Лого

Меню

Страницы

Статья

Қармақшы ауданының Жосалы кентіндегі дауыс беру күніне дайындық туралы

  1. Қармақшы ауданы Жосалы кентінің әкімін сайлауда дауыс беру а.ж. 19 желтоқсанында жергілікті уақытпен сағат 07:00 де басталады.

Сайлау округі бойынша әкімніңлауазымына 3 кандидат ұсынылған.

Саяси партиямен ұсынылған кандидат саны – 1 («Nur Otan»партиясы), 2-і - өзін-өзі ұсынғандар.

Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

Жосалы кентінің әкімін сайлауды ұйымдастырып, өткізуге7 сайлау учаскесі, учаскелік сайлау комиссияларының 55 мүшесі және аумақтық сайлау комиссияларының 13 мүшесі тартылған.

Тізімге енгізілген сайлаушылар саны 12726 адамды құрайды.

Тіркелген кандидаттардың сапалық құрамы:

Тіркелген 1 кандидат– Жосалы кентініңқазіргі әкімі, 1 – бюджеттік сала қызметкері, 1 –басқа саланың қызметкері.

Кандидаттардың барлығы ер адамдар.

Кандидаттардың ешбірінің ғылыми дәрежесі жоқ, «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылмайды.

Мамандықтар бөлінісі бойынша: 2-і (66,7%) – инженер, 1-і (33,3%) – зоотехник.

Кандидаттардың орта жасы- 46,еңжасы–37 жаста, егделісі – 55 жаста.

Кандидаттардың барлығының ұлты қазақ.

3 кандидаттың 2-і сайлау өтіп жатқанкентте, 1-і басқа ауылдық округте тұрады.

  1. Сайлау бюллетеньдері сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен әзірленіп, сайлау учаскелеріне жеткізілді.Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй-жайлар хатталып, ішкі істер органдарының күзетіне тапсырылды.
  2. Сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайлар Ортсайлаукомның қаулысымен бекітілген Нұсқаулығына сәйкес жабдықталған.

Сайлау учаскелерінде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар, комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссия, сот, прокуратура органдарының телефондары туралы қажетті ақпараттар, УСК қаулыларымен бекітілген дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері бар стендтер ілінген.

КОВИД-19 инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында сайлау комиссиялары бірретік қорғаныс бетперде, қолғап, қалқанша, халаттың қажетті санымен және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілген. Сайлау комиссиялары сайлауды өткізуге дайын.

Сайлау бюллетеньдеріне Т.А.Ә. енгізілген Жосалы кентінің әкіміне кандидаттардың тізімі:

 

Байбарақов Бақытбек Медетұлы

Қабақов Самат Еділұлы

Сыдықов Шыңғыс Әбділәмитұлы

 

Дата публикации
18 декабря 2021
Дата обновления
18 декабря 2021
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы