Ағымдағы жылы 77,5 млрд. теңгенің 1517 сатып алу өткізіліп, нәтижесімен 4,6 млрд. теңге үнемделді.
Эпидемиологиялық ахуалға байланысты енгізілген мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібімен 46,5 млрд. теңгенің 1383 сатып алуы жүргізіліп, 4,3 млрд. теңгенің үнемделуіне қол жеткізілді.
Яғни, ағымдағы жылы 2900 (124 млрд.) сатып алу өткізіліп, ол өткен жылмен салыстырғанда 2307 (88,7 млрд.) 593 бірлікке немесе 20 пайызға артты.
Аталған сатып алуларға жалпы 506 камералдық хабарлама келтіріліп, 168 (4 млрд. 144 млн.) сатып алудың күші жойылғанымен, өткен жылмен (194-6млрд.) салыстырғанда 26 бірлікке немесе 13%-ға азайған.
Қаржы министрлігімен 2020 жылы Мемлекет басшысының мемлекеттік сатып алуларды аутсорсингке беру мүмкіндіктерін қарастыру туралы тапсырмасына сәйкес, «Мемлекеттік сатып алуларды орталықтандыру» пилоттық жобасы жүзеге асырылды.
Жобаға Ауыл шаруашылығы, Әділет, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Қаржы министрліктері, Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облысы қатысушылар ретінде айқындалып, конкурс және аукцион тәсілімен, яғни мемлекеттік сатып алу комиссиясын құру көзделген барлық мемлекеттік сатып алулар бірыңғай ұйымдастырушылармен жүргізілді.
Нәтижесімен, облыс бойынша барлық конкурстардың 2733-і (1350-конкурс; 1383-арнайы тәртіп) немесе 94 пайызы облыстық және қала, аудандық бірыңғай ұйымдастырушылармен ұйымдастырылып, былтырмен салыстырғанда (2307-1880) бұл көрсеткіш 13 пайызға артты.
Бұл қолданыстағы заңнама талаптарын қолданудың біркелкі тәжірибесін қалыптастырып, саланы кәсібилендіруге кезекті қадам болды деуге болады.
Себебі, саладағы бұзушылықтар үшін әкімшілікке жауаптылыққа тартылғандар саны былтырға қарағанда 289-дан 218-ге, яғни 71 бірлікке немесе 25 пайызға азайды.
Оның ішінде 2019 жылы бірыңғай ұйымдастырушылардың 89 қызметшісі әкімшілік жауаптылыққа тартылса, бұл көрсекіш биыл 8-ді құрап, 91 пайызға азайып отыр.
Осыған байланысты, Қаржы министрлігімен келесі жылы да Пилоттық жобаны жалғастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қолданыстағы тәжірибе ескеріле отырып, жыл бойына уәкілетті орган – Қаржы министрлігіне 60 ұсыныс жолданып, оның үшеуіне қолдау білдірілсе, екеуіне оң баға берілгені айтылуда.