2026 жыл ІIІ тоқсан бойынша
Көлік инфрақұрылы бойынша
Облыс аумағында 212 елді мекенді, аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 202 автобус маршруты ұйымдастырылған. Оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 65 маршрут, аудандық (кентішілік) – 86 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 32 маршрут. Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 18 автобус маршруты ұйымдастырылған. Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 2 автовокзал және 8 автостанса ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттар арқылы халыққа қызмет көрсетуде. 2024 жылы Қызылорда қаласының сол жағалауында орналасқан құны 975 млн теңгені құрайтын заманауи үлгідегі 200 орындық автовокзал ғимараты пайдалануға берілді.
Жаңа автовокзал Қызылорда қаласы әкімдігімен «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің меншігіне беріліп, қазіргі таңда өз қызметін көрсетуде.
Қазіргі таңда, жаңадан облысаралық (қалааралық) «Қызылорда- Атамекен (Хоргос)» тұрақты жолаушы тасымалдаушы маршруты ашылып, сол жағалаудағы жаңа автовокзалдан қызметін жүргізуде.
Қызылорда қаласының да қоғамдық көлік қызметі жақсарып, үлкен сыйымдылықтағы жаңа автобустармен толықтыру бойынша да ауқымды жұмыстар жасалуда. 2026 жылдың ІIІ-тоқсанының қорытындысы бойынша 28,8 млн. жолаушы тасымалданып, 97,3 %-ды құрады (2025 жылдың ІІI тоқсанында – 27,7 млн. адам). 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,8 %-ға ; жоғары. 2022 -2024 жылдары Қызылорда қаласының қоғамдық көлік мәселесін шешу бағытында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 7% лизингпен табиғи газ отынымен (метан) қозғалатын 300 дана «Yutong ZK6852 HG» автобус алынды. Жаңа үлгідегі үлкен сыйымдылықтағы автобустар бейнекамералармен, GPS құрылғыларымен және мүгедек жандарды мінгізіп-түсіретін арнайы құрылғылармен (аппарельмен) толықтай жабдықталған.
Бүгінгі таңда «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і қалалық 32 маршрутты қамтып отыр. Қызылорда қаласында «Экотакси» қызметін құру жобасы бойынша 100 дана электромобиль алынып, Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде.
Әуе көлігі бойынша
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Абайұлының қатысуымен 2024 жылы 12 қарашада «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы ашылды. Жобаны іске асыруға «Болат Өтемұратов қоры» 16 млрд 700 млн теңге инвестиция салды, жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4 млрд. 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.
Әуе айлағының өткізу мүмкіндігі 7 есе, яғни жылына 300 мыңнан 2 млн жолаушыға дейін артты. Жаңа терминал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жоғары стандарттарына сәйкес келеді. Анықтама ретінде: Жаңа терминалда ішкі және халықаралық рейстерге арналған залдар, транзиттік жолаушылар залы, СІР-зал, жүкті автоматты түрде беру жүйесі, сауда нүктелері, медпункт, жолаушыларды тіркеуке арналған 8 орын және 5 өзін-өзі тіркеу бекеті, жүкті және жолаушыларды тексерудің 7 бақылау нүктесі, 10 төлқұжатты бақылау кабинасы болады.
2026 жылдың 20 маусымынан бастап «Scat» әуе компаниясы «Ақтау-Қызылорда-Ақтау» бағыты бойынша субсидиялық жаңа рейсін іске қосты.
Бүгінде «Қорқыт Ата әуежайы» арқылы «АirAstana», «Fly Arystan», «Qazaq Air» және «Scat» әуе компаниялары аптасына 43, атап айтқанда Астана қаласына 29, Алматыға 12 рейс және Актау 2 рейс орындауда.
2026 жылдың ІІI-тоқсанының қорытындысы бойынша әуежайдан 127,7 мың жолаушыл жөнелтіліп (2025 жылдың IІІ тоқсанында – 84,1 адам) жолаушы жөнелтілді, бұл 2025 жылдың ІІI тоқсанымен салыстырғанда 58,1 % жоғары.
Теміржол көлігі бойынша
Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1051,7 км.-ді құрайды және 8 темір жол вокзалы, 2 қызмет көрсету пункті бар. Облыс аумағынан барлығы 15 жұп жолаушы пойызы өтеді, оның ішінде облыс орталығынан Астана, Петропавловск, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына 6 жұп жолаушы пойызы ұйымдастырылған. Әлеуметтік маңызы бар №6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жолаушылар пойызы облысымыздың оңтүстік бағытында 26 елді мекенді көлік қызметімен қамтиды.
Анықтама ретінде: 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында 12,5 мың жолаушы тасымалданып 110,2 млн. теңге субсидия игерілді. 2023 жылы «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 605 млн теңгеден астам қаржыға Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы ғимаратымен іргелес аумағына күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
2025 жылы Мемлекет басшысы мен Үкіметтің айрықшы қолдауымен, республика көлемінде және облысымыздың барлық темір жол вокзалдары мен вокзал маңы аумағын күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу қолға алынып, жалпы саны 124 вокзалдың жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жоғарыда аталып өтілген жөндеу жұмыстары жүргізілетін теміржол вокзалдарының тізіміне, облысымыздың 7 темір жол вокзалы (Жаңақорған, Шиелі, Жосалы, Төретам, Қазалы, Арал теңізі, Сексеуіл), 2 қызмет көрсету пункті (Тереңөзек және Жалағаш) және Талап бекетіндегі жолаушылар платформасы енгізілген. Арал, Сексеуіл, Қазалы, Жосалы, Төретам Шиелі, Жаңақорған темір жол вокзалдары және Талап бекетіндегі жолаушылар платформасы халық игілігіне табысталды. Қалған темір жол вокзалдарында қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды жаңғырту және қауіпсіздік талаптарын күшейту мақсатында қолға алынған.Жөндеу барысында вокзал ғимараттарының сыртқы және ішкі келбеті жаңартылып, күту залдары, билет сату орындары және санитарлық тораптар заманауи талаптарға сай қайта жабдықталуда. Сонымен қатар инженерлік желілер толық жаңартылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасауға да ерекше көңіл бөлінуде. Аталған жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін темір жол вокзалдарының қызмет көрсету сапасы артып, тұрғындар мен қонақтар үшін анағұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз орта қалыптасады деп күтілуде.
Жол инфрақұрылымын дамыту бойынша
Қызылорда облысы аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3525 км құрайды. Оның 1025 км республикалық, 555 км облыстық, 1945 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.
2026 жылы жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен барлығы 43,8 млрд. теңге нақтыланып, ұзындығы 168 км жол құрайтын автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдерін жөндеуден өткізілуде.
2026 жылдың қортындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіштерінің үлесі 95,5%-ға жеткізу жоспарланған.
2026 жыл ІІ тоқсан бойынша
Облыс аумағында 212 елді мекенді, аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 202 автобус маршруты ұйымдастырылған.
Оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 65 маршрут, аудандық (кентішілік) – 86 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 32 маршрут.
Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 18 автобус маршруты ұйымдастырылған.
Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 2 автовокзал және 8 автостанса ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттар арқылы халыққа қызмет көрсетуде.
2024 жылы Қызылорда қаласының сол жағалауында орналасқан құны 975 млн теңгені құрайтын заманауи үлгідегі 200 орындық автовокзал ғимараты пайдалануға берілді.
Жаңа автовокзал Қызылорда қаласы әкімдігімен «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің меншігіне беріліп, қазіргі таңда өз қызметін көрсетуде.
Қазіргі таңда, жаңадан облысаралық (қалааралық) «Қызылорда- Атамекен (Хоргос)» тұрақты жолаушы тасымалдаушы маршруты ашылып, сол жағалаудағы жаңа автовокзалдан қызметін жүргізуде.
Қызылорда қаласының да қоғамдық көлік қызметі жақсарып, үлкен сыйымдылықтағы жаңа автобустармен толықтыру бойынша да ауқымды жұмыстар жасалуда.
2026 жылдың ІІ-тоқсанының қорытындысы бойынша 17,3 млн. жолаушы тасымалданып, 97,3 %-ды құрады (2025 жылдың ІІ тоқсанында – 17,7 млн. адам). 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7 %-ға төмен.
2022 -2024 жылдары Қызылорда қаласының қоғамдық көлік мәселесін шешу бағытында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 7% лизингпен табиғи газ отынымен (метан) қозғалатын 300 дана «Yutong ZK6852 HG» автобус алынды.
Жаңа үлгідегі үлкен сыйымдылықтағы автобустар бейнекамералармен, GPS құрылғыларымен және мүгедек жандарды мінгізіп-түсіретін арнайы құрылғылармен (аппарельмен) толықтай жабдықталған.
Бүгінгі таңда «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і қалалық 32 маршрутты қамтып отыр.
Қызылорда қаласында «Экотакси» қызметін құру жобасы бойынша
100 дана электромобиль алынып, Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Абайұлының қатысуымен 2024 жылы 12 қарашада «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы ашылды.
Жобаны іске асыруға «Болат Өтемұратов қоры» 16 млрд 700 млн теңге инвестиция салды, жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4 млрд. 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.
Әуе айлағының өткізу мүмкіндігі 7 есе, яғни жылына 300 мыңнан
2 млн жолаушыға дейін артты.
Жаңа терминал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жоғары стандарттарына сәйкес келеді.
Анықтама ретінде: Жаңа терминалда ішкі және халықаралық рейстерге арналған залдар, транзиттік жолаушылар залы, СІР-зал, жүкті автоматты түрде беру жүйесі, сауда нүктелері, медпункт, жолаушыларды тіркеуке арналған 8 орын және 5 өзін-өзі тіркеу бекеті, жүкті және жолаушыларды тексерудің
7 бақылау нүктесі, 10 төлқұжатты бақылау кабинасы болады.
2026 жылдың 20 маусымынан бастап «Scat» әуе компаниясы «Ақтау-Қызылорда-Ақтау» бағыты бойынша субсидиялық жаңа рейсін іске қосты.
Бүгінде «Қорқыт Ата әуежайы» арқылы «АirAstana», «Fly Arystan», «Qazaq Air» және «Scat» әуе компаниялары аптасына 47, атап айтқанда Астана қаласына 32, Алматыға 13 рейс және Актау 2 рейс орындауда.
2026 жылдың ІІ-тоқсанының қорытындысы бойынша әуежайдан 78,5 мың жолаушыл жөнелтіліп (2025 жылдың ІІ тоқсанында – 51,9 адам) жолаушы жөнелтілді, бұл 2025 жылдың ІІ тоқсанымен салыстырғанда 51,3 % жоғары
Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1051,7 км.-ді құрайды және 8 темір жол вокзалы,
2 қызмет көрсету пункті бар.
Облыс аумағынан барлығы 15 жұп жолаушы пойызы өтеді, оның ішінде облыс орталығынан Астана, Петропавловск, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына 6 жұп жолаушы пойызы ұйымдастырылған. Әлеуметтік маңызы бар №6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жолаушылар пойызы облысымыздың оңтүстік бағытында 26 елді мекенді көлік қызметімен қамтиды.
Анықтама ретінде: 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында 7,8 мың жолаушы тасымалданып 80,2 млн. теңге субсидия игерілді.
2023 жылы «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 605 млн теңгеден астам қаржыға Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы ғимаратымен іргелес аумағына күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
2025 жылы Мемлекет басшысы мен Үкіметтің айрықшы қолдауымен, республика көлемінде және облысымыздың барлық темір жол вокзалдары мен вокзал маңы аумағын күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу қолға алынып, жалпы саны 124 вокзалдың жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жоғарыда аталып өтілген жөндеу жұмыстары жүргізілетін теміржол вокзалдарының тізіміне, облысымыздың 7 темір жол вокзалы (Жаңақорған, Шиелі, Жосалы, Төретам, Қазалы, Арал теңізі, Сексеуіл), 2 қызмет көрсету пункті (Тереңөзек және Жалағаш) және Талап бекетіндегі жолаушылар платформасы енгізілген.
Аталған темір жол вокзалдардың жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемелер мен «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ арысында келісім шарт жасалынды.
Ағымдығы жылдың 27-28 маусым күндері Қазалы, Шиелі, Жаңақорған темір жол вокзалдары және Талап бекетіндегі жолаушылар платформасы халық игілігіне табысталды.
Қалған темір жол вокзалдарында қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жұмыстар жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды жаңғырту және қауіпсіздік талаптарын күшейту мақсатында қолға алынған.
Жөндеу барысында вокзал ғимараттарының сыртқы және ішкі келбеті жаңартылып, күту залдары, билет сату орындары және санитарлық тораптар заманауи талаптарға сай қайта жабдықталуда. Сонымен қатар инженерлік желілер толық жаңартылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасауға да ерекше көңіл бөлінуде.
Аталған жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін темір жол вокзалдарының қызмет көрсету сапасы артып, тұрғындар мен қонақтар үшін анағұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз орта қалыптасады деп күтілуде.
2026 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша ақпарат
Автомобиль көлігі облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 202 автобус маршруты ұйымдастырылған.
Оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 65 маршрут, аудандық (кентішілік) – 86 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 32 маршрут.
Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 18 автобус маршруты ұйымдастырылған.
Қазіргі таңда, жаңадан облысаралық (қалааралық) «Қызылорда- Атамекен (Хоргос)» тұрақты жолаушы тасымалдаушы маршруты ашылып, сол жағалаудағы жаңа автовокзалдан қызметін жүргізуде және тұрғындардың сұранысына орай «Қазалы-Атамекен (Хоргос)» тұрақты жолаушы тасымалдаушы маршруты ашу жұмыстары жүргізілуде.
2026 жылдың 2 ай қорытындысы бойынша 6,63 млн. жолаушы тасымалданып, 99,3 %-ды құрады (2025 жылы – 6,68 млн. адам).
2026 жылдың 2 ай қорытындысы бойынша автомобиль көлігімен 853,3 мың. тонна жүк тасымалданып 109,2 пайызды құрады (2025 жылы – 784,6 мың тонна). Бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,2%-ға жоғары.
Түскен табыс 6 млрд. 219,7 млн. теңге (жүк тасымалынан 5,1 млрд. тг., жолаушы тасымалынан 1,1 млрд. тг.), өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 31,9 %-ға жоғары (2025 жылы 4 млрд. 231,2 млн. теңге).
Әуе көлігі бойынша
Бүгінгі күні «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына 44 рейс орындалуда, оның ішінде: Астана қаласына – 29, Алматы қаласына – 15 рейс орындалуда. Бұл рейстер «AirAstana», «Fly Arystan» және «Qazaq Air» әуе компанияларымен атқарылуда.
Анықтама ретінде: 2026 жылдың 2 ай қорытындысымен әуежайдан 30,1 мың (2025 жылы – 19,6 мың. адам) жолаушы жөнелтілді, бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 53,8% төмен. Түскен табыс 950,6 млн. теңге, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26,4% жоғары (2025 жылы – 751,8 млн. теңге).
2025 жылдың жазғы уақытында «Fly Arystan» әуе компаниясымен Анталья (Түркия) қаласына чартерлік рейс орындалды.
Сондай-ақ, 2024 жылы «Қызылорда-Ақтау» бағытына әуе рейсі ашылып, жолаушылар ағымының болмауына байланысты тоқтатылған болатын.
2026 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар рейстердің тізбесіне «Қызылорда-Ақтау-Қызылорда» бағытын енгізуге келісім алынып, аталған әуе рейстерін ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Темір жол вокзалы бойынша. Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1051,7 км.-ді құрайды және 8 темір жол вокзалы, 2 қызмет көрсету пункті бар.
Облыс аумағынан барлығы 15 жұп жолаушы пойызы өтеді, оның ішінде облыс орталығынан Астана, Петропавловск, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына 6 жұп жолаушы пойызы ұйымдастырылған.
Әлеуметтік маңызы бар №6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жолаушылар пойызы облысымыздың оңтүстік бағытында 26 елді мекенді көлік қызметімен қамтиды.
Мемлекет басшысының және Үкіметтің қолдауымен бұл берекелі бастама республикамыздың барлық облыстарында және аймағымыздың Жаңақорған, Шиелі, Жосалы, Төретам, Қазалы, Арал, Сексеуіл станцияларындағы 7 темір жол вокзалында, Жалағаш пен Тереңөзектегі қызмет көрсету пунктері мен Талап бекетіндегі жолаушылар платформасында жалғасын тауып, темір жол вокзалы мен вокзал аумағы қайта жаңғырту және күрделі жөндеуден, абаттандырудан өтуде.
2025 жыл бойынша қорытынды ақпарат
Автомобиль көлігі облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 202 автобус маршруты ұйымдастырылған.
Оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 65 маршрут, аудандық (кентішілік) – 86 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 32 маршрут.
Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 18 автобус маршруты ұйымдастырылған.
Қазіргі таңда, жаңадан облысаралық (қалааралық) «Қызылорда- Атамекен (Хоргос)» тұрақты жолаушы тасымалдаушы маршруты ашылып, сол жағалаудағы жаңа автовокзалдан қызметін жүргізуде және тұрғындардың сұранысына орай «Қазалы-Атамекен (Хоргос)» тұрақты жолаушы тасымалдаушы маршруты ашу жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылдың қорытындысы бойынша 46,1 млн. жолаушы тасымалданып, 129,3 %-ды құрады (2024 жылы – 35,7 млн. адам).
2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,3 %-ға жоғары.
2025 жылдың қорытындысы бойынша автомобиль көлігімен 6 650,4 мың. тонна жүк тасымалданып 159,5 пайызды құрады (2024 жылы – 43170,8 мың тонна). Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 59,5%-ға жоғары.
Түскен табыс 36 млрд. 326,8 млн. теңге (жүк тасымалынан 29,1 млрд. тг., жолаушы тасымалынан 7,2 млрд. тг.), өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,9 %-ға жоғары (2024 жылы 22 млрд. 528,5 млн. теңге).
Әуе көлігі бойынша
Бүгінгі күні «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына 27 рейс орындалуда, оның ішінде: Астана қаласына – 17, Алматы қаласына – 10 рейс орындалуда. Бұл рейстер «AirAstana», «Fly Arystan» және «Qazaq Air» әуе компанияларымен атқарылуда.
Анықтама ретінде: 2025 жылдың қорытындысымен әуежайдан 145,1 мың (2024 жылы – 171,8 мың. адам) жолаушы жөнелтілді, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,6% төмен. Түскен табыс 6 млрд 308,3 млн. теңге, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,1% төмендеген (2024 жылы – 8 204,2 млн. теңге).
2025 жылдың жазғы уақытында «Fly Arystan» әуе компаниясымен Анталья (Түркия) қаласына чартерлік рейс орындалды.
Сондай-ақ, 2024 жылы «Қызылорда-Ақтау» бағытына әуе рейсі ашылып, жолаушылар ағымының болмауына байланысты тоқтатылған болатын.
2026 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар рейстердің тізбесіне «Қызылорда-Ақтау-Қызылорда» «Қызылорда-Атырау-Қызылорда» бағыттарын енгізуге келісім алынып, аталған әуе рейстерін ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Темір жол вокзалы бойынша Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1051,7 км.-ді құрайды және 8 темір жол вокзалы,
2 қызмет көрсету пункті бар.
Облыс аумағынан барлығы 15 жұп жолаушы пойызы өтеді, оның ішінде облыс орталығынан Астана, Петропавловск, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына 6 жұп жолаушы пойызы ұйымдастырылған.
Әлеуметтік маңызы бар №6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жолаушылар пойызы облысымыздың оңтүстік бағытында 26 елді мекенді көлік қызметімен қамтиды.
Анықтама ретінде: 2025 жылы 19,3 мың жолаушы тасымалданып 170,3 млн. теңге субсидия игерілді.
Осы ретте, темір жол көлігі саласындағы жаңалықпен бөлісіп өтсем, Өздеріңіз білгілі қазіргі уақытқа дейін «Жолаушылар тасымалы» акциянерлік қоғамымен №65/66 «Астана-Жезқазған» бағытындағы тальго пойызының бағыты ұйымдастырылып келген болатын.
2025 жылдың 14 желтоқсанынан бастап аталған бағыт Қызылорда облысына дейін ұзарталып, жолаушыларға еліміздің бас қаласына жайлы және қысқа уақытта жетуге мүмкіндік береді.
Анықтама ретінде: «Астана-Қызылорда» пойызы күн ара жүреді және бір рейсте 400-ден астам жолаушыны тасымалдай алады. Желіде жайлылықтың жоғары деңгейімен ерекшеленетін және ұзақ сапарларға қажетті барлық заттармен жабдықталған заманауи тальго құрамдары пайдаланылатын болады.
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға ерекше назар аударылды — олар үшін арнайы орындар мен 50% - ға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Маршруттын жүру уақыты басқа жолаушылар пойыздарымен салыстырғанда жол жүру уақытын жеті сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, халықаралық бағытта жүретін №7/8 «Алматы-Саратов» жолаушылар тасымалы пойызына 2025 жылдың 16 желтоқсанынан бастап, Алматы қаласынан Ресей Федерациясының Мәскеу қаласына тікелей қатынайтын ілеспе
2 жолшаулыр вагоны қосылып, бұл жолаушылар вагоны №7/8 «Алматы-Саратов» жолаушылар тасымалы пойызының қозғалыс кестесіне сәйкес жүреді.
Өздеріңізге белгілі 2023 жылы «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ АҚ және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 600 млн. теңгеге астам қаржыға Қызылорда қаласындағы темір жол вокзалы мен вокзал аумағы күрделі жөндеуден және абаттандырудан өткен болатын.
Анықтама ретінде: 2023 жылы темір жол вокзалы мен аумағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобаның жалпы сомасы 577 млн. теңгені құрады. Жобаға «Қазақстан Темір Жолы» компаниясымен 322 млн. теңге және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 255 млн. теңге қаржы бөлінді.
Мемлекет басшысының және Үкіметтің қолдауымен бұл берекелі бастама республикамыздың барлық облыстарында және аймағымыздың Жаңақорған, Шиелі, Жосалы, Төретам, Қазалы, Арал, Сексеуіл станцияларындағы 7 темір жол вокзалында, Жалағаш пен Тереңөзектегі қызмет көрсету пунктері мен Талап бекетіндегі жолаушылар платформасында жалғасын тауып, темір жол вокзалы мен вокзал аумағы қайта жаңғырту және күрделі жөндеуден, абаттандырудан өтуде.
І. Автомобиль көлігі. Бүгінгі таңда, облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 202 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) – 99 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 32 маршрут. Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты ұйымдастырылған.
Осы маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1069 дана автобуспенжолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 34,7 млн жолаушы тасымалданып, өткен жылмен салыстырғанда 35,0 % жоғары.
2025 жылдың 9 айы бойынша Ауданаралық (қалааралық облысішілік) әлеуметтік маңызы бар 4 маршрут бойынша 8,5 млн. теңге игерілді.
Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 2 автовокзал және 8 автостанса ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттар арқылы халыққа қызмет көрсетуде. Қызылорда қаласының сол жағалауында жоба құны 975 млн. теңгені құрайтын жаңа автовокзал құрылысы салынып, пайдалануға берілді.
Жаңа автовокзал Қызылорда қаласы әкімдігімен «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің меншігіне беріліп, қазіргі таңда өз қызметін көрсетуде.
Қызылорда қаласының қоғамдық көлік мәселесін шешу бағытында 2022-2024 жж. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 7% лизингпен табиғи газ отынымен (метан) қозғалатын 300 дана «Yutong ZK6852 HG» автобус алынды.
Бүгінгі таңда «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і қалалық 32 маршрутты қамтып отыр.
Қызылорда қаласында «Экотакси» қызметін құру жобасы бойынша 100 дана электромобиль алынып, Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде.
ІІ. Әуе көлігі. Бүгінгі күні «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына барлығы 30 рейс орындалуда, оның ішінде: Астана қаласына – 18, Алматыға – 12 рейс. Бұл рейстер «AirAstana», «Fly Arystan» және «Qazaq Air» әуе компанияларымен атқарылуда.
2025 жылдың 3 тоқсанда әуежайдан 154,3 мың жолаушы жөнелтілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,0 % артып отыр.
2024 жылдың 12 қарашасында мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр ОлжасБектеновтың қатысуымен Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының ашылу салтанаты өтті.
Аталған жаңа жолаушылар терминалы, «Болат Өтемұратов қоры» Жеке қорының демеушілігімен салынды.
Атап айтқанда, «Болат Өтемұратов қоры» «Қызылорда қаласының «Қорқыт ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» жобасын іске асыруға 16,6 млрд. теңгені (33,0 млн. АҚШ долл.) арнайы бөлді.
Осы ретте,облыстық бюджеттен 4,3 млрд. теңге қаржы қаралып, Қызылорда қаласы әкімдігімен жаңа жолаушылар терминалына сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын жеткізу (су, кәріз, электр және интернет желілерін тарту, бу қазандығы мен КНС,автотұрақтар, автомобиль жолын салу) жұмыстары жүргізілді.
Жаңа жолаушылар терминалы алдағы уақытта әуе көлігі көрсеткіштерін шамамен 7 есеге арттыруға мүмкіндік береді.Жолаушылар тасымалы көлемі 300мың жолаушыдан жыл сайын 2 млн жолаушыға дейін ұлғайып,жүк тасымалдау көлемі жылына 150 тоннадан 240 тоннаға дейін артады деп жоспарлануда. Жаңартылған «Қорқыт Ата» терминалы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жоғары стандарттарына сәйкес келеді.
III. Темір жол көлігі.
1. Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1051,7 км.-ді құрайды және 8 темір жол вокзалы, 2 қызмет көрсету пункті бар.
Облыс аумағынан барлығы 14 жұп жолаушы пойызы өтеді, оның ішінде облыс орталығынан Петропавловск, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына 5 жұп жолаушы пойызы ұйымдастырылған.
Әлеуметтік маңызы бар №6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жолаушылар пойызы облысымыздың оңтүстік бағытында 26 елді мекенді көлік қызметімен қамтиды.
2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында 14,8 мың жолаушы тасымалданып,110,7 млн. теңге субсидия игерілген.
2. Темір жол вокзалдары бойынша
Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы 2 ғимараттан - 1905 жылы салынған 1 қабатты ғимарат және 1969 жылы салынған 3 қабатты екінші вокзал ғимараттан тұрады.
Анықтама:
- ескі вокзалдың жалпы ауданы - 832,1 м2;
- жаңа вокзалдың жалпы ауданы-1336,9 м2;
- теміржол вокзалында 2 жолаушы платформасы бар, жалпы ауданы – 2169 м2.
«Қазақстан Темір Жолы» компаниясы және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы ғимаратына, оның іргелес аумағына 600 млн теңгеден астам қаржыға жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары.
Темір жол вокзалы аумағындағы сауда орындары ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары жүргізілетін теміржол вокзалдарының тізіміне 7 темір жол вокзалы (Жаңақорған, Шиелі, Жосалы, Төретам, Қазалы, Арал теңізі, Сексеуіл), 2 қызмет көрсету пункті (Тереңөзек және Жалағаш) және Талап бекетіндегі жолаушылар платформасы енгізілген.
Аталған темір жол вокзалдардың жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемелер «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-мен келісім шарт жасалып, қазіргі таңда, аудандардағы барлық темір жол вокзалдарында ішкі демонтаж, сыртқы қас бетін қатты травертинмен қаптау және шатырын черепицаға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2025 жылдың ІI тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама
Жол инфрақұрылымын дамыту бойынша
Қызылорда облысы аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3545 км құрайды. Оның 1024,5 км республикалық, 555 км облыстық, 1965,5 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.
2025 жылы жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен барлығы 41,2 млрд. теңге нақтыланып, ұзындығы 330 км жол құрайтын автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдерін жөндеуден өткізілуде.
2025 жылдың қортындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіштерінің үлесі 95%-ға жеткізу жоспарланған.
Жолаушылар көлігі және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша
І. Автомобиль көлігі. 2025 жылы облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 202 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) – 99 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 32 маршрут. Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты ұйымдастырылған.
Осы маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1069 дана автобус пен жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.
2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 6,9 млн жолаушы тасымалданып, өткен жылмен салыстырғанда 29,5 % жоғары.
Ауданаралық (қалааралық облысішілік) әлеуметтік маңызы бар
5 маршрут бойынша 2,3 млн. теңге игерілді.
Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 2 автовокзал және 8 автостанса ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттар арқылы халыққа қызмет көрсетуде. Қызылорда қаласының сол жағалауында жоба құны 975 млн. теңгені құрайтын жаңа автовокзал құрылысы салынып, пайдалануға берілді.
Жаңа автовокзал Қызылорда қаласы әкімдігімен «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің меншігіне беріліп, 2025 жылы өз қызметін көрсетуде.
Қызылорда қаласының қоғамдық көлік мәселесін шешу бағытында 2022-2024 жж. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 7% лизингпен табиғи газ отынымен (метан) қозғалатын 300 дана «Yutong ZK6852 HG» автобус алынды.
2025 жылы «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і қалалық
32 маршрутты қамтып отыр.
Қызылорда қаласында «Экотакси» қызметін құру жобасы бойынша 100 дана электромобиль алынып, Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде.
ІІ. Әуе көлігі. 2025 жылы «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына барлығы 29 рейс орындалуда, оның ішінде: Астана қаласына – 18, Алматыға – 11 рейс. Бұл рейстер «AirAstana», «Fly Arystan» және «Qazaq Air» әуе компанияларымен атқарылуда.
2025 жылдың 1 тоқсанда әуежайдан 43,9 мың жолаушы жөнелтілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,0 % артып отыр.
Ағымдағы жылдың 12 қарашасында мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр ОлжасБектеновтың қатысуымен Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының ашылу салтанаты өтті.
Аталған жаңа жолаушылар терминалы, «Болат Өтемұратов қоры» Жеке қорының демеушілігімен салынды.
Атап айтқанда, «Болат Өтемұратов қоры» «Қызылорда қаласының «Қорқыт ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» жобасын іске асыруға 16,6 млрд. теңгені (33,0 млн. АҚШ долл.) арнайы бөлді.
Осы ретте,облыстық бюджеттен 4,3 млрд. теңге қаржы қаралып, Қызылорда қаласы әкімдігімен жаңа жолаушылар терминалына сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын жеткізу (су, кәріз, электр және интернет желілерін тарту, бу қазандығы мен КНС,автотұрақтар, автомобиль жолын салу) жұмыстары жүргізілді.
Жаңа жолаушылар терминалы алдағы уақыттаәуе көлігі көрсеткіштерін шамамен 7 есеге арттыруға мүмкіндік береді.Жолаушылар тасымалы көлемі 300мың жолаушыдан жыл сайын 2 млн жолаушыға дейін ұлғайып,жүк тасымалдау көлемі жылына 150 тоннадан 240 тоннаға дейін артады деп жоспарлануда. Жаңартылған «Қорқыт Ата» терминалы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жоғары стандарттарына сәйкес келеді.
III. Темір жол көлігі.
1. Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1051,7 км.-ді құрайды және 8 темір жол вокзалы, 2 қызмет көрсету пункті бар.
Облыс аумағынан барлығы 14 жұп жолаушы пойызы өтеді, оның ішінде облыс орталығынан Петропавловск, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына 5 жұп жолаушы пойызы ұйымдастырылған.
Әлеуметтік маңызы бар №6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жолаушылар пойызы облысымыздың оңтүстік бағытында 26 елді мекенді көлік қызметімен қамтиды.
2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 3,4 мың жолаушы тасымалданып 42,2 млн. теңге субсидия игерілді.
2. Темір жол вокзалдары бойынша
Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы 2 ғимараттан - 1905 жылы салынған 1 қабатты ғимарат және 1969 жылы салынған 3 қабатты екінші вокзал ғимараттантұрады.
Анықтама:
- ескі вокзалдың жалпы ауданы - 832,1 м2;
- жаңа вокзалдың жалпы ауданы-1336,9 м2;
- теміржол вокзалында 2 жолаушы платформасы бар, жалпы ауданы – 2169 м2.
«Қазақстан Темір Жолы» компаниясы және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы ғимаратына, оның іргелес аумағына 600 млн теңгеден астам қаржыға жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары.
Темір жол вокзалы аумағындағы сауда орындары ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, аудан әкімдіктері аудандарда орналасқан темір жол вокзалдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттамалары әзірлеп, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ- «Қызылорда магистралды желі бөлімшесі» филиалына жолданды. 2025 жылы жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу мәселесін қарауда.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2025 жылдың І тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама
Жол инфрақұрылымын дамыту бойынша
2025 жылы жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен барлығы 33,6 млрд. теңге нақтыланып, ұзындығы 321 км жол құрайтын автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдерін жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.
2025 жылдың аяғына дейін облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіштерінің үлесі 95%-ға жеткізу жоспарланған.
Жолаушылар көлігі және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша
І. Автомобиль көлігі. 2025 жылы облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 202 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) – 99 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 32 маршрут. Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты ұйымдастырылған.
Осы маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1069 дана автобус пен жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.
2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 6,9 млн жолаушы тасымалданып, өткен жылмен салыстырғанда 29,5 % жоғары.
Ауданаралық (қалааралық облысішілік) әлеуметтік маңызы бар 5 маршрут бойынша 2,3 млн. теңге игерілді.
Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 2 автовокзал және 8 автостанса ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттар арқылы халыққа қызмет көрсетуде. Қызылорда қаласының сол жағалауында жоба құны 975 млн. теңгені құрайтын жаңа автовокзал құрылысы салынып, пайдалануға берілді.
Жаңа автовокзал Қызылорда қаласы әкімдігімен «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің меншігіне беріліп, 2025 жылы өз қызметін көрсетуде.
Қызылорда қаласының қоғамдық көлік мәселесін шешу бағытында 2022-2024 жж. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 7% лизингпен табиғи газ отынымен (метан) қозғалатын 300 дана «Yutong ZK6852 HG» автобус алынды.
2025 жылы «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і қалалық 32 маршрутты қамтып отыр.
Қызылорда қаласында «Экотакси» қызметін құру жобасы бойынша 100 дана электромобиль алынып, Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде.
ІІ. Әуе көлігі. 2025 жылы «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына барлығы 29 рейс орындалуда, оның ішінде: Астана қаласына – 18, Алматыға – 11 рейс. Бұл рейстер «AirAstana», «Fly Arystan» және «Qazaq Air» әуе компанияларымен атқарылуда.
2025 жылдың 1 тоқсанда әуежайдан 43,9 мың жолаушы жөнелтілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,0 % артып отыр.
Ағымдағы жылдың 12 қарашасында мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр ОлжасБектеновтың қатысуымен Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының ашылу салтанаты өтті.
Аталған жаңа жолаушылар терминалы, «Болат Өтемұратов қоры» Жеке қорының демеушілігімен салынды.
Атап айтқанда, «Болат Өтемұратов қоры» «Қызылорда қаласының «Қорқыт ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» жобасын іске асыруға 16,6 млрд. теңгені (33,0 млн. АҚШ долл.) арнайы бөлді.
Осы ретте,облыстық бюджеттен 4,3 млрд. теңге қаржы қаралып, Қызылорда қаласы әкімдігімен жаңа жолаушылар терминалына сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын жеткізу (су, кәріз, электр және интернет желілерін тарту, бу қазандығы мен КНС,автотұрақтар, автомобиль жолын салу) жұмыстары жүргізілді.
Жаңа жолаушылар терминалы алдағы уақыттаәуе көлігі көрсеткіштерін шамамен 7 есеге арттыруға мүмкіндік береді.Жолаушылар тасымалы көлемі 300мың жолаушыдан жыл сайын 2 млн жолаушыға дейін ұлғайып,жүк тасымалдау көлемі жылына 150 тоннадан 240 тоннаға дейін артады деп жоспарлануда. Жаңартылған «Қорқыт Ата» терминалы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жоғары стандарттарына сәйкес келеді.
III. Темір жол көлігі.
1. Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1051,7 км.-ді құрайды және 8 темір жол вокзалы, 2 қызмет көрсету пункті бар.
Облыс аумағынан барлығы 14 жұп жолаушы пойызы өтеді, оның ішінде облыс орталығынан Петропавловск, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына 5 жұп жолаушы пойызы ұйымдастырылған.
Әлеуметтік маңызы бар №6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жолаушылар пойызы облысымыздың оңтүстік бағытында 26 елді мекенді көлік қызметімен қамтиды.
2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 3,4 мың жолаушы тасымалданып 42,2 млн. теңге субсидия игерілді.
2. Темір жол вокзалдары бойынша
Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы 2 ғимараттан - 1905 жылы салынған 1 қабатты ғимарат және 1969 жылы салынған 3 қабатты екінші вокзал ғимараттан тұрады.
Анықтама:
- ескі вокзалдың жалпы ауданы - 832,1 м2;
- жаңа вокзалдың жалпы ауданы-1336,9 м2;
- теміржол вокзалында 2 жолаушы платформасы бар, жалпы ауданы – 2169 м2.
«Қазақстан Темір Жолы» компаниясы және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы ғимаратына, оның іргелес аумағына 600 млн теңгеден астам қаржыға жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары.
Темір жол вокзалы аумағындағы сауда орындары ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, аудан әкімдіктері аудандарда орналасқан темір жол вокзалдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттамалары әзірлеп, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ- «Қызылорда магистралды желі бөлімшесі» филиалына жолданды. 2025 жылы жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу мәселесін қарауда.
І. Автомобиль көлігі. Бүгінгі таңда, облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 205 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) – 99 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 35 маршрут. Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты ұйымдастырылған.
Осы маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1069 дана автобуспен жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.
2024 жылдың 9 айында болжаммен 25,2 млн. жолаушы тасымалданып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 63,8%жоғарылады.
Ауданаралық (қалааралық облысішілік) әлеуметтік маңызы бар 7 маршрут бойынша 12,7 млн.теңге (51%) игерілді.
Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 1 автовокзал және 8 автостанса ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттар арқылы халыққа қызмет көрсетуде. Қызылорда қаласының сол жағалауында жоба құны 975 млн. теңгені құрайтын жаңа автовокзал құрылысы салынып, пайдалануға берілді.
Жаңа автовокзал Қызылорда қаласы әкімдігімен «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің меншігіне беріліп, ары қарай «Салтанат» ЖШС меншігіне табыстау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қызылорда қаласының қоғамдық көлік мәселесін шешу бағытында 2022-2024 жж. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 7 % лизингпен табиғи газ отынымен (метан) қозғалатын 300 дана «Yutong ZK6852 HG» автобус алынды.
Бүгінгі таңда «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і қалалық 32 маршрутты қамтып отыр.
Экотакси қызметін құру жобасы бойынша жоспарланған 100 дана электромобильдің 52 данасы бүгінгі күні Қызылорда қаласында пилоттық режимде жұмыс жасауда.
Қалған автокөліктер жақын арада жеткізіледі.
ІІ. Әуе көлігі. Бүгінгі күні «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына барлығы 25 рейс орындалуда, оның ішінде: Астана қаласына – 12, Алматыға – 13 рейс және Анталияға (Түркия, чартерлік-туризм) – 1 рейс. Бұл рейстер «AirAstana», «Fly Arystan» және «Qazaq Air» әуе компанияларымен атқарылуда.
2024 жылдың 9 айының қорытындысымен Әуежайдан 132,1 мың жолаушы жөнелтілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,8 % артып отыр.
«Болат Өтемұратов қоры» Жеке қорының демеушілігімен «Қызылорда қаласының «Қорқыт ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» жобасын іске асыруға 16,6 млрд. теңге (33,0 млн. АҚШ долл.) қаралып, 2024 жылдың мамыр айында құрылыс жұмыстары 100 % аяқталды.
Облыстық бюджеттен 4,3 млрд. теңге қаржы қаралып Қызылорда қаласы әкімдігімен Әуежайдың сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын жеткізу (су, кәріз, электр және интернет желілерін тарту, бу қазандығы мен КНС, автотұрақтар, автомобиль жолын салу) жұмыстары жүргізілді.
Бұл нысанды пайдалануға берген кезде бірқатар әуе көлігі көрсеткіштерін шамамен 1,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Жолаушылар тасымалы көлемі 2022 жылғы - 130 мың жолаушыдан жыл сайын 200 мың жолаушыға дейін ұлғаяды. Жүк тасымалдау көлемі жылына 150 тоннадан 240 тоннаға дейін артады деп жоспарлануда.
III. Темір жол көлігі.
1. Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1051,7 км.-ді құрайды және 8 темір жол вокзалы, 2 қызмет көрсету пункті бар.
Облыс аумағынан барлығы 14 жұп жолаушы пойызы өтеді, оның ішінде облыс орталығынан Петропавловск, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына 5 жұп жолаушы пойызы ұйымдастырылған.
Әлеуметтік маңызы бар №6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жолаушылар пойызы облысымыздың оңтүстік бағытында 26 елді мекенді көлік қызметімен қамтиды.
2024 жылдың 9 айында 15,4 мың жолаушы тасымалданып, 105,7 млн. теңге субсидия игерілді.
2. Темір жол вокзалдары бойынша
Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы 2 ғимараттан - 1905 жылы салынған 1 қабатты ғимарат және 1969 жылы салынған 3 қабатты екінші вокзал ғимараттан тұрады.
Анықтама:
- ескі вокзалдың жалпы ауданы - 832,1 м2;
- жаңа вокзалдың жалпы ауданы-1336,9 м2;
- теміржол вокзалында 2 жолаушы платформасы бар, жалпы ауданы – 2169 м2.
Теміржол вокзалы қызметкерлерінің жалпы саны-38 адам.
Теміржол вокзалы тәулігіне 1500 жолаушыға қызмет көрсетеді.
Қызылорда қаласының темір жол вокзалының ескі ғимаратын жөндеуге қажетті сома 577 млн. теңгені құрады («Қазақстан Темір Жолы» компаниясымен - 322 млн. теңге және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 255 млн. теңге қаржы қаралды).
Темір жол вокзалы аумағындағы сауда орындары ғимаратының құрылысы аяқталып, жол төсеніштері (брюсчатка) орнатылды.
Жолаушылар көлігі саласы бойынша
Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тізіліміне Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы автовокзал және 8 автостанса енгізілген.
Олардың бәрі жеке меншік болып табылады.
Қазіргі таңда Қызылорда қаласы мен аудан орталығындағы автовокзал мен автостанциялар негізінен Кеңес дәуірінде салынған. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» № 349 бұйрығының талаптарына (пандус, мүгедектерге арналған кресло-арба, кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдар үшін орын, ақпараттық сигнал беру құрылғы, арнайы бейімделген билет кассаларымен, қоғамдық дәретханаларды мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен,арнайы жол белгілері орнатылған тегін тұрақ орны және т.б.) жер учаскесі және тағы басқа талаптар бойынша сәйкес келмейді.
Қызылорда қаласындағы «Салтанат» ЖШС-нің автовокзалында мүмкіндігі шектеулі жандардың, оның ішінде кресло-арбамен ғимаратқа кедергісіз кіріп-шығуға пандустармен, мамандандырылған таксофонмен, қолжетімді касса, қоғамдық дәретханалар, мүгедектердің автокөлік құралдарын қоюға арналған арнайы автотұрақтар қарастырылған.
Сонымен бірге, қалған автовокзалдар мен автостанциялар мүмкіндігі шектеулі жандарға ішінара қолжетімді болып отыр.
Сонымен қатар, қалаішілік қоғамдық маршруттардағы замануи үлгідегі 125 автобуста арбамен жүретін мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз кіріп-шығуы үшін арнайы құрылғы - аппарели орнатылған және автобус ішінде арнайы қауіпсіздік белдігімен қамтылған орындар белгіленген. Автобустың кондукторы аппарель құрылғысын түсіріп, мүгедек жолаушының арбасын автобусқа кіруге және қауіпсіздік белдігімен бекітуге жәрдем беріп келеді.
2020 жылға үлкен сыйымдылықты 13 автобус сатып алынды. Қазіргі таңда, үлкен сыйымдылықтағы 13 автобус жолаушыларға қызмет көрсетуде .
Сондай-ақ, Қызылорда қаласында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қала әкімдігі мен «Қызылорда автобус паркі» ЖШС арасындағы меморандумға сәйкес қалаішілік қоғамдық көліктерде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен І-санаттағы мүгедектер (таксиден басқа) тегін жүру қарастырылған.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық 1-ші санаттағы мүгедектер мен 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға тегін жүру және 7-15 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына 50 пайыздық (40 теңге) жеңілдіктер қаралды.
Анықтама: Ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында тасымалдаушылардың өз бастамалары бойынша Басқарманың 2018 жылғы 18 мамырдағы «Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты тасымалдаудың маршруттарының тарифін белгілеу туралы жұмысшы топ отырысының» №1 хаттамасына сәйкес, ауданаралық (облысішілік қалааралық) маршруттарда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, І-санаттағы көз мүгедектеріне тегін жүруі қарастырылды.
Қызылорда қаласының «Қорқыт ата» әуежайы» АҚ-ында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға тіркеуден өту кезінде, ұшаққа отырғызуға және түсіруге дербес көмектерден басқа тасымалдауды ұйымдастыру қызметінде жолаушыларға қызмет көрсету үшін арнайы арбалар (екі бірлік) қаралған.
Әуежайға кіретін және қону алаңына шығатын жерлер пандустармен жабдықталған. Әуежай қызметкерлері жолаушыларға жоғарғы деңгейде көңіл бөліп, қозғалу кезінде қиыншылық сезінетін адамдарға:
- мүгедектердің арбасы ұсынылады;
- тіркеуден өту кезінде көмек көрсетеді;
- авиакомпания өкілдерінің келісімі бойынша, қажеттілікке мұқтаж адамдарға, әуе кемесінің салонында арнайы белгіленген орындарды үлестіреді;
- мүмкіндігі шектеулі жолаушыны ұшаққа жеткізуге автокөлікпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қонғаннан кейін автобус пен арбаны ұсыну арқылы кәсіби қызмет көрсетіп, қиындықсыз өтуін қамтамасыз етеді.
Көзі көрмейтін және құлағы нашар еститін мүгедектердің ілеспе адамдары болмаған жағдайда ұшу және қону кезінде кәсіби көмектер көрсетіледі.
Анықтама: Ұлы отан соғысы ардагерлеріне «Әйр Астана» АҚ-ның рейстерінде тегін жүру мүмкіндігі бар (дәлелдейтін құжаттар болған жағдайда). Тек жанар-жағармайға және аэропорттық жинаққа тиісті қаражат төлейді.
Қызылорда облысының темір жол вокзалдары бойынша
Қызылорда облысы аумағында 8 темір жол вокзалы (Қызылорда, Шиелі, Жаңақорған, Сексеуіл, Арал теңізі, Қазалы, Жосалы, Төретам) бар. Сондай-ақ, вокзал аумағында өздігінен қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың автокөліктері үшін арнайы автотұрақтар ұйымдастырылған;
- вокзалдың перронына шығатын баспалдақтарда 6 пандус салынған;
- вокзал ғимаратында арнайы әжетхана жасалған;
- құлағы нашар еститін және естімейтін жолаушыларға қызмет көрсету үшін анықтама бөлімінде индукциондық панель орналастырылған.
Қызылорда учаскесіндегі темір жол вокзалдарында мүгедек жандарға қолжетімді орналасқан билет кассалары (Қызылорда вокзалында - 2 касса, Сексеуіл, Арал, Қазалы, Төретам, Жосалы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған вокзалдарында бір-бірден билет кассасы) қызмет көрсетуде.
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Қызылорда темір жол вокзалының кіре берісінде вокзал кезекшісімен байланыстыратын қоңырау орнатылған.
Анықтама: 2019 жылдың 28 тамызынан бастап Қызылорда облысынан өтетін №91/92 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Қызылорда» (Тұлпар-Тальго) бағытындағы пойыздан басқа, барлық пойыздарда І, ІІ, ІІІ санаттағы мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға 50 пайыздық жеңілдікпен жол жүру мүмкіндігі бар.
Ал №91/92 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Қызылорда» (Тұлпар-Тальго) бағытындағы пойыздың туристік класс вагонында мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы 2 орын қарастырылып, І топ мүгедектеріне жеңілдікпен жол жүру билеті 45 күн бұрын сатылса, ІІ және ІІІ топ мүгедектеріне жол жүру билеті 7 күн қалғанда сатылады. Жолаушының мүгедек екенін дәлелдейтін құжаттар көрсетілген жағдайда жол жүру құжаттары рәсімделеді.
Ұлы отан соғысы және Тыл ардагерлеріне (1935 жылдың 31 желтоқсанына дейін туылған) барлық пойыздарда тегін жүру мүмкіндігі бар (ҰОС және тыл ардагері екенін дәлелдейтін құжаттар көрсетілген жағдайда). Тек төсек орынға ғана тиісті қаражат төлейді.
Жоғарыдағыларға байланысты, облысымыздағы жол-көлік инфрақұрылымындарына мүмкіндігі шектеулі жандардың қол жетімділігін арттыру мақсатында жұмыстар жалғастырыла беретін болады.