Мемлекеттік органның 2017 жылғы қызметі тиімділігін
жалпы бағалау нәтижесі туралы
ҚОРЫТЫНДЫ
Мақсаттарға қол жеткізу бойынша Қызылорда облысы әкімдігі қызметінің тиімділігін бағалаудың 2017 жылға қорытындысы туралы
«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес мемлекеттік органдардың қадағаланатын саланы/аяны/өңірді дамытуды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдалану бойынша қабылдайтын шараларының тиімділігін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының ұлттық экономика, қаржы министрліктермен «Мақсаттарға қол жеткізу» блогы бойынша 2017 жылдың қорытындысымен Қызылорда облысы әкімдігі қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілді.
Әкімдік қызметінің тиімділігін бағалау келесідей критерийлер бойынша жүргізілді:
-АДБ мақсаттарына қол жеткізу;
-мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бағаланатын кезеңге бюджеттік даму бағдарламаларын тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтардың болмауы;
-бюджеттік даму бағдарламасының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу;
-бюджеттік даму бағдарламасының орындаудың тиімділігі.
Бұл блок бойынша 2017 жылға бағалау қорытындысы 63,3 баллды құрады.
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарының 2017 жылғы қызмет тиімділігін «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша бағалау қорытындылары
Бағалау нәтижелерімен Қызылорда облысының әкімдігі 54,03 баллмен ЖАО-лар арасында 8-ші орында.
Бағалау әдістемелігіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2017 жыл қорытындылары келесі 4 өлшем бойынша бағаланды:
1)мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына қанағаттандырылуы;
2)мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің сақталу;
3)мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын қамтамасыз ету;
4)мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына ішкі бақылау.
1)өлшем бойынша Әкімдік 40 максималды баллдан 35 балл,4) өлшем бойынша 10 максималды баллдан 8 баллға ие болса, 2)өлшем бойынша 33 максималды баллдан 6,7 және 3)өлшем бойынша 17 максималды баллдан тиісінше 9,2 баллға ие болып отыр.
Онымен қоса, шынайы ақпарат ұсынылмандығы үшін 5 балл шегерілді.
Баллдардың төмендеуі (2,3 өлшемдер) ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент) жүргізілген сыртқы бақылау жұмыстары барысында анықталған кемшіліктер нәтижелерінен орын алып отыр.
2017 жылы Департаментпен барлығы 12 қызмет көрсетуші жергілікті атқарушы органдарда тексеру жүргізілді.
Тексеру нәтижесімен 56 мерзім бұзушылық пен 6903 заң бұзушылықтар анықталған.
Алайда облыс әкімі аппаратымен тексеру актілеріне қатысты 5 мерзім бұзушылық пен 5 780 кемшіліктермен келіспеушілік білдірілді.
Кемшіліктер негізінен мемлекеттік қызмет көрсету процестерін реттейтін Стандарт пен Қағидалардың арасындағы сәйкессіздіктерге байланысты орын алып отыр.
Жүргізілген бағалау нәтижелерімен Әкімдікке анықталған мәселелер мен кемшіліктерді ескере отырып, келесі ұсынылды:
1.Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңдылықтар талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында қызмет көрсету процестеріне қатысы бар қызметкерлерге көрсетілген саланы реттейтін заңдылықтар және басқа да нормативтік құқықтық актілер нормаларын түсіндіру бойынша шаралар қабылдау (стандарттар мен регламенттер);
2.Ішкі бақылау жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында стандарттар мен регламенттер талаптарының бұзылуына жол берілмеуін қадағалап, бұзушылықтардың алдын алуға жауапты құрылымдық бөлімдердің қызметтерін күшейту мақсатында штаттық ұйымдастыру шараларын қабылдау;
3.Тұрғындапдың қызмет алу сапасымен қанағаттану деңгейін арттыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету ресімдерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың басшыларына мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлерің біліктіліктерін жүйелі түрде үнемі арттырып отыруды қамтамасыз ету.