Лого

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.
Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыру қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар.
Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты бола алады.
Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың;
сотталғандығы заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адамның;
сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адамның сайлануға құқығы жоқ.
Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы - бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.
Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.
Мәслихаттар депутаттығына:
- партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;
- бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.
Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.
Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
16 октября 2026
Дата обновления
16 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы