Лого

Меню

Страницы

Статья

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 15 қазанда Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста 29 қарашаға тағайындалған мәслихаттар депутаттарының сайлауына дайындық аясында аумақтық және округтік сайлау комиссияларының мүшелерін оқытуды ұйымдастыру, сайлау науқанына қажетті баспа өнімдерін әзірлеу, сондай-ақ №4 сайлау округі бойынша комиссия құрамына өзгеріс енгізу мәселелері қаралды.

Комиссия төрағасы сайлау процесін заң талаптарына сәйкес ұйымдастыруда комиссия мүшелерінің кәсіби даярлығы ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Осы орайда округтік сайлау комиссиялары мүшелерінің білім деңгейін арттыру үшін оқытудың озық тәжірибелерін, практикалық және жағдаяттық тәсілдерін кеңінен қолдану қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар Қызылорда қаласы мен аудандарда көшпелі оқыту семинарларын ұйымдастырудың маңыздылығы ескеріліп, комиссия мүшелерінің практикалық дағдыларын жетілдіруге басымдық берілді.

Отырыс қорытындысында күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша комиссия мүшелері дауыс беру арқылы тиісті шешімдер қабылдады.

Дата публикации
16 октября 2026
Дата обновления
16 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы