Лого

Меню

Страницы

Статья

Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтті

Сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының 2005 жылы Будапештте өткен Бас конференциясының шешіміне сәйкес және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен барлық мемлекеттерде жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісі сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтіледі. Биылғы жылы бұл мереке 3 ақпанға сәйкес келді.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының сайлау процесіне қатысушыларды электоралды оқытудың 2022 жылға арналған күнтізбелік жоспарының 4-ші тармағын іске асыру шеңберінде аумақтық сайлау комиссияларының ұйымдастыруымен «Таңдау және сайлану Конституциялық құқығы" тақырыптық бағытында 11 іс-шара өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында 2 сөз сөйлеу жарияланды.

Атап айтқанда, Қызылорда қалалық және Қармақшы, Жалағаш аудандық сайлау комиссияларымен жастар ұйымдарының өкілдерімен дөңгелек үстел басында кездесулер ұйымдастырылды.

Арал, Қазалы және Шиелі аудандық аумақтық сайлау комиссияларымен аудандық білім бөлімдерімен бірлесіп жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларымен ашық сабақтар мен сыныптан тыс сағаттары өткізілді.  

Сонымен қатар, Шиелі және Жаңақорған аудандық сайлау комиссияларының мүшелері ҮЕҰ, саяси партия өкілдерімен кездесу өткізді.

Сырдария ауданындағы №156 сайлау учаскесінде аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлау процесінің қатысушыларымен кездесу өткізіп, қорытындысында сайлау процесінің белсенді қатысушылары аудандық сайлау комиссиясының алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ, 3 ақпан күні Қызылорда қалалық «Қоғам ТВ» телеарнасының «Шарайна» бағдарламасында облыстық сайлау комиссиясы төраға орынбасарының сұхбаты көрсетілді. Облыстық «Сыр бойы» газетінің 2022 жылғы 5 ақпандағы санында облыстық сайлау комиссиясы мүшесінің «Даму жолындағы оң өзгерістер» атты мақаласы жарияланды. Мақалада автор еліміздің сайлау жүйесіндегі соңғы заңнамалық өзгерістермен бөлісті.

Дүниежүзілік саулау күніне орай ұйымдастырылған барлық іс-шаралар аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында және аумақтық сайлау комиссияларының интернет-сайттарында жарияланды.

Дата публикации
07 февраля 2022
Дата обновления
07 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы