Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының қызметінің негізгі бағыттары:
1) Сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізеді;
3) Объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асырады, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
4) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асырады;
5) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдайды;
6) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттауды жүзеге асырады;
7) Жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
8) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттейді;
9) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес тексерулерді жүзеге асырады;
10) Жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолданады;
11) Техникалық және авторлық қадағалаулар қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
12) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабының9-тармағына сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін бақылауды қамтамасыз етеді;
13) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін, хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
14) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, соның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
15) Жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттарға мониторингті жүзеге асырады;
16) Өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізу және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
17) Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;
18) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;
19) Жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;
20) Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады;
21) Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі ақпараттық жүйе базасында кезеңдік есептерді, сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады;
22) Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізеді;
23) Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты береді;
24) Жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады;
25) Мемлекеттік орган болып табылмайтын ведомстволық бағыныстыоблыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғыларында (ережелерінде)Қызылорда облысы әкімдігінің атынан құрылтайшы ретінде әрекет етеді;
26) Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі және бақылау саласы
бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге
асырады;
26-1) Аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.