А.ж. 4 қараша күнгі сағат 18.00 жағдай бойынша 7 кандидат тіркелді, оның ішінде 2 - саяси партиямен ұсынылған, 5 - өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
2021 жылғы 14 қарашаға тағайындалған сайлауда Қызылорда облысы бойынша Арал ауданының Арал қаласы мен Қармақшы ауданының Төретам кенті әкімдеріне кандидат болып тіркелді:
Арал ауданы
Талекенов Ербол Сатбаевич – 1983 жылы туылған, қазақ, Арал ауданы әкімінің орынбасары, Арал ауданының Арал қаласында тұрады, «Nur Otan» партиясымен ұсынылған, «Nur Otan» партиясының мүшесі;
Алибеков Кайсар Алибекович – 1978 жылы туылған, қазақ, «Арал аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ бас маманы, Арал ауданының Арал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;
Умбеталиев Алтай Женисович – 1969 жылы туылған, қазақ, «SULPAK» сауда үйінің қауіпсіздік қызметінің басшысы, Арал ауданының Арал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;
Жубанов Жанибек Жарасович – 1980 жылы туылған, қазақ, «Арал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ басшысы, Арал ауданының Арал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Қармақшы ауданы
Казыгулов Сабит Кожахметвоич – 1982 жылы туылған, қазақ, «Сельхозэнерго» ЖШС директорының орынбасары, Қармақшы ауданының Ақай ауылдық округінде тұрады, өзін-өзі ұсынған, «Nur Otan» партиясының мүшесі;
Жолмаханов Нурсултан Сабытбекович – 1991 жылы туылған, қазақ, «Қармақшы ауданы әкімі аппараты» КММ бас инспекторы, Қармақшы ауданының Жосалы кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған, «Nur Otan» партиясының мүшесі;
Елеусинов Галымжан Тажмагамбетович – 1963 жылы туылған, қазақ, «Мир 2001» ЖШС өндіріс базасының бастығы, Байқоңыр қаласында тұрады, «Nur Otan» партиясымен ұсынылған, «Nur Otan» партиясының мүшесі.