Лого

Меню

Страницы

Статья

Облыстық сайлау комиссиясының көшпелі семинарлары

А.ж. 28-29 қазанында Қармақшы және Арал аудандарында облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен Төретам кенті мен Арал қаласының әкімдерін сайлауды ұйымдастырушыларға арналған оқыту семинар-кеңестері өткізілді.

Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Накипов Б.Н. және облсайлауком мүшесі Қ.Наурызбаев сайлауға әзірлік және оны өткізу бойынша сайлау комиссияларының өкілеттіктері, сайлау заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету туралы дәрістер оқыды.

Аудандық сайлау комиссияларының төрағалары ағымдағы сайлау науқанының барысы, соның ішінде кандидаттардың ұсынылуы, сайлау учаскелерін материалды-техникалық жарақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Учаскелік сайлау комиссияларының басшылық құрамы «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңын білуге арналған тест тапсырды.

Семинарға қатысушылар сайлау комиссияларының дауыс беру күнгі жұмысын ұйымдастыру мәселелерін талқылап, пікір алмасты.

Дата публикации
29 октября 2021
Дата обновления
29 октября 2021
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы