2021 жылғы 18 қарашада облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғ.Қ.Баймұрзаев, облыстық сайлау комиссиясының хатшысы А.М.Сырлыбаева Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарламалар офисімен бірлесе отырып ұйымдастырған "Сайлауды байқаудың халықаралық стандарттары" атты семинар – тренингіне онлайн режимде қатысты.
Семинар барысында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлау жөніндегі аға кеңесшісі Алексей Громовтың және Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы төрағасы Юрие Чоканның баяндамалары және Қазақстан Республикасының халықаралық байқаушыларының 2021 жылы Арменияда, Ресей Федерациясында, Грузияда, Өзбекстанда өткен сайлауды байқау тәжірибесі туралы хабарламалары тыңдалды.