Лого

Меню

Страницы

Статья

Сайлауға әзірлік жұмыстары басталды

Аймақта үстіміздегі жылдың 31 қазанына дейін сайлау округтері, олардың шекаралары, комиссия құрамы мен орналасқан жерлері белгіленетін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.
- Бүгінде 6 саяси партия бар. Сайлау кезінде саяси партиялар өз кандидаттарын партиялық тізіммен ұсынады. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары тиісті сайлау комиссиясы ұсынған сайлаушылар тізімдерін, олар туралы деректердің анықтығы үшін жауапты болады. Үгіт науқанында кандидаттардың сайлаушылармен онлайн-режимдегі кездесулерімен қатар, тиісті санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып жүзбе-жүз кездесулері де ұйымдастырылады,-деді Ғалым Қонақбайұлы.
-Учаскелік сайлау комиссиялары 26 желтоқсаннан кешіктірмей сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсынады. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері учаскелік сайлау комиссияларына 2021 жылғы 7 қаңтардан ерте емес және 9 қаңтардан кешіктірмей жеткізіледі. Сайлау 10 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 7.00 ден - 20.00 дейін жүреді,-деді облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Аягөз Сырлыбаева.
Парламент Мәжілісіне кандидаттарды ұсыну кезеңі 10 қарашада басталып, 30 қараша күні жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады. Ал, мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 10 қарашадан басталып, 4 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де бітеді.
-Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімнен кешіктірмей, яғни 2021 жылғы 17 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы анықтайды. Мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларын өткізілген күннен бастап бес күннен кешіктірмей, яғни 2021 жылғы 15 қаңтарда тиісті аумақтық комиссиялары жариялайтын болады,-деді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қожамжар Наурызбаев.

Дата публикации
05 ноября 2020
Дата обновления
05 ноября 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы