Лого

Меню

Страницы

Статья

2021 жылы өткізілген аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері сайлауының қорытындысы туралы брифинг өткізілді

Қызылорда өңірлік коммуникациялар орталығында  облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғ. Баймырзаевтың және комиссия төрағасының орынбасары    Б. Накиповтың қатысуымен 2021 жылғы 29 желтоқсанда өткен брифингте аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауының жылдық қорытындысы хабарланды.

2021 жылы Қызылорда облысы бойынша аудандық маңызы бар 1 қалада, 3 кентте және 61 ауылдық округте, барлығы 65 әкімнің сайлауы өтті.

Оның ішінде, 18 әкімнің сайлауы жанама құқығы негізінде жергілікті мәслихат депутаттарымен сайланса, қалған 47-і ел Президентінің тапсырмасына орай, сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер бойынша жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 4 жыл мерзімге сайланды.

Сайлау заңнамасына биылғы енгізілген жаңалықтың бірі - сайлау бюллетеньдерінің «Барлығына қарсымын» деген бағанамен толықтырылуы.

Биылғы жылғы 25 шілдеден бастап осы уақытқа дейін облыс бойынша  44 ауылдық округтің, 1 аудандық маңызы бар қаланың және 2 кент әкімдерінің сайлауында жалпы өзін-өзі ұсынған 118 кандидат және саяси партиядан 63 кандидат, барлығы 181 кандидат ұсынылды. Дауыс беруге тізімдегі сайлаушылардың 69247-і, яғни 83,42 % қатысты.

Ұсынылған 181 кандидаттың 144-і (79%) бюллетеньге енгізілді. Қалған 37 кандидаттың 13-і біліктілік талаптарға сәйкес келмеуіне, 4-і декларацияланған мәліметтерінде сәйкессіздіктер анықталуына, 2-і арнайы тексеру нәтижесінің теріс қорытындысына, 2 тіркеуге қажетті құжаттарын толық тапсырмауына және 16 кандидаттың өз өтініштеріне байланысты тірекеуден алынып тасталды немесе тіркеуден бас тартылды.

Орташа бәсекелестік 3 кандидатты құрады.

Сайланған 47 әкімнің сайлауы 36-ы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 11-і мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты болды және олардың 41-і (87,2%) саяси партиялардан ұсынылған, о.і. 36-ы - «Nur Otan» партиясынан (76,6%), 1-і – ҚХП (2,13%), 2-і «Ауыл» партиясынан (4,26%), 2-і «ADAL» партиясынан (4,26%) ұсынылған. 6-ы өзін өзі ұсынғандар (12,77%).

Сайланған әкімдердің сапалық құрамы: орташа жасы 47,4 жасты құрайды, 1-і – әйел, 23-і бұрынғы әкімдер. Барлық сайланған әкімдердің ұлты қазақ. Мамандығы бойынша: 12-і инженер (25,53%), 11-і экономист (23,4%), 7-і мұғалім (14,89%), 5-і заңгер (10,64%), 3-і ауылшаруашылық маманы (6,38%), 1-і дәрігер (2,13%),  8-і басқа мамандықтар (17,02%) иесі.

Сайланған 47 әкімнің 36-ы мемлекеттік қызметтен, 5-і бюджеттік саладан, 1-і коммерциялық құрылымдардан келген, 5-і уақытша жұмыссыз болған.

628 байқаушылар тіркелген, о.і. БАҚ өкілдері - 13, ҮЕҰ - 245, саяси партиялардан – 370. Сонымен қатар, кандидаттардың 189 сенімді өкілдері тіркелген.

1 облыстық, 7 аудандық, 1 қалалық аумақтық сайлау комиссиялары мен 83 учаскелік сайлау комиссиялары тартылды.

Алдағы 2022 жылы өкілеттік мерзімі аяқталатын 21 әкімнің кезекті сайлауын өткізу жоспарланып отыр.

Дата публикации
31 декабря 2021
Дата обновления
31 декабря 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы