Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысы әкімі аппаратында 2021 жылдың І - тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу туралы ақпарат

Қызылорда облысы әкімі аппаратына азаматтардан 2021 жылдың І-тоқсанында барлығы 817 өтініш тіркелген, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (837 өтініш) 2,4 пайызға азайған. Қайталама арыздар саны 17 құрады.
Барлық түскен өтініштер облыс басшылығымен қаралып, олардың өтуіне бақылау жүргізілді.
Жоғары органдардан аталған мерзімде қарауға тапсырылғаны 57 өтініш, оның ішінде:
- ҚР Президент Әкімшілігінен – 59 өтініш;
- ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінен – 10 өтініш;
- ҚР Министрліктерінен – 33 өтініш;
- ҚР Парламент депутаттары арқылы 5 өтініш түсіп қаралған.
Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңмен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді.
Жүгінулердің ауқымды бөлігінде коммуналдық шаруашылық мәселелері – 54, тұрғын үй бөлу - 106, жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау мәселесі - 137, мемлекеттік басқару мәселелері - 6, мәдениет саласы - 38, білім саласы - 30, денсаулық сақтау мәселелері бойынша - 43 , жер мәселесі – 61, заңдылық және құқықтық тәртіпті сақтау – 3, кәсіпкерлікке қолдау көрсету – 32, ауыл шаруашылығы - 23 және т.б.
Облыс басшылығының жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен тұрақты жүргізіледі. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.
Аталған кезеңде облыс әкімі Г.Н. Әбдіқалықова мен облыс әкімі орынбасарларының жеке қабылдауында 87 азамат болды. Қабылдау кезінде негізінен азаматтар тұрғын үй және жер беру жөнінде, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік мәселелері, коммуналдық шаруашылық мәселелерін көтерді.
Облыс әкімнің блогы арқылы 52 сауал түсті, өткен жылмен салыстырғанда (36 сауал) 14 пайызға артқан.
Сауалдардың көп бөлігі коммуналдық шаруашылық, баспана беру, жұмысқа орналасу және денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік сала мәселелеріне қатысты.
Өтініш берушілердің негізгі санаттары қоғамның әлеуметтік аз қамтылған азаматтары – жұмыссыздар, зейнеткерлер, мүгдектер және тұрмысы төмен азаматтар.
Заңды тұлғалардың өтініштері бойынша
2021 жылдың І-ші тоқсанында Қызылорда облысы әкімі аппаратына заңды тұлғалардан барлығы 247 өтініш келіп түскен, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (187 өтініш) 24 пайызға азайған.
Заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің басым көпшілігінің бағыттары мынадай: ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі - 8, мәдениет -6, заңдылық және құқықтық тәртіпті сақтау - 2, денсаулық саласы - 5, кәсіпкерлік - 18, жалпы қаржылық мәселелер бойынша - 3, жер пайдалану бойынша - 7, коммуналдық шаруашылық мәселелері - 15 және т.б.
Жоғарғы органдар арқылы, ҚР Президент Әкімшілігінен және ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінен 5 өтініш түсіп қаралды.
Барлық түскен жүгінулер мерзімінде қаралып, өтініш иелеріне заңға сәйкес жазбаша жауаптары берілді.

Дата публикации
12 апреля 2021
Дата обновления
12 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы