Ағымдағы жылдың 13 қарашасында Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің саяси партия өкілдеріне арналған «Мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу тәртібі» тақырыбында брифинг-семинары өтті.
Брифинг-семинарда облыстық сайлау комиссиясының хатшысы А.Сырлыбаева ағымдағы сайлау науқанындағы саяси партия филиалдарының/өкілдіктерінің партиялық тізімдерін ұсыну мен оларды тіркеу кезеңі жайлы, осы кезеңдегі саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының заңнамада көзделген әрекеттері жайлы айтып берді.
Брифинг-семинарға қатысушылар мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну мен тіркеу тәртібі, саяси партиялардың сайлау қорын қалыптастыру, сайлауалды үгіт жүргізу мәселелері бойынша сұрақтарға жауап алды.