Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысы
(2017 жыл бойынша)
«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру туралы 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө-өкімімен 129 адамнан жасақталған 9 облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылды. Осындай топтар барлық аудандармен Қызылорда қаласында құрылып барлығы 44 топ, 259 мүше енгізілді.
Аталған топ құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері және зиялы қауым өкілдері енгізілді. Топ жетекшілігіне облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы және «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары бекітілді.
Облыстық ақпараттық-насихаттық топтың жұмысы кезең-кезеңімен ұйымдастыру жоспарланып, мүшелерінің елді-мекендерге шығу жоспары тоқсан сайын ұйымдастырылып, жыл көлемінде 1693 кездесуге 165 177 адам қамтылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу бағытында 2017 жылдың 2 ақпан күні бекітілген облыстық медиа-жоспарға сәйкес материалдар топтамасы жариялануда.
Елбасы Жолдауы бойынша жергілікті БАҚ-та облыстық медиа жоспарға сәйкес «Жолдау», «Тұрғын үй құрылысы», «Жаңа жағдайдағы Жолдау», «Жолдаудан кейінгі пікірлер, үн қосу», «Аймақ», «Мнение», «Послание Президента народу Казахстана», «Жүректе жол тапқан Жолдау», «Қоғам», «Жолдау-ел дамуының басты бағыты», «Елбасы Жолдауы – елдіктің арқауы», «Бағыт» атты айдарлармен барлығы 2559 материал жарық көрді.
Облыстық «Qyzylorda» және тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналары арқылы күндізгі жаңалықтар көрсетілімі мен «Үштаған», «Аптаның алты ауызы», «Қазақстан-2050», «Өзекжарды», «Мезгіл мәселесі» бағдарламаларынан 1481 сюжет көрсетілді.
Сонымен бірге, Елбасы Жолдауының әрбір бағытын түсіндіруге арналған мемлекеттік орган басшыларының 102 брифингі ұйымдастырылды.