Облыс көлемінде, 2021 жылдың қорытындысы бойынша жалпы 87 млрд. 480млн. теңгенің 3224 конкурсы мен аукционы өткізіліп, өткен жылмен салыстырғанда 1707 бірлікке (2020 жыл – 1517 бірлік) артқан.
Үнемделген қаржы салыстырмалы мерзімде 5 млрд. 148 млн. теңгеден 5 млрд. 559 млн. теңгеге артқан.
Оның ішінде тауарларды мемлекеттік сатып алу – 1389 (14 млрд), жұмыстарды мемлекеттік сатып алу – 1097 (73 млрд. 704 млн) және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу – 738 (13 млрд. 762 млн).
Бұл ретте, облыс бойынша мемлекеттік сатып алуларды бірыңғай ұйымдастырушы Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы
61 млрд. 593 млн. теңгенің 1049 конкурсын өткізіп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 540 бірлікке (2020 жыл - 509 бірлік) артқан. Үнемделген қаржы 3 млрд. 480 млн. теңге.