Лого

Меню

Страницы

Статья

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйектегі
«Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысы
(2019 жыл қорытындысы бойынша)

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө өкімімен құрамында мемлекеттік органдар басшылары, мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ, зиялы қауым өкілдері бар 9 облыстық ақпараттық топ (129 адамнан жасақталған) құрылған. Сондай-ақ, қала және аудан көлемінде 44 ақпараттық-насихаттық топ (7 аудан және Қызылорда, Байқоңыр қалалары) құрылып, оған барлығы 259 мүше енгізілді.
Ақпараттық топтармен Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын өңірде ілгерілету, халық арасында түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында облыс бойынша есепті мерзімде 8275 шара ұйымдастырылып, 99 140 тұрғын қамтылды.
Президент Жолдауын насихаттауды алға жылжыту мақсатында жыл соңына дейінгі өңірлік медиа-жоспар әзірленіп, жүзеге асырылуда.
Есепті мерзімде медиа-жоспар аясында және облыс бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын насихаттау мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 2591 материал жарияланды. Олардың ішінде баспа басылымдарда 755 мақала, интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде 1406 материал жарияланса, телеарналар эфирінде 430 сюжет көрсетілді.
Сонымен бірге, Жолдауды түсіндіру мақсатында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтетін брифинг кестесі құрылып, 40 брифинг өткізілді.
Сондай-ақ, Жолдаудың басым бағыттарына ақпараттық қолдауды күшейту мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына өңірдегі қоғамдық пікір көшбасшыларынан, ҮЕҰ өкілдерінен, сала мамандарынан және т.б құрылған спикерлер тізімдері жасақталып, жолданды. Бүгінгі күні жергілікті БАҚ-та 200-ге жуық спикердің пікірі жарияланды.

Дата публикации
25 февраля 2020
Дата обновления
25 февраля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы