Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысы әкімі аппаратының ішкі аудит бөлімінің 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Қызылорда облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі (бұдан әрі - Қызмет) 2020 жылғы көзделген 5 аудиторлық іс-шараның 4 іс-шарасы аяқталса, 1 іс-шараның жұмыстары желтоқсан айында басталып қорытындысы 2021 жылдың ақпан беріледі. Аталған іс-шаралармен 9 аудит объектісінде тексерулер жүргізілді. Оның ішінде, іске асырылуы аяқталған және тиісінше жылдық есепке енген 9 аудит объектісі бойынша бұзушылықтарды жою туралы облыс әкімінің 4 өкімі қабылданған және аудит объектілеріне орындалуға жіберілген. Өкімдердің толыққанды орындалуы қатаң бақылауда.
Тексерілген 9 объектіде 826 773,0 мың теңгенің қаражаты (оның ішінде бюджет қаржысы 826 582,2 мың теңге) бақылаумен қамтылып, 201 711,5 мың теңгенің бұзушылықтары (оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 76 005,6 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар 125 705,9 мың теңге) оның ішінде 26 291,6 мың теңге мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының бұзылуы бойынша анықталды .
Анықталған 201711,5 мың теңгенің 135 051,5 мың теңгесі өтеуге және қалпына келтіруге (есепте көрсетілуге, сәйкестендіруге) жатса, осының
110 350,6 мың теңге бұзушылықтары жойылды. Бұзушылықтарға жол бергені үшін 7 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып (479,4 мың теңгенің айыппұлы бюджетке түсті), 12 тұлғаға тәртіптік шаралар көрілді. Жойылуға жататын 24 700,9 мың теңге бұзушылығы бойынша нақты шаралар қабылдануда.
Сапа бақылаумен 1 аудит материалы қамтылып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жалпы Стандарттарына және Қағидалар талаптарына ескертулермен сәйкес келеді деген қорытынды берілді.
COVID-19 инфекциясына қарсы қабылданған шектеу шараларына орай (төтенше жағдай режимі, карантиндік шаралар) мемлекеттік органдар қызметкерлерінің 70 % қашықтан жұмыс істеуге көшірілді. Сонымен қатар, қашықтықтан жұмыс істеу режимі аясында кейбір ұйымдар қызметіне тиесілі құжаттар талданып, басшыларға нақты ұсыныстар берілген.
Атап айтқанда, Сырдария ауданындағы 26 кәсіпорынның жарғылары бойынша, сол сияқты Шиелі ауданындағы 34 балабақша бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша орын алған кемшіліктер жөнделді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің (бұдан әрі - Комитет) тапсырмасына орай Қаржы министрлігі порталындағы «Тәуекелдерді басқару жүйесі/Қаржылық бақылау» ведомстволық жүйеге 2020 жылғы аудиторлық материалдарды енгізу жұмыстары аяқталуда.
Комитет тарапынан берілген қосымша хаттар мен тапсырмалар мерзімінде орындалды, сондай-ақ, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша нұсқамалардың орындалуы бақылауға алынып, оларды орындау жөніндегі материалдар жинақталып, талданып, тиісті ақпараттар мерзімінде ұсынылуда.

 

Дата публикации
29 января 2021
Дата обновления
31 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы