1. 26 қыркүйек күні Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкіміне дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 07:00 де басталады.
Қарауылтөбе ауылдық округі әкіміне барлығы 6 кандидат ұсынылды.
Саяси партиямен ұсынылған кандидат саны 1. Оның ішінде ҚХП – 1. Қалған 5-і өзін-өзі ұсынған кандидаттар.
Барлық кандидаттан мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестік анықталды.
1 кандидаттан тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынбауына байланысты тіркеуден бас тартылды.
Тіркелген 5 кандидаттың 1-нің өз өтінішіне сәйкес тіркеу туралы шешімнің күші жойылды.
Сонымен бүгінгі саяси додаға 4 кандидат түсіп отыр.
Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
Ауылдық округ әкімінің сайлауына 1 сайлау учаскесінің 6 мүшесі және 1 аумақтық сайлау комиссиясынан 7 мүшесі тартылуда.
Тізімге енгізілген сайлаушылар саны 1153 адамды құрайды.
Тіркелген кандидаттардың сапалық құрамы
Тіркелген 4 кандидаттың 3-і – мемлекеттік қызметшілер, 1-і қоғамдық саяси бірлестік өкілі.
Кандидаттардың ешқайсының ғылыми дәрежесі жоқ, «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылмайды.
Мамандықтар бөлінісі бойынша: 2-і (50,0%) – экономист, 1-і (25,0%) – журналист, 1-і (25,0%) – эколог.
Кандидаттардың орта жасы 49 ең жасы - 43 жаста, ең үлкені – 54 жаста.
Кандидаттардың барлығының ұлты қазақ.
4 кандидаттың 1-і сол ауылдық округте тұрады, 2-і – қала тұрғыны, 1-і басқа ауылдық округте тұрады.
2. Сайлау бюллетеньдері сайлау округтеріндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен әзірленіп, сайлау учаскесіне жеткізілді. Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй-жайлар хатталып, ішкі істер органдарының күзетіне тапсырылды.
3. Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайлар Ортсайлаукомның бекіткен Нұсқаулығына сәйкес жабдықталған.
Сайлау учаскесінде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар, комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссия, сот, прокуратура органдарының телефондары туралы қажетті ақпараттары, УСК қаулыларымен бекітілген дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері бар стендтер ілінген.
Дауыс беру кезінде ерекше қажеттілігі бар сайлаушылар үшін қажетті жағдайлар жасалған. Мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға арналған орындар, кабиналар әзірленген. Көзі нашар көретін сайлаушылар үшін Брайль шрифті қолданылып бюллетень толтыруға қажетті трафарет және тиісті аудиороликтер мен лупа дайындалған.
КОВИД-19 инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында сайлау комиссиясы бірретік қорғаныс бетперде, қолғап, қалқанша, халаттың қажетті санымен және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілген. Сайлау комиссиясы сайлауды өткізуге дайын.
Сайлау бюллетеньдеріне Т.А.Ә. енгізілген кандидаттардың тізімі:
Қызылорда қаласы
Қарауылтөбе ауылдық округі бойынша
Ахетов Еркін Абдрайханұлы
Жүсіпов Асқар Орманбекұлы
Телеубаев Талғат Рахымұлы
Шалабаев Қайыржан Шәкірұлы