Ішкі аудит қызметін
ұйымдастырудағы кейбір
мәселелер туралы
Қызылорда облысы әкімі аппараты ішкі аудит бөлімі қызметінің негізгі мақсаты мемлекеттік органдар және оларға қарасты ұйымдар (оның ішінде квазимемлекеттік субъектілер) тарапынан жүктелген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнама, сондай-ақ мемлекеттік мүлік және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларының сақталуы жөнінде тәуелсіз және объективті ақпаратты, бюджет қаражатын, мемлекеттік активтерді басқару мен пайдалану, мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігін арттыру жөнінде әзірленген ұсыныстар мен ұсынымдарды Қызылорда облысы әкіміне ұсыну болып табылады.
Қызылорда облысы әкімі аппараты ішкі аудит бөлімінің қызметі
5 бірліктен тұратын штаттық санымен жүзеге асырылады.
2019 жылы ішкі аудит бөлім тарапынан облыстың денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдарында аудиторлық іс-шаралар жүргізілді. Тексерумен
8,7 млрд.теңгенің бюджет қаражаты қамтылып, 3,5 млн.теңгенің бұзушылықтары анықталды (қамту сомасы 9 есеге ұлғайды, 2018 жылы қамтылған қаражат 1,0 млрд.теңге кұрайтын).
Негізгі үлесі қаржылық бұзушылықтар болып табылады (57,8%), оның көбісі 1,2 млн.теңге (58,8%) ағымдағы шығыстар бойынша орын алған.
Өз кезегінде аудит объектілері тарапынан бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу жолымен қалпына келтіру және анықталған бұзушылықтар сомасын есепте көрсету және жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тарту арқылы бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданды.
Аудит объектілерінің жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында қаржылық тәртіпті қатаң сақтау, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын үнемі оқып білу және олардың талаптарын қатаң сақтау жөнінде ұсынымдар берілді.
Сондай-ақ, бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өзге бақылау-қадағалау органдары тарапынан мемлекеттік органдарда және оларға қарасты ұйымдарда анықталған бұзушылықтарға мониторинг және талдау жүргізіледі.
Қызылорда облысы әкімі
аппаратының ішкі аудит
бөлімі