1. 1 тамыз күні Арал ауданының Аққұм және Шиелі ауданының Талаптан ауылдық округі әкімдеріне дауыс беру басталады.
Екі ауылдық округ әкіміне барлығы 9 кандидат ұсынылды, оның ішінде Аққұм ауылдық округіне 4 кандидат, Талаптан ауылдық округіне 5 кандидат.
Саяси партиялармен ұсынылған кандидаттар саны 4. Оның ішінде «Адал» - 1, ҚХП – 1, «Nur Otan» - 2. Қалған 5-і өзін-өзі ұсынған кандидаттар.
Талаптан ауылдық округі бойынша түскен 2 кандидатқа қатысты мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның белгіленген біліктілік талаптарына сәйкессіздігі анықталуына байланысты, оларды тіркеуден бас тартылды.
Тіркелген 7 кандидаттың 1-нің өз өтінішіне сәйкес тіркеу туралы шешім бұзылды.
Сонымен бүгінгі саяси додаға 6 кандидат түсіп отыр, оның 4-і Аққұм ауылдық округі бойынша, 2-і Талаптан ауылдық округі бойынша.
Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
Екі ауылдық округ әкімдерінің сайлауына 2 сайлау учаскесінің 16 мүшесі және 2 аумақтық сайлау комиссиясынан 14 мүшесі тартылуда.
Тізімге енгізілген сайлаушылар саны 3527 адамды құрайды, оның ішінде Аққұм ауылы бойынша 1283, талаптан ауылы бойынша 2244 сайлаушы.
Тіркелген кандидаттардың сапалық құрамы
Тіркелген 6 кандидаттың 3-і – мемлекеттік қызметшілер, 1-і бюджеттік сала қызметкері, 2-і – уақытша жұмыссыз.
Кандидаттардың ішінен 2-і әйелдер, екеуі де Аққұм ауылдық округінен түсіп жатыр.
Кандидаттардың ешқайсының ғылыми дәрежесі жоқ, «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылмайды. 2 кандидаттың қосымша мамандығы бар.
Мамандықтар бөлінісі бойынша: 2-і (33,3%) – инженер, 2-і (33,3%) – заңгер, 1-і (16,7%) – экономист, 1 (16,7%) – мәдени-тынығу ісінің маманы.
Кандидаттардың орта жасы 46,7, ең жасы - 42 жаста (3 адам), ең үлкені – 56 жаста (Аққұм а/о).
Кандидаттардың барлығының ұлты қазақ.
6 кандидаттың 2-і сол ауылдық округте тұрады, 4-і – сол ауданның тұрғыны.
2. Сайлау бюллетеньдері сайлау округтеріндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен әзірленіп, сайлау учаскелеріне жеткізілді.Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй-жайлар хатталып, ішкі істер органдарының күзетіне тапсырылды.
3. Барлық 2 сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайлар Ортсайлаукомның бекіткен Нұсқаулығына сәйкес жабдықталған.
Сайлау учаскелерінің барлығында кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар, комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссия, сот, прокуратура органдарының телефондары туралы қажетті ақпараттары, УСК қаулыларымен бекітілген дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері бар стендтер ілінген.
Дауыс беру кезінде ерекше қажеттілігі бар сайлаушылар үшін қажетті жағдайлар жасалған. 2 сайлау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға арналған орындар, кабиналар әзірленген. Көзі нашар көретін сайлаушылар үшін Брайль шрифті қолданылып бюллетень толтыруға қажетті трафарет және тиісті аудиороликтер дайындалған. Барлық учаскелерде лупа бар.
КОВИД-19 инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында сайлау комиссиялары бірретік қорғаныс бетперде, қолғап, қалқанша, халаттың қажетті санымен және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілген. Сайлау комиссиялары сайлауды өткізуге дайын.
Т.А.Ә. сайлау бюллетеньдеріне енгізілген кандидаттардың тізімі:
Арал ауданы
Аққұм ауылдық округі бойынша
Нұрхожаев Қайыржан Асылханұлы
Махажанова Заурегул Сидрашовна
Жандаулетов Нурбек Сауранович
Рсалиева Мырзагул Рсалықызы
Шиелі ауданы
Талаптан ауылдық округі бойынша
Өмірәлі Аманкелді Шералыұлы
Дуйсенов Бекболат Еламанович