Лого

Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 9 ай бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

2021 жылдың 9 ай қорытындысымен Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 37097 өтініштер түсіп, ол өткен жылмен салыстырғанда (33008 - өтініш) 11%-ға көбейген.

Талдау көрсеткендей, қазіргі таңда облыс тұрғындары арасындағы жиі көтеріліп отырған өзекті мәселелер төмендегіше:

№

Өтініште көтерілген салалары

2021 жыл

9 айы

2020 жыл

9 айы

Салыстырма

1.

Жер телімін сұрау, заңдастыру, жер даулары

14800

12043

+2757 (19%)

2.

Әлеуметтік қамсыздандыру (жұмысқа орналасу, жеңілдіктер, әлеуметтік төлемдер алу)

6965

6225

+740 (11%)

3

Мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағым білдіру

196

179

+17 (9%)

Барлығы

21961

18447

+3514 (17%)

2021 жылғы 9 айдың статистикалық есепке сәйкес жергілікті атқарушы органдарға түскен 37097 өтініштердің, 10368 немесе 27% құзыреттілігі бойынша басқа органдарға жолданып, 26452-і немесе 71% өтініші қаралса, 435 немесе 2% өтініштер қаралу үстінде. 

Қаралған 26452 өтініштердің 8376 немесе 32% ішінара немесе толық қанағаттандырылып, 289 немесе 1% өтініш тоқтатылып, 17787-і немесе 67% заң талаптарына сәйкес түсіндірілді.

ҚР Президенті Әкімшілігі мен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі арқылы  облыс әкімі аппаратына жолданған өтініш саны – 250. Барлық өтініштер бақылауға алынып, тиісті мерзімдерінде жауап жолданды.

Есепті кезеңде, облыс әкімдігіне аудан тұрғындарынан түскен арыздарды сараптау көрсеткендей жүгінулердің  басым  бөлігі  Қызылорда қаласы, Қазалы, Жаңақорған, Арал, Шиелі аудандарының тұрғындары белсенділік танытып отыр.

-Қызылорда қаласы - 6408 (17%);

-Қазалы ауданы – 817 (2,2%);

-Жаңақорған ауданы - 740 (1,9%);

-Арал ауданы – 670 (1,8%)

-Шиелі ауданы – 642 (1,7%).

Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелермен

қабылдау туралы

2021 жылдың  9 айдағы 461 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері облыс басшылығының жеке қабылдауына кіруге ниет білдірген. 

Нәтижесінде барлығы 292 (63%)  азаматтар мен заңды  тұлғалардың  өкілдері жеке қабылдауда болған, оның: 120-ы облыс әкімінің, 172-і міндеттер бөлінісіне сәйкес облыс әкімі орынбасарларының жеке қабылдауында болып, заңдылыққа сәйкес тиісті жауаптар берілген.

Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратымен аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері және облыстық басқарма басшыларының қабылдау жүргізу барысына талдау жүргізілді.

Есепті мерзімде аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері тарапынан 2057 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданған. Оның ішінде
1038-і (50%) бірінші басшылардың, 1019-і (50%) орынбасарлардың қабылдауы.

Облыстық басқарма басшылары тарапынан 536 қабылдау жүргізілген. Оның ішінде 392-і (73%) бірінші басшылардың, 144-і (27%)  басқарма басшысы орынбасарларының қабылдауы

 Электронды өтініштермен жұмыс жасау бойынша

2021 жылдың есепті кезеңінде облыс әкімдігіне 639 электронды өтініштер келіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанды 63%-ға артқан. Оның ішінде:

Келу каналы

2021 жыл

2020 жыл

 

Салыстырма

«Электронды Үкімет» порталы арқылы

418

261

+157

Облыс әкімінің онлайн-порталы арқылы

44

0

+44

«Ашық диалог» порталы арқылы

171

146

+25

Видеосауал

6

1

+5

Барлығы

639

408

+231 (63%)

Электронды өтініштер санының артуынан жергілікті халықтың интернет ресурстармен жұмыс жасау сауаттылығының жоғарылағандығын және қолжетімділігінің артқандығын көруге болады.

Сауалдардың басым бөлігінде көтерілген мәселелер пәтер алу, жұмысқа орналасу, коммуналдық шаруашылық, көлік, құрылыс мәселелері, білім алу, әлеуметтік көмек алу және денсаулық  сақтау мәселелеріне қатысты.

Барлық түскен 639 сауал зерттеліп, 639 жауаптары мерзімінде порталға орналастырылды.

Дата публикации
20 октября 2021
Дата обновления
20 октября 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы