Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғ. Баймырзаев және комиссия төрағасының орынбасары Б. Накипов 2021 жылғы 23-24 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен сайлау комиссиялары қызметін ұйымдастыруды жетілдіру тетіктерін әзірлеу мәселелері бойынша республикалық семинар жұмысына қатысты.
Семинардың бірінші күні сайлау жүйесі қызметінің өзекті бағыттары: сайлау саласында құқықты қолдану, сайлау процестерін автоматтандыру және цифрландыру, сайлау алдындағы үгітті жүргізу, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың сайлау құқығын іске асыруға жағдай жасау, электораттық оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыс топтарының секциялық отырыстары өтті.
Семинардың екінші күні жұмыс топтары қызметінің нәтижелерін бірлесіп талқылауға арналды.