2020 жылы облыс әкімі аппаратына 3405 өтініш түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға азайған (2019 - 3945).
Оның ішінде:
- ҚР Президенті Әкімшілігінен - 204
- ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінен - 30
- ҚР Президентінің Виртуалды қабылдау бөлмесінен- 51
- Электронды Үкімет порталы арқылы - 551
- Облыс әкімінің блогынан - 202
- облыс әкімінің онлайн қабылдау парақшасынан - 38
Электронды түрде түскен өтініштер саны 1140 болып 33,5 пайызды құрады.
Есепті мерзімде 425 азамат Қызылорда облысы әкімі мен облыс әкімі орынбасарларының қабылдауында болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42 пайызға азайған (2019 - 732).
Оның ішінде облыс әкімімен қабылданғаны - 177, облыс әкімінің орынбасарларымен қабылданғаны - 248.