Лого

Меню

Страницы

Статья

Арал ауданының Арал қаласы мен Қармақшы ауданының Төретам кентінде дауыс беру күніне дайындық туралы

 1.14 қараша күні Арал ауданының Арал қаласы мен Қармақшы ауданының Төретам кенті әкімдерін сайлау да дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 07:00 де басталады.

Екі сайлау округі бойынша әкімдердіңлауазымдарына9 кандидат ұсынылған.

Саяси партиямен ұсынылған кандидат саны – 2 («Nur Otan»партиясы), 7-і - өзін-өзі ұсынғандар.

2 кандидатты тіркеуден бас тартылды: 1 - мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, 1 – өз өтінішіне сәйкес.

А.ж. 12 қараша күнгі сағат 18.00 - дегі жағдай бойынша 1 кандидат өзінің өтінішіне сәйкес тіркеуден шығарылды.

Осылайша, сайлауға қатысатын кандидаттар саны - 6.

Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

Облыс бойынша әкімдер сайлауына 18 сайлау учаскесі, сол учаскелік сайлау комиссияларының 138 мүшесі және аумақтық сайлау комиссияларының 20 мүшесі тартылған.

Тізімге енгізілген сайлаушылар саны 28759 адамды құрайды (Арал сайлау округі бойынша - 21863, Төретам сайлау округі бойынша - 6896).

Тіркелген кандидаттардың сапалық құрамы

Тіркелген 3 кандидат– мемлекеттік қызметші, 3 – коммерциялық құрылымдардың өкілдері.

Кандидаттардың барлығы ер адамдар.

Кандидаттардың ешқайсының ғылыми дәрежесі жоқ, «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылмайды.

Мамандықтар бөлінісі бойынша: 2-і (33,3%) – инженер, 2-і (33,3%) – экономист, 1-і (16,7%) – мал дәрігері, 1-і (16,7%) – заңгер.

Кандидаттардың орта жасы43,еңжасы–30жаста, егделісі – 58жаста.

Кандидаттардың барлығының ұлты қазақ.

6кандидаттың 3-і сол округте, 2-і басқа округте, 1-і облыстық маңызы бар қалада тұрады.

  1. Сайлау бюллетеньдері сайлау округтеріндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен әзірленіп, сайлау учаскелеріне жеткізілді.Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй-жайлар хатталып, ішкі істер органдарының күзетіне тапсырылды.

3.Сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайлар Ортсайлаукомның бекіткен Нұсқаулығына сәйкес жабдықталған.

Сайлау учаскелерінде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар, комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссия, сот, прокуратура органдарының телефондары туралы қажетті ақпараттары, УСК қаулыларымен бекітілген дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері бар стендтер ілінген.

КОВИД-19 инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында сайлау комиссиялары бірретік қорғаныс бетперде, қолғап, қалқанша, халаттың қажетті санымен және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілген. Сайлау комиссиялары сайлауды өткізуге дайын.

Қызылорда облысы бойынша аудандық маңызы бар қала мен кент әкімдерін сайлауда дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдеріне Т.А.Ә. енгізілген кандидаттардың тізімі:

Арал ауданы

Жұбанов Жәнібек Жарасұлы

Талекенов Ербол Сәтбайұлы

Үмбеталиев Әлтай Жеңісұлы

 

Қармақшы ауданы

Елеусинов Галимжан Тажмагамбетович

Жолмаханов Нұрсұлтан Сабытбекұлы

Казыгулов Сабит Кожахметович

Дата публикации
13 ноября 2021
Дата обновления
13 ноября 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы