ҚР Орталық сайлау комиссиясымен 2021 жылғы 4 - 5 қарашада Түркістан қаласында аумақтық сайлау комиссия өкілдерінің қатысуымен «Сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастырудың жаңа тәсілдері» тақырыбында республикалық көшпелі семинардың жұмысы ұйымдастырылды.
Семинар барасында сайлау органдары қызметінің негізгі бағыттары, сайлау дауларын қарау және шешу ерекшеліктері, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, оқытуды ұйымдастыру жүйесін жетілдіру, ақпараттық қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды.
Семинар жұмысының қорытындысымен бес бағыт бойынша жұмысшы топтарын құру туралы шешім қабылданды: электоралдық оқыту жүйесін жетілдіру бойынша; үгіт жүргізу, қоғамдық құрылымдармен өзара әрекет ету бойынша; мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасау тетіктерін жетілдіру бойынша; заңнаманың қолданылуы мен жетілдіру мәселелері бойынша; сайлау процестерін автоматтандыру және цифровизациялау мәселелері бойынша. Осы жұмысшы топтардың құрамына аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері енгізіледі.
Аталған семинар жұмысына Қызылорда облысынан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғ. Баймырзаев пен облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б. Накипов қатысты.