2021 жылғы 25 маусымда облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен облыс әкімі аппаратының пресс-клубында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен саяси партия филиалдары өкілдерінің қатысуымен брифинг-семинары өткізілді.
Спикерлер - облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Накипов және облсайлауком хатшысы А.Сырлыбаева облыс бойынша аудандардың 40 ауылдық округінің әкімін сайлауды 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындау туралы аудандық сайлау комиссияларының қаулылары қабылданғандығын хабарлап, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарымен таныстырды.
Брифинг барысында сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, кандидаттардың оларға заңнанамен қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру үшін ұсынатын құжаттарының тізбесі мен нысандары туралы түсіндірмелер беріліп, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.