2021 жылғы 14-15 қазанда Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың орындалуы» тақырыбындағы семинар-кеңесі өткізілді.
Семинар жұмысына өкілеттігін тұрақты негізде іске асыратын аумақтық сайлау комиссияларының басшылық құрамы қатысты.
Семинарда сайлау заңнамасындағы жаңашылдықтардың іс жүзінде қолданылуы мәселелері талқыланып, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері, түйіткіл мәселелер қарастырылды.
Баяндамамен облыстың барлық аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері шығып сөйледі.