Ағымдағы жылдың 18-28 маусым аралығында облыстық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірлесіп, облыс аумағында «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдары, кенттері, ауылдық округтері әкімдерін сайлау: сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында электораттық оқу өткізді.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мақұлдаған оқу-әдістемелік кешені негізінде ұйымдастырылған электораттық оқуға аудандық сайлау комиссияларының толық құрамдары мен учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты.
Оқудың барысында облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Накипов, облыстық сайлау комиссиясының хатшысы А.Сырлыбаева, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қ.Наурызбаев дәрістер оқып, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы филиалының өкілдері Турабаева Ақмарал Айдарқызы және Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы іскерлік ойын, кейістік талқылаулар ұйымдастырды.
Электораттық оқуға қатысушылар ауылдық деңгейдегі сайлауды өткізу мәселелері бойынша пікі алмасып, сайлауды ұйымдастыру жөнінде тест тапсырды.