Қызылорда облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі (бұдан әрі - Қызмет) 2021 жылы барлығы тоғыз аудиторлық іс-шара жүргізген. Құқық қорғау органдарының ұсыныстары негізінде ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган тарапынан тексеру жүргізілуіне байланысты бір аудиторлық іс-шара жүргізілмеген («Шиелі аудандық тұрғын үй-коммуналдық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі), 2021 жылы барлығы қабылданған алты қорытынды құжаттар бойынша бұзушылықтарды жою туралы облыс әкімінің өкімдері қабылданған және аудит объектілеріне орындалуға жіберілген. Іс-шаралардың үшеуінің қорытынды құжаттары әзірленуде. Өкімдердің толыққанды орындалуы қатаң бақылауда.
Тексерілген 6 объектіде 944 млн.теңгенің қаражаты бақылаумен қамтылып,
116 млн.теңгенің бұзушылықтары анықталды (138,7 мың теңге қаржылық, 115 541,0 мың теңге рәсімдік бұзушылықтар). Бұзушылықтарға жол бергені үшін 4 тұлғаға тәртіптік шаралар көрілсе, 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 43,8 мың теңгенің айыппұлы салынды.
Сапа бақылаумен 1 аудит материалы қамтылып, мемлекеттік аудитжәне қаржылық бақылау жалпы Стандарттарына және Қағидалар талаптарына сәйкес келеді деген қорытынды берілді.
Одан бөлек, Қызметте сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алуға бағытталған іс-әрекеттердің бірізділігі қарастырылған алгоритм әзірленді және қолданылуда.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің (бұдан әрі - Комитет) тапсырмасына орай ҚР Қаржы министрлігі порталындағы «Тәуекелдерді басқару жүйесі/Қаржылық бақылау» ведомстволық жүйеге 2021 жылғы аудиторлық материалдарды енгізу жұмыстары аяқталуда.
Комитет тарапынан қосымша хаттар арқылы берілген тапсырмалар мерзімінде орындалды. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша нұсқамалардың орындалуы жөніндегі материалдар жинақталып, талданып, тиісті ақпараттардың мерзімінде ұсынылуына ықпал жасалды.