Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты шара өтті. Шарада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 461 Жарлығына сәйкес мемлекеттік және қоғамдық жұмыстардағы сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілген мемлекеттік наградалары табысталды. Награда иегерлері ішінде Қазалы аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жаппарберген Жақсығұлұлы Жалғасбай – Құрмет грамота иегері, Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Асия Сауранбайқызы Мадиева – Ерен еңбегі үшін медалі және Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Адилбек Бурибаевич Ерсултанов – Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталды. Марапат иегерлерін құттықтаймыз!