"Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы" бағыты бойынша
Қызылорда облысы әкімдігі қызметінің тиімділігін бағалаудың
2018 жылғы қорытындысы туралы
«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес жыл сайын орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігі бағаланады.
"Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы" бағыты бойынша бағалау Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен:
- "Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына қанағаттандырылуы",
- "Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің сақталу",
- "Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын қамтамасыз ету",
- "Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына ішкі бақылау" өлшемдері бойынша жүргізіледі.
2018 жылдың қорытындысымен «Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы" бағыты бойынша Қызылорда облысы әкімдігі қызметінің тиімділігі 77,53 баллды құрады.
Аталған 77,53 баллмен Қызылорда облысы әкімдігі ЖАО-лар арасында 4-ші орынға ие болды.
Бағалау әдістемесіне сәйкес 2018 жыл қорытындылары жоғарыда көрсетілген бағалаудың 4 өлшемі бойынша төмендегідей бағаланды:
1) «Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына қанағаттандырылуы» өлшемі бойынша - Әкімдік 25 максималды баллдан 21 баллға ие болса (Аталған өлшемді бағалауға бағытталған әлеуметтік зерттеулер «Сандж» зерттеу орталығымен жүргізілді);
2) «Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің сақталуы» бойынша - 30 максималды баллдан 22,48 баллға;
3) «Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын қамтамасыз ету бойынша - 35 максималды баллдан 24,05 балға;
4) «Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына ішкі бақылау» бойынша - 10 максималды баллдан тиісінше 10 баллға ие болды.
Нәтижесінде, Қызылорда облысы әкімдігінің қызметі тиімділігінің қорытындысы орташа тиімділікті көрсетіп, 2017 жылмен салыстырғанда (қорытынды балы – 54,03) бағалау көрсеткішінен 23,5 балға немесе 43,5%-ға артты.
Жүргізілген бағалау нәтижелерімен Әкімдікке анықталған мәселелер мен кемшіліктерді ескере отырып, келесі ұсынылды:
1. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңдылықтар талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында қызмет көрсету процестеріне қатысы бар қызметкерлерге көрсетілген саланы реттейтін заңдылықтар және басқа да нормативтік құқықтық актілер нормаларын түсіндіру бойынша шаралар қабылдау (стандарттар мен регламенттер);
2. Ішкі бақылау жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында:
- стандарттар мен регламенттер талаптарының бұзылуына жол берілмеуін қадағалап, бұзушылықтардың алдын алуға жауапты құрылымдық бөлімдердің қызметтерін күшейту мақсатында штаттық ұйымдастыру шараларын қабылдау;
- заңдылықтар талаптарының бұзылуын анықтау және олардың бұзылуын алдын –ала ескерту мақсатында жауапты құрылымдық бөлімдердің қызметтерінде қауіп-қатерлерді басқару жүйесін пайдалану;
- мүдделер тартысын болдырмау мақсатында көрсетілген қызметтер және азаматтардан түскен шағымдар туралы есептілік ақпараттың мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін тұлғалармен жинақталуын рұқсат етпеу;
- қызметті көрсетушілерде «Мониторинг» ақпараттық жүйесінің орнатылуына талдау жүргізу, содан соң тұрақты түрде «Мониторинг» ақпараттық жүйесінде қызметтің көрсетілу сатысын енгізуді қамтамасыз ету және ведомстолық ақпараттық жүйелермен ықпалдасуын қамтамасыз ету.
3. Тұрғындардың қызмет алу сапасымен қанағаттану деңгейін арттыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету ресімдерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың басшыларына мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлерің біліктіліктерін жүйелі түрде үнемі арттырып отыруды қамтамасыз ету.