Лого

Меню

Страницы

Статья

2021 жылға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

2021 жылдың қорытындысымен Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 48554 өтініштер түсіп, ол өткен жылмен салыстырғанда (43863 - өтініш) 10%-ға көбейген.

Талдау көрсеткендей, қазіргі таңда облыс тұрғындары арасындағы жиі көтеріліп отырған өзекті мәселелер төмендегіше:

№

Өтініште көтерілген салалары

2021 жыл

2020 жыл

Салыстырма

1.

Жер телімін сұрау, заңдастыру, жер даулары

19733

16057

+3676 (19%)

2.

Әлеуметтік қамсыздандыру (жұмысқа орналасу, жеңілдіктер, әлеуметтік төлемдер алу)

9286

8300

+986 (11%)

3

Мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағым білдіру

261

238

+23 (9%)

Барлығы

29280

24595

+4685 (13%)

2021 жылғы статистикалық есепке сәйкес жергілікті атқарушы органдарға түскен 48554 өтініштердің, 14235 немесе 29% құзыреттілігі бойынша басқа органдарға жолданып, 34038-і немесе 70% өтініші қаралса, 439 немесе 1% өтініштер қаралу үстінде. 

Қаралған 34038 өтініштердің 12936 немесе 38% ішінара немесе толық қанағаттандырылып, 496 немесе 1% өтініш тоқтатылып, 20606-і немесе 60% заң талаптарына сәйкес түсіндірілді.

ҚР Президенті Әкімшілігі мен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі арқылы  облыс әкімі аппаратына жолданған өтініш саны – 314. Барлық өтініштер бақылауға алынып, тиісті мерзімдерінде жауап жолданды.

Есепті кезеңде, облыс әкімдігіне аудан тұрғындарынан түскен арыздарды сараптау көрсеткендей жүгінулердің басым бөлігі Қызылорда қаласы, Қазалы, Арал, Шиелі, Жаңақорған аудандарының тұрғындары белсенділік танытып отыр.

-Қызылорда қаласы - 13146 (38 %);

-Қазалы ауданы – 1419 (4,1 %);

-Арал ауданы – 1277 (3,7 %)

-Шиелі ауданы – 1086 (3,1 %).

-Жаңақорған ауданы - 940 (2,7 %);

Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелермен

қабылдау туралы

2021 жылда 564 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері облыс басшылығының жеке қабылдауына кіруге ниет білдірген. 

Нәтижесінде барлығы 378 (67%)  азаматтар мен заңды  тұлғалардың  өкілдері жеке қабылдауда болған, оның: 149-ы облыс әкімінің, 229-ы міндеттер бөлінісіне сәйкес облыс әкімі орынбасарларының жеке қабылдауында болып, заңдылыққа сәйкес тиісті жауаптар берілген.

Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратымен аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері және облыстық басқарма басшыларының қабылдау жүргізу барысына талдау жүргізілді.

Есепті мерзімде аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері тарапынан 3112 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданған. Оның ішінде
1747-і (56%) бірінші басшылардың, 1332-і (42%) орынбасарлардың қабылдауы.

Облыстық басқарма басшылары тарапынан 672 қабылдау жүргізілген. Оның ішінде 487-і (72%) бірінші басшылардың, 191-і (28%)  басқарма басшысы орынбасарларының қабылдауы

Электронды өтініштермен жұмыс жасау бойынша

2021 жылдың есепті кезеңінде облыс әкімдігіне 804 электронды өтініштер келіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанды 72%-ға артқан. Оның ішінде:

Келу каналы

2021 жыл

2020 жыл

 

Салыстырма

«Электронды Үкімет» порталы арқылы

540

379

+161

Облыс әкімінің онлайн-порталы арқылы

53

0

+53

«Ашық диалог» порталы арқылы

205

205

0

Видеосауал

6

1

+5

Барлығы

804

585

+219 (72%)

Электронды өтініштер санының артуынан жергілікті халықтың интернет ресурстармен жұмыс жасау сауаттылығының жоғарылағандығын және қолжетімділігінің артқандығын көруге болады.

Сауалдардың басым бөлігінде көтерілген мәселелер пәтер алу, жұмысқа орналасу, коммуналдық шаруашылық, көлік, құрылыс мәселелері, білім алу, әлеуметтік көмек алу және денсаулық  сақтау мәселелеріне қатысты.

Барлық түскен 804 сауал зерттеліп, 804 жауаптары мерзімінде порталға орналастырылды.

Дата публикации
17 января 2022
Дата обновления
17 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы