Лого

Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімінің гранты

2013 жылдан бастап өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша облыс әкімінің грантын тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан білімге құштар мыңнан аса түлек иеленіп келеді. Бүгінгі күнге дейін аталған грант арқылы 1460 бала білім алды.
Биылғы жылы да облыс әкімінің қолдауымен 100 грантқа 104,1 млн теңге қаржы бөлініп, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері жанынан құрылған арнайы комиссиялардың және салалық басқармалардың ұсыныстары негізінде 2025-2026 жылдарға жасалған облыстың еңбек ресурстарының балансына сәйкес мамандар тапшылығын және алдағы уақытта өңірде жүзеге асырылатын бірқатар инвестициялық жобалардың іске қосылатынын ескере келе, өңірге қажетті мамандықтар бектіліп жолданды.
Сонымен қатар, педагогика мамандықтары өңірде көп болуына байланысты қолдау таппады.
Жоспарланған мамандықтарды даярлау үшін жоғары оқу орындар арасындағы бөлініс бойынша арнайы комиссиялардың шешімдерімен бекітілген 100 гранттың 93-не әлеуметтік қолдау бағытында жоғарғы оқу орындарында оқу үшін грант тағайындалды.
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университетіне жалпы медицина мамандығына – 15 грант бөлініп, 13 тағайындалды.
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетіне дінтану және теология – 4 грант бөлініп игерілді.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне бөлінген гранттың, 76 игерілді. Оның ішінде, азық - түлік өнімдерін өндіру - 19, агрономия - 3, су ресурстарын басқару - 3, кадастр - 2, дәстүрлі музыка өнері - 4, хореография - 5, құрылыс - 5, электр энергетикасы - 9, ақпараттық қауіпсіздік - 10, қоршаған орта - 2, сән дизайн - 1, журналистика - 1, археология және этнология - 2, әлеуметтік жұмыс - 4, аударма ісі - 6.
Әлеуметтік санаттар бойынша грант иегерлері 64-і көп балалы, 13-і аз қамтылған отбасынан, 9-ы ата анасының біреуі мүгедектігі бар адам немесе мүгедектігі бар бала, 6-ы асыраушысынан айырылған отбасынан, 1-і ата анасы зейнеткер болып табылатындардың қатарынан.
Арнайы комиссиялардың шешімдерімен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген критерийден асып кетуіне байланысты және ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті балл жинай алмаған үміткерлерге грант тағайындаудан бас тартылды.


2024-2025 жылдарға жасалған облыстың еңбек ресурстарының балансына сәйкес мамандар тапшылығын және алдағы уақытта өңірде жүзеге асырылатын бірқатар инвестициялық жобалардың іске қосылатынын ескере келе
100 маман, атап айтқанда, медицина, тау-кен ісі, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, ақпараттық жүйелер, электр энергетикасы, экология және табиғатты пайдалану, дәстүрлі музыка өнері, археология және этнология, әлеуметтік жұмыс, дизайн, журналистика және репортер, аударма ісі, азық – түлік өнімдерін өндіру және көлікті пайдалану технологиялары, исламтану мамандықтарына бөлінді.
Арнайы комиссияның қорытындысымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне - 46, Қызылорда «Болашақ» университетіне - 2, Нұр – Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетіне - 2, Қарағанды медицина университетіне - 6, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіне 13 грант тағайындалды.
Тағайындалған гранттар бойынша дизайн – 1, журналистика және репортер ісі – 1, әлеуметтік жұмыс – 2, ақпараттық жүйе – 2, көлікті пайдалану және жүк қозғалысымен тасымалдауды ұйымдастыру - 2, исламтану мамандығына – 2, азық – түлік өнімдерін өндіру – 2, көлікті пайдалану технологиялары – 2, дәстүрлі музыка өнері – 3, археология және этнология мамандығына – 4 грант, аударма ісі - 6, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері – 10, экология және табиғатты пайдалану – 13, жалпы медицинаға – 19 грант тағайындалды.
Әлеуметтік санаттар бойынша грант иегерлері:
- 35-і көп балалы отбасылардан;
- 11-і ата анасының біреуі мүгедек;
- 11-і асыраушысынан айырылған отбасынан
- 7-і аз қамтылған отбасынан;
- 2-уі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуші;
- 2-і толық емес отбасынан;
- 1-уі бала жасынан мүгедектігі бар бала;

Үміткерлерден қабылданған өтініштер бойынша әкімдіктер жанынан құрылған арнайы комиссиялардың отырыстары өткізіліп, арнайы комиссия шешімдерімен 69-на грант тағайындалып, оның ішінде бүгінгі күнге 61-і білім алуда.
Аудандар мен Қызылорда қаласы бөлінісінде: Арал ауданы бойынша 2 грант, Қазалыда 2, Қармақшыда 3, Жалағашта 1, Сырдарияда 3, Шиеліде 7, Жаңақорғанда 3, Қызылорда қаласында 40 грант.


Облыс әкімінің гранты

2023-2024 оқу жылына облыс әкімі гранты бойынша 100 студентке оқу ақысын және жүріп-тұру, тамақтану шығындарын ішінара өтеуге әлеуметтік көмек тағайындауға облыстық бюджеттен 85,2 млн. теңге қаражат бөлінді.
Үйлестіру кеңесінің отырысында өңірге қажетті 100 мамандықтар бойынша аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің және тиісті мемлекеттік органдардың ұсынымдары ескеріле отырып облыс әкімінің жоғарғы оқу орындарына гранттың бөлінісі бекітіліп, арнайы комиссиялардың шешімімен жалпы бөлінген 100 гранттың
97-сі тағайындалды.
Атап айтқанда, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне 78 грант, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіне 15 грант, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне 3 грант, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына 1 грант тағайындалды.
Оның ішінде: білім беру саласы бойынша - 38, спорт саласына – 17, ауылшаруашылығы саласына - 3, техникалық мамандықтарға – 9,
дін саласына - 3, өнер саласына – 10, журналистикаға – 1, құқықтануға- 1, денсаулық сақтау саласына -15 грант.
Грант иегерлерінің әлеуметтік санаттары келесідей:
- 45-і көп балалы;
- 16-і аз қамтылған;
- 17-ы асыраушысынан айырылған;
- 12-і ата-анасының біреуі мүгедек;
- 3-уі мүгедек бала тәрбиелеуші отбасынан;
- 3- уі толық емес отбасынан;
- 1-уі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала.
Аудандар мен Қызылорда қаласы бөлінісінде Арал ауданы бойынша 11 грант, Қазалыда 8, Қармақшыда 7, Жалағашта 2, Сырдарияда 4, Шиеліде 9, Жаңақорғанда 11, Қызылорда қаласында 45 грант тағайындалды.


Облыс әкімінің гранты

2021 жылы халықтың осал топтары қатарынан шыққан 96 студентке өңірге қажетті мамандықтар бойынша облыс әкімінің гранты тағайындалып, облыстық бюджеттен 75,3 млн. теңге қаражат бөлінген, оның 75,3 млн.теңгесі төленді.

Анықтама үшін:

2013 жылдан бастап облыс әкімінің гранты 1 249 студентке тағайындалған (2013 жылы – 123, 2014 жылы - 242, 2016 жылы - 147, 2017 жылы -166, 2018 жылы - 200, 2019 жылы – 126, 2020 жылы – 149, 2021 жылы – 96).

Оның 654-ы оқуды аяқтап, техникалық ғылымдар мен технологиялар (174), білім (162), ауылшаруашылығы (163), ветеринария (23), қызмет көрсету (48), өнер (34), әскери іс және қауіпсіздік (41),әлеуметтік ғылымдар (2), гуманитарлық ғылымдар (7),  салалары бойынша мамандықтар алды. 221 бала аймағымыздың түрлі салаларында жұмыс жасауда.


Облыс әкімінің гранты
(01.10.2021 бойынша)

2021 жылға халықтың осал топтары қатарынан шыққан 100 студентке өңірге қажетті мамандықтар бойынша оқыту үшін әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен 76,0 млн. теңге қаражат бөлініп. 96 студент облыс әкімінің грантын иеленді.
Жалпы 2013 жылдан бастап облыс әкімінің грантымен 1249 студент білім алуда.

Анықтама үшін:

(2013 жылы – 123, 2014 жылы - 242, 2016 жылы - 147, 2017 жылы -166, 2018 жылы - 200, 2019 жылы – 126, 2020 жылы – 149, 2021 жылы – 96).
Оның 654-і оқу орындарын аяқтап, түрлі салаларда қызмет атқаруда.


Облыс әкімінің гранты

2013 жылдан бастап облыс әкімінің бастамасымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын өңірге қажетті мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарында білім алатын, халықтың осал топтарынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек (облыс әкімінің гранты) тағайындалып келеді.
Әлеуметтік көмек көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалары» негізінде жергілікті өкілетті органдардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Облыс әкімінің гранты - жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан (жетім балалар, мүгедек балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ата-анасының екеуі де зейнеткер болып табылатын, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек, көп балалы, аз қамтылған, асыраушысынан айырылған) отбасылардан шыққан студенттерге жылына бір рет оқу орнының білім беру қызметінің құны шегіндегі төлемдерді және ішінара тамақтану мен тұру шығындарын өтеуге берілетін әлеуметтік көмек.
Облыс әкімінің грантын тағайындау аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері жанынан құрылған Студенттерді іріктеу жөніндегі арнайы комиссияның шешімімен тағайындалады.
2013-2019 жылдар аралығында осы комиссиялардың шешімдерімен өңірге қажетті мамандықтар бойынша халықтың әлжуаз, аз қамтылған отбасыларынан барлығы 1004 студентке (2013 жылы – 123 (бакалавр), 2014 жылы - 242 (234 бакалавр, 8 магистр), 2016 жылы - 147 (136 бакалавр, 11 резидент), 2017 жылы -166 (155 бакалавр, 11 резидент), 2018 жылы - 200 (200 бакалавр), 2019 жылы-126 (126 бакалавр) облыс әкімінің гранты тағайындалды.
Қазіргі кезде облыс әкімінің гранты негізінде 601 студент білім алуда.
2016-2019 ж.ж. 371 студент (2016 жылы -1-бакалавр, 8 - магистр, 2017 жылы - 107 бакалавр, 2018 жылы - 224 бакалавр, 2 - резидент, 2019 жылы - 15 бакалавр,14-резидент) жоғары оқу орындарын бітіріп, мамандықтарын алды.

Дата публикации
23 апреля 2020
Дата обновления
23 октября 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы