Қызылорда облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі (бұдан әрі - Қызмет)2021 жылдың I-тоқсанында«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының «Бизнеске арналған үкімет» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың және мемлекет активтерінің пайдаланылуына 2019 жылдың 1 қаңтарымен 2020 жылдың 30 қыркүйегі аралығына тиімділік және сәйкестік аудитін жүргізді.
Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит мәселесі бойынша жалпы
5 тармақ бойынша 138,7 мың теңге қаржылық және 24 105,4 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде бюджетке өтелетін97,7 мыңжәне қалпына келтірілетін 41,0 мың теңгебұзушылықтарын жоюбағытында нақты шаралар қабылдануда және бақылауда.
Бұдан басқа,Қызылорда қалалық сотында (Қызылорда қалалық сотының 2021 жылдың 19 ақпанындағы №4319-21-5-21/3813 және 2021 жылдың 17 наурыздағы №4319-21-5-21/5780 хаттары) Шиелі аудандық ауруханасының бір топ қызметкерлері тарапынан берілген Қызылорда облысы әкімі аппаратының ішкі аудит бөлімінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 1 аудиторлық есебінің
2-тармағын жарамсыз деп тану жөнінде талап арызына сәйкес үш рет өткізілген сот отырысына Қызмет маманы қатысты(2-тармақта денсаулық сақтау саласының мамандарына жатпайтын қызметкерлерге 25 пайыз үстемақылары негізсіз төленгендігі анықталған). Азаматтық іс бойынша ұжым қызметкерлері жалақыларынан ұсталынып, бюджетке төленген8,0 млн.теңгені қайтаруды мәселесі қаралды. Нәтижесінде, сот шешімімен 2019 жылғы 8 мамырдағы №1 аудиторлық есебінің 2-тармағын жарамсыз деп тану және бюджетке төленген8,0 млн.теңгені қайтару жөніндегі талап арыз қанағаттандырылмаған.
Сонымен қатар, Сырдария ауданындағы «Самара-Шымкент-Жаңадария» аудандық маңызы бар 10-25 шақырымдағы автомобиль жолын, сол сияқты Жалағаш кетіндегі көшелерді орташа жөндеуге бюджеттен берілген қаражаттың пайдаланылуына сәйкестік аудиті жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми веб-сайтындағы «Тәуекелдерді басқару жүйесі/Қаржылық бақылау» кіші жүйеге аудит материалдарын енгізу жұмыстары атқарылды.