Лого

Меню

Страницы

Статья

2018 жыл бойынша өңірді цифрландыру

Қызылорда облысы бойынша 2018 жылдың басынан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Smartcity» тұжырымдамасы аясында40 жобажүзеге асырылуда.
Жоғарыда көрсетілген жобалар 10 бағыт бойынша іске асырылуда, оның 5-і «SmartCity» («смарт-сити») тұжырымдамасының негізгі бағыттары болып табылады: білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ, көлік және қауіпсіздік.
2018 жылдың қорытындысы бойынша 29 жоба аяқталды, келесі жылдарға ауысатын 11 жоба.
Бұдан басқа, Қызылорда облысы «Ақылды басқару»бағыты бойынша пилоттық аймақ болып таңдалды.
Білім саласында.
Облыстың барлық 293 мектебі 100% қамтамасыз етілді:
- жоғары жылдамдықты интернетпен;
- роутерлермен жәнеWi-Fi арқылы интернет желісіне қосылған;
- «Күнделік» электрондық журналымен жұмыс істеуге арналған планшеттермен;
- компьютерлермен (МЖӘ шеңберінде 8096 компьютер сатып алынды).
Сонымен қатар, негізгі және орта мектептердің 30% робототехника кабинеттері енгізілді, оқушылар сарайына «3D зертханалар» сатып алынды, Қызылорда қаласында 12 инновациялық кабинет ашылды («IT iMAQORDA» ресурстық-әдістемелік орталық).
Барлық 659 мектепке дейінгі балалар мекемесі «Электрондық балабақша»автоматтандырылған жүйесіне қосылған.
Денсаулық сақтау саласында.
Облыс бойынша интернет желісіне облыстық және аудандық деңгейдегі барлық медициналық мекемелер 100% қосылған, аудандық деңгейден төмен 240 нысанның 202 (84,2%) интернет желісіне қосылған. Компьютерлік техникамен жабдықтау-100% құрайды.
Облыстың барлық медициналық ұйымдарында КМАЖ, «ДамуМед», «Көмек» ақпараттық жүйелері енгізілген. Қазіргі уақытта барлық емханаларда КМАЖ көмегімен пациенттерді тіркеу электрондық түрде жүргізіледі.
Облыс бойынша 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап медициналық ұйымдардың «қағазсыз құжат айналымына» көшуі бойынша жұмыстар басталды, медициналық құжаттаманың 94 нысаны (121-ден) электрондық форматқа ауыстырылды.
Санитарлық автокөліктің 100% GPS-мониторингіне қосылған(26 санитарлық автокөлік). Нәтижесінде келу уақыты 11-ден 9-8 минутқа дейін қысқарды.
«Патронаждық медбике» және «Ерте жастағы балаларды күту» мобильдік қосымшалары енгізілді. Мобильдік қосымша енгізілгеннен кейін үйде бала өлімі тіркелген жоқ, балалардың жарақаттану көрсеткіші 31,1% төмендеді.
15 медициналық ұйым телемедициналық құралдармен жабдықталған (компьютер, цифрлаушы және деректерді беру құралдары). 11 айдың қорытындысы бойынша телемедицина арқылы көрсетілген консультациялар саны – 1498.
Кезекті күту уақытын қысқарту мақсатында16 медициналық ұйым электронды жазбалар мен электронды кезектерге арналған құрал-жабдықтармен жабдықталған(терминал, экран, шағын ДК, навигация).
ТКШ саласын цифрландыру.
Коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың бірыңғай тізілімі бар«Бірыңғай төлем құжаты» жобасы іске асырылды.
«Қауіпсіз үй»жобасы аясында бүгінгі күні 776 бірлік бейнекамералар орнатылды, көп қабатты үйлердің 388 кіреберісі қамтылды.
Қауіпсіздік саласында.
Алынған:
- «Е-қылмыстық іс» жүйесімен жұмыс істеу үшін 92 автоматтандырылған жұмыс орны.
Анықтама: 2018 жылдың қорытындысы бойынша электрондық форматта 496 іс тіркелді.
- әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімімен жұмыс істеуге арналған 117 планшеттер.
Анықтама: 2018 жылдың қорытындысы бойынша электронды түрде 65,2 млн.теңге сомасына 21 927 мың хаттама жасалды.
Қызылорда облысы «112 Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі» жобасы бойынша пилоттық аймақ болып табылады. Жоба шұғыл ден қоюға және жедел қызметтердің азаматтардың өтініштеріне үйлесімді өзара іс-қимылына, сондай-ақ жедел қызметтердің ресурстарын ұтымды бөле отырып, кешенді ден қою уақытын ұзартуға арналған.
Пилот шеңберінде облыстың барлық жедел қызметтері біріктірілді, олар: өртке қарсы қызмет (101), полиция (102), жедел медициналық көмек (103), авариялық газ қызметі (104) және төтенше қызмет (112). Қызылорда қаласында 2018 жылы жобаны іске асыру аяқталды. 2019 жылы аудан орталықтарына кеңейту жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру.
Азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру, тауарларды қолайлы бағамен сату мақсатындамобильді қосымшасы бар сайт құрылды http://www.agrosauda.kz.
2018 жылдың қорытындысы бойынша сайтта 1100 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тіркелді, 280 хабарландыру жарияланды,оның ішінде Ресей, Чехия, Түркия, Өзбекстан, Украина ірі кәсіпорындары тіркелген және хабарландырулары орналастырылған.
Кәсіпкерлік саласын цифрландыру.
Жер учаскесін сату немесе жалдау құқығын беру бойынша сауда-саттықты өткізу процесін автоматтандыру мақсатында«Жер учаскелерінің онлайн аукционы» жүйесі құрылды.
«Ақылды басқару» бағыты.
2018 жылдың сәуір айынан бастап аймақтың ІТ саласын дамыту, сондай-ақ стартап жобаларды, бірегей шығармашылық идеялар мен зияткерлік ресурстарды іске асыру мақсатында ІТ парк жұмыс істейді. Бүгінгі күні IT парк IT жобаларын дамыту орталығының коворкинг қызметтерін ұсынады, робототехника, 3Д моделдеу, компьютерлік ақпаратты қорғау технологиясы бойынша курстар, бағдарламашылар мен ІТ – мамандарға арналған ашық есік күндері, «ИТ менеджменті» бойынша мастер класстар өткізілді.
Анықтама: 2018 жылдың қорытындысы бойынша 36 іс - шара өткізілді (3 митап, 1 мастер-класс, 2 конкурс, 19 қысқа мерзімді курстар, 6 қысқа мерзімді мастер-класс, ақпараттық қауіпсіздік бойынша 2 курс, робототехника, 3д-модельдеу курстары).
Геоақпараттық сервис.Коммуналдық қызметтерді қосуға техникалық шарттарды беру бойынша рұқсат беру құжатын ұсыну уақытын 5-тен 3 күнге дейін қысқарту мақсатында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында геоақпараттық онлайн сервис (gis.orda.gov.kz)іске қосылды (2018 жылдың қорытындысы бойынша өтінімдер саны 364).

 

Дата публикации
01 октября 2019
Дата обновления
10 января 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы