- Барлығы 3 кандидат ұсынылған, оны ішінде – 1 саяси партиямен («Nur Otan»), 2 – өзін-өзі ұсыну жолымен.
- А.ж. 9 желтоқсан күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді, оның ішінде – 1 саяси партиямен («Nur Otan»), 2 – өзін-өзі ұсыну жолымен.
- Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды.
- Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына 3 кандидаттың құжаттары жолданды.
- Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды, сайлау бюллетеніне енгізілді. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама АСК интернет-парақшасында (ақпарат осы сілтеме бойынша: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/article/details/69107?directionId=12871&lang=kk) және жергілікті баспасөз БАҚ–нда орналастырылған.
- Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссиясына арыз-шағымдар түскен жоқ.
2021 жылғы 19 желтоқсанға тағайындалған Қармақшы ауданының Жосалы кенті әкіміне кандидат болып тіркелді:
Сыдықов Шыңғыс Әбділәмитұлы – 1976 жылы туылған, қазақ, Жосалы кентінің әкімі, «Nur Otan» партиясымен ұсынылған, «Nur Otan» партиясының мүшесі;
Қабақов Самат Еділұлы – 1984 жылы туылған, қазақ, «Арал» СЖКБД филиалы «Октябрь топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінің басшы орынбасары, өзін-өзі ұсынған, «Nur Otan» партиясының мүшесі;
Байбарақов Бақытбек Медетұлы – 1966 жылы туылған, қазақ, Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің әдіскері, өзін-өзі ұсынған, «Nur Otan» партиясының мүшесі.