Экономиканы әртараптандыру мақсатында 2026-2029 жылдары аймақта 1,9 трлн. теңгеге жуық 48 инвестициялық жоба жүзеге асырылуы жоспарланған.
Аймақтың даму ерекшеліктіріне сәйкес негізгі басым бағыттар ретінде - агроөнеркәсіп кешені, құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібі, энергетика, тау-кен металлургия саласы және көлік-логистика инфрақұрылымы айқындалған.
Оның ішінде биыл 100 млрд теңгеге 26 жобаны іске қосу көзделген.
Бүгінде жалпы құны 52,8 млрд теңге болатын 15 жоба іске қосылды. Олардың қатарында мотоцикл құрастыру өндірісі, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру зауыты, құс фабрикасы, жүгері, балық шаруашылығы және жолаушылар вагондарын жөндеу кешені, 2 газоблок өндірісі, күн электр станциясы бар.
Жыл соңына дейін әк, картон, тауарлы балық, крахмал сұрыптау, сауда базарлары және тағы басқа жаңа жобалар іске қосылады.
Одан бөлек, 4 жобаның құрылысы жүргізілуде (швейцариялық «Harvest Agro» компаниясының техникалық қарасора, жүгері мен соя өсіру арқылы аграрлық-индустриялық кластер құру жобасы, «Крахмал-сірне зауыты», 5 жұлдызды қонақ үйі, «Pana» қонақ үйі).
Сонымен қатар, жыл соңына дейін бірқатар жобалардың құрылысы басталатын болады (2 жылыжай кешені, «Кызылорда Цемент» ЖШС, «Kyzylorda Energy Gaz» ЖШС және «Рока групп» ЖШС).
Жыл басынан бері Бірыңғай индустрияландыру картасына 5 жоба енгізіліп, («Қуат керамзит» ЖШС, «Bereke- Solar» ЖШС, «Табиғи өнімдер» ШҚ, «Kyzylorda Sepmem Energy Ltd.» ЖШС, «Black Rock Qatar» ЖШС) 9 жоба шығарылды.
Одан бөлек, Өңірлік үйлестіру кеңесінде инвестициялық жобалардың жай-күйі, жер телімдерін бөлу, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларының тетіктері жан-жақты қарастырылады. 2026 жылдың ІІІ тоқсанында 4 Кеңес отырысы өтіп, онда 16 инвестициялық жоба қаралып, қолдау тапты.
Сондай-ақ, 10 өңірлік инвестициялық штаб отырысы өткізілді. Онда 2-уі сессиялық отырыс.
Штаб отырыстарында жобалардың іске асырылу барысы тыңдалып, туындаған мәселелер құзыретті мемлекеттік органдардың қатысуымен жедел қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сондай-ақ, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға құны 2,9 трлн. теңгені құрайтын 188 жоба (Жалпыұлттық – 105 жоба, жалпыөңірлік – 83 жоба) енгізілген.
Өңірімізде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы тұрақты бақылауға алынған.
Инвестициялық жобалар бойынша
(қаңтар-маусым 2026 ж)
2026 жылы құны 100 млрд. теңгені құрайтын 21 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олар - қуаттылығы 3,5 мың тонналық құс фабрикасы (5,2 млрд. теңге), 5,2 мың тонналық тауарлы сүт фермасы (7,5 млрд. теңге), гофрлеу және картонның тегіс қабаты үшін қағаз өндіру (0,5 млрд.теңге) және жалпы қуаттылығы 50 МВт құрайтын 2 күн электрстанциясы (12,2 млрд. теңге).
Сонымен қатар, құны 1 трлн теңгеге 14 ірі жобаның іске асыру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда, 4 жобаның құрылысы жүргізілуде (швейцариялық «Harvest Agro» компаниясының жүгері мен соя өсіру арқылы аграрлық-индустриялық кластер құру жобасы, «Крахмал-сірне зауыты», «Rixos» қонақ үйі, «Pana» қонақ үйі) және 2 жобаның капсула салу рәсімі өтті (испандық «Рока групп» компаниясының санитарлық-техникалық өнімдер, «Севен Риверс» компаниясының шыны бөтелке).
Жақын күндері 7 жобаның құрылысы басталатын болады («Мелиоратор» ЖШС, «Фабе-Агро» компаниясы, «Табиғи тас Қызылорда» серіктестігінің әк шығару зауыттары, «Арал сода» серіктестігінің кальциленген сода және т.б.).
Жыл басынан бері Бірыңғай индустрияландыру картасына
4 жоба енгізілді. Атап айтқанда:
-«Қуат керамзит» ЖШС керамзит және керамзит блоктарын өндіру жобасын кеңейту;
-«Bereke- Solar» ЖШС қуаты 15 МВт күн электр станциясын салу жобасы;
-«Табиғи өнімдер» ШҚ Сынақтық бордақылау алаңы бар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірістік базасын салу (ірі қара малға, ұсақ малға және құсқа арналған түйіршіктелген жем өндіру) жобасы;
-«Kyzylorda Sepmem Energy Ltd.» ЖШС табиғи газды сұйылту жобасы.
Одан бөлек, Өңірлік үйлестіру кеңесінде инвестициялық жобалардың жай-күйі, жер телімдерін бөлу, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларының тетіктері жан-жақты қарастырылады. Жыл басынан бері 3 Кеңес отырысы өтіп, онда 13 инвестициялық жоба қаралып, 12 жоба қолдау тапты. 1 жоба қайта қарауға жолданды.
Биылғы жыл басынан бастап 6 өңірлік инвестициялық штаб отырысы өткізіліп, онда 16 инвестициялық жобаның проблемалық мәселелері қарастырылды.
Штаб отырыстарында жобалардың іске асырылу барысы тыңдалып, туындаған мәселелер құзыретті мемлекеттік органдардың қатысуымен жедел қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сондай-ақ, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға құны
2,9 трлн. теңгені құрайтын 179 жоба (Жалпыұлттық – 96 жоба, жалпыөңірлік – 83 жоба) енгізілген.
Өңірімізде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы тұрақты бақылауға алынған.
Инвестициялық жобалар бойынша
(қаңтар-наурыз 2026 ж)
Экономиканы әртараптандыру мақсатында 2026-2029 жылдары аймақта 2,7 трлн. теңгеге жуық 50 инвестициялық жоба жүзеге асырылуы жоспарланған.
2026 жылы құны 100 млрд. теңгені құрайтын 21 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олар - қуаттылығы 3,5 мың тонналық құс фабрикасы (5,2 млрд. теңге), 5,2 мың тонналық тауарлы сүт фермасы (7,5 млрд. теңге), гофрлеу және картонның тегіс қабаты үшін қағаз өндіру (0,5 млрд.теңге) және жалпы қуаттылығы 50 МВт құрайтын 2 күн электрстанциясы (12,2 млрд. теңге).
Қазіргі таңда құны 71 млрд. теңгені құрайтын 4 ірі жобаның құрылысы жүргізілуде. Олар - тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және өңдеу зауыты
(7,5 млрд. теңге), «Rixos» қонақүйі (20 млрд. теңге), «Pana» қонақүйі (3,5 млрд. теңге), «Крахмал-сірне зауыты» (40 млрд. теңге).
Сонымен қатар, жыл соңына дейін 882,2 млрд. теңгенің 10 ірі жобасының құрылысы басталатын болады («Арал сода» серіктестігінің кальциленген сода - 186 млрд. тг., «Фабе-Агро» компаниясының жылыжай салу – 134,5 млрд. тг., «Севен Риверс» компаниясының шыны бөтелке - 60 млрд. тг, испандық «Рока групп» компаниясының санитарлық-техникалық өнімдер - 44,1 млрд. тг).
Жыл басынан бері Бірыңғай индустрияландыру картасына 4 жоба енгізілді («Қуат керамзит» ЖШС, «Bereke- Solar» ЖШС, «Табиғи өнімдер» ШҚ, «Kyzylorda Sepmem Energy Ltd.» ЖШС).
Одан бөлек, Өңірлік үйлестіру кеңесінде инвестициялық жобалардың жай-күйі, жер телімдерін бөлу, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларының тетіктері жан-жақты қарастырылады. 2026 жылдың І тоқсанында 1 Кеңес отырысы өтіп, онда 8 инвестициялық жоба қаралып, 7 жоба қолдау тапты. 1 жоба қайта қарауға жолданды.
Биылғы жыл басынан бастап 3 өңірлік инвестициялық штаб отырысы өткізіліп, онда 11 инвестициялық жобаның проблемалық мәселелері қарастырылды.
Штаб отырыстарында жобалардың іске асырылу барысы тыңдалып, туындаған мәселелер құзыретті мемлекеттік органдардың қатысуымен жедел қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сондай-ақ, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға құны 2,8 трлн. теңгені құрайтын 138 жоба (Жалпыұлттық – 90 жоба, жалпыөңірлік – 48 жоба) енгізілген.
Өңірімізде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы тұрақты бақылауға алынған.
Инвестициялық жобалар бойынша
(қаңтар-желтоқсан 2025 ж)
Экономиканы әртараптандыру мақсатында 2025-2028 жылдары аймақта құны құны 2,8 трлн. теңгені құрайтын 98 жоба іске асырылып, 12 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады.
2025 жылдың қорытындысымен құны 300 млрд теңгеден астам қаржыға 27 инвестициялық жоба іске қосылды.
Құрылыс индустриясында толық автоматтандырылған, ең озық технологиялармен жабдықталған өндіріс орны – «Қызылорда Саз-М» серіктестігінің кірпіш зауыты іске қосылды (5 млрд.теңге). Зауыт жылына 90 млн. дана кірпіш шығарады.
Қызылорда қаласында түрік инвесторы «Орхун медикал», «Шеврон» компаниясының тікелей инвестициялар қорымен бірлесіп, 4 млрд. теңгеге жылына 94 мың адамды қабылдайтын «Орхун медикал» онкологиялық диагностикалық орталығы ашылып, халыққа медициналық қызметтерді көрсетуде.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласында «Қаржаубаева» ЖК сауда үйінің құрылысы және «Ayna Glass» ЖШС 720 мың шаршы метр айна шығару өндірісі, «Caspian Service Asia» ЖШС «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойынан жол бойы қызмет көрсету кешені, «Алданазаров Е.» аквапарк салу және қоғамдық тамақтану орнын салу жобалары.
2025 жылдың қазан айында нан-тоқаш, макарон, кондитерлік, печенье өнімдерін шығаратын «Қызылорда нан» ЖШС кешені алғашқы өнімдерін шығара бастады. Жоба құны 3,1 млрд теңге. Жобаның екінші кезеңінде ұн тарту цехын іске қосу жоспарлануда (құны - 2,5 млрд. теңге).
Азық-түлік өнеркәсібінде түйе сүтінен жылына 392 тонна құрғақ ұнтақ өндіру зауыты және екі шағын өнеркәсіптік аймақ биыл іске қосылады (ЖК «Тұмар», «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС).
Сонымен қатар, биылғы жылы құны 753,3 млрд. теңгені құрайтын 14 жобаның құрылысы басталады. Олар, «Кальциленген сода» зауыты (161,4 млрд теңге), «Шалкия» кен орнында кен-байыту фабрикасын салу (414,7 млрд теңге) және 150 орынға арналған «Rixos» қонақ үйі (құны 20 млрд. теңге), кореялық «With You E&C Kyzylorda» компаниясының тұрмыстық қатты қалдықтар өңдейтін зауыты (құны 37,8 млрд.теңге, І кезең 7,5 млрд.теңге), «Seven Rivers Technologies» компаниясының бөтелке шығаратын зауыты (құны 60 млрд. теңге), және испандық «Roca Group» компаниясының санитарлық фаянс өндіру (құны 44 млрд. теңге) жобалары.
Сондай-ақ, «Kazakh Invest» АҚ қолдауымен қуаттылығы 300,5 МВт құрайтын 7 күн және 2 жел электрстанцияларының (жалпы құны 90 млрд теңге) құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, «Тесис» ЖШС қуаттылығы 40 МВт (құны 11,5 млрд теңге) құрайтын күн электрстанциясы іске қосылды.
Жыл басынан бері Бірыңғай индустрияландыру картасына 9 жоба енгізілді.
Өңірлік үйлестіру кеңесінде инвестициялық жобалардың жай-күйі, жер телімдерін бөлу, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларының тетіктері жан-жақты қарастырылады. 2025 жылы Кеңестің 8 отырысы өтіп, онда 15 инвестициялық жоба қаралды.
Сондай-ақ, әкімдіктің қолдауымен 9 инвестор инвестициялық келісімшартқа қол қойды («Aksa energy Qyzylorda» ЖШС, «With You E&C Kyzylorda» ЖШС, «Қызылорда Нан» ЖШС, «Тан Ltd» ЖШС, «Тесис» ЖШС, «Альхена» ЖШС, «Vigor holding» ЖШС, «Табиғи тас Қызылорда» ЖШС). Нәтижесінде, олар кедендік баждардан босатылып, заттай грант ретінде жер телімдерін алды.
2025 жылдың қорытындысымен аймақтың инвестициялық жобалары 3 рет республикалық деңгейдегі инвестициялық штабта, 6 рет өңірлік штаб отырыстарында 30-дан астам жобалар қаралды (барлығы 9 отырыс). Штаб отырыстарында жобалардың іске асырылу барысы тыңдалып, туындаған мәселелер құзыретті мемлекеттік органдардың қатысуымен жедел қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Инвестициялық жобалар бойынша
(қаңтар- қыркүйек 2025 ж.)
Экономиканы әртараптандыру мақсатында 2025-2028 жылдары аймақта құны 2 трлн. теңгеге жуық 89 инвестициялық жоба іске асырылады. 11 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады.
2025 жылы құны 302,5 млрд теңгені құрайтын 27 жобаның іске қосылуы жоспарлануда. Бүгінгі күні 7 жоба толық іске қосылды.
Құрылыс индустриясында толық автоматтандырылған, ең озық технологиялармен жабдықталған өндіріс орны – «Қызылорда Саз-М» серіктестігінің кірпіш зауыты іске қосылды (5 млрд.теңге). Зауыт жылына 90 млн. дана кірпіш шығарады.
Қызылорда қаласында түрік инвесторымен «Orhun Medical» онкологиялық диагностикалық орталығы ашылды. Инвестиция көлемі 4 млрд. теңге. Орталық жылына 94 мың адамды қабылдауға есептеліп, халыққа медициналық қызметтер көрсетуде.
Сонымен қатар, іске қосылған жобалар: Қызылорда қаласында «Қаржаубаева» ЖК сауда үйінің құрылысы және «Ayna Glass» ЖШС 720 мың шаршы метр айна шығару өндірісі, Жаңақорған ауданында «ЕСС» ЖШС «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойынан жол бойы қызмет көрсету кешені, Қазалы ауданында «Алданазаров Е.» аквапарк салу және қоғамдық тамақтану орнын салу жобалары.
Ағымдағы жылы қазан айында нан тоқаш, макарон, кондитерлік, печенье өнімдерін шығаратын «Қызылорда нан» ЖШС кешені өзінің алғашқы өнімдерін шығара бастады. Жобаның I кезеңінің құны 3,1 млрд теңге, ІІ кезеңінің құны 2,5 млрд.теңгені құрайды.
Жыл соңына дейін облыста ірі жобаның бірі – «Aksa Enerji» түрік инвесторымен қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу электр орталығы іске қосылады. Жоба құны 215 млрд. теңгені құрайды.
Машина жасау саласында «Марал Нұр» ЖШС вагондарын жөңдеу кешені жүзеге асырылуда (құны 15,4 млрд.теңге, І кезең - 5,4 млрд.теңге);
Азық-түлік өнеркәсібінде түйе сүтінен жылына 392 тонна құрғақ ұнтақ өндіру зауыты және екі шағын өнеркәсіптік аймақ биыл іске қосылады (ЖК «Тұмар», «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС).
Сонымен қатар, биылғы жылы құны 549 млрд.теңгені құрайтын 14 жобаның құрылысы басталады. Олар, «кальциленген сода зауыты (146,4 млрд теңге), «Шалкия» кен орнында кен-байыту фабрикасын салу (414,7 млрд теңге) және 150 орынға арналған «Rixos» қонақ үйі (құны 10 млрд. теңге), кореялық «With You E&C Kyzylorda» компаниясының тұрмыстық қатты қалдықтар өңдейтін зауыты (құны 34,5 млрд.теңге, І кезең 9,5 млрд.теңге), «Seven Rivers Technologies» компаниясының бөтелке шығаратын зауыты (құны 60 млрд. теңге), және испандық «Roca Group» компаниясының санитарлық фаянс өндіру (құны 40,7 млрд. теңге) жобалары.
Сондай-ақ, «Kazakh Invest» АҚ қолдауымен қуаттылығы 300,5 МВт құрайтын 6 күн және 2 жел электрстанцияларының құрылысы жүргізілуде.
Жыл басынан бері Бірыңғай индустрияландыру картасына 8 жоба енгізілді.
Өңірлік үйлестіру кеңесінде 7 жоба қаралып, тиісті мемлекеттік қолдау шарасы ретінде инвестициялық жобаларға 17,4 га жер телімін табысталды.
Инвестициялық жобалар бойынша
(қаңтар-маусым 2025 жыл)
Экономиканы әртараптандыру мақсатында 2025-2028 жылдары аймақта құны 2,3 трлн. теңгеге жуық 89 инвестициялық жоба іске асырылады. 11 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады.
2025 жылы құны 302,5 млрд теңгені құрайтын 27 жобаның іске қосылуы жоспарлануда.
Оның ішінде ірі жоба – «Акса Энерджи» түрік инвесторымен құны 215 млрд. теңгені құрайтын қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу электр орталығы.
Өңірдің құрылыс индустриясында кірпіш өнімдеріне қажеттілігінің 90% қамтамасыз ететін заманауи кірпіш зауыты іске қосылды (5 млрд.теңге) және жыл сонына дейін қуаттылығы жылына 1,1 млн. тонна қиыршық тас шығару өндірісі (17,3 млрд.теңге), 720 мың шаршы метр айна шығару өндірістері іске қосылады (1,5 млрд.теңге).
Машина жасау саласында «Марал нұр» серіктестігінің жылына 740 жолаушылар вагондарын жөңдеу кешені (құны 15,4 млрд.теңге, І кезең - 5,4 млрд.теңге);
Қызмет көрсету саласында түрік инвесторымен «Oрхун Медикал» жылына 3 мың 500 адамды қабылдайтын медицина орталығы іске қосылады (5 млрд.теңге).
Азық-түлік өнеркәсібінде - нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру кешені, түйе сүтінен жылына 392 тонна құрғақ ұнтақ өндіру зауыты және екі шағын өнеркәсіптік аймақ биыл іске қосылады (ЖК «Тұмар», «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС).
Сонымен қатар, биылғы жылы құны 549 млрд.теңгені құрайтын 14 жобаның құрылысы басталады.
Олар, «кальциленген сода зауыты (146,4 млрд теңге), «Шалкия» кен-байыту фабрикасы (215 млрд теңге), көкөніс пен жеміс сақтау, алма шырынын шығару кешені (2,5 млрд.теңге) және 150 орынға арналған «Rixos» қонақ үйі (құны 7 млрд. теңге), кореялық «With You E&C Kyzylorda» компаниясының тұрмыстық қатты қалдықтар өңдейтін зауыты (құны 34,5 млрд. теңге), «Seven rivers technologies» компаниясының бөтелке шығаратын зауыты (құны 60 млрд. теңге), және испандық «Рока Групп» компаниясының санфаянс өндіру (құны 40,7 млрд. теңге) жобалары.
Сондай-ақ, «Kazakh Invest» АҚ бірлескен жұмыс нәтижесінде қуаттылығы 300,5 МВт құрайтын 6 күн және 2 жел электрстанцияларының құрылысы жүргізілуде.
2025 жылдың І-жартыжылдық қорытындысымен Бірыңғай индустрияландыру картасына 9 жоба енгізілді.
Сонымен қатар, жыл басынан бері Өңірлік үйлестіру кеңесінде 7 жоба қаралып, тиісті мемлекеттік қолдау шарасы ретінде инвестициялық жобаларға 17,4 га жер телімін табыстау мәселелері қаралды.
Инвестициялық жобалар бойынша
2025 жылы құны 295,7 млрд теңгені құрайтын 33 жобаның іске қосылуы жоспарлануда.
Оның ішінде ірі жоба - түрік инвесторларымен құны 215 млрд. теңгені құрайтын қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу электр орталығының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, жолаушылар вагондарын жөңдеу, техникалық қызмет көрсету кешенінің бірінші кезеңі, заманауи кірпіш шығару, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру, айна өндіру жобалары іске қосылады.
- «Марал-Нұр» ЖШС құны 15 млрд.теңгенің жолаушылар вагондарын жөңдеу, техникалық қызмет көрсету кешені және вагон жасау жобасының бірінші кезеңі (5 млрд теңге);
- «Қызылорда Саз-М» ЖШС құны 5 млрд теңгені құрайтын жылына 90 млн.дана заманауи кірпіш шығару жобасы;
- «Казах кэмел» ЖШС құны 3 млрд. теңгенің түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы;
- «Айна Гласс» ЖШС құны 1,5 млрд теңгенің айна өндіру жобасы.
Сонымен қатар, құны 9,5 млрд. теңгеге кореялық «Уиз Ю» компаниясымен тұрмыстық қатты қалдықтар өңдейтін зауытының бірінші кезең құрылысы наурыз айында басталды.
Құны 37,5 млрд. теңгені құрайтын «Хорн» неміс технологиясы бойынша жылына 220 млн. дана шыны бөтелкелерін шығаратын зауыт құрылысын бастау көзделуде.
Сондай-ақ, «КазахИнвест» АҚ бірлескен жұмыс нәтижесінде қуаттылығы 141,2 МВт құрайтын 4 күн және 1 жел электрстанцияларының құрылысы жүргізілуде.
2025 жылдың І-тоқсан қорытындысымен Бірыңғай индустрияландыру картасына 9 жобаны енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде:
1. «Manap Agro Holding» ЖШС-нің «400 басқа сүт тауарлы фермасының құрылысы»;
2. «Шалқия тас» ЖШС-нің «Темірбетон зауытының құрылысы» жобасы;
3. «Шалқия тас» ЖШС-нің «Асфальтбетон зауытының құрылысы» жобасы;
4. «КЗ Сапа Бетон» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында бетон шығару зауытының құрылысы»;
5. «Freedom Telecom Operations» ЖШС-нің «Қуаты 1,5 МВт құрайтын күн электр станциясының құрылысы»;
6. «НурлыТау Лтд» ЖШС-нің «Полистиролбетон блогын шығару зауытының құрылысы»;
7. «ФортисСтройХолдинг» ЖШС-нің «Ұн шығару комбинатының құрылыс» жобасы;
8. «Табиғи Тас Қызылорда» ЖШС-нің «Жоғары сападағы әк тас шығару зауытын салу» жобасы;
9. «Арал Проф Н» ЖШС-нің «Темірден дайын өнім өндіретін зауыт ашу» жобасы.
Сонымен қатар, Өңірлік үйлестіру кеңесінде 3 жоба қаралып, тиісті мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 8,3 га жер телімін табыстау мәселелері қаралды:
1. «Эко Энерджи Плюс» ЖШС «Арал ауданында автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциясы бар көп функционалды жол бойы кешенін салу» жобасы (жоба құны - 1 млрд теңге, 1,3 гектар);
2. «Эко Энерджи Плюс» ЖШС «Шиелі ауданында автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциясы бар көп функционалды жол бойы кешенін салу» жобасы (жоба құны - 1 млрд теңге, 2 гектар);
3. «Qyzylorda Bitum» ЖШС-не «Жол битумы және асфальт-бетон қоспаларын өндіру зауытының құрылысы» жобасы (жоба құны - 800 млн теңге,
2 гектар);
4. «Алаш метан» ЖШС Қызылорда қаласында, Арал және Жаңақорған аудандарында «Автогаз толтыру компрессорлық станциясы бар жол бойындағы қызмет көрсету пунктісін салу» жобасы (жоба құны - 1,8 млрд теңге, 3 гектар).
Инвестициялық жобалар бойынша
Облыста алдағы бесжылдықта құны 1,9 трлн теңгені құрайтын 86 жобаның жүзеге асырылуы жоспарланған. 2024 жылы өңірде 37 млрд. теңгені құрайтын жалпы 21 жоба іске қосылды (411 жұмыс орны).
Оның ішінде, «Orda Glass» серіктестігінің шыны зауытының ішінен құны 6,7 млрд. тенгені құрайтын энергия үнемдейтін шыны өндірісінің жаңа желісі іске қосылды.
Өңірдегі ірі инвестициялық жобалардың бірі - құны 20 млрд.теңгені құрайтын «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы пайдалануға берілді. Одан бөлек, шлакоблок және газоблок шағын өндірістері, металл өңдеу цехы, минералды ұнтақ, асфальтбетон өндірістері іске қосылды. Тамақ өнеркәсібі саласында 5 күріш өңдеу зауыты жылына 96 мың тонна күріш өңдейтін болады.
Түркиялық «Aksa Energy» компаниясының құны 215 млрд. теңгені құрайтын қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу электр орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Аймақтың шикізаттық әлеуетін ескере отырып, шыны зауытының айналасында шыны кластерін құру бағытында келесі жобаларға тиісті жер бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды:
1. «Айна Гласс» серіктестігімен құны 1,5 млрд теңгені құрайтын қуаттылығы жылына 720 мың шаршы метр айна өндіру жобасы, бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
2. «Қызылорда Саз-М» серіктестігінің құны 5 млрд теңгені құрайтын қуаттылығы жылына 90 млн.дана заманауи кірпіш шығару зауыты;
Одан бөлек, құны 3 млрд.теңгенің «Марал нұр» серіктестігінің «цифрлық депо» жолаушылар вагондарын жөңдеу және техникалық қызмет көрсету кешенін салу жобасының құрылысы аяқталу сатысында. 2025 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылатын болады.
Жыл қорытындысымен Бірыңғай индустрияландыру картасына
13,7 млрд.теңгенің 6 жобасы енгізілді:
1. «Комфорт-1KZ» ЖШС-нің «Шыңдалған шыны және шыны өңдеу зауыты өндірісін кеңейту» жобасы;
2.«Дезинфекция» ЖШС-нің «Қайталама шикізатты дайын өнімге қайта өңдеу» жобасы;
3. «Марал-Нұр» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында «Цифрлық депо» жолаушылар вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешенінің құрылысы» жобасы;
4. «Qaratay Fruits» ШҚ-ның «Көкөніс, жеміс-жидек сақтау, алма шырынын селекциялау және өңдеу бойынша кешенін салу».
5. «Қармақшы-Құс» ЖШС-нің «Қуаттылығы 10 мың тонналық қоймасы бар жем зауытының құрылысы»;
6. «Жанакорган Щебень» ЖШС-нің «Бетон зауыты».
Сонымен қатар, Өңірлік үйлестіру кеңесінде 4 жоба қаралып, тиісті мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді:
1. «Seven rivers technologies» ЖШС – «Шыны сынықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату желісі бар шыны ыдыстарды шығару» (31,3 млрд. теңге, 38 га жер телімі берілді);
2. « Қызылорда Саз-М» ЖШС - «Заманауи кірпіш зауытының құрылысы»
(5 млрд. теңге, 7 га жер телімі берілді);
3. «With You E&C» ЖШС«Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату зауытын салу» (36 млн.АҚШ долл., 4 га жер телімі берілді);
4. «Rem Plast Invest» ЖШС қағаз шығару өндірісі (595млн.теңге, 2,5 га жер телімі берілді).
Инвестициялық жобалар бойынша
Облыста алдағы бесжылдықта құны 1,1 трлн теңгені құрайтын 8370 жұмыс орны ашылатын 77 жобаның жүзеге асырылуы жоспарланған. Биыл құны 31,6 млрд.теңгенің 411 жұмыс орны ашылатын 21 жобасын іске қосу жоспарлануда. Оның бүгінгі күні 10 жобасы (11,7 млрд.теңге) іске қосылып, 239 жұмыс орны ашылды. Өңірдегі ірі инвестициялық жобалардың бірі - құны 20 млрд.теңгені құрайтын «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы жақын арада пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін асфальтбетон өндірісі, күріш зауыты, жерасты паркингі бар автосалон мен автошеберхананың іске қосылуы жоспарланған.
Одан бөлек, түркиялық «Aksa Energy» компаниясының құны 215 млрд. теңгені құрайтын қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу электр орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Аймақтың шикізаттық әлеуетін ескере отырып, шыны зауытының айналасында шыны кластерін құру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, «Айна Гласс» ЖШС құны 1,5 млрд теңгені құрайтын қуаттылығы жылына 720 мың шаршы метр айна өндіру және «Комфорт-1КЗ» ЖШС құны 5,5 млрд.теңгені құрайтын қуаттылығы 22,6 мың шаршы метр шыны өндіру жобалары. Қазіргі таңда бұл жобаларға тиісті жер бөлініп, мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде.
Сонымен қатар, корейлік «With You E&C» компаниясымен құны 36 млн. АҚШ долл. құрайтын «Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату зауытын салу» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба инвестициялық деп айқындалып 4 га жер телімі 15 жылға жалға беру арқылы табысталды. Қаржыландыру мәселесі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы пысықталуда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Бірыңғай индустрияландыру картасына бірқатар өнеркәсіптік-инновациялық жобалар енгізілді:
- «Комфорт-1KZ» ЖШС-нің «Шыңдалған шыны және шыны өңдеу зауыты өндірісін кеңейту» жобасы;
- «Дезинфекция» ЖШС-нің «Қайталама шикізатты дайын өнімге қайта өңдеу» жобасы;
- «Марал-Нұр» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында «Цифрлық депо» жолаушылар вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешенінің құрылысы» жобасы;
- «Qaratay Fruits» ШҚ-ның «Көкөніс, жеміс-жидек сақтау, алма шырынын селекциялау және өңдеу бойынша кешенін салу».
Сондай-ақ, Картаға енгізуге келесі жобаларды Штабта қарау үшін жолданды.
«Қармақшы-Құс» ЖШС-нің «Қуаттылығы 10 мың тонналық қоймасы бар жем зауытының құрылысы»;
«Жанакорган Щебень» ЖШС-нің «Бетон зауыты»;
«КЗ Сапа Бетон» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында бетон өндірісі зауытын кеңейту».
Биылғы жылы, Өңірлік үйлестіру кеңесінде жалпы құны 61,2 млрд. теңге құрайтын 3 жоба қаралып, оларды «Өндіріс» индустриялық аймағына жіберу туралы шешім қабылданды:
1. «Seven rivers technologies» ЖШС – «Шыны сынықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату желісі бар шыны ыдыстарды шығару» (31,3 млрд. теңге, 38 га);
2. « Қызылорда Саз-М» ЖШС - «Заманауи кірпіш зауытының құрылысы» (2,3 млрд. теңге, 7 га);
3. «EuroGlass Industries» ЖШС - «Шыны ыдыстарды кәдеге жарату, қайта өңдеу және өндіру жөніндегі зауыт салу» (27,6 млрд. теңге, 15 га).
Облыстағы инвестициялық жобалар бойынша анықтама
Облыста 2024 жылы жалпы құны 31,3 млрд.теңгені құрайтын 14 инвестициялық жобаның іске қосылуы жоспарлануда.
Анықтама үшін:
1. Қазалы ауданындағы «Zhankent Agro» ЖШС-нің «Күріш ақтау зауыты» жобасы (құны – 501 млн.теңге, жұмыс орны – 10 адам);
2. Қызылорда қаласындағы «Orda Glass LTD» ЖШС-нің «Энергия үнемдейтін шыны өндіру зауыты» жобасы (құны – 6,7 млрд.теңге, жұмыс орны – 20 адам);
3. Қызылорда қаласындағы «Accent Development Solutions» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында әуежайдың жаңа жолаушылар терминалын салу» жобасы (құны – 15,7 млрд.теңге, жұмыс орны – 50 адам);
4. Қызылорда қаласындағы «Aray Food» ЖШС-нің «Жылына 4 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасын салу» жобасы (құны – 1,2 млрд.теңге, жұмыс орны – 50 адам);
5. Жаңақорған ауданындағы «Абдуллаев Аманкелді» ЖШС-нің «400 орындық мектеп-интернат құрылысы» жобасы (құны – 500 млн.теңге, жұмыс орны – 50 адам);
6. Қызылорда қаласындағы ЖК «Искаков» Сауда үйі (құны – 500 млн.теңге, жұмыс орны - 50);
7. Арал ауданындағы «Sinooil» ЖШС Жанармай құю станциясы (құны – 500 млн.теңге, жұмыс орны – 10 адам);
8. Қызылорда қаласындағы «Орда Автодор» ЖШС-нің «Асфальт-бетон зауыты құрылысы» жобасы (құны - 1 млрд.теңге, жұмыс орны – 15 адам);
9. Жаңақорған ауданындағы «Шалкия Минералс» ЖШС-нің «Минералды ұнтақ өндірісі» (құны – 500 млн.теңге, жұмыс орны – 10 адам);
10. Қызылорда қаласындағы ЖК «Алпамыс» «Нан-тоқаш, кондитерлік, макарондық өнімдер өндіру кешені» жобасы (құны – 1,2 млрд.теңге, жұмыс орны – 67 адам);
11. Жалағаш ауданындағы ЖК «Ержанов Д.» «Күріш ақтау зауытын кеңейту және жем өндіру зауыты» жобасы (құны - 500 млн.теңге, жұмыс орны – 20 адам);
12. Қазалы ауданындағы «Еңбек» ЖШС-нің «Тамшылатып суару әдісімен орман питомнигін ұйымдастыру»жобасы (құны – 500 млн.теңге, жұмыс орны – 12 адам).
13. Шиелі ауданындағы «Таң LTD» ЖШС-нің «Жүгері егу және өңдеу жобасын ұйымдастыру» жобасы (құны – 1,3 млрд. теңге, жұмыс орны - 20 адам).
14. Қызылорда қаласындағы «Technology alem oil» ЖШС-нің «Жерасты паркингі бар автосалон мен авто шеберхана салу» жобасы (құны – 700 млн. теңге, жұмыс орны - 25 адам).
Бүгінгі күні, жалпы құны 8,2 млрд теңгені құрайтын 4 жоба іске қосылды. Олар, «Жанкент Агро» ЖШС күріш ақтау зауыты, «Абдуллаев Аманкелді» ЖШС 400 орынға арналған мектеп интернаты, «Орда гласс ЛТД» ЖШС энергия үнемдейтін шыны өндірісі, ЖК «Искаков» Сауда үйі.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Облыста 2024 жылы жалпы құны 34,9 млрд.теңгені құрайтын 16 инвестициялық жобаның іске қосылуы жоспарлануда.
Анықтама үшін:
1. Қазалы ауданындағы «Zhankent Agro» ЖШС-нің «Күріш ақтау зауыты» жобасы (құны – 501 млн.теңге, жұмыс орны – 10 адам);
2. Қызылорда қаласындағы «Orda Glass LTD» ЖШС-нің «Энергия үнемдейтін шыны өндіру зауыты» жобасы (құны – 6,7 млрд.теңге, жұмыс орны – 20 адам);
3. Қызылорда қаласындағы «Accent Development Solutions» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында әуежайдың жаңа жолаушылар терминалын салу» жобасы (құны – 15,7 млрд.теңге, жұмыс орны – 50 адам);
4. Қызылорда қаласындағы «Aray Food» ЖШС-нің «Жылына 4 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасын салу» жобасы (құны – 1,2 млрд.теңге, жұмыс орны – 50 адам);
5. Жаңақорған ауданындағы «Абдуллаев Аманкелді» ЖШС-нің «400 орындық мектеп-интернат құрылысы» жобасы (құны – 500 млн.теңге, жұмыс орны – 50 адам);
6. Қызылорда қаласындағы ЖК «Искаков» Сауда үйі (құны – 500 млн.теңге, жұмыс орны - 50);
7. Арал ауданындағы «Sinooil» ЖШС Жанармай құю станциясы (құны – 500 млн.теңге, жұмыс орны – 10 адам);
8. Қызылорда қаласындағы «Орда Автодор» ЖШС-нің «Асфальт-бетон зауыты құрылысы» жобасы (құны - 1 млрд.теңге, жұмыс орны – 15 адам);
9. Жаңақорған ауданындағы «Шалкия Минералс» ЖШС-нің «Минералды ұнтақ өндірісі» (құны – 500 млн.теңге, жұмыс орны – 10 адам);
10. Қызылорда қаласындағы ЖК «Алпамыс» «Нан-тоқаш, кондитерлік, макарондық өнімдер өндіру кешені» жобасы (құны – 1,2 млрд.теңге, жұмыс орны – 67 адам);
11. Жалағаш ауданындағы ЖК «Ержанов Д.» «Күріш ақтау зауытын кеңейту және жем өндіру зауыты» жобасы (құны - 500 млн.теңге, жұмыс орны – 20 адам);
12. Арал ауданындағы «Qazaq Camel» ЖШС-нің «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару» жобасы (құны – 2,5 млрд.теңге, жұмыс орны - 35);
13. Қызылорда қаласындағы ЖК «Қаржаубаева» Сауда үйі (құны – 700 млн.теңге, жұмыс орны – 50 адам).
14. Шиелі ауданындағы «Таң LTD» ЖШС-нің «Жүгері егу және өңдеу жобасын ұйымдастыру» жобасы (құны – 1,3 млрд. теңге, жұмыс орны - 20 адам).
15. Шиелі ауданындағы «LimeStone Processing» ЖШС-нің «Әк және құрғақ құрылыс қоспалары өндірісін ұйымдастыру» (құны – 937 млн. теңге, жұмыс орны - 24 адам);
16. Қызылорда қаласындағы «Technology alem oil» ЖШС-нің «Жерасты паркингі бар автосалон мен авто шеберхана салу» жобасы (құны – 700 млн. теңге, жұмыс орны - 25 адам).
Оның а.ж. ақпан айында 1 жобасы («Zhankent Agro» ЖШС) іске қосылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар биылғы жылыда жалғасын табатын болады.
Индустрияландыру
Қызылорда облысында индустрияландыру аясында құны 696,7 млрд. теңгені құрайтын 36 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 6,2 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы, бие сүтін өңдейтін цех, әк және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауыты іске қосылады.
Қармақшы ауданында жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құны 3 млрд. теңге құс фабрикасы іске қосылды. Қуаттылығы – жылына 1500 тонна құрайтын фабрикада 160 адам жұмыспен қамтылмақ.
Ал «Айғасар» ЖШС- інде «Иппотерапия және бие сүтін өңдеу цехының құрылысы қолға алынып отыр. Жоба құны – 30 млн. теңге, жұмыс орны - 15 адам, қуаттылығы - 20 тоннаны құрайтын цех Қызылорда қаласында ашылмақшы.
Шиелі ауданында «LimeStone Processing» ЖШС «Әк және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіруді ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба құны - 937 млн. теңге, жұмыс орны - 24 адам, қуаттылығы - 30 мың тонна.
Сонымен қатар, Индустрияландыру картасы аясында 2010-2022 жылдары аралығында іске қосылған жобалармен 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында 50,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28%-ға (8 ай 2022 ж – 39,2 млрд. теңге) артқан.
Былтырғы қазан айынан бері өңдеуші өнеркәсіпке серпін беретін шыны зауытында жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы зауыт елімізді 32 мың тоннадан астам өніммен қамтамасыз етті. Биылғы 8 айда 9,4 млн. шаршы метр шыны өндірілді. Зауыт өнімі еліміздің аймақтарына, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресейге экспортталуда.
Ірі жобалардың бірі – «Шалқия» кен орнында тау-кен байыту комбинаты жүзеге асырылуда. Құны 323,6 млрд. теңге болатын жоба бойынша Еуропалық Даму және Қайта Құру Банкі платформасында тендер өткізілуде. Тендерлік процесс аяқталған соң комбинаттың құрылыс жұмыстары басталады.
Индустрияландыру
Облыста Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында құны 607,7 млрд.теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 6,3 мың жұмыс орны ашылатын 34 жобаның жүзеге асырылуы жоспарланған.
Оның 2023 жылы құны 6,4 млрд.теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 234 жұмыс орны ашылатын 4 жобаның іске қосылуы жоспарлануда.
Анықтама:
«Қармақшы құс» ЖШС «Жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы құрылысы» (Құны – 3 млрд. теңге, қуаттылығы – жылына 1500 тонна, жұмыс орны – 160 адам, Қармақшы ауданы).
«Айғасар» ЖШС «Иппотерапия және бие сүтін өңдеу цехының құрылысы» (Жоба құны – 30 млн. теңге, жұмыс орны - 15 адам, қуаттылығы - 36 мың тонна, Қызылорда қаласы).
«Qazaq camel» ЖШС «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру» (Жоба құны – 2,5 млрд.теңге, жұмыс орны - 35 адам, қуаттылығы - 700 тонна, Арал ауданы).
«LimeStone Processing» ЖШС «Әк және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіруді ұйымдастыру» жобасы (Жоба құны - 937 млн. теңге, жұмыс орны - 24 адам, қуаттылығы - 50 мың тонна, Шиелі ауданы).
Сонымен қатар, Индустрияландыру картасы аясында 2010-2022 жылдары аралығында іске қосылған жобалармен 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында 32,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 46,8%-ға (5 ай 2022 ж – 22,0 млрд. теңге) артқан.
Сондай-ақ, Бірыңғай индустрияландыру картасына 4 жобаның енгізілуі бойынша ұсыныс салалық министрлікке жолданды.
«Табиғи Тас Қызылорда» ЖШС-нің «Байтерек» әктас кен орны базасында бірінші сұрыпты әк өндіру» жобасы,
«Ayna Glass» ЖШС-нің «Шыны өндіру бойынша жоғары технологиялық кешен құрылысы» жобасы,
«LimeStone Processing» ЖШС-нің «Әк және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіруді ұйымдастыру» жобасы,
ЖК «Алпамыс» «Нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдері».
Индустрияландыру
Облыста өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пулы аясында құны 746,1 млрд.теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 7,3 мың жұмыс орны ашылатын 37 жобаның жүзеге асырылуы жоспарланған.
2023 жылы құны 14,1 млрд.теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 433 жұмыс орны ашылатын 7 жобаның іске қосылуы жоспарлануда.
Анықтама:
Сонымен қатар, Индустрияландыру картасы аясында 2010-2022 жылдары аралығында іске қосылған жобалармен 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында 15,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39%-ға (3 ай 2022 ж – 10,8 млрд. теңге) артқан.
2023 жылдың 3 айында карта жобалары арқылы өндірілген өнім көлемінің өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 22,9%-ды құрады (3 ай 2022 ж – 22,4%).
Облыста өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пулы аясында құны 704,5 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылған соң 6,8 мың адамды жұмыспен қамтитын 43 жобаның жүзеге асырылуы жоспарланған.
2022 жылы құны 4,8 млрд.теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 175 жұмыс орны ашылатын 7 жоба іске қосылды:
Сонымен қатар, Индустрияландыру картасы аясында 2010-2022 жылдары аралығында іске қосылған жобалармен 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында іске қосылған жобалармен 61,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25,6%-ға (12 ай
2021 ж – 49,1 млрд. теңге) артқан.
2022 жылдың 12 айында карта жобалары арқылы өндірілген өнім көлемінің өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 25,5%-ды құрады (12 ай 2021 ж – 25,6%).
Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру бойынша:
Облыста индустрияландыру бағдарламасының III бесжылдығында құны
543,3 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 7,4 мың адамды жұмыспен қамтитын 46 жоба жүзеге асырылуы жоспарланған:
1) «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» картасында - құны 172,7 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 4,1 мың адамды жұмыспен қамтитын - 43 жоба;
2) Республикалық картасында - құны 370,6 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда
2,4 мың адамды жұмыспен қамтитын - 3 жоба.
Бағдарлама аясында 2021 жылы құны 45,2 млрд.теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 456 адамды жұмыспен қамтитын 4 жоба іске қосылды.
1.«Аралтұз» АҚ-ның «Ас тұзы өндірісінің №3 испан цехының құрылысы» жобасы. (Жоба құны - 2,9 млрд.теңге, жұмыс орны - 198 адам, қуаттылығы - жылына 180 мың тонна).
2.«Қуат керамзит» ЖШС-нің «Керамзит және керамзит блоктарын шығаратын өндіріс» жобасы. (Жоба құны - 130 млн.теңге, жұмыс орны - 25 адам, қуаттылығы жылына
3 млн.дана).
3.«Ақжарма-1» фермерлік шаруашылығының «Қуаттылығы жылына 630 тонна күріш ақтау цехы» жобасы (Жоба құны – 49,8 млн.теңге, жұмыс орны - 7 адам).
4.«Orda Glass Ltd» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 197,1 мың тонна табақша шыны өндіретін және өңдейтін зауыты» жобасы. Ү.ж. 8 желтоқсанда балқыту ваннасы мен күйдіру пешін қосу рәсімі ҚР Парламент Сенатының төрағасы М. С. Әшімбаевтың қатысуымен өткізілді. (Жоба құны - 42,1 млрд.теңге, жұмыс орны - 226 адам).
2022 жылы азық-түлік өнімдерін шығаруға бағытталған инвестиция көлемі
3,1 млрд.теңге болатын 4 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Шалқия» кен орнында тау-кен байыту комбинатының және кальциленген сода зауытының құрылысын бастауды жоспарлаудамыз.
«Баласауыскандық» ванадий кен орнын игеру жұмыстары жалғасуда, былтырғы жылдың қараша айынан бастап ферромолибден өнімін өндіруді бастады.
Индустрияландыру бағдарламасының орындалуы
Индустрияландыру бағдарламасының I және II бесжылдығы аясында құны 151 млрд.теңгені құрайтын, 31 жоба жүзеге асырылып, 1,9 мың жұмыс орны ашылды.
Үстіміздегі жылдың 9 айында 37,8 млрд.теңгеге өнім шығарып, көрсеткіш 1,7% есеге өсті (9 ай 2020 ж- 7,3 млрд теңге), оның ішінде экспорты – 69,8 % - ға өсім көрсетті (9 ай 2020 ж-7,2 млрд теңге, 9 ай 2021 ж -12,4 млрд теңге).
II бесжылдықтың маңызды жобалары - тампонажды цемент зауыты және ас және техникалық тұз өндіретін II испан цехі.
Анықтама:
Индустрияландыру бағдарламасының ІІІ бесжылдығында құны 543 млрд. теңгені құрайтын, іске қосылғанда 7,4 мың адамды жұмыспен қамтитын 46 жоба жүзеге асырылуда.
2021 жылы құны 45,2 млрд.теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 456 адамды жұмыспен қамтитын 4 жобаның іске қосылуы жоспарлануда:
1. «Аралтұз» АҚ-ның «Ас тұзы өндірісінің №3 испан цехының құрылысы» жобасы
Жоба құны - 2,9 млрд.теңге, жұмыс орны - 198 адам, қуаттылығы - жылына 180 мың тонна, Арал ауданы.
Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 49 га жер телімі берілді.
Жоба бастамашысы 2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық банкі» АҚ филиалы арқылы 4,0 млрд.теңге несие қаражатын алды. Технологиялық жабдықтар - Испаниялық «Construcciones Mecanicas J.SERRA.S.A».
Цех қондырғыларын монтаждау жұмыстары 2 испан мамандарымен жүргізілді. Қондырғыларды іске қосу - реттеу жұмыстары аяқталып, сынама өнім өндірілді. Бүгінгі күні қабылдау актісін алу жұмыстары жүргізілуде.
Зауыттың іске қосылуы 2021 жылдың қараша айына жоспарлануда.
2. «Қуат керамзит» ЖШС-нің «Керамзит және керамзит блоктарын шығаратын өндіріс» жобасы.
Жоба құны - 130 млн.теңге, жұмыс орны - 25 адам, қуаттылығы жылына 3 млн.дана, Жаңақорған ауданы.
Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде жер қойнауын пайдалану құқығы және 2 га жер телімі берілді. Қазіргі таңда, зауыт құрылысы толықтай аяқталды. Қондырғылар орнатылып, алғашқы сынама өнім өндірілді. Сонымен қатар, газбен жабдықтаудың жобасы жасалуда. Бүгінде, іске қосу актісін алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Өндірісті іске қосу ү.ж. қараша айына жоспарланған.
3. «Ақжарма-1» фермерлік шаруашылығының «Қуаттылығы жылына 630 тонна күріш ақтау цехы» жобасы
Жоба құны - 82 млн.теңге, жұмыс орны – 7 адам, Сырдария ауданы.
Мемлекеттік қолдау шарасы - «Агробизнес - 2025» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие қаражатын алды. Жобаның құрылыс жұмыстары 100 пайызға аяқталған. Бүгінгі күні қондырғылар Қытайдан жеткізіліп, монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Цехты іске қосу желтоқсан айына жоспарланған.
4. «Orda Glass Ltd» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 197,1 мың тонна табақша шыны өндіретін және өңдейтін зауыты» жобасы
Жоба құны - 42,1 млрд.теңге, жұмыс орны - 226 адам, Қызылорда қаласы
Қазіргі таңда, құрылыс алаңында құрылыс жұмыстарымен қатар құрал-жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде, оған 176 жұмысшылар жұмылдырылған.
Негізгі жұмыс балқыту ваннасы мен күйдіру пешін монтаждау.
Айта кету қажет, балқыту ваннасы және күйдіру пешін монтаждау үшін 4 ай уақыт және жылы режим жағдайы (+10°С жоғары) қажет.
Зауытты іске қосу мерзімі 2021 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
Индустрияландыру бағдарламасының орындалуы
Индустрияландыру бағдарламасының I және II бесжылдығы аясында құны 149,7 млрд.теңгені құрайтын, 26 жоба жүзеге асырылып, 1,7 мың жұмыс орны ашылды.
Биылғы жылдың 6 айында іске қосылған жобалармен өндірілген өнім көлемі 1,7 есеге өсіп, 22,5 млрд.тенгені құрады (6 ай 2020 ж - 13,2 млрд. теңге)., оның ішінде экспортталған өнім көлемі на 2,7 есеге (6 ай 2020ж. – 5,2 млрд.теңге, 6 ай 2021г. - 9,2 млрд.теңге), ал экспортталатын елдер - 8-ден 12-ге өсті (Россия, Кыргызстан, Узбекстан, Азербайджан, Дания, Таджикистан, Афганистан, Китай, Великобритания, Польша, США, Тайвань).
II бесжылдықтың маңызды жобалары - тампонажды цемент зауыты және ас және техникалық тұз өндіретін II испан цехі.
Анықтама:
1. «Компания Гежуба Шиели Цемент» ЖШС - Тампонажды цемент зауыты. Зауыт іске қосылғаннан бері 1,5 млн.тонна цемент өнімін өндіріп, оның 330 мың тоннасын Өзбекстан еліне экспорттады.
2. «Аралтуз» АО - ас және техникалық тұз өндіретін II испан цехі. Тұз өндіру және сату көлемі 3 есеге ұлғайды. Бүгінгі таңда өз өнімінің 75% шетелге экспорттауда, соңғы бірнеше жылда ресей нарығының 18% жаулады.
Индустрияландыру бағдарламасының ІІІ бесжылдығында құны 543 млрд. теңгені құрайтын, іске қосылғанда 7 мың адамды жұмыспен қамтитын 41 жоба жүзеге асырылуда.
Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2021 жылы құны
48,5 млрд.теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 506 адамды жұмыспен қамтитын 4 жобаның іске қосылуы жоспарлануда. Олар табақша шыны зауыты, ас тұзы, құс фабрикасы және түйе сүтінен құрғақ сүт өндірісі.
Анықтама:
1. «Orda Glass Ltd» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 197,1 мың тонна табақша шыны өндіретін және өңдейтін зауыты» жобасы (жоба құны - 42,1 млрд.теңге, жұмыс орны - 226 адам, Қызылорда қаласы)
2. «Қармақшы құс» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіру» жобасы (жоба құны - 1,9 млрд.теңге, жұмыс орны - 47 адам, Қармақшы ауданы)
3. «Аралтұз» АҚ-ның «Ас тұзы өндірісінің №3 испан цехының құрылысы» жобасы (жоба құны - 2,9 млрд.теңге, жұмыс орны - 198 адам, қуаттылығы - жылына 180 мың тонна, Арал ауданы).
4. «Qazaq Qamel» ЖШС-нің «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндірісінің құрылысы» жобасы (жоба құны - 1,5 млрд.теңге, жұмыс орны - 35 адам, қуаттылығы - жылына 130 тонна, Арал ауданы.
Бүгінгі күні шыны зауытының құрылысы аяқталу сатысында. Инженерлік-инфрақұрылым жеткізу бойынша барлық жұмыстар орындалған. Зауыттың технологиялық желісін монтаждау және жөндеу үшін ҚХР-нан 56 маман келді. Зауытты жыл соңына дейін іске қосуды жоспарлаудамыз.
Сонымен қатар, зауыт жанынан құны 27 млрд.теңгені құрайтын, 400 жұмыс орнын ашатын, 8 ілеспе өндірістерді құру жоспарлануда
(инвесторлармен 3 жобаны жүзеге асыру басталды).
Биылғы жылы 2 ірі жобаның құрылысын бастауды жоспарлаудамыз - қуаттылығы жылына 4 млн. тонна «Шалқия» кен орнында тау-кен байыту комбинаты және қуаттылығы жылына 300 мың тонна кальциленген сода зауыты.
Сондай-ақ, «Баласауысқандық» кен орнын игеру жұмыстары жаслғасуда, ү.ж. 6 айында 308 тонна аммони метованадаты Ресей мен Ұлыбритания елдеріне экспортталды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге ұлғайған (6 ай 2020ж. – 226 тонна). Кәсіпорын өткен жылдың қараша айынан бастап алюмосиликатты толтырғыш жаңа өнімін өндіріп, экспорттай бастады.
Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының III бесжылдығының орындалуы (2020-2025 жж.)
Индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығында құны 554,4 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 6,7 мың адамды жұмыспен қамтитын 26 жоба жүзеге асырылуда:
1) «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» картасында - құны 183,6 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 4,2 мың адамды жұмыспен қамтитын - 23 жоба;
2) Республикалық картасында - құны 370,6 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 2,4 мың адамды жұмыспен қамтитын - 3 жоба.
2020 жылы іске қосылған жобалар
2020 жылы жалпы құны 1,5 млрд.теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 172 адамды жұмыспен қамтитын 3 жоба іске қосылды:
1. «Сервистік-дайындау орталығы» ЖШС-нің «Тауарлы балықты өсіру және терең өңдеу кешенін кеңейту цехының І кезеңі- балықты тереңінен өңдеу цехы.
Жоба құны - 401,8 млн.теңге (1 кезең - 60 млн.теңге), қуаттылығы - күніне
4,8 мың кг балық филесы, 400 тонна кақталған және ысталған балық, жұмыс орны-
22 адам,жүзеге асырылу орны – Арал ауданы
Бірінші кезең - балықты тереңінен өңдеу цехы 2020 жылдың қараша айында іске қосылды.
Бүгінгі күні, 100 тоннадан аса балық өнімі Ресейге экспортталды.
2. «Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС-нің «Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехын салу» жобасы
Жоба құны - 160 млн.теңге, қуаттылығы – жылына 4 мың тонна балық өңдеу, жұмыс орны-100 адам,жүзеге асырылу орны – Арал ауданы
Цех 2020 жылдың желтоқсан айында іске қосылды.
3. «Dana Quartz» ЖШС-нің «Арал ауданындағы кварц құмын байыту бойынша тау-кен байыту комбинатының бірінші желісі» жобасы
Жоба құны - 992,2 млн.теңге, жұмыс орны-50 адам,қуаттылығы - сағатына 5 тонна (жылына 70 мың тонна), жүзеге асырылу орны - Арал ауданы.
Жоба «Байқоңыр ӘКК» АҚ-мен «AralQuartz» ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылды («Dana Quartz» ЖШС-нің үлесі - 74%, «Байқоңыр ӘКК» АҚ-ның үлесі - 26%).
Жоба 2020 жылдың желтоқсан айында іске қосылды.
Жалпы, I және II бесжылдығы аясында құны 149,7 млрд.теңгені құрайтын, 26 жоба жүзеге асырылып, 1,7 мың жұмыс орны ашылды.
2020 жылы іске қосылған жобалармен 34,8 млрд.теңгенің өнімі өндірілген (2019ж. – 31,8 млрд.теңге).
2020 жылы құны 11,2 млрд. теңгені құрайтын 473,8 мың тонна(тұз, балық, пропан-бутан, аммоний метаванадаты, мия тамырының сығындысы, цемент) өнім экспортталды (2019 ж. – 10,5 млрд.тг., 416,7 мың тонна).
2020 жылы карта жобалары арқылы өндірілген өнім көлемі жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 23%-ды құрады(2019 ж. – 18,4%).
Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының III бесжылдығының орындалуы
(2020-2025 жж.)
Индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығында құны 554,2 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 6,7 мың адамды жұмыспен қамтитын 26 жоба жүзеге асырылуда:
1) «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» картасында - құны 183,6 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 4,2 мың адамды жұмыспен қамтитын - 23 жоба;
2) Республикалық картасында - құны 370,6 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 2,4 мың адамды жұмыспен қамтитын - 3 жоба.
2020 жылы іске қосылатын жобалар
2020 жылы жалпы құны 1 млрд.теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 234 адамды жұмыспен қамтитын 3 жобаның іске қосылуы жоспарлануда.
1. «Сервистік-дайындау орталығы» ЖШС-нің «Тауарлы балықты өсіру және терең өңдеу кешенін кеңейту цехы» жобасы. Жоба 4 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - балықты тереңінен өңдеу цехы іске қосылады.
(Жоба құны - 80 млн.теңге, жұмыс орны - 22 адам, жүзеге асырылу орны - Арал ауданы).
2. «Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС-нің «Балықты өңдеу цехі» жобасы
(Жоба құны - 160 млн.теңге, қуаттылығы – жылына 4 мың тонна балық өңдеу, жұмыс орны - 100 адам, жүзеге асырылу орны – Арал ауданы).
3. «Дана кварц» ЖШС-нің «Кварц құмын байыту комбинаты» жобасы
(Жоба құны - 760 млн.теңге, жұмыс орны - 80 адам, жүзеге асырылу орны - Арал ауданы, қуаттылығы - жылына 420 мың тонна).
Жалпы, I және II бесжылдығы аясында құны 149,7 млрд.теңгені құрайтын, 26 жоба жүзеге асырылып, 1,7 мың жұмыс орны ашылды.
2020 жылдың 8 айында іске қосылған жобалармен 17,5 млрд.теңгенің өнімі өндірілген (8 ай 2019ж – 20 млрд.теңге).
2020 жылдың 8 айында құны 6,4 млрд. теңгені құрайтын 248 мың тонна (тұз, балық, пропан-бутан, аммоний метаванадаты, мия тамырының сығындысы, цемент) өнім экспортталды (8 ай 2019 ж. – 6,8 млрд.тг., 255,3 мың тонна).
2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында карта жобалары арқылы өндірілген өнім көлемі жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 18,9%-ды құрады.
Индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығында құны 551,2 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 6,4 мың адамды жұмыспен қамтитын 23 жоба жүзеге асырылуда:
1) «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» картасында - құны 180,6 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 4,0 мың адамды жұмыспен қамтитын - 20 жоба;
2) Республикалық картасында - құны 370,6 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 2,4 мың адамды жұмыспен қамтитын - 3 жоба.
2020 жылы іске қосылатын жобалар
2020 жылы жалпы құны 44,2 млрд.теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 373 адамды жұмыспен қамтитын 3 жобаның іске қосылуы жоспарланған:
1. «Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС-нің «Балықты өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехін салу» жобасы
2. «Қармақшы құс» ЖШС-нің «Жылына 1500 тонна құс етін өндіру жобасы» жобасы.
3. «Orda Glass» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 197,1 мың.тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты» жобасы
Жалпы, I және II бесжылдығы аясында құны 149,7 млрд.теңгені құрайтын, 26 жоба жүзеге асырылып, 1,7 мың жұмыс орны ашылды. 2020 жылдың қаңтар-маусым айларында 16 жоба өнім шығаруды қамтамасыз етті.
2020 жылдың 6 айында іске қосылған жобалармен
13,2 млрд.теңгенің өнімі өндірілген (6 ай 2019ж–13,2 млрд.теңге).
2020 жылдың 6 айында құны 5,2 млрд. теңгені құрайтын 190 мың тонна (тұз, балық, пропан-бутан, аммоний метаванадаты, цемент) өнім экспортталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда заттай мәнде 1%-ға өскен (6 ай 2019 ж. –5,0 млрд.тг.,182,1 мың тонна).
2020 жылдың қаңтар-маусым айларында карта жобалары арқылы өндірілген өнім көлемі жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 19,1%-ды құрады (6ай 2019 ж. –16,3%).