Жекешелендірудің екінші толқыны
«Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына сәйкес облыс бойынша жекешелендірілетін объектілер тізіміне 20 нысан енгізіліп, оның 12 нысаны 381,1 млн. теңгеге жекешелендірілсе, 6 нысан таратылып, 1 нысан ҚР Үкіметінің қаулысымен Жекешелендірудің Кешенді жоспарынан алынып тасталды.
Ал, бір нысан «Алтын Қамба» сауда-логистикалық кешені» ЖШС («Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның қатысу үлесі 40%) 2019 жылы 6 рет сауда-саттыққа шығарылып, өтінім түспеуіне орай сатылмады.
2014 жылдан бастап облыстық коммуналдық меншіктегі мүліктерді сату жөнінде электрондық сауда-саттық өткізу ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүліктің бірыңғай операторы (www.gosreestr.kz) веб - порталын пайдалану арқылы жүргізіледі.
Осыған орай, облыс бойынша коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру осы тәсіл арқылы атқарылуда.
Коммуналдық меншіктегі нысандарды жекешелендіруден түсетін түсімдеріне (301102) 2019 жылдың 1 қазанына 33,3 млн.теңге түсті.