Жергілікті атқарушы органдардағы 2020 жылдың 10 айы бойынша өтініштердің мерзімінде және сапалы қаралуына талдау жүргізілді.
Есепті мерзімде облыс бойынша жергілікті атқарушы органдарға барлығы 36940 өтініш түсіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 28% - ға азайған (2019 жылы - 51011).
Оның ішінде:
- қаралған өтініштер саны - 25445 (69%)
- толық қанағаттандырылғаны - 6130
- түсіндірме берілгені - 19023
- өз өтініші негізінде тоқтатылғаны - 255
- қанағаттандырудан бас тартылғаны - 37
- басқа органға жолданғаны - 1027 (2,7%)
- төменгі органға жолданғаны -9915 (27%)
- қаралудағы өтініштер -553 (1,4%).
Келіп түскен өтініштердің басым бөлігі тақырыптық мәні бойынша бейінді типтік сұрақтар болып табылады. Атап көрсетсек, қаралған25445 өтініштің: жалпы жердіпайдалану бойынша - 37%, әлеуметтік көмек - 25%, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық мәселесі-11,3%, түрлі сұрақтар -12,8%құрайды.
Жіктеп көрсететін болсақ:
1. Материалдық және атаулы әлеуметтік көмек - 9273 (25%)
2. Тұрғын үй мәселесі - 3480 (9%)
3. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселесі - 706 (2%)
4. Жұмысқа орналасу - 428 (1%)
5. Кәсіпкерлік мәселесі - 547(1,5%)
6. Мәдениет және спорт саласы - 547(1,5%)
7. Білім мәселесі - 1861 (5%)
8. Жер мәселесі - 13725 (37%)
9. Денсаулық мәселесі - 588 (1,6%)
10. Ауыл шаруашылығы мәселесі - 491 (1,3%)
11. Құрылыс мәселесі - 532 (1,4%)
12. Басқа да мәселелер - 4762 (12,8%)