Лого

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру қорытындысы туралы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы

(30.09.2026ж.бойынша)

Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2017-2025 жылдары тіркелген 65 жобаның (оның ішінде 3 жоба мемлекеттік міндеттемелерсіз) 40 жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер толығымен төленіп болған. Жасалған келісім-шарттар бойынша 20,5 млрд.теңге мемлекеттік міндеттемелер төленген.
Қалған 2026-2031 жылдар аралығындағы 22 жоба бойынша төленетін мемлекеттік міндеттемелердің жалпы сомасы 18,0 млрд.теңге құрайды.


Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы

(30.06.2026ж.бойынша)

Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2017-2025 жылдары тіркелген 65 жобаның (оның ішінде 3 жоба мемлекеттік міндеттемелерсіз) 40 жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер толығымен төленіп болған. Жасалған келісім-шарттар бойынша 19,4 млрд.теңге мемлекеттік міндеттемелер төленген.
Қалған 2026-2031 жылдар аралығындағы 22 жоба бойынша төленетін мемлекеттік міндеттемелердің жалпы сомасы 19,1 млрд.теңге құрайды.


Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы

Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2017-2025 жылдары тіркелген 65 жобаның (оның ішінде 3 жоба мемлекеттік міндеттемелерсіз) 40 жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер толығымен төленіп болған. Жасалған келісім-шарттар бойынша 18,4 млрд.теңге мемлекеттік міндеттемелер төленген.
Қалған 2026-2031 жылдар аралығындағы 22 жоба бойынша төленетін мемлекеттік міндеттемелердің жалпы сомасы 20,1 млрд.теңге құрайды.

06.04.2026


Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы

Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2017-2025 жылдары тіркелген 65 жобаның (оның ішінде 3 жоба мемлекеттік міндеттемелерсіз) 40 жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер толығымен төленіп болған. Жасалған келісім-шарттар бойынша 17,7 млрд.теңге мемлекеттік міндеттемелер төленген.
Қалған 2025-2031 жылдар аралығындағы 22 жоба бойынша төленетін мемлекеттік міндеттемелердің жалпы сомасы 20,8 млрд.теңге құрайды.


2025 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы ақпарат

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы

Қызылорда облысында бүгінгі күнге мемлекеттік-жекешелік әріптестік (одан әрі - МЖӘ) аясында 24 жоба жобалар жүзеге асырылуда:
Спорт саласында – 19 жоба, спорт саласы бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға беру бойынша (Қызылорда қаласында 2 жоба, Шиелі ауданы Ақмая, Алғабас, Бестам, Төңкеріс, Керделі ауылдық округтері, Жаңақорған ауданы Қожакент, Сунақата, Төменарық, Қандөз, Жанарық, Әбдіғаппар, Сүттіқұдық, Бірлік ауылдық округтері, Жаңақорған кентінде 2 жоба, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, Жалағаш ауданы Таң елді мекені).
Денсаулық сақтау саласында – 2 жоба, («Қызылорда облыстық онкологиялық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының гистологиялық және иммуногистохимиялық диагностикасы үшін жабдықтар сатып алу және орнату» және «Жаңақорған ауданы Жаңарық ауылдық округінің Жаңалық ауылында дәрігерлік амбулатория салу»).
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында – 2 жоба («Қызылорда қаласының сыртқы жарықтандыру жүйелерін қайта жаңғырту, қызмет көрсету және күтіп ұстау», «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру»).
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу саласында – 1 жоба («Қызылорданың жасыл белдеуі»).
Барлық жобалар бойынша өтелетін міндеттемелер көлемі 42 млрд.теңгені құрайды.
Сонымен қатар, білім саласы бойынша «Қызылорда облысындағы мектеп-интернаттардағы асханаларды жаңғырту және пайдалану» жобасы бойынша бүгінгі күнге жеке әріптесті айқындау бойынша конкурс жарияланды. Қазіргі уақытта конкурсқа қатысушылардың құжаттарын бағалау процесі жүріп жатыр. Жоба бойынша міндеттемелер интернаттарды тамақтандыруға қаралған қаржы есебінен төленетін болады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жобалар бойынша мемлекеттік әріптес тиісті салалық басқармалар болып табылады.


2025 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы ақпарат

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы

2017 жылдан бастап Қызылорда облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік (одан әрі - МЖӘ) аясында облыста құны 17,1 млрд.теңгеден асатын 63 жоба толықтай іске қосылып, медициналық, әлеуметтік, оқу-жаттығу және т.б. қызметтер көрсетуде.
2025-2031 жылдары қалған 21 жоба бойынша өтелетін міндеттемелер көлемі 1,7 млрд.теңге.
Анықтама үшін:
Спорт саласында – 19 жоба, спорт саласы бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға беру бойынша (Қызылорда қаласында 2 жоба, Шиелі ауданы Ақмая, Алғабас, Бестам, Төңкеріс, Керделі ауылдық округтері, Жаңақорған ауданы Қожакент, Сунақата, Төменарық, Қандөз, Жанарық, Әбдіғаппар, Сүттіқұдық, Бірлік ауылдық округтері, Жаңақорған кентінде 2 жоба, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, Жалағаш ауданы таң елді мекені).Денсаулық сақтау саласында – 2 жоба, («Қызылорда облыстық онкологиялық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының гистологиялық және иммуногистохимиялық диагностикасы үшін жабдықтар сатып алу және орнату» және «Жаңақорған ауданы Жаңарық ауылдық округінің Жаңалық ауылында дәрігерлік амбулатория салу»).
2025-2030 жылдар аралығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жалпы құны 42,1 млрд.теңгені құрайтын 4 жаңа жобаларды іске асыру жоспарлануда.
1) «Қызылорда қаласының сыртқы жарықтандыру жүйелерін қайта жаңғырту, қызмет көрсету және күтіп ұстау» жобасы (жоба мерзімі – 5 жыл, жоба құны 2,8 млрд.теңге). Аталған жоба бойынша мемлекеттік әріптес - облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, жеке әріптес – «Фабрика света» ЖШС.
Қазіргі уақытта жоба бойынша міндеттемелер облыстық мәслихат шешімімен қабылданып (13.06.2025 ж.№172 шешім), мемлекеттік және жеке әріптес тарапынан келісім шартқа қол қойылған.
2) «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» жобасы (жоба мерзімі – 6 жыл, жоба құны 18,6 млрд.теңге). Аталған жоба бойынша мемлекеттік әріптес - облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, жеке әріптес – «KazStroyCapital LTD Kyzylorda» еншілес кәсіпорны» ЖШС.
Қазіргі уақытта жоба бойынша міндеттемелер облыстық мәслихат шешімімен қабылданып (13.06.2025 ж.№172 шешім), мемлекеттік және жеке әріптес тарапынан келісім шартқа қол қойылған.
3) «Қызылорданың жасыл белдеуі» жобасы (жоба мерзімі – 6 жыл, жоба құны 18,9 млрд.теңге).
Аталған жоба бойынша мемлекеттік әріптес - облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, жеке әріптес – «KazStroyCapital LTD Kyzylorda» еншілес кәсіпорны» ЖШС.
Қазіргі уақытта жоба бойынша міндеттемелер облыстық мәслихат шешімімен қабылданып (13.06.2025 ж.№173 шешім), мемлекеттік және жеке әріптес тарапынан келісім шартқа қол қою сатысында.
4) «Қызылорда облысындағы мектеп-интернаттардағы асханаларды жаңғырту және пайдалану» жобасы (жоба мерзімі – 10 жыл, жоба құны 1,8 млрд.теңге). Аталған жоба бойынша мемлекеттік әріптес - облыстық білім басқармасы. Бүгінгі күнге жеке әріптесті айқындау бойынша конкурс жарияланды. Конкурс мерзімі 21 шілде 2025


2025 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы ақпарат

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (одан әрі - МЖӘ) аясында облыста құны 17,1 млрд.теңгеден асатын 63 жоба толықтай іске қосылып, медициналық, әлеуметтік, оқу-жаттығу және т.б. қызметтер көрсетуде.
Бүгінгі күнге қабылданған мемлекеттік міндеттемелердің 15,4 млрд.теңгесі өтелді.
Қазіргі таңда 63 МЖӘ жобасының 38 жобалары бойынша келісім-шарттың мерзімі аяқталды. Қалған 25 жоба іске асу сатысында. 2025-2031 жылдары өтелетін міндеттемелердің көлемі 1,7 млрд.теңгені құрайды.
Қазіргі таңда жаңа жобаларды іске асыру жоспарлануда. «Қызылорда қаласының сыртқы жарықтандыру жүйелерін қайта жаңғырту, қызмет көрсету және күтіп ұстау» жобасы бойынша конкурс нәтижесімен жеке әріптес болып «Фабрика света» ЖШС айқындалды. Қазіргі таңда мемлекеттік әріптес пен жеке әріптес арасында келісім-шартқа отыру барысында .
«Қызылорда қаласындағы жол және қоғамдық қауіпсіздіктің зияткерлік жүйесімен тіркелген деректерді беру жөніндегі қызметтер» жобасы бойынша қазіргі таңда, жобаның конкурстық құжаттамасына сараптаманың теріс қорытынды шығуына байланысты жоба тоқтап тұр.
«Қызылорда облысы Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру», «Қызылорданың жасыл белдеуі», «Қызылорда облысындағы мектеп-интернаттардағы асханаларды жаңғырту және пайдалану» жобалары бойынша конкурстық құжаттамаға сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі таңда, бюджеттік бағдарлама әкімшісі конкурстық үрдістерді жүргізу барысында.


2024 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы ақпарат

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (одан әрі - МЖӘ) аясында облыста 63 МЖӘ жобасының 33 жобалары бойынша келісім-шарттың мерзімі аяқталды. Қалған 30 жоба іске асу сатысында.
Оның ішінде:
спорт саласында – 20 жоба;
денсаулық сақтау саласында – 4 жоба;
білім саласында – 5 жоба;
ақпараттық технологиялар саласында – 1 жоба;
Қазіргі таңда, «Қызылорда қаласындағы жол және қоғамдық қауіпсіздіктің зияткерлік жүйесімен тіркелген деректерді беру жөніндегі қызметтер» жобасын іске асыру жоспарлануда. Жоба аясында Қызылорда қаласында 1400 бейнебақылау камераларын, 58 сызықтық бөлім аппараттық-бағдарламалық кешені және 19 қиылыс аппараттық-бағдарламалық кешенін орнату жоспарлануда.
Қазіргі таңда МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамаға сараптама жүргізу сатысында.
Сонымен қатар, «Қызылорда қаласындағы көшелерді жарықтандыруды модернизациялау және пайдалану» МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасына сараптаманың оң қорытындысы алында.
Қазіргі таңда бюджеттік бағдарлама әкімшісі тарапынан жеке әріптесті айқындау бойынша конкурстық үрдістер жүргізілуде.
Сонымен қатар, жаңадан “Қызылорданың жасыл белдеуі”, “Қызылорда облысындағы мектеп-интернаттардағы асханаларды жаңғырту және пайдалану” және “Қызылорда облысы Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру” МЖӘ жобалары бойынша инвестициялық ұсыныс түсті. Бүгінгі таңда жобалар тиісті уәкілетті органдар қарауында.


Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (одан әрі - МЖӘ) аясында облыста құны 17,1 млрд.теңгеден асатын 63 жоба толықтай іске қосылған. Қазіргі күні аталған жобалар шеңберінде медициналық, әлеуметтік, оқу-жаттығу және т.б. қызметтер көрсетілуде.
Бүгінгі күнге қабылданған мемлекеттік міндеттемелердің 15,4 млрд.теңгесі өтелді. 2025-2031 жылдарға қалғаны 1,7 млрд.теңге.
Қазіргі таңда 63 МЖӘ жобасының 33 жобалары бойынша келісім-шарттың мерзімі аяқталды. Қалған 30 жоба іске асу сатысында.
Оның ішінде:
денсаулық сақтау саласында – 4 жоба;
дене шынықтыру саласында – 20 жоба;
білім саласында – 5 жоба;
ақпараттық технологиялар саласында – 1 жоба;
Бүгінгі күні «Қызылорда қаласындағы жол және қоғамдық қауіпсіздіктің зияткерлік жүйесімен тіркелген деректерді беру жөніндегі қызметтер» және «Қызылорда қаласының сыртқы жарықтандыру жүйелерін қайта жаңғырту, қызмет көрсету және күтіп ұстау» жобаларының конкурстық құжаттамаларын сараптамадан өткізу сатысында.


Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы

2017 жылдан бастап Қызылорда облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік (одан әрі - МЖӘ) аясында облыста құны 17,1 млрд.теңгеден асатын 63 жоба толықтай іске қосылып, медициналық, әлеуметтік, оқу-жаттығу және т.б. қызметтер көрсетуде.
Анықтама үшін:
денсаулық сақтау саласында – 17 жоба;
білім саласында – 6 жоба;
мәдениет және спорт саласында – 21 жоба;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында – 13 жоба;
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында – 1 жоба;
ақпараттық технологиялар саласында – 3 жоба;
әлеуметтік қамсыздандыру саласында 1 жоба;
экология салаларында 1 жоба.
Қабылданған мемлекеттік міндеттемелердің көлемі 17,1 млрд.теңгені құрайды. 2017-2023 жылдар аралығында өтелген мемлекеттік міндеттемелердің көлемі 14,8 млрд.теңге. 2024-2031 жылдары өтелетін міндеттемелердің көлемі 2,3 млрд.теңгені құрайды.
Қазіргі таңда 63 МЖӘ жобаларының барлығы іске қосылып, пайдалануға берілді, қабылданған мемлекеттік міндеттемелер уақытылы өтелуде.
Спорт саласында 20 спорттық кешендер пайдалануға берілді (Қызылорда қаласында 3 спорттық кешен, 1 спорттық кешенінен Қазалы ауданында Әйтеке би кентінде, Жалағаш ауданында Таң, Шиелі ауданында Ақмая, Алғабас, Бестам, Төңкеріс, Керделі, Жаңақорған ауданында Сүттіқұдық, Бірлік, Қожакент, Сунақата, Төменарық, Қандөз, Жаңарық, Әбдіғаппар және Жаңақорған кентінде 2 спорттық кешен), сонымен қатар мәдениет саласы бойынша Қызылорда қаласы Ақжарма ауылдық округында 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілді.
Денсаулық сақтау саласында 13 ауылдық елді мекендерде дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді (Арал ауданы Бекбауыл, Шижаға, Қазалы ауданы Өркендеу, Қармақшы ауданы Ақтөбе, Жалағаш ауданы Ақсу, Сырдария ауданы Ақжарма, Шиелі ауданы Жөлек, Н. Бекежанов, Жаңақорған ауданы Жаңарық, Бірлік, Өзгент, Қызылорда қаласы Белкөл, Қараөзек).
Сонымен қатар, Қызылорда қаласы И.Тайманов көшесінде 400 орындық емхана пайдалануға берілді, медициналық құрал-жабдықтар орнату бойынша (ангиограф, гистология) 3 жоба жүзеге асырылды.
ТҮКШ және энергетика саласында әлеуметтік нысандардың бу қазандықтарын газға ауыстыру бойынша 11 жоба іске асырылыды және Шиелі ауданындағы индустриялық аймаққа электр желісін жүргізу бойынша жоба жүзеге асырылды.
Білім саласында МЖӘ аясында Қызылорда қаласының сол жағалауынан және «СПМК-70» мөлтек ауданынан 320 орындық балабақша және колледж студенттеріне арналған 2 жатақхана құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілді.
Мұнан бөлек, Жалағаш ауданы Таң ауылында 90 орындық балабақша мен Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде инклюзивті балабақша іске қосылды. Қызылорда қаласындағы Али Мүслімов атындағы №101 мектеп-лицей мектебінің бу қазандығы газға ауыстырылды.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында Шиелі ауданындағы индустриялық аймаққа темір жол жүргізілді.
Ақпараттық технологиялар саласында «Қызылорда облысының мектептеріне компьютерлік техниканы жеткізу және қызмет көрсету» МЖӘ жобасы аясында 8 096 дана компьютерлік техника алынды, облыс бойынша мемлекеттік органдарға талшықты оптика жүргізілді, Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі орнатылып пайдалануға берілді.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласында «Шиелі ауданы Шиелі кентінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша шағын үй ашу» жобасы аясында 50 зейнет жасындағы және 50 мүгедектігі бар балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жұмыстар көрсетілді.
Экология саласы бойынша Қызылорда қаласында қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда 63 МЖӘ жобаларының барлығы іске қосылып, пайдалануға берілді, қабылданған мемлекеттік міндеттемелер уақытылы өтелуде.
Бүгінгі күнге 63 МЖӘ жобаларының 27 МЖӘ жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер толығымен өтелді.
Қалған 36 МЖӘ жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер уақытылы өтелуде.
Сонымен қатар, бүгінгі күні «Қызылорда қаласындағы көшелерді жарықтандыруды модернизациялау және пайдалану» жобасының конкурстық құжаттамасы әзірленіп сараптамадан өткізу сатысында.


Қызылорда облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік
жобаларын іске асыру бойынша 2019 жылдың қорытындысы және
2020 жылға жоспарлары туралы


2019 жылы Қызылорда облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік (әрі қарай-МЖӘ) аясында жүзеге асыруға жоспарланған жобалардың саны 142 дейін жеткізілді.
2019 жылдың қорытындысы бойынша 23 МЖӘ жобасы бойынша, 2020 жылдың қаңтарында 2 жоба келісім шарттарға қол қойылып осылайша келісім щарт жасасқан МЖӘ жобаларының саны 57-ге жетті. Жаңа МЖӘ жобалары энергетика, білім, денсаулық сақтау, жолаушылар көлігі және көліктік инфрақұрылым салаларында іске асырылды, оның ішінде:
- «жасыл экономиканы» дамыту мақсатында Арал қаласындағы №62 және №220 мектептер мен Арал аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бу қазандықтары жаңғыртылды, сондай-ақ 2020 жылы қосымша 13 әлеуметтік нысанның бу қазандықтарын газға ауыстыру жоспарлануда;
- Шиелі ауданындағы индустриалдық аймақты құру мақсатында цемент зауытына темір жол тартылды;
- жоғары жылдамдықтағы және қорғалған интернетпен қамтамасыз ету үшін 77 мемлекеттік органға талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылды;
- Қызылорда қаласының сол жақ жағалауында 320 орынға арналған жаңа балабақша салынып пайдалануға берілді, сондай-ақ Қызылорда қаласы СПМК-70 мөлтек ауданында 320 орынға арналған балабақшаның құрылысы басталды;
- мәдениет ұйымдары желісінің нормативтерін сәйкестендіру үшін Қызылорда қаласы Ақжарма ауылдық округінде 150 орынға арналған мәдениет үйі пайдалануға берілді;
- Қазақтан Республикасының Тұңғыш Президентінің «Бес әлеуметтік бастама» Жолдауы аясында Қызылорда медициналық колледжінің 330 студенті жатақханадағы орындармен қамтамасыз етілді, сонымен қатар, 400 орынға арналған студенттік жатақхананың құрылысы басталды, онда М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің студенттері (200 студент) мен С. Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің студенттерін (200 студент) орналастыру жоспарлануда;
- денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту мақсатында Арал ауданы Шижаға ауылдық округі, Шиелі ауданы Алмалы, Телікөл, Тартоғай, Ортақшыл ауылдық округтері, Жаңақорған ауданы Жаңарық ауылдық округінде 6 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы бойынша жекеше әріптестермен МЖӘ келісім шарттарына қол қойылды. Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы Онкологиялық орталыққа гистологиялық және иммуногистохимиялық диагностикаға арналған жабдықты сатып алу және орнату бойынша келісім шартқа қол қойылды.
Сондай-ақ, келісім шарттары 2017-2018 жылдары жасалған МЖӘ жобаларының іске асырылуы жалғасуда, бұл Қызылорда қаласында 400 қабылдауға арналған емхананың қызметін көрсету, Шиелі кентінде шағын үйдің қызметі. Сонымен бірге, Қызылорда қаласындағы «Тарлан» және Мерей мөлтек ауданындағы, Шиелі ауданы Ақмая, Алғабас, Бестам, Төңкеріс ауылдық округтеріндегі, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті мен Сүттіқұдық ауылдық округтеріндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде оқу жаттығу жұмыстарын жүргізу мен сервистік қызметтерді көрсету жалғасуда. Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде 90 орындық балабақша жұмыс жасауда, Әйтеке би кентінде 96 орынға арналған инклюзивті балабақша қызмет көрсетуде, облыстың барлық мектептері компьютерлік техникамен жабдықталды, Облыстық медицина орталығы мен Қазалы аудандық орталық ауруханасына 2 ангиограф орнатылды және т.б.
2019 жылы 36 МЖӘ жобасы бойынша 3 284 721 мың теңгеге мемлекеттік міндеттемелер орындалды, оның ішінде:
- денсаулық сақтау саласына 585 392 мың теңге;
- экология саласына 455 502 мың теңге;
- әлеуметтік қамсыздандыру саласына 134 522 мың теңге;
- білім саласына 925 033 мың теңге;
- энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына 702 620 мың теңге;
- спорт саласын дамытуға 151 458 мың теңге;
- мәдениет саласын дамытуға 136 070 мың теңге;
- индустриалдық аймақты дамытуға 116 209 мың теңге;
- цифрландыру саласына 77 914 мың теңге.
2019 жылдың 30 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Қызылорда қаласында «Қызылорда: тұрақты өрдеу, инвестициялық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер» атты «Baikonyr Invest» ХІ халықаралық инвестициялық форумы өтті, форумның жұмысы «Жаңа шарттардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің даму әлеуеті» секциясын өткізуден басталды. Секцияда халықаралық қаржылық және консалтингтік ұйымдардың өкілдері, жергілікті және басқа өңірдің кәсіпкерлері, инвесторлар, БАҚ өкілдері және басқалар қатысты. Секция аясында Қызылорда қаласында 400 орынға арналған студенттік жатақхананың құрылысы және пайдалануға берілуі жобасы бойынша келісім шартқа қол қойылды.
2020 жылы денсаулық сақтау саласында 12 медициналық мекемені кешенді жарақтандыру бойынша 4 жобаны іске асыру жалғасатын болады. Барлығы 67 медициналық техниканы сатып алу жоспарлануда.
Осыған қоса, Арал ауданы Бөген, Қазалы ауданы Бозкөл және Кәукей, Қармақшы ауданы Жаңажол және Тұрмағанбет, Жалағаш ауданы Мырзабай, Сырдария ауданы Тоқмағанбетов, Шиелі ауданы Досбол, Алғабас ауылдық округтерінде 9 дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы жүргізуге жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурстарды өткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, білім және спорт саласындағы жобаларды іске асыру жалғасатын болады, оның ішінде Қызылорда қаласының Арай мөлтек ауданында 280 орынға арналған балабақшаның, Қазалы қаласында балаларға арналған лагерьді қайта жаңғырту, Қызылорда қаласындағы 28 мектептің асханаларын сенімгерлік басқаруға беру, спорттық кешендерді жалға алу бойынша 20 жобаны іске асыру, Қызылорда қаласында «Қорқыт ата» әуе терминалының құрылысы.
Жылуды үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында қосымша 7 әлеуметтік нысанның бу қазандықтары газға ауыстырылатын болады, сонымен бірге аудан орталықтары мен облыс орталығының көшелерін жарықтандыруды қайта жаңғырту және пайдалануға беру жоспарлануда.
Мәдениет саласы ұйымдарының желісін дамыту мақсатында 2020 жылы Шиелі ауданы Қоғалы, Жаңақорған ауданы Өзгент, Қосүйеңкі, Кеңес, Жайылма, Екпінді, Қыраш ауылдық округтерінге 150 орынға арналған 7 клубтың құрылысын жүргізу жоспарлануда.
2020 жылға арналған облыстық бюджеттің шығындарында 39 МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға 3 389 762 мың теңге қаралды, оның ішінде:
- денсаулық сақтау саласына 747 021 мың теңге;
- экология саласына 280 584 мың теңге;
- әлеуметтік қамсыздандыру саласына 134 472 мың теңге;
- білім саласына 1 116 979 мың теңге;
- энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына 697 278 мың теңге;
- спорт саласын дамытуға 156 095 мың теңге;
- мәдениет саласын дамытуға 136 070 мың теңге;
- индустриалдық аймақты дамытуға 53 793 мың теңге;
- цифрландыру саласына 84 331 мың теңге.
МЖӘ жобаларын іске асырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өңірде Қызылорда облысында іске асыруға жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын айқындау жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, аумақтық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді. Жұмыс тобының негізгі функциясы – салалық басқармалардың ұсыныстарын ескере отырып, инвестициялық, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды Қызылорда облысында іске асыруға жоспарланған МЖӘ жобаларының тізіміне енгізу бойынша шешім қабылдау болып табылады.
МЖӘ жобаларын іске асыру бойынша жұмыстар қолданыстағы МЖӘ мәселелерін реттейтін заңнамаға сәйкес жүргізілетін болады.

05.02.2020 ж.

Дата публикации
14 февраля 2020
Дата обновления
09 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы