Лого

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысы
(2018 жыл)

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө өкімімен құрамында мемлекеттік органдар басшылары, мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ, зиялы қауым өкілдері бар облыстық ақпараттық топ (129 адамнан жасақталған) құрылды.
Сондай-ақ, қала және аудан көлемінде 9 ақпараттық-насихаттық топ (7 аудан және Қызылорда, Байқоңыр қалалары) құрылып, оған барлығы 44 топ, 259 мүше енгізілді.
Ақпараттық топтармен Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын өңірде ілгерілету, халық арасында түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында облыс бойынша жыл басынан бері 4852 шара ұйымдастырылып, 162 106 тұрғын қамтылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу бағытында 2018 жылғы 9 қазанда бекітілген облыстық медиа-жоспарға сәйкес материалдар топтамасы жариялануда.
Елбасы Жолдауы бойынша жергілікті БАҚ-та, интернет-ресурстарда облыстық медиа-жоспарға сәйкес «Елбасы Жодауы-елдіктің арқауы», «Жолдауға қолдау», «Ел үні», «Кызылординцы поддерживают Президента», «Тікелей көрсетілім», «Актив», «Аймақ», «Республикалық ақпараттық топ- ел ішінде», «Жолдау жүгі», «Собрание актива» атты айдарлармен барлығы 1293 материал жарық көрді.
Облыстық «Qyzylorda» және тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналары арқылы күндізгі жаңалықтар көрсетілімі мен «Өзекжарды», «Үштаған», «Аптаның алты ауызы», «Алқа», «Тема дня», «Қазақстан-2050», «Мезгіл мәселесі» бағдарламаларынан 1306 сюжет көрсетілді.
Сонымен бірге, Елбасы Жолдауының әрбір бағытын түсіндіруге арналған мемлекеттік орган басшыларының, қоғамдық пікір көшбасшыларының, сала мамандарының зиялы қауым өкілдерінің пікірлері ұйымдастырылып, аталған бағытта 45 брифингі ұйымдастырылды.

Дата публикации
25 февраля 2020
Дата обновления
25 февраля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы