Лого

Меню

Страницы

Статья

Бұқаралық ақпарат құралдарының назарына!

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфирді және баспа алаңын төлеудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей (2021 жылғы 9 шілдеден кешіктірмей) тиісті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлау және жариялау тиіс екендігін еске саламыз.
Бұқаралық ақпарат құралдары ақы төлеу мөлшері, эфирді және баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын бере алмайды. Заңнаманың осы нормасын бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабына сәйкес лауазымды адамдарға - 30 АЕК мөлшерінде, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша эфирден және баспасөзден орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер аумақтық сайлау комиссиясына берілуге тиіс.

Дата публикации
02 июля 2021
Дата обновления
02 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

24 октября 2026
ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ.
Пайдалы ақпарат
24 октября 2026
Қызылорда телеарнасы
24 октября 2026
Баспа БАҚ

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы