.
2021 жылдың 9 айында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мелекеттік көрсетілетін қызметі бойынша архив ұйымдарына азаматтардың әлеуметтік-құқықтық сипатындағы 13 405 сұраулар түсіп, оның 7 206 оң нәтижемен орындалды. Оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгені - 300, электронды үкімет порталы арқылы көрсетілгені – 12 134 және архивтер арқылы 971 жүзеге асырылды. Барлық сұраныстардың 90,5 %-ы электрондық үкімет порталы арқылы орындалды.
Өткізілген мәдени-көпшілік шаралар:
Ұлттық құндылықтарымыз бен қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің тәуелсіз жылдар аралығындағы жетістіктерін насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Айтысқа республикамызға белгілі 12 ақын қатысып, тәуелсіз еліміздің 30 жылда бағындырған белестерін жырға арқау етіп, жыр жүйріктері ұлттық өнерді ұлықтады. Айтыстың бас жүлдесін қазалылық жас ақын Қару Нұрзат иеленді.
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай облыс кітапханаларында «Жыры әлемді шарлаған - Жамбыл», «Ұлы даланың жыршысы» тақырыптарында кітап көрмелері, «Жырлансын Жамбыл жырлары», «Әлемге аян жырлары», «Тыңда, дала Жамбылды» атты дәстүрлі әншілер мен жыршы-жыраулардың концерттері, «Балама хат» атты Ж.Жабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайыс, «Жамбыл – ғасыр ақыны», «Ұлы дала Жамбылы» атты әдеби кештер, дөңгелек үстелдер, «Өлең сөздің даңғылы, бар қазақтың Жамбылы» атты облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Сыр елі жыршы-жырауларының қатысуымен өткен «Жырлансын, Жамбыл жырлары» атты жыр кешінде Жамбыл жырлары сыр мақамдары арқылы дәріптелді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Сыр сүлейі Кете Жүсіп Ешниязұлының 150 жылдығына арналған «Жырлансын, Тәуелсіздік жыр бұлағы» атты республикалық жыршы-жыраулар байқауы ұйымдастырылып, даңқты өнер иесінің мол мұрасын бүгінге ұрпаққа аманаттау мақсатында өткен жыр додасына республикаға белгілі жыраулар мен жас жыршыларымыз да қатысып, байқаудың Бас жүлдесін аралдық жырау Айбек Тәңірбергенов иеленді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасын жүзеге асыру мақсатында халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – Сыр бойындағы аңыз әңгімелер, шежіре, батырлар жыры, қисса-дастандардың ел аузындағы нұсқаларын жинақтап, «Сыр өңірінің фольклорлық антологиясы» атты үш томдық жинағын шығару жоспарланып, биылғы жылы антологияның І томы «Жанқожа батыр» деген атпен жарыққа шығып, кітаптың тұсаукесері өткізілді.


Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің 2021 жылдың ІІ тоқсанында атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Облыс бойынша 410 мәдениет және өнер мекемелері, оның ішінде 171 мәдениет үйлері мен клубтары, 209 кітапхана,14 музей, 11 архив, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, 1 қалалық демалыс паркі жұмыс жасайды.
2021 жылдың ІІ тоқсанына облыстық мәдениет және өнер мекемелері мен архив саласы бойынша облыстық бюджеттен 1 566 549,8 мың теңге қаржы бөлініп, қаржылық жоспар 100 пайызға орындалды.
Мәдениет обьектілерін жаңғырту мақсатында құрылыс жұмыстары 2019-2020 жылдары басталған «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бойынша Шиелі ауданы Жиделіарық, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Жаңақорған ауданы Шалкия кенттік және облыстық бюджет есебінен Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде 600 орындық мәдениет үйлерінің құрылысы 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
2021 жылдың 6 айында 13 219,6 мың теңгеге 5 нысанға жәй жөндеу жұмыстары жүргізілген, оның ішінде 3 ауылдық мәдениет үйімен клубтар (Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық мәдениет үйі (3407,3 м.т.), Айдарлы ауылдық клубы (2127,7м.т.), Жаңақорған ауданы Байкенже айылдық клубы (1735,0 м.т.), 2 кітапхана (Қызылорда қаласындағы №13 кітапхана-филиалына жәй жөндеу (1249,6 м.т) жұмыстары жүргізіліп, Қазалы қалалық кітапханасының шатыры (4700,0 м.т) ауыстырылды).
Мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға мақсатында 54 256,3 м.т. қаржы бөлініп, дыбыс күшейткіш аппаратуралар, музыкалық аспаптар, концерттік киімдер, компьютер, түрлі-түсті принтер т.б. алынды (облыс клуб кәсіпорындары 46 521,8 м.т., облыстық кітапханалар желісі 7 734,5 м.т.).
Облыс мәдениет үйлері мен клубтарда 2021 жылдың ІІ тоқсанында 4 572 мәдени шара өткізіліп, оған 546 568 көрермен қамтылды. Оның ішінде 3 122 онлайн режимде, қаралымы 455 569 көрермен.
Есепті мерзім ішінде мәдениет үйлерімен клубтар бойынша 4 республикалық, 30 облыстық конкурс-фестивальдер ұйымдастырылды.
(Мәңгілік ел – мұратым», «Көктем нұры», «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтыстары және «Мінекей, Мейірманның ізбасарлары» атты әзіл-сықақ отауларының республикалық байқауы, «Қобыздың үні – ғасырлар жыры» атты облыстық онлайн қобызшылар байқауы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жырлансын, Жамбыл жырлары» атты жыр кеші, «Мен – Балқының Базары» атты облыстық термешілер байқауы, «Егемендік – ел айбары» атты облыстық концерт жүргізушілер конкурсы, «Шаңырақтағы салт дәстүр» атты облыстық онлайын өнер фестивалі, «Тұғырда тас мүсін емес, тарих тұр» атты қисса-дастандарды орындаушылардың облыстық байқауы, Жырау Алмас Алматовтың 65 жылдығына арналған «Жауһарлы жырдың тұлғалы перзенті» атты облыстық жыраулар фестивалі, жырау Шәмшат Төлепованың 90 жылдығына арналған «Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары» атты қыз келіншектердің облыстық онлайн жыр фестивалі, «Егемендік – ел айбары», «Жауһар жырдың Асқары» атты облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің онлайн байқауы т.б.).
Қазіргі таңда мәдениет ұйымдарында 11 051 қатысушыны қамтитын 910 көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс жасайды. (Оның ішінде, 584 балалар үйірмесіне 6902 өнерпаз, жастар қатысатын 175 үйірмеге 2074, ересектер қатысатын 150 үйірмеге 2003 өнерпаз тартылған).
«Жыр мұра» жобасы аясында Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандарынан жыр-терме және 7 ауданнан қобыз үйірмелері жұмыс жасап, 28 жыр-терме, 14 қобыз үйірмелеріне 452 оқушы қатысады.
«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 39-тармағы бойынша балалар үйірмелерін қалпына келтіру мақсатында 6 айда облыс клуб кәсіпорындарында барлығы 56 үйірме (жыр-терме – 8/38, дәстүрлі ән – 4/25, жас ақындар – 2/9, домбыра – 11/82, қолөнер – 6/39, көркемсөз – 4/34, драма – 2/7, қуыршақ – 2/14, фото-сурет – 2/18, шешендік өнер – 2/9, жас блогер – 1/8, қобыз – 3/11, хор – 1/25, би – 2/50, ән -1/5, баян аспабы – 3/7, жетіген аспабы – 1/5, ксилофон – 1/10) ашылып, оған 396 өнерпаз тартылған.
Сонымен қатар, «Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды жан басына нормативтік қаржыландыру» жобасы бойынша үстіміздегі жылдың 1 мамырынан бастап қолданысқа енгізілген нормативтік-құқықтық актілер негізінде тиісті жұмыстар атқарылуда, атап айтқанда, тиісті тапсырысқа 240 үйірмеге 1522 баланы қамтуға облыстық бюджеттіен 100,1 млн. теңге қаржы қаралды.
Облыс кітапханалары 6 айда 9 406 дана жаңа кітаптармен толықтырылды. Қазіргі таңда облыс кітапханаларының кітап қоры 4 487 457 дана, оның 2 444 639-ы қазақ тіліндегі басылымдар. Сондай-ақ, 140 738 оқырманға қызмет көрсетіп, келушілер саны 1 084 072, кітап берілімі 2 107 665 дананы құрады.
«Кітапхана қорларын цифрлау» бағдарламасы аясында 12 158 кітап (2 819 465 бет) цифрлық форматқа көшірілді (оның ішінде ІІ-тоқсанда 994 кітап, 186 662 бет). Облыс бойынша 66 коворкинг орталықтары жұмыс жасайды.
Олыс кітапханаларында түрлі танымдық бағытта 5 556 мәдени іс-шара, кітап көрмелері, әдеби кештер өткізілді. (оның 4 956 онлайн форматта, қаралымы 282 328 құрады).
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІV отырысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы кітап оқу мәселесінің маңыздылығын атап өткендей, облысты балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оларды кітап оқуға тарту мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, «Сыр шаңырағы» Youtube каналында «Балалар әдебиеті» айдары ашылды.
Облыс музейлерінің қорында барлығы 148 360 экспонат сақталуда.
Еспепті мерзім ішінде облыс музейлері бойынша 2 491 экспонат жинақталып, оның ішінде облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры 1 159 экспонатпен толықтырылды. «Музеолог» бағдарламасына 1 433 экспонат енгізілді.
Облыс музейлерінде 4 854 экскурсия, 458 лекция, 346 көрме ұйымдастырылып, оған 126 177 келуші қамтылды. Оның ішінде 493 онлайн экскурсия, 292 онлайн лекция, 74 онлайн көрме, қаралымы 85 372 құрады.
Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында үстіміздегі жылдың ІІ тоқсанында 81 спектакль көрерменге ұсынылып, 13 698 көрермен қамтылды. Оның ішінде 27 спектакль онлайн режимде көрсетіліп, әлеуметтік желідегі қаралымы 7992.
Облыстық филармонияда барлығы 69 концерт өткізіліп, оған 32 494 көрермен қамтылды. (оның 14 онлайн концерт, қаралымы 28 203). Оның ішінде: 6 қайырымдылық шара, 4 гастрольдік сапарлар (Ақтау, Орал, Ақтөбе қалалары, Абай ауылы).
Облыс көлемінде 545 тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 30-ы республикалық, 257-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген болса, 258 нысан тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне алынған.
Атап айтқанда, Арал ауданында – 64, Қазалы ауданында – 99, Қармақшы ауданында – 84, Жалағаш ауданында – 69, Сырдария ауданында – 57, Қызылорда қаласында – 79, Шиелі ауданында – 49, Жаңақорған ауданында – 44 тарихи және мәдени ескерткіштер бар.
Сәуір айынан бастап «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау, қорғау, пайдалану мақсатында ежелгі Бәбіш мола және ортағасырлық Жанкент, Сығанақ қалашықтарына қазба жұмыстары жүргізілуде.
Облыс архив мекемелеріне 7 621 сақтау бірлігіндегі құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылданды.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесіне 38 қор, 3 876 сақтау бірлігінің 286 560 парағы ақпараттық жүйеге енгізілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Құжаттар сөйлейді» жобасы бойынша VK, Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріне архив қоры құжаттары негізінде 18 мәлімет енгізіліп, оның қаралымы 4 586 құрады.
2021 жылдың ІІ тоқсанында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мелекеттік көрсетілетін қызметі бойынша архив ұйымдарына азаматтардың әлеуметтік-құқықтық сипатындағы 9 083 сұраулар түсіп, оның 4 836 оң нәтижемен орындалды. Оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгені - 141, электронды үкімет порталы арқылы көрсетілгені – 8 246 және архивтер арқылы 696 жүзеге асырылды. Барлық сұраныстардың 91 %-ы электрондық үкімет порталы арқылы орындалды.
Өткізілген мәдени-көпшілік шаралар:
Облыс мәдениет ұйымдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында және Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын насихаттау мақсатында облыс кітапханаларында «Айбыны асқақ, тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан», «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» кең көлемді кітап көрмелері мен дөңгелек үстелдер, зиялы қауым өкілдерімен, жастармен кездесулер, облыс музейлерінде ашық есік күндері, «Тәуелсіздік – бабаларым туын тіккен ұлы жол», «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры», «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыптарында аудан өнерпаздарының концерттері мен патриоттық әндерден байқаулар, әдеби кештер т.б шаралар өткізіліп, жыл көлемінде «Тәуелсіздікке тарту: 30 жылдыққа – 30 шара» айдарымен облыстық филармония жоспарлаған 30 концертің – 26-ы (офлайн, онлайн) ұйымдастырды.
«Nur Otan» пратиясы облыстық филиалының қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысы өткізілді. Айтысқа ұлттық өнерді ұлықтап, Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер мен жарқын бастамаларды жырлауға 12 айтыскер ақын қатысты.
Елімізге танымал 12 ақын қатысқан сөз сайысында Жүрсін Ерман атындағы арнайы жүлдені қызылордалық Нұрмат Мансұров, жүлделі үшінші орынды павлодарлық Аспанбек Шұғатаев, елордалық Әсем Ережеқызы, Арқалық қаласынан Айбек Қалиев иеленсе, жүлделі екінші орынды Түркістан қаласынан Бекарыс Шойбеков еншіледі. Сұлу сөзден өрнек өрген аламанда жүлделі бірінші орынды Сыр елінің мақтанышы Мұхтар Ниязов, Бас жүлдені Қазалы ауданынан Нұрзат Қару иеленді.
Сондай-ақ, үш мәрте Алтын домбыра иегері, айтыскер ақын Мұхтар Ниязовпен облысымыздың барлық аудандарында ұлттық өнерімізді насихаттау, өскелең ұрпақты айтыс өнеріне баулу мақсатында кездесу шаралары ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу Тұжырымдамасына және жалпыреспубликалық іс-шаралар жоспарына сәйкес «Наурыз – Қазақстанның Ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті» айы болып белгіленіп, облыс көлемінде 1-31 наурыз аралығында онлайн және офлайн форматта 200-ге жуық ұлттық, мәдени-танымдық шаралар өтті.
Жоспарға сәйкес мерекелік іс-шаралар 1 наурыз күні Алғыс айту күні аясында бірлік, татулық, алғыс айту сияқты рухани құндылықтарды қамтитын «Сыр елім, саған мың алғыс!», «Тағдыр табыстырған, тарих тоғыстырған» тақырыбында өзге ұлт өкілдерімен кездесу, облыс музейлерінде Ашық есік күндері, «Алғыс айту - парызым» атты мерекелік шаралармен бастау алды.
Облыстық филармония ұжымының «Шын жүректен» атты мерекелік концертіне және Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында өткен Л.Егембердиеваның «Көресіні көрмей» қойылымына пандемия кезінде ел саулығы үшін аянбай еңбек еткен дәрігерлер арнайы шақырылып, ақ халатты абзал жандарға алғыс білдірілді. Сонымен қатар облыстық филармонияның «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі «Қамқорлық» дағдарыс орталығының қызмет алушыларына мерекелік концерт берді.
Сондай-ақ, Наурыз мейрамының мазмұнын байыта түсетін, ұлттық салт-дәстүрлерімізді айшықтайтын «Шаңырақтағы салт-дәстүр» облыстық онлайн өнер фестивалі, «Наурыз нақыштары, «Наурыз шуағы, «Көктем лебі», «Саз керуен» атты өнер ұжымдарының және «Жырла жырау, алғыс жырын Наурыздың» тақырыбында жергілікті жыршы-жыраулардың концерттері, «Салт–дәстүрім – сарқылмайтын байлығым» қолөнер шеберлерінің көрмелері өткізілді. Сонымен қатар Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында Ғ.Мүсіреповтің «Ақбаян» спектаклі, Х.Жүсіпұлының «Ешкімге керегі жоқ ауыл» спектакльдері көрерменге ұсынылды.
Сонымен қатар, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, есепті мерзім ішінде «Жыры әлемді шарлаған – Жамбыл» кең көлемді кітап көрмесі, «Жүз жасаған бәйтерек» облыстық онлайн эссе жазу байқауы, «Әлемге аян жырлары» дәстүрлі орындаушылардың концерті, «Жырлансын Жамбыл жырлары» онлайн жыр кеші өткізілді.
Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің, «Шапағат» медалінің иегері, әнші, ұстаз Қ.Ақдәулетованың 65 жылдығына арналған «Сыр бұлбұлы» атты еске алу кеші өтті.
Шарада Қ.Ақдәулетованың республикаға белгілі шәкірттері «Астана» опера және балет театрының солистері Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, Абай атындағы қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының солисі Тахауи Рахметов, облыстық филармония әншілері мен балалар студиясының өнерпаздары өнер көрсетті.
Сондай-ақ, облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығының балалар студиясына Қаракөз Ақдәулетованың есімі берілді.
Мәдениет және өнер ұйымдарында көркемөнерпаздар үйірмелерінің жұмысын насихаттау бағытында «Үйірме – өнер бастауы», дәстүрлі өнерді дәріптеуге арналған «Бабалар тарауы...», «Тау тұлға Тұрмағамбет», «Кино – тарих келбеті», «Сағынышқа айналған бейнең» айдарлары, «Алтын уық» бағдарламасы аясында «Шаңырақтың киесі мен иесі» танымдық бейнешығарылымдары, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында облыс кітапханаларында «Балалар әдебиеті» айдары, «Жазғы кітапхана», «Ертегімен есейем», «Әжем айтқан ертегі», Дәстүрлі отбасылық кітап оқу, облыс музейлерінде «Тарихи тұлғалар», «Бұл үйде кім тұрған?», «Музей радиосы», «Асыл мұра», «Жас өлкетанушы», «Киелі мұра» музейлік жобалары жүзеге асырылуда.
Барлық мәдени шаралар санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды және бұқаралық ақпарат құралдарында, мәдениет ұйымдарының әлеуметтік парақшаларында жарияланды.


Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің 2021 жылдың
І тоқсанында атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Облыс бойынша 410 мәдениет және өнер мекемелері, оның ішінде 171 мәдениет үйлері мен клубтары, 209 кітапхана,14 музей, 11 архив, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, 1 қалалық демалыс паркі жұмыс жасайды.
Мәдениет обьектілерін жаңғырту мақсатында құрылыс жұмыстары 2019-2020 жылдары басталған «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бойынша Шиелі ауданы Жиделіарық, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Жаңақорған ауданы Шалкия кенттік және облыстық бюджет есебінен Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде 600 орындық мәдениет үйлерінің құрылысы 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Облыс мәдениет үйлері мен клубтарда 2021 жылдың І тоқсанында 2234 мәдени шара өткізіліп, оған 263 281 көрермен қамтылды. Оның ішінде 1 287 онлайн режимде, қаралымы 208 378 көрермен.
Есепті мерзім ішінде мәдениет үйлерімен клубтар бойынша 1 республикалық, 6 облыстық конкурс-фестивальдер ұйымдастырылды.
(Мәңгілік ел – мұратым» атты республикалық ақындар айтысы, Мен – Балқының Базары» атты облыстық термешілер байқауы, «Егемендік – ел айбары» атты облыстық концерт жүргізушілер конкурсы, «Шаңырақтағы салт дәстүр» атты облыстық онлайын өнер фестивалі, Жырау Алмас Алматовтың 65 жылдығына арналған «Жауһарлы жырдың тұлғалы перзенті» атты облыстық жыраулар фестивалі, жырау Шәмшат Төлепованың 90 жылдығына арналған «Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары» атты қыз келіншектердің облыстық онлайн жыр фестивалі, «Ұстаз-Ана» атты облыстық онлайн жазба ақындар мүшәйрасы).
Қазіргі таңда мәдениет ұйымдарында 10 716 қатысушыны қамтитын 866 көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс жасайды. (Оның ішінде, 540 балалар үйірмесіне 6616 өнерпаз, жастар қатысатын 197 үйірмеге 2441, ересектер қатысатын 129 үйірмеге 1659 өнерпаз тартылған).
2021 жылдың І тоқсанында облыс клуб кәсіпорындарында барлығы 12 үйірме (7 жыр-терме, 1 қобыз, 2 домбыра, 1 хор, 1 би үйірмелері) ашылып, оған 110 өнерпаз тартылған.
Облыс кітапханалары 3 айда 2 962 дана жаңа кітаптармен толықтырылды. Қазіргі таңда облыс кітапханаларының кітап қоры 4 481 013 дана, оның 2 489 315-і қазақ тіліндегі басылымдар. Сондай-ақ, 75 474 оқырманға қызмет көрсетіп, келушілер саны 482 304, кітап берілімі 1 117 140 дананы құрады.
«Кітапхана қорларын цифрлау» бағдарламасы аясында 11 575 кітап (2 714 169 бет) цифрлық форматқа көшірілді (оның ішінде І-тоқсанда 410 кітап, 80 294 бет). Облыс бойынша 65 коворкинг орталықтары жұмыс жасайды.
Олыс кітапханаларында түрлі танымдық бағытта 2 612 мәдени іс-шара, кітап көрмелері, әдеби кештер өткізілді. (оның 1 741 онлайн форматта, қаралымы 130 663 құрады).
Облыс музейлерінің қорында барлығы 146 923 экспонат бар.
Еспепті мерзім ішінде облыс музейлері бойынша 1 054 экспонат жинақталып, оның ішінде облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры 420 экспонатпен толықтырылды. «Музеолог» бағдарламасына 770 экспонат енгізілді.
Облыс музейлерінде 2 306 экскурсия, 229 лекция, 161 көрме ұйымдастырылып, оған 66 536 келуші қамтылды. Оның ішінде 229 онлайн экскурсия, 150 онлайн лекция, 35 онлайн көрме, қаралымы 47 904 құрады.
Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында үстіміздегі жылдың І тоқсанында 44 спектакль көрерменге ұсынылып, 5 864 көрермен қамтылды. Оның ішінде 14 спектакль онлайн режимде көрсетіліп, әлеуметтік желідегі қаралымы 3892.
Облыстық филармонияда барлығы 37 концерт өткізіліп, оған 2 923 көрермен қамтылды. (оның 2 онлайн концерт, қаралымы 192)
Облыс көлемінде 545 тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 30-ы республикалық, 257-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген болса, 258 нысан тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне алынған.
Атап айтқанда, Арал ауданында – 64, Қазалы ауданында – 99, Қармақшы ауданында – 84, Жалағаш ауданында – 69, Сырдария ауданында – 57, Қызылорда қаласында – 79, Шиелі ауданында – 49, Жаңақорған ауданында – 44 тарихи және мәдени ескерткіштер бар.
2021 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау, қорғау, пайдалану мақсатында ежелгі Бәбіш мола және ортағасырлық Жанкент, Сығанақ қалашықтарына қазба жұмыстары жүргізіледі.
Облыс архив мекемелеріне 3 439 сақтау бірлігіндегі құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылданды.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесіне 12 қор, 815 сақтау бірлігінің 55 710 парағы ақпараттық жүйеге енгізілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Құжаттар сөйлейді» жобасы бойынша VK, Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріне архив қоры құжаттары негізінде 10 мәлімет енгізіліп, оның қаралымы 1543 құрады.
2021 жылдың І тоқсанында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мелекеттік көрсетілетін қызметі бойынша архив ұйымдарына азаматтардың әлеуметтік-құқықтық сипатындағы 4492 сұраулар түсіп, оның 2532-і оң нәтижемен орындалды. Оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгені - 73, электронды үкімет порталы арқылы көрсетілгені – 4113 және архивтер арқылы 306-і жүзеге асырылды. Барлық сұраныстардың 93 %-ы электрондық үкімет порталы арқылы орындалды.
Өткізілген мәдени-көпшілік шаралар:
Облыс мәдениет ұйымдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында және Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын насихаттау мақсатында облыс кітапханаларында «Айбыны асқақ, тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан», «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» кең көлемді кітап көрмелері мен дөңгелек үстелдер, зиялы қауым өкілдерімен, жастармен кездесулер, облыс музейлерінде ашық есік күндері, «Тәуелсіздік – бабаларым туын тіккен ұлы жол», «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры», «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыптарында аудан өнерпаздарының концерттері мен патриоттық әндерден байқаулар, әдеби кештер т.б шаралар өткізіліп, жыл көлемінде «Тәуелсіздікке тарту: 30 жылдыққа – 30 шара» айдарымен облыстық филармония 30 концерт (офлайн, онлайн) өткізу жоспралап отыр..
Сондай-ақ, үш мәрте Алтын домбыра иегері, айтыскер ақын Мұхтар Ниязовпен облысымыздың барлық аудандарында ұлттық өнерімізді насихаттау, өскелең ұрпақты айтыс өнеріне баулу мақсатында кездесу шаралары ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу Тұжырымдамасына және жалпыреспубликалық іс-шаралар жоспарына сәйкес «Наурыз – Қазақстанның Ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті» айы болып белгіленіп, облыс көлемінде 1-31 наурыз аралығында онлайн және офлайн форматта 200-ге жуық ұлттық, мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылды.
Жоспарға сәйкес мерекелік іс-шаралар 1 наурыз күні Алғыс айту күні аясында бірлік, татулық, алғыс айту сияқты рухани құндылықтарды қамтитын «Сыр елім, саған мың алғыс!», «Тағдыр табыстырған, тарих тоғыстырған» тақырыбында өзге ұлт өкілдерімен кездесу, облыс музейлерінде Ашық есік күндері, «Алғыс айту - парызым» атты мерекелік шаралармен бастау алды.
Облыстық филармония ұжымының «Шын жүректен» атты мерекелік концертіне және Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында өткен Л.Егембердиеваның «Көресіні көрмей» қойылымына пандемия кезінде ел саулығы үшін аянбай еңбек еткен дәрігерлер арнайы шақырылып, ақ халатты абзал жандарға алғыс білдірілді. Сонымен қатар облыстық филармонияның «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі «Қамқорлық» дағдарыс орталығының қызмет алушыларына мерекелік концерт берді.
Сондай-ақ, Наурыз мейрамының мазмұнын байыта түсетін, ұлттық салт-дәстүрлерімізді айшықтайтын «Шаңырақтағы салт-дәстүр» облыстық онлайн өнер фестивалі, «Наурыз нақыштары, «Наурыз шуағы, «Көктем лебі», «Саз керуен» атты өнер ұжымдарының және «Жырла жырау, алғыс жырын Наурыздың» тақырыбында жергілікті жыршы-жыраулардың концерттері, «Салт–дәстүрім – сарқылмайтын байлығым» қолөнер шеберлерінің көрмелері өткізілді. Сонымен қатар Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында Ғ.Мүсіреповтің «Ақбаян» спектаклі, Х.Жүсіпұлының «Ешкімге керегі жоқ ауыл» спектакльдері көрерменге ұсынылды.
Сонымен қатар, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, есепті мерзім ішінде «Жыры әлемді шарлаған – Жамбыл» кең көлемді кітап көрмесі, «Жүз жасаған бәйтерек» облыстық онлайн эссе жазу байқауы, «Әлемге аян жырлары» дәстүрлі орындаушылардың концерті, «Жырлансын Жамбыл жырлары» онлайн жыр кеші өткізілді.
Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің, «Шапағат» медалінің иегері, әнші, ұстаз Қ.Ақдәулетованың 65 жылдығына арналған «Сыр бұлбұлы» атты еске алу кеші өтті.
Шарада Қ.Ақдәулетованың республикаға белгілі шәкірттері «Астана» опера және балет театрының солистері Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, Абай атындағы қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының солисі Тахауи Рахметов, облыстық филармония әншілері мен балалар студиясының өнерпаздары өнер көрсетті.
Сондай-ақ, облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығының балалар студиясына Қаракөз Ақдәулетованың есімі берілді.
Мәдениет және өнер ұйымдарында көркемөнерпаздар үйірмелерінің жұмысын насихаттау бағытында «Үйірме – өнер бастауы», дәстүрлі өнерді дәріптеуге арналған «Бабалар тарауы...», «Тау тұлға Тұрмағамбет», «Кино – тарих келбеті», «Сағынышқа айналған бейнең» айдарлары, «Алтын уық» бағдарламасы аясында «Шаңырақтың киесі мен иесі» танымдық бейнешығарылымдары, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында облыс кітапханаларында «Балалар әдебиеті» айдары, «Жазғы кітапхана», «Ертегімен есейем», «Әжем айтқан ертегі», Дәстүрлі отбасылық кітап оқу, облыс музейлерінде «Тарихи тұлғалар», «Бұл үйде кім тұрған?», «Музей радиосы», «Асыл мұра», «Жас өлкетанушы», «Киелі мұра» музейлік жобалары жүзеге асырылуда.
Барлық мәдени шаралар санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды және бұқаралық ақпарат құралдарында, мәдениет ұйымдарының әлеуметтік парақшаларында жарияланды.


Облыс мәдениет, өнер және архив мекемелерінің
2020 жылы атқарған жұмыстары туралы

Дата публикации
16 октября 2020
Дата обновления
14 октября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы