Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау шаралары
2020 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарларына сәйкес 147 объекті қамтылды. Оның ішінде:
- 97 жергілікті атқарушы органдар;
- 50 ведомстволық бағынысты мекемелер каралып, 93 заң бұзушылық фактілері анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 5 тұлғаға «Ескерту» түріндегі тәртіптік жазалары қолданылды.
2020 жылдың қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуде 61 мерзім бұзушылық орын алған (оның ішінде 3-уі ішкі мемлекеттік бақылау нәтижелерімен анықталған).
Облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 252.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылғандар –1 921.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 127.