1. Барлығы 3 кандидат ұсынылған, оның ішінде 1 - саяси партиямен, 2 - өзін-өзі ұсыну жолымен.
А.ж. 14 қазан күнгі сағат 18.00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді, оның ішінде 1 - саяси партиямен ұсынылған, 2 - өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
2. Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына 3 кандидаттың құжаттары жолданды.
3. Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды, сайлау бюллетеніне енгізілді. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама АСК интернет-парақшасында және жергілікті баспасөз БАҚ –нда орналастырылған.
4. Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссиясына арыз-шағымдар түскен жоқ.
2021 жылғы 24 қазанға тағайындалған сайлауда Қызылорда облысы бойынша Сырдария ауданының Қалжан Ахун ауылдық округі әкіміне кандидат болып тіркелді:
Жұманов Алмас Бектібайұлы – 1992 жылы туылған, қазақ, Сырдария аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінде сектор меңгерушісі, Сырдария ауданының Тереңөзек кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған;
Акбаров Галымжан Науретович – 1974 жылы туылған, қазақ, Сырдария аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде сектор меңгерушісі, Сырдария ауданының Қалжан Ахун ауылдық округінде тұрады, «Nur Otan» партиясымен ұсынылған, «Nur Otan» партиясының мүшесі;
Куланшиева Алмагул Баскинбаевна – 1978 жылы туылған, қазақ, «С. Сейфуллин ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-нің бас маманы, Сырдария ауданының Тереңөзек кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.