Лого

Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 6 ай бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

2021 жылдың 6 ай қорытындысымен Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан барлығы  24927 өтініштер түсіп, ол өткен жылмен салыстырғанда (19627 - өтініш) 21%-ға көбейген.

Талдау көрсеткендей, қазіргі таңда облыс тұрғындары  арасындағы жиі көтеріліп отырған өзекті мәселелер төмендегіше:

№

Өтініште көтерілген салалары

2021 жыл

6 айы

2020 жыл

6 айы

Салыстырма

1.                   

Жер телімін сұрау, заңдастыру, жер даулары

11060

7143

+3917 (35%)

2.                   

Әлеуметтік қамсыздандыру (жұмысқа орналасу, жеңілдіктер, әлеуметтік төлемдер алу)

5755

5224

+531 (9%)

3.                   

Мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағым білдіру

122

163

+41 (33%)

                   Барлығы

16937

12530

+4407 (27%)

2021 жылғы І жартыжылдық  статистикалық есепке сәйкес жергілікті атқарушы органдарға 24927 өтініштер түсіп, 52-і немесе 0,2 %жоғары, 6002-і немесе 24 % төмен тұрған органдарға, 530-ы немесе 2% құзыреттілігі бойынша басқа органдарға жолданып, 17621-і немесе 70% өтініші қаралса, 722 немесе 3 % өтініштер қаралу үстінде.  

Қаралған 17621 өтініштердің 4544 немесе 25% ішінара немесе толық қанағаттандырылып, 12897-і немесе 73% заң талаптарына сәйкес түсіндірілсе, 180 немесе 1% өтініш тоқтатылған.

Олардың ішінде арыздар – 23553 (2020 ж. - 18750), шағымдар - 284 (2020 ж. - 95) болса, басқа да өтініштер (сауалдар, ұсыныстар және үндеулер) - 1090 (2020 ж. - 782) тіркелген.

Соның ішінде, облыс әкімдігіне орындауға түскен өтініштері саны. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінен - 101 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінен - 14 .

Есепті кезеңде, облыс әкімдігіне  аудан тұрғындарынан түскен арыздарды сараптау көрсеткендей жүгінулердің  басым  бөлігі  62 арыз Арал ауданы тұғындарынан,  Қазалы ауданынан – 46 арыз  және  Шиелі ауданынан – 41 арыз түскен. Сонымен қатар, барлық түскен арыздың  1508-і  Қызылорда қаласының үлесінде.

Электронды өтініштермен жұмыс жасау бойынша

2021 жылдың есепті кезеңінде облыс әкімдігіне 434 электронды өтініштер келіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанды 67%-ға артқан. Оның ішінде:

Келу каналы

2021 жыл

2020 жыл

Салыстырма

 

«Электронды Үкімет» порталы арқылы

277

194

+83

Облыс әкімінің онлайн-порталы арқылы

33

0

+34

«Ашық диалог» порталы арқылы

115

94

+23

Видеосауал

6

1

+5

Барлығы

431

289

+145 (67%)

Электронды өтініштер санының артуынан жергілікті халықтың интернет ресурстармен жұмыс жасау сауаттылығының жоғарылағандығын және қолжетімділігінің артқандығын көруге болады.

Сауалдардың басым бөлігінде көтерілген мәселелер пәтер алу, жұмысқа орналасу, коммуналдық шаруашылық, көлік, құрылыс мәселелері, білім алу, әлеуметтік көмек алу және денсаулық  сақтау мәселелеріне қатысты.

Барлық түскен 431 сауал зерттеліп, 423 жауаптары мерзімінде порталға орналастырылып, 8 сауал қаралу үстінде.

Өтініштердің қаралу мерзімдері туралы

Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда орындаушылық тәртіп заң бойынша қатаң бақылауға қойылған.

2021 жылдың І тоқсаны бойынша ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының тоқсандық есебіне сәйкес облыс көлемінде  14 өтініш мерзімдерінен кеш орындалған болса, ІІ тоқсан қорытындысымен жергілікті атқарушы органдар бойынша мерзімінен кеш орындалған арыз-шағымдар болған жоқ.

Дата публикации
08 июля 2021
Дата обновления
08 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы