Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысы әкімі аппаратының ішкі аудит бөлімінің 2021 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

Қызылорда облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі (бұдан әрі - Қызмет)2021 жылдың I жартыжылдығында «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының «Бизнеске арналған үкімет» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың және мемлекет активтерінің пайдаланылуына 2019 жылдың
1 қаңтарымен 2020 жылдың 30 қыркүйегі аралығына тиімділік және сәйкестік аудитін жүргізді. Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит мәселесі бойынша жалпы 5 тармақ бойынша 138,7 мың теңге қаржылық және 24 105,4 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде бюджетке өтелетін97,7 мыңжәне қалпына келтірілетін 41,0 мың теңгебұзушылықтарын жоюбағытында нақты шаралар қабылдануда және бақылауда.
Бұдан басқа,Қызылорда қалалық сотында (Қызылорда қалалық сотының 2021 жылдың
19 ақпанындағы №4319-21-5-21/3813 және 2021 жылдың 17 наурыздағы №4319-21-5-21/5780 хаттары) Шиелі аудандық ауруханасының бір топ қызметкерлері тарапынан берілген Қызылорда облысы әкімі аппаратының ішкі аудит бөлімінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 1 аудиторлық есебінің 2-тармағын жарамсыз деп тану жөнінде талап арызына сәйкес үш рет өткізілген сот отырысына Қызмет маманы қатысты(2-тармақта денсаулық сақтау саласының мамандарына жатпайтын қызметкерлерге 25 пайыз үстемақылары негізсіз төленгендігі анықталған). Азаматтық іс бойынша ұжым қызметкерлері жалақыларынан ұсталынып, бюджетке төленген8,0 млн.теңгені қайтаруды мәселесі қаралды. Нәтижесінде, сот шешімімен 2019 жылғы 8 мамырдағы №1 аудиторлық есебінің 2-тармағын жарамсыз деп тану және бюджетке төленген8,0 млн.теңгені қайтару жөніндегі талап арыз қанағаттандырылмаған.
Сонымен қатар, Сырдария ауданындағы «Самара-Шымкент-Жаңадария»
(10-25 км)аудандық маңызы бар автомобиль жолын, Қармақшы ауданында Тұрмағамбет елді мекеніндеБегім Би және Сарбасұлы, ІІІ-Интернационал елді мекенінде Қазақкөшелерін орташа жөндеуге, Жалағаш ауданында «Самара-Шымкент-Таң» (0-3,3 км), «Самара-Шымкент-Жосалы-Жалағаш-Қаракеткен» (0-2,575 км)бюджеттен берілген қаражаттың пайдаланылуына сәйкестік аудиті жүргізілді. Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит мәселесі бойынша 63 805,2 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Одан бөлек, Қызметте сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алуға бағытталған іс-әрекеттердің бірізділігі қарастырылған алгоритм әзірленді және қолданылуда.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми веб-сайтындағы «Тәуекелдерді басқару жүйесі/Қаржылық бақылау» кіші жүйеге аудит материалдарын енгізу жұмыстары атқарылды.

Дата публикации
19 июля 2021
Дата обновления
19 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы